30-жылдардағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2015 в 19:57, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кеңестік дәуір тұсында қазақ әдебиеттану ғылымының нысанасы негізінен сол кезеңдегі идеология саясатына бағындырылып, заман өлшемімен қарастырылды. Таптық тұрғыдан қарастырылған кез-келген ұлттық мұрамыздың кеңестік мүддеге қатыстылығы қаншалықты екендігіне баса назар аударылды. Сондықтан да қазақ әдебиетінде ақтаңдақтар кеңістігі барған сайын ұлғая түскендіктен, оқу-ағарту, ғылым-білім тұрғысынан келгенде, белгілі бір мүддеге ғана бағындырылған мұндай саясаттың қазақ ғылымын өркендетуге кедергісі көп болып, іргелі ғылым ретінде дамуына бөгет жасады. Бірақ бұл әділетсіздіктің өрісі қысқа екендігі, мұндай жолмен кете бермесі ақиқат еді.

Содержание

І-тарау.
1.1. 30-жылдардағы қазақ әдебиеті (қазақ прозасы, поэзиясы, әдеби сыны), ағымы және бағыт бағдары
1.2. 30-жылдардағы қазақ поэзиясы және ондағы ағымдар

ІІ-тарау.
2.1. 30-жылдардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері
2.2. Абай туралы айтыс
2.3. Поэзиядағы өзіндік леп, өзіндік ерекшелік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

30 жылдардағы қазақ поэзиясы.doc

— 179.50 Кб (Скачать документ)

Абай дүниетанымы туралы да кезінде саясаттың кесірінен көптеген солақай пікірлер болды. Ақынға қасақана жала жабылып ол «байшыл, феодализмді көксеген ақын», ол «нағыз діншіл ақын» т.б. толып жатқан кінә тағылды. Кейінірек Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы тиісті бағасын алған кезде, Абайға жала жабу тоқталғанымен, оның дүниетанымын «зерттеудегі» тұрпайылық сақталып қала берді. Материализм мен идеализмнің «күресі» пәлсапалық мәнінен айрылып, саяси мазмұнға ие болып тұрған заманда Абайды зерттеген ғалымдар оны ие материалист ете алмай, не идеалист ете алмай, не атеист ете алмай әуре-сарсаңға түсті.

Өйткені, Абай нені оқыса да, қандай философиялық жүйелерге қызыға ден қойса да ешқашан солардың шылауында кетпеген, өзіндік қорытынды жасап отырған. Абай нені, кімді оқыса да зерттеп, үңіле оқиды. Олардан жаңа үлгі алады, үйренеді. Абайдың абайлық негізгі ерекшелігі де осында. Осы ерекшелік оның дүниетанымының дұрыс қалыптасуына көмектесті. 

«...Ал, Ілиястың мамандығы пәлсапа болсын, бірақ Абай ақын ба, жоқ па, қазақ әдебиетінде Абайдың орыны қандай, осы күнгеше бұларды білмей тексермей жүрген Ілиясты үлкен пәлсапашыл деп айта салмадық» дей келе Ыдырыс «пәлсапа, өнер, әдебиет, сыншылдық дегендердің бәрі қоныстас, аралас отырған ғылымдар, бірімен-бірінің жалғасы мол екендігін философ дегендер, сыншы дегендер, ақын дегендер бірінің сырын бірі қайтсе де білу керек екендігін» [16] айтады. 

«Абайдың пәлсапасы» [16] деген тараушасында Ыдырыс Абайдың философиясына тереңірек тоқталады. Ыдырыс Абайға былайша баға береді: «Абай біртұтас пәлсапа пікірін қалдырып кетпесе де, заманына қарай зор адам болған. Бұны тану керек. Абай үлкен ойшыл адам болған» [16]. Расында да, Абайды философ ретінде қарастырғаннан гөрі, ойшыл деп атаған жөнге келетін тәрізді. Өйткені, философ атауына қарағанда, ойшылдық кең  ауқымды қамтиды және әлдеқайда мәндірек. 

М. О. Әуезов айтқандай: «Шын мәнінде алғанда, Абай философ емес, ғылымдық кең мағынасында алғанда, Абайдың арнап жазған философиялық жекеше терең толғаулы еңбектері, трактаты жоқ» [18, 480]. Осы пікірді жолдаған жазушы сонымен бірге Абайдың философиялық дүниетанымын зерттеуді мақсат еткен: «Және осындай ойшылдық белгілерін жеке философиясы деп атамасақ та, ақынның даналық, философиялық көзқарастары деген тұрғыда мейлінше түгел қамтып, тексеріп, талдай білуіміз керек» [18, 410]. Жазушының ой-пікіріне толық қосыла отырып, Абайдың философиясын терең зерттеуге мүмкіндіктің туғанын айтуға болады.

Түбегейлі зерттеліп, білікті ғалымдардан тиісті бағасын алып үлгермеген Абай әлемінің ашылмаған сыры әлі көп. Ақынның діни-әлеуметтік философиясына да біржақты баға беріліп, теріс пікірлер де кездесіп жатты. Абайдың дүниетанымы жөніндегі ғылыми-қоғамдық пікірталас әлі де жүріп жатыр. Белгілі әдебиетші-ғалым, профессор Ә. Қоңыратбаев мынадай естелік айтады: «...Сөз кезегін алған Мұқаң мінбеге көтеріліп: – Абай философиясын зерттеу әрине, жақсы бастама. Бірақ оны журналистік шолу емес, теориялық тұрғыдан зерттеген дұрыс болар еді. Абайдың әдеби мұрасына келгенде оның ақындығын баса көрсеткеніміз жөн. Пушкиннің философиясын зерттеп олжа тапқандар орыс халқында көп емес. Олар Пушкинді ұлы ақын деп дәріптейді. Біз де осы арнаға түссек қайтеді» [19, 169] деді.

Кемеңгер жазушымыз Мұхтар Әуезовтің бұл пікірінің келешекте де маңызының зор болатыны даусыз.

І. Қабылов өзінің мақаласын: «Абайдың пәлсапасы, Абайдың қоғамға көзқарасы деп әлденешеге бөлгенін» айта келіп, Ыдырыс олардың ішінде Гегельдер, Фейербахтардың үлкен пәлсапалары жүргендігін, бірақ Абайдың бұл өлеңдерінде Ілияс туғызған зор пәлсапасы, баланың ойыншығы секілді болып шыққанына назар аударады.

Ыдырыс Абайдан соңғы жазба әдебиет тіл жағынан өнегені Абайдан алғандығын, тілдің бұқараға ашық түсінікті болу жайын кейінгі ақындар Абайдан үйренгендігін, тіл жағынан көп ел әлі де болса Абайдан кем екендігін ерекше атап өтеді.

Қорыта келе, ХХ  ғасырдың  20-жылдарында кеңестік идеологияға сай келмейтін туындылар қатты сынға ұшырағандықтан, Абай дәстүрінің дамуы, жалпы адамзаттық ортақ мәселелер әдебиет тарихында өз шешімін таба алмады. Әдеби туындылар, жеке қаламгерлердің көзқарасы әдебиеттің партиялығы туралы В. И. Лениннің теориясы шеңберіндегі өлшеммен өлшенгендіктен, қазақ әдебиеті өзінің табиғатынан, даму заңдылықтарынан айырылып, жаппай науқаншылдық өріс алды. Десек те, кеңестік дәуірде қазақ әдебиетінің тарихы күрделі де, қайшылықты жағдайларға толы болғанымен, сонымен бірге бұл дәуір қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің өсу, өркендеу жолында айтарлықтай жаңалықтар әкелген кезең болғаны да даусыз.

Соның ішінде, жиырмасыншы жылдары екі дүркін айтыс болған абайтану ғылымында да әдебиеттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің айтарлықтай қосқан табыстары болды. Абай мұрасын қорғап қалуда үлкен қажыр-қайрат танытқан көрнекті қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, сыншы Ыдырыс Мұстамбайұлының да абайтанушылардың қатарында өз орнын алары сөзсіз. Оның әсіресе, Абай мұрасына қарсы шыққан І. Қабылұлының мақаласына екі тілде бірдей жауап жазған мақаласының әдебиеттану ғылымындағы орны ерекше. Сондықтан да оның Абай шығармаларын зерттеу тарихындағы өзіндік орнын айрықша атап өткен жөн. Қаламгер еңбектерінің Абай мұрасына қатысты қағидаларын ғылыми тұжырымдау мақсатында оның мақалаларына сүйенуді жөн санағандықтан, түпнұсқадан үзінділер көптеп келтірілді. Нәтижесінде, Ыдырыс Мұстамбайұлының абайтануға қосқан үлесі ғылыми тұрғыда тыңғылықты зерттеліп сарапталды.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Поэзиядағы өзіндік леп, өзіндік ерекшелік

 

Ақын Қ.Аманжоловтың "Дариға, сол қыз" өлеңі көпке мәлім. Ал сол өлеңді мазмұндап айтып беру - өлеңді бар қасиетінен айыру дегенмен бірдей. Онда мазмұндап айтып берелік сюжет те бар. Мысалы, қазіргі оқыту практикасында орын алған тәсілмен оны былай мазмұндауға болар еді.

     Жігіт бір сұлу  қызды көріп қалып, соған ынтызар  болады. Бірақ сұрапыл соғыс басталып  кетіп, ол қызына екінші рет  жолыға алмайды. Қанды ұрыс ішінде жүргенде де жігіт көңілінен сол қыз кетпейді, сонан ұрыста жаралагады, жазылып қайта майданға барады. Жауды жеңіп, еліне, сүйген қызына оралады. Ал мұндай мазмұндау өлеңді барлық нәрінен айырып, эстетикалық әсер-бояуынан жұрдай етеді. Бұл жұрт сүйсінген "Дариға, сол қыз" өлеңі емес, соның тек жансыз сүлдері ғана болар еді. Ақын жүрегінен тебірене шыққан сұлу поэзиядан ештеңе қалмас еді. Бұл өлеңнің барлық қасиеті поэтикалық жолдарында, өлең құрылымында, ақындық тебіреністерінде. "Дариға, сол қыз" - шынайы мөлдір поэзия.Төгіліп тұр. Шағын өлең, сырға толы. Ақындық өрнектер мол. Ұлы махаббат гимнніндей естіледі. Ақынға "Дариға,сол қыз" - армандай еді, оған күлімдеген сәуледей еді. Ол сұрапыл соғысқа сол армандай қыздың асыл бейнесін өзімен ала кетті. Жауынгер қан майданда, қып-қызыл өрт ішінде жүргенде де, оқ тиіп, қайраты кетіп, солып бара жатқанда да "қайда екен, қайда, Дариға,сол қыз" деп оны есіне алады. Дариға оның аузындағы дұғасындай. Жауынгер:

                                              Көрсетпей жүзін,

                                                                    естіртпей сөзін,

                                              Қаһарын төгіп тұр долы соғыс.

                                              Арманым бар ма

                                                                    өлсем бір көріп,

                                              Қайда екен, қайда, Дариға, сол қыз?-

деп сүйген қызын бір көруді армандайды. Асыл жар бейнесі оны өмірге құлшындырады, ерлікке рухтаңдырады. Ол:

                                               Келмейді өлгім,

                                                              Келмеді өлгім.

                                               Қайратым қайда,

                                                               Келші осындайда,-

деп жауға атой салады. Ұлы махаббат - өшпес, өлмес адал махаббат жауынгерді өлімнен арашалайды. Дариға бейнесі - ол үшін өмір бейнесі. Ол жауын жеңіп, "Қайда екен, қайда,Дариға, сол қыз"деп еліне, туған жеріне, кіршіксіз махаббатына оралады. Осындағы бүкіл өлеңнін лейтмотиві "Дариға, сол қыз" деген жолдарға кеп саяды. [19;56]

 

     Қасым поэзиясындағы  сезім шынайылылығы осы өлеңінде  керемет көрініс тапқан. Кіп- кішкене  ғана өлеңде ақын үлкен поэмаға  арқау болар философиялық, эстетикалық адамгершілік ой түйінін бере алған. Әрі ақын, әрі ғалым  Ә.Тәжібаев осы өлең жайында: "Біздің көз алдымызда махаббаты ерлікке қорған болған ғасыр мен бейнелес Дариға образы тұрады. Мінеки, ірі махаббат, әйелге деген өрттей махаббат осы. Бұл қазақ поэзиясының классикасына жатады",- деп жазды. Мұнан біз лирикалық шығармаларда, оның шебер үлгілерінде шәкірттер үшін білімдік, тәрбиелік мәні бар жақсы қасиет едің молдығын байқаймыз.

      Мұғалім ақындық  өрнекке шәкірт назарын үнемі  аударып отыруы керек. Мүсінші ақын сөзден нелер үздік зер салады. Кейде олар дыбысқа жан бітіріп, дыбыстар сазын тамаша сөйлетеді.Ақын Қ.Аманжоловтың мына бір өліңіне үңілейік:

                                               Сарыарқа, самалды тау, сырнайлы  өзен,

                                               Сағындың  сенде мені, айтпай сезем...-

деген жолдардағы дыбыс үндестігі қандай әсем. Ақын "с" дыбысын қайталау арқылы Сарыарқасының келісті келбетін де оған деген өзінің сүйіспеншілігін де, туған жеріәнің өз перзетіне деген мейірімін де тамаша өрнектеген.Ал "Ақсәуле" өлеңінде дыбыс қайталау арқылы өлеңнің эмоционалдық сазын үстеген:

                                                Сен үшін келдім сақтап, сүйген  сәуле...

                                                Ақсәуле, аспанда аймен таласасың...

                                                Ақсәуле,арнадым мен арманымды.

    "С, а" дыбыстарын қайталау  арқылы ақын тыңдаушысын негізгі  мақсатына жетелейді, оқушысының  ой сезіміне әсер етеді.Мұның  бәрі өлеңнің эмоционалдық қуатын күшейтіп, ақын арманы - Ақсәулеге деген сүйіспеншілік туғызады.

     Ақын С.Дөнентаев "Қазақтарға  қарап " деген өлеңін түгелдей "қ" дыбысын қайталауға құрған. Ол "қамалған қаран

ғыда қалың қазаққа":

                                                Қайғырып,қатып қабақ қамықпай құр,

                                                Қимылда,құнынды қу қадағалап.

                                                Қақпанға қапылыста қақтығарсын,

                                                Қадамда, қиқандамай қадақ-қадақ!-

деген ойды айтпақ. Осы оқиғаға оқушы көңілін аудару үшін "қ" дыбысын қайталап қолданып, негізгі ойын осы тәсіл арқылы жеткізген.

         Махамбет  ақын да бұл тәсілді өз шығармаларында  шебер қолданған. Ол жұртқа мәлім "Ереуіл атқа ер салмай "өлеңінде сезім қозғалысын "е" дыбысын қайталау арқылы беріледі.

        Ақындар дыбыс  үндестігін тек әсемдік, саздылық  үшін ғана емес, шығарманы эмоционалдық  жағынан әрлендіру үшін қолданады.

        І.Жансүгіров  градация (дамыту) тәсілін шебер қолдана білген. Ақын оны өзінің эстетикалық мұратын паш ету, кейіпкер характерін ашу үшін, оқушының сезім пернелеріне еселей әсер ету үшін қолданған. Сол арқылы оқушысын оқиғаға ортақтастырып, оның жүрегінде күйініш - сүйініш сезімін туғызады. Мысалы, "Күйші" поэмасындағы үдету тәсіліне көңіл аударалық .

                                               Соқ, жігіт! Соқ!Соқ, жігіт! Күйінді тарт!

                                               Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт!

                                               Безілдет! Сарнат! Зарлат! Үздіктірші!

                                               Керек жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт! Қысқарт!

      

         Осындағы  нөсерлете төгілген қайталаулар  мен үдетулердің поэтикалық түйініне  көз жіберсек, Ілиястың ақындық шеберлігін тану қиын емес. Бұл поэтикалық фигуралар арқылы құдіретті күй бүкіл жан дүниесін арбап, баурап алған ханшаның сол кездегі кейіп-қалпын тамаша бере алған. Осы жолдар өр кеуде, менменсіген, тәкаппар, паң ханшаның ,күй жанын балқытып, сезімдерін оятқан, қан тамырына ыстық леп бойын билеп, бүкіл денесін жар құшу "ауруы" меңдеген  ханшаның жан құбылысын қапысыз білдіреді. Он саусағынан өнер тамған күйші құдіретін ақын былай суреттейді:

 

                                                 Мұз еріп, қатты аяздың кәрі қайтып,

                                                 Қас батыр көңілі жұмсап, зәрі  қайтып,

                                                 Майырылып ақ семсерлер қалайы  боп,

                                                 Қажытты мұзбалықты күй мұңатып.

 

                                                 Құлпырып бәйшешекті кетті шалқып,

                                                 Аққудай көкте күйлеп, көлде қалқып,

                                                 Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп,

                                                 Талдырып, тамшылатып,сығып,сарқып.

            Тоқсан күйден айырылған күйші  бір мезетте домбыраның пернесін  қағып-қағып жібереді. Домбырадан:

                                                 Ызғытып,өлке өрлетіп, баяулатып,

                                                 Соқтырып кейде боран, дауылдатып,

                                                 Көңілдің асқарынан тұманды айдап,

                                                 Артынан нөсерлетіп, жауындатып...

неше алуан үн шығарып, жаңа бір күй төгіледі. Ақын күй сазын суреттегенде бәйге атындай көсілі тартады, шырқай өрлеп, биікке самғайды. Бір сөз бір сөзден артып,  бір ой бір ойдан, бір жол бір жолдан, бір шумақ бір шуақтан асып түсіп отырады.

Информация о работе 30-жылдардағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі