Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 19:57, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңдегі идеология саясатына бағындырылып, заман өлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты екендігіне баса назар аударылды. Сондықтан да қазақ әдебиетінде ақтаңдақтар кеңістігі барған сайын ұлғая түскендіктен, оқу-ағарту, ғылым-білім тұрғысынан келгенде, белгілі бір мүддеге ғана бағындырылған мұндай саясаттың қазақ ғылымын өркендетуге кедергісі көп болып, іргелі ғылым ретінде дамуына бөгет жасады. Бірақ бұл әділетсіздіктің өрісі қысқа екендігі, мұндай жолмен кете бермесі ақиқат еді.
І-тарау.
1.1. 30-жылдардағы қазақ әдебиеті (қазақ прозасы, поэзиясы, әдеби сыны), ағымы және бағыт бағдары
1.2. 30-жылдардағы қазақ поэзиясы және ондағы ағымдар
ІІ-тарау.
2.1. 30-жылдардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері
2.2. Абай туралы айтыс
2.3. Поэзиядағы өзіндік леп, өзіндік ерекшелік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Қазақ филология» кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «30-жылдардағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі»
Тексерген: ф.ғ.к., доцент А.Ы. Мамыров
Орал, 2010
Жоспар
Кіріспе
І-тарау.
1.1. 30-жылдардағы қазақ әдебиеті (қазақ прозасы, поэзиясы, әдеби сыны), ағымы және бағыт бағдары
1.2. 30-жылдардағы қазақ поэзиясы және ондағы ағымдар
ІІ-тарау.
2.1. 30-жылдардағы қазақ
2.2. Абай туралы айтыс
2.3. Поэзиядағы өзіндік леп, өзіндік ерекшелік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңдегі идеология саясатына бағындырылып, заман өлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты екендігіне баса назар аударылды. Сондықтан да қазақ әдебиетінде ақтаңдақтар кеңістігі барған сайын ұлғая түскендіктен, оқу-ағарту, ғылым-білім тұрғысынан келгенде, белгілі бір мүддеге ғана бағындырылған мұндай саясаттың қазақ ғылымын өркендетуге кедергісі көп болып, іргелі ғылым ретінде дамуына бөгет жасады. Бірақ бұл әділетсіздіктің өрісі қысқа екендігі, мұндай жолмен кете бермесі ақиқат еді.
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін ескере отырып, сол кездегі кейбір жайттарға түбегейлі зерттеу жүргізіле бастағанына біраз уақыт өтті. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі болашаққа апарар даңғыл жол болып көрінгенмен, бұл кезең қазақ халқының өміріне, соның ішінде мәдениетіне де, әдебиетіне де орасан жаңалықтарын ала келді. Бостандықты, теңдікті жырлау керек болғанымен әңгіме тақырыбы негізінен таптық идеологияда болатын. Яғни, бұл бостандығы жоқ теңдік болып шығып, оны аңғаратындай, байыптап қарайтындай жағдай болмады. Жаңа қоғамдағы өзгерістерге байланысты әдебиет пен өнерде де өзгерістер пайда болды. Ғасырлар бойы жиналған рухани құндылықтар тәрік етіліп, жаңа үлгі орнатылып, сол үлгіде қалыптастыру жолға қойылды.
1930-жылдардың әдебиетін қарастырғанда, ондағы кейбір саяси ұйымдар мен ағымдардың әдебиет жайындағы көзқарастарындағы тапшылдық көзге анық түсетіндігі, әдебиетте тек пролетарлық ұран ғана үстемдік құрсын деген ой-түйіндер негіз болуында еді. Алайда, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Смағұл Сәдуақасов, Қошке Кемеңгеров, Ыдырыс Мұстамбаев секілді және т.б. әдебиетке саясаттың араласуына қарсылық танытқан салиқалы, салмақты ой-пікірлерін білдірген қайраткерлер де болды. Дегенмен, қазақ қауымында тап туралы пікірталас жиі болып тұрды. [6;56]
Қазақстандағы жаңа қоғамдық құрылыс Ресейдегі жағдаймен ұқсастыра қарастырылғандықтан, сол кездегі таптық көзқарас үстем алып, оның аяғы кәмпеске мен ұжымдастыру науқанына, қазақ халқы үшін нағыз нәубет жылдарына айналды. Әдебиетте кеңестік ұран белең алып, жаңа саясат барынша үстемдік құрды. Сол кездегі ақындардың көпшілігі халқының мұң-мұқтажын, мүддесін жоқтағанымен тап тұрғысынан қаралып, осы тұрғыдан шешілетін болды, басқа мүдде, басқа мақсат туралы сөз қозғалмады.
Кеңес өкіметі орнап, бейбіт дәуір басталғаннан кейін де, тап ұғымы жойылмады. Қоғамның тынысы ары қарай тарыла берді. Ойдан, қолдан шиеленістірген тап күресінің нәтижесі қанша адамның жазықсыз жапа шегуіне алып келді. Осындай жаппай қуғын-сүргін кезінде де әдебиет те, мәдениет те бір қалыпқа түсіріліп, біржақты дамыды. Саясатқа әбден жегіліп, әлемдік мағынадағы көркем ұғым, адамзаттық түсінік өз жайына қалды. Ал, шындығында саясатпен әдебиет жасауға болмайтындығын сол кезде көпшілік біле бермеді. Сол жылдары қазақ халқының өз басына тән рухани құндылықтары аяққа басылды. [7;16]
Рухани өмірімізде иман, ақиқат, шындық түбегейлі әділ қазы болып орын тепкен соңғы жылдары жүріп өткен жолымыз ақыл таразысына салынды. Кеңес билігі кезіндегі бар олқылық-кемшіліктеріміз, жіберілген қателіктеріміз кеңінен сөз етіліп, қолға алына бастады. Қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихынан қасақана аты өшірілген алаштың асыл азаматтарының, ұлт қайраткерлерінің есімі қайта жаңғырып, олардың әдеби мұрасы әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына айналды.
Бұл жағдайлардың барлығы қазақ поэзиясына да өз ықпалын тигізбей тұрған жоқ. Қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері елдің мұң-мұқтажын, халықтың арман-тілегін өз шығармалары мен дастандарында сөз етугі тырысты. Сондықтан да 30-жылдардың іәдебиеті, оның ішінде қазақ поэзиясын терең зерделеу - бүгінгі күн талабынан туған мәселе деп әбден айтуға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – 1930-жылдардағы әдеби-тарихи процесс контексінде қазақ ақындарының орнын айқындау, шығармашылық еңбегіне ғылыми сипаттама беру. Осы орайда алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
– 1930-жылдардағы қазақ поэзиясының қалыптасу, даму процесіндегі
Қаламгерлердің ролін көрсету;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зертеудің теориялық және әдіснамалық өзегі Қазақстан ғалымдарының көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, авторлық тұжырымдама, ұстаным жайлы еңбектеріне негізделген. Қазақ әдебиеттанушы ғалымдары С.Қирабаев, Р.Бердібаев, З.Қабдолов, З.Ахметов, М.Мырзахметұлы, Р.Нұрғали, Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, Т.Кәкішев, Ә.Нарымбетов, Қ.Мұхамедханов, Б.Майтанов, Б.Ыбырайым, Д.Ысқақұлы, Қ.Ергөбек, А.Ісімақова, Д.Қамзабекұлы, Г.Орда еңбектері негізге алынды.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
І-тарау.
1.1. 30-жылдардағы қазақ әдебиеті (қазақ прозасы, поэзиясы, әдеби сыны), ағымы және бағыт бағдары
Қазақ елінің әлеуметтің-экономикалық және рухани-мәдени дамуы жолындағы аса күрделі кезең болған ХХ ғасырдың басындағы небәрі жиырма жылмен шектелетін тарихи қысқа дәуірдегі әдеби процесті қамтитын бұл уақыттың аясында студенттерге, болашақ филолог мамандарға аталмыш кезеңнің ұлттық әдебиеттің, көркемдік-эстетикалық ой-сана дамуының жайынан мәлімет беріледі. Бқұл кезең ұлт әдебиетінің даму тарихында «алтын ғасыр» болды. Атап айтқанда, осы тұста қазақ әдебиеті тақырыптық , идеялық, жанрлық, көркемдік жағынан айрықша ілгерілеу процесін бастан кешірді. Әдебиеттің барлық жанрларында жаңашыл сипаттағы тың тынысты шығармалар өмірге келді. Аса талантты өаламгерлер шоғыры бой көрсетті. Бұл кезеғ әдебиетіне ұлы Абай іргетасын қалаған реалистік әдебиет дәстүрі басты негіз болды. [9;13]
30- жылдардағы әдебиеттің даму бағыттары. Бір тарихи кезең аясында әртүрлі көркемдік шеберлік деңгейдегі, әралуан түсініктегі қаламгерлердің қатар қалам тербеді. Олардың арасындағы айырмашылықтар мен бәріне ортақ сипаттар кездесетін еді. Бұл кезеңдегі қазақ қаламгерлерін шартты түрде екі топқа бөлеміз , яғни діи-ағартушылық бағыттағы ақындар және ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар деп.
Діни ағартушылық бағыт өкілдерінің қатарына туған халқының мұң-мүддесін жырлауда ұлттық мәселелер төңірегінде ой толғаған, негізінде шығыстық мотивте шығармалар жазған, бұры «кітаби ақындар» деп. Аталып келген топқа жататын ақындардың енетіні.
Ағартушы-демократтық бағыт өкілдерінің дүниетанымы мен көзқарастарының ауқымдылығы анық көрініп отырды. Заман өзгерістеріне қарай олар әртүрлі дәрежеде үн қосты. Көзқарастарының ағартушылық, демократтық идеялардың басымдылығы көзге анық білінді. Ұлт болашағын заман өзгерістерімен тығыз байланыста қарады.
Реалистік арнаға түсу барысында,қазақ әдебиеті қызық-қызық кезеңді басынан өткергені байқалады. Батырлар жырының көркемдік қуатына тереңірек көз жіберсек елді қорғау, халықтың қамқоры болу идеясымен мұңдалып шығады. Бұл поэзиямен атқарылар іс емес. Бірақ біздің жырға үйренген табиғатымыз ұйқастыра айтуды, сөзбен жеткізуді талап еткен соң, 7-8 буынды жыр үлгісімен баяндап береміз. [8;46]
Ал, шындығында, осы батырлық жырды іштей бунақтап, бұтарлап, басқа әдебиеттердің үлгісімен салыстырар болсақ, өзінің бас кейіпкері, оқиға дамытар сюжеті, тартыс конфликтісі бар шығарма екенін көреміз.Бұл прозаға тән қасиетті жыр өрнегіне салып, оқиғаларды байланыстырар тұста баяндау әдісін қолдану кейіпкерлердің жанды бейнесін жасауға қажетті тәсілдер екенін байқаймыз. Сонымен бірге әр түрлі ән мақамын араластыра отырып, тыңдаушының ынтығын арттыратын амал да батырлық жырдың эстетикалық әсерін еселей түседі.
Көркем образ жасау амалдарына зер салсақ, батырлар жырындағы қаһармандардан Еуропа әдебиетіндегі рыцарьлық романның келбетін көрер едік. Осының сәтті тәжірибесін Ә.Нұршайықов пен А.Сейдімбековтың батырлық жырларды қара сөзге айналдырғанынан-ақ қазақы романның ерте заманнан-ақ болғандығын аңдағанбыз. “Қамар сұлу” мен “Шұғаның белгісі” шығармаларынан да поэзия мен прозаның қоян-қолтық араласып жатқандығын, ара-жігін ажырата қою қиын екенін байқаймыз. Еуропа үлгісіне тусе бастаған “таза қара сөзіміз” әуелгі кездерде натуралистік сипатпен көрініп, артынан мәдениеттене бастағанын елемеуге болмайды. Осылардың бәріне теориялық тұрғыдан қисындыра білсек, қазақ прозасының өз ерекшелігі барын аңғарар едік те, соған лайық қорытындылар жасап, әдебиетіміздің өресін айқындар едік. Өзінің ұлттық келбетімен, ерекшелігімен көрінген шығарма ғана өз оқушысының жүрегіне жол тауып қадірленеді, құрметтеледі. Реализм- өнер атаулының ең өнімді де өміршең арнасы. Онан тым алшақтап кеткен ізденістердің келешегі күңгірт. Сондықтан реализмнің алуан түрлі бағыттарының қайсысынан болсын іргемізді аулақ сала алмаймыз. Оның туу, қалыптасу, дамуына жіті көз жібере алсақ қана, әдебиет тарихындағы құбылыстарды шырайлы көрсете аламыз. [7;33]
Қазақтың Абайдан басталған жаңа жазба әдебиетінде реализм жүйелі түрде қалыптасып, қоғамның кем-кетігін, адам пиғылының сыр-құпиясын түзетпек ниетке берілгенде, сыншылдық тенденциясы күшейеді.Бір кезде таптық қарауылды мықтап қойып, байды-кең құрсақ, ақылсыз, кедейді- желелі де алғыр етіп көрсете білгенді социалистік реализм деп атадық. Бұл көркемдік әдістің принциптері реализмнің талап-тілектерінен тыс жатпайды. Бірақ әдеби таным белгілі бір стандарт, қалыпқа салынған жерде өнердің қанаты қырқылады екен.
Қазақ әдебиетінде социалистік реализм бір бағыт болып тарихтан орын алуға тиіс. Оны көрмеуге, елемеуге халқымыз жоқ. Өйткені социалистік қоғам біздің тарихымыздың бір белесі, өткен жолы. Оны аттап өтіп кете алмаймыз. Бұл жай өмірді реалистік тұрғыдан суреттеудің тарихи бір кезеңі, одан қашсаңда құтыла алмайсың.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуында бадырайып көрінген, әлі күнге дейін тамсандырып келе жатқан көркемдік амал-романтикалық суреттеу тәсілі. Кезінде романтизмді революцияшыл, өршіл және реакцияшыл, кері тартпашыл деп екі бөліп, біріншісін-жақтадық, екіншісін-даттадық, әрі-беріден соң сөзіміз “дәлелді” болу үшін саясат араластырдық. Мұң шерге батып жылап-сықтап- кешегі күннен, қазақтың феодалдық-патриархалдық тұрмыс-салтынан айырылмауы, ескілікті дәріптеу деп, оңды-солды соқтық. [8;11]
Қазақ әдебиетінің арғы-бергі тарихында дүниені романтикалық тұрғыдан танып-білу әдісі реалистік сыңайдан асып түспесе, кем емес.Тіпті көшпелі өмір салтының өзінде романтиканың толып жатқан сілемдері барын аңғармау, оны сөз өнері арқылы жарқыратып көрсетпеу мүмкін емес. Бірақ, біз асқақты сөз орамынан іргемізді аулақ салып, көркемдік танымымыздың қуатты бір қанатын қырқып тастадық. Романтикалық суреттеу тәсіліне ойысқандарды қараламаған, даттамаған кезіміз аз. “Жылау-сықтауы көп” Мағжанды былай қойып, сәл осалдық танытып, “Сыр сандық” пен “Аққудың айырылуын” жазған Сәкенді де ағаш аттың басына мінгізп қойдық. Көңіл-күй лирикасын жаздырмай махаббат сезімінен безуге күштедік. “Сарыуайымға салынушылық”, “буржуазиялық көңіл-күйге берілу” деп куйеледік…Мұндай тұста романтикалық ойлау, суреттеу түгіл, натуралистік бояудың өзін пайдалану қиын екенін түсіне бермедік. Сондықтан үгіт-насихаттың леп күшейді де, шын көркемдік тәсілдер сахнадан ысырыла берді. Саясаттанған танымымыздың осы ұқсас қисынын енді түзетіп, қазақ әдебиетіндегі романтикалық суреттеу әдісін өзіндік бет –келбеті бар бір ағым, бағыт ретінде қарастыру қажет. “Қазақ романтизмі” деген атаудан үрікпей, оның ерекшелігін ашып, өзіміздің ұлттық таным-біліктің өресін көрсетуге тиіспіз. Міне, сонда ғана біз өзіміздің эстетикалық түсінік-танымымыз арқылы рухани байлығымыздың қадір-қасиетін аңғарамыз. Мағжан Жұмабаевтың қазақ әдебиетінде өмірді романтикалық арнада суреттеу амалын тауып, оны реализмнің жұртына аунатып алу арқылы ел-жұртқа қош иісі аңқыған керемет поэзия сыйлағанын ұмытпаған абзал…
Ал адамзаттың көркемдік танымына тән өмірді сатиралық және символикалық арнада суреттеу тәсілдері де қазаққа еш уақытта жат болған емес. Бұл тәсілдер, әсіресе, ХХ ғасырда күшейе түскенін білеміз.
Шынында өмірде кездесіп жатқан ожарлық пен оғаштықты, адам пиғылығындағы сүреңсіз қылықтар, қызғаныш пен арамдықты мінеу, сынау күші кеше ғана емес, ауыз әдебиетінің алғашқы үлгілерінің өзінен-ақ көрінеді емес пе?..
Олардың бәрін қазақ Еуропа мен орысқа жанасқаннан кейін ғана тапқан жоқ. Әлденеше ғасыр бұрын өзінің өмір тәжірибесінен туындап, сөз өнерін өздері табынатын, сыйынатын өнерге айналдырған болатын. Біз осынау тарамдата, жіліктей бұтарлап зерттеуге тиіспіз. Ілгерінді мәдениеттерден алғандарымызды, бойға сіңіргендерімізді рабайымен ғана айта білгенде ғана қазақтың көркемдік таным-білігінің тарихы дұрыс жазылады. Бұрынғыдай евроцентристік ой-пікірлердің бәріне шұлғи беруді енді қою керек. ХХ ғасырдың аяғындағы өмір мен көркемдік өткелдерінің бізге үйретері осындай…
Информация о работе 30-жылдардағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі