30-жылдардағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 19:57, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңдегі идеология саясатына бағындырылып, заман өлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты екендігіне баса назар аударылды. Сондықтан да қазақ әдебиетінде ақтаңдақтар кеңістігі барған сайын ұлғая түскендіктен, оқу-ағарту, ғылым-білім тұрғысынан келгенде, белгілі бір мүддеге ғана бағындырылған мұндай саясаттың қазақ ғылымын өркендетуге кедергісі көп болып, іргелі ғылым ретінде дамуына бөгет жасады. Бірақ бұл әділетсіздіктің өрісі қысқа екендігі, мұндай жолмен кете бермесі ақиқат еді.

Содержание

І-тарау.
1.1. 30-жылдардағы қазақ әдебиеті (қазақ прозасы, поэзиясы, әдеби сыны), ағымы және бағыт бағдары
1.2. 30-жылдардағы қазақ поэзиясы және ондағы ағымдар

ІІ-тарау.
2.1. 30-жылдардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері
2.2. Абай туралы айтыс
2.3. Поэзиядағы өзіндік леп, өзіндік ерекшелік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

30 жылдардағы қазақ поэзиясы.doc

— 179.50 Кб (Скачать документ)

Шын жүйріктің шабысына, үдей өрлеген асқақ ақын өнеріне сүйсінесің.Жүйрік күйшімен жарысқандай ақын жанынан сөз түйдек - түйдегімен төгіледі.

      Ілияс градацияны  стилистік фигура ретінде ғана  емес, шығарманың композициясы мен сюжет құру тәсілі ретінде де қолданған.Ақынның" Әнші","Күйші" туындыларында ол осындай қызмет атқарып тұр.Мұғалім шығарманы талдағанда мұны да ескеріп отыруы керек, өйткені композициясы мен сюжетін онсыз ашу қиын.Жалпы айта кетерлік жай, Ілияс градация тәсілін орайына қарай көптеген шығармаларында кенінен пайдаланған. Бұл- ақынның сүйсіне әрі шебер қолдана білген тәсілдерінің бірі.

      Қазақ поэзиясына  Бейімбет ақын әкелген өрнектер  де мол.Оның "Мырқымбай" деген  өлеңі түгелдей диалогқа құрылған.Ал осы өлеңінде ақын қандай шеберлік танытқан? Әке мен бала. Екі адам.Екеуінің дүниеге көзқарасы, мінезі екі түрлі.Бейімбет соны шығармасында келістіре бейнелеген. Әкесі:

                                              Мырқымбай!Мырқымбай!Мырқымбай!

                                              Бай-бай, бай-бай!

                                              Жүрмейсің жәй.

                                              Нең бар еді?..

                                              Әй, құдай-ай!..-

деп күйінеді. Осы бір шумақтан шал мінезінің біраз жағы ашылып қалады.Оның байбашыл, әкімге бас иіп, жалтақ боп өмір ькешкен жан екенін аңғарамыз.Құлшылықпен жүру оның өмір заңына айналған.

     Ол неге байбаламды, неге баласына ойбай салады?

                                               Ауылнайды боқтапсың,

                                               Шаршап зорға тоқтапсың.

                                               Несиден қорқып,

                                               Сары атты сатпапсың.

                                               Бай,бай, бай, бай!

                                               Жарым ес-ай!

                                               Құның ба еді

                                               Бір шолақ тай?!

     Шалдың " байбайының" ,"ойбайының" сыры енді мәлім болды. Өмірі әкімге- әміршіге,жуанға бас иіп, тізе бүгіп үйренген шалға бала мінезі барынша оғаш көрінеді ауылнайға тіл тегізу - шал үшін естімеген, көрмеген сұмдық."Атқа мінген" ол шалдың күлін көкке ұшыруы мүмкін.

                                                Енді өшікті,

                                                Боқтауыңды есітті,

                                                Шауып алудан тайынбас,

                                                Түріп қойып есікті...

      Ауылнай сырыңа  қанық, оның озбыр, қатал, соқыр, сойқан  мінезін білетін шал "алдағыны  ойламаған", "жынды" баласына  "тілін алмағаны үшін" ойбайлайды.

      Баласы әкесінің  дегеніне көнгісі келмейді, ауылнайдың  ығына түскісі келмейді.Оның әділетсіздігіне өр жаны шыдар емес.

                                                Әке -ау,мұның нең?

                                                Ауылнай құдай ма еді?

                                                Әкімді құдай деп,

                                                Шұлғимыз да отырамыз ба?

        Мұнан Мырқымбай  мінезін аңғару қиын емес.Әкесі  өмір бойы әкімді құдай деп, оған бас шұлғуға үйренсе, Мырқымбай  онан аулақ ол әкім кәрінен  қорықпайды, бірбеткей, турашыл озбырға  бас игісі келмейді.Демек, әке мен бала мінезі екі бөлек.Бірі- ескінің соңы, бірі - жаңаның басы. Бала жаңа заман лебін сезеді.

         Б.Майлин  жылтыр сөзге әуес емес өлеңнен  бірде-бір метафоралық сөз қолданысын  ұшыратпайсың. Күнделікті халық  арасында қолданып жүрген кәнікті сөздер.Ал осы құрылымда солардың бәрі ойнап шыға келген, көркемдік шынайы сапаға ие болған.

        Өлеңнің интонациясы  да әке мен бала характерін  ашуға көмектоесіп тұр. Ақын мұны  да кәдесіне жарата білген.

         Қабылдау - күрделі процесс. Ең алдымен шығарма сөйлеуі керек. Оны келістіріп, мәнерлеп оқу - алғашқы саты бірінші баспалдақ.Шығарманы тыңдай, оқи білмеген жерде қабылдау жоқ. Сондықтан мұғалім міндеті - оқушыларды соған үнемі баулып, дағдыландыру.

          Әрине, шығарманы бір рет оқу жеткіліксіз. Оның үстіне лирикалық шығармаларды бір оқығаннан оқушылар оны бірден онша түсіне бермейді, тіптен екі рет оқып шыққанның өзінде де шығарманың эмоционалды, бейнелі мазмұны жөнінде ішінарн ғана түсінік әсер алады. Олай болса, оқып шығумен іс тынбайды. Оған қоса әңгіме тәсілін қолданып, шығармаға талдау керек.Сонда ғана шәкірт ақын жасаған бейнелі ой сырына тереңдейді.

         Келістіріп, мәнерлеп оқу - қазақ мектептерінде  терең тамыр жая алмай келе  жатқан нәрсе. Тіптен бастауыш, орта  буында ғана емес, жоғары сыныптарда да шәкірттердің дені мәнерлеп оқи алмайды. Оның себебі, біріншіден мұғалімдеріміздің көпшілігі оқу техникасына жетік емес, екіншіден бұл жоғары оқу орындарында да жолға қойылмаған. Мемлекттік емтихан кезінде болашақ мұғалімдердің көркем мәтіндерді дұрыстап оқи алмайтындығын. Үшіншіден, мәнерлеп оқу жайында қазақ тілінде жазылған арнайы құрал жетімсіз, зерттеу еңбектері де некен-саяқ. Төртіншіден, өнер шеберлерінің мәнерлеп оқуындағы мәтіндер де мектепке әлі кең жол таба алмай келеді. Соңғы кездері Білім министрлігі мектептер үшін фонохрестоматия жасау ісін қолға алды. Бұл құптарлық дүние, мұғалімдерімізге көп көмек болмақ. Сондықтан мәнерлеп оқу тек төмеңгі сыныптарда емес, жоғары сыныптарда да оқыту практикасында кеңінен қолданылуы керек.

         Сюжеті қою, сан алуан оқиға ситуациялардан тұратын үлкен эпикалық поэмалармен шағын лирикалық поэмаларды талдаудағы, олардың айшық - бедерін танытудағы әдіс- тәсілдер әр түрлі.

 

 

Қорытынды

 

Сонымен қортындылай келе, 30-жылдардағы қазақ әдебиеті, осы тұста қазақ әдебиеті тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік жағынан айрықша ілгерілеу процесін бастан кешірді. Әдебиеттің барлық жанрларында жаңашыл сипаттағы тың тыңысты шығармалар өмірге келді. Аса талатты қаламгерлер шоғыры бой көрсетті. Бұл кезең әдебиетіне ұлы Абай іргетасын қалаған реалистік әдебиет дәстүрі басты негіз болды. ХХ ғасырдың басы, яғни 30-жылдардың тұсы - ауқымында осынау тарихи кезеңдегі қазақ даласында қалыптасқан саяси және қоғамдық ахуал жағдайындағы әлеуметтік, мәдени процестер, қазақ халқының рухани өміріндегі әр салалы өзгерістер, ұлттық исөз өнерінің дәстүрлі негізде және жаңа үрдісте алға басуында түрткі болған жағдайлар, ең бастысы аталмыш дәуірдегі көркем әдебиеттің өзінің алдындағы  дәстүрлі үрдістерді негізге ала отырып, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы сөз болатын кезең.

Бұл кезеңдегі діни-ағартушылық бағыттағы және ағартушы-демократтық бағыттағы ақындардың шығармалары  терең зерделеуді қажет етеді. Бұл тақырып бұған дейін де аз зерттелген жоқ, бұл жұмыспен де тоқталып қалмайтыны анық. Бұл – заңды құбылыс та.

Адамзат баласының көркемдік дамуындағы ең ірі белестері болған классицизм, ағартушылық, сентиментализм, романтизм, реализм, модернизм, постмодернизм сияқты бағыттар мен ағымдардың алмасулары – әдебиеттің сатылап дамуындағы  ортақ заңдылықтар көрсеткіші. Әдебиет дамуының  сатыларына сәйкес 30-жылдарда пайда болған бағыттар мен ағымдар көркем ойдың түрлі арнада дамуына, әдебиет функциясының күрделенуіне әкелді. Қазақ әдебиеті басқа елдердің мәдениетімен белсенді қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде жаңа стимулдар қалыптастырды. Ондай ықпалдастықтар ұлтымыздың бай фольклоры және поэзиялық құндылықтарымен бірге өрілуінің нәтижесінде  кәсіби ұлттық поэзиямыздың дүниеге келуін жылдамдатты. Ең бастысы, жаңа формамен бірге сыртқы елдердің әдебиетінде дамып үлгерген бағыттар мен ағымдардың эстетикасы мен түрлі көркемдік әдістердің бейнелеу элементтері келді. Әдеби байланыстардың күрделенуі ұлттық әдебиетімізді жедел даму кезеңіне шығарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қамзабек Д. Алаш және әдебиет. А., 2004.

2. Досжанов Д. Абақты. А., 1992.

3. Әуезов М: Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

4. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы. –А., 2002

5. Омар Шораяқов. Шайыр.А., 1984 Исмаилов Е. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. –А., 1940

6. Кенжебаев Б.  ХХ ғ. Басындағы қазақ әдебиет.- А., 1983

7. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебеті 1994.

8. Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті .Қызыл орда .-1932.

9. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. Алматы.1997

10. Қазақ әдебиетінің тарихы.ІІ том. ІІ кітап. А.,1965.

11. Қазақ әдебиетінің тарихы. ҮІ, ҮІІ том. Алматы.2004

12. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1994

13. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., 1995

14. Мамыраев Б. Основные тенденций развития казахской литературы первой четверти ХХ века. А., 1997

15. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (хрестоматия). А., 1983.

16. Ізтілеуов Т. Назым. – А., 1972

17. Наушабайұлы Н. Алаш. Қостанай., 1997

18. Молда Мұса. Өткен күндер. А., 1987

19. Әсет Найманбаев. Шығармалар. А., 1988

20. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – А., 1988.

21. Шәкәрім. Иманым. – А., 2000

22. Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. – А., 1989.

23. Құдайбердіұлы. Үш анық. – А., 1991

24. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, ұырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – А., 1991.

25. Жомартбаев Т. Қыз көрелік. – А., 1986.

26. Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. – Астана: 2004.

27. Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен. – Астана., 2002

28. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері.- А., 1995

29. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – А., 2001

30. Өтетілеуов Б. Шығармалары. – А., 1961

31. Сералин М. Топ жарған. – А., 1985.

 32. Кердері Әбубәкір. Қазағым. – А., 1993

33. Қирабаев С. Спандияр Көбеев. – А., 1958

34. Дөнентаев С. Ұрпағыма айтарым. – А., 1989

35. Торайғыров С. Шығармалары. 2 томдық. – А., 1993

36. Еспембетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров.- А., 1992

37. Қазақ әдебиеті тарихы. ІІІ том. І кітап.

 

 


Информация о работе 30-жылдардағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі