Оюлар сыр шертеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 20:07, курсовая работа

Краткое описание

Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңару жағдайы бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің, оның айналасындағы тәлім тәрбие, мол тәжірибе негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеу қажеттігін тудырды.
Сондай қажеттіліктің бірі-халықтың қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнерінің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері өзінің бай тарихы, терең мазмұны мен эстетикалық тұрғыда әсер етіп оның сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.

Содержание

Кіріспе

І. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің тарихи дамуы.
1.1 Ою-өрнектің даму тарихы.
1.2 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің класификациясы
1.3 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің танымдық мәні.

ІІ. Қазақ ұлттық бұйымдарындағы ою-өрнек үлгілері.
2.1 Қазақ кілеміндегі ою-өрнектер.
2.2 Қазақ киіз бұйымдарындағы ою-өрнектерді жасау технологиясы.
2.3 Тұрмыстық бұйымдардағы ою-өрнектер.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оюлар сыр шертеді.doc

— 118.00 Кб (Скачать документ)

Тау оюы- қолөнер  бұйымдарының жиектеріне салынады, мәңгіліктің, күш құдіреттің символы. Қариялардың  деп бата беруіде тектен тек емес.

Гүл оюларының  өзінде де халықтың дана ойы жататынын  мынадын байқаймыз: гүл мен гүл  түйнегінің айқаса бірігіп салынуы-бірлікті, елдің ынтымақты болуын мегзейді.

“Тасбақа  оюы”-мәңгіліктің символы. Бейіт  басындағы сынтастар көбнесе  тасбақа бейнесіндегі тасқа қашап  орнатылады. Бұл оюбатырдың, ханның киіміне, жауырынына, қалқанына салынатын  болған.

Халықтың  рухани өмірі: ұлттық салт-дәстүрлер, наным-сенімдерге байланысты  оюлар-Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергіәдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға күйеуге ұзатылатын қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберу дәстүрі болған. Сәлемдемеге жас келіншек өзінің күйеугешыққаннанкейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам бейнесі кестеленіп салынған және оның  жанында тұрған дөп-дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеде қыздың ата-анасы жат-жұртқа ұзатылған баласының “отырса опақ, тұрса сопақ” болған мүшкіл халін түсінген.Ал басқа ретте күйеуге ұзатылған қыздан “құсмұрын” бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы  бостандықта, жағдайы жақсы екенін ұғатын болған.

Итқұйрық- иттің құйрығы тәрізді ою. Бұл  өрнек ауыларалық белгісі (символы). Кебеже, қоржын бетіне, тақыр кілемге салынады.

Түйетабан оюы- алыс сапар нышаны(символы). Көштегі  түие жабуына, жібек жол сауда  заманында саудагерлердің шапанына салынған.

Қазақ халқының  қолөнер шебері ою-өрнек өнерінде  нағыз сынға түседі, яғни қолөнер  шеберінің таразысы-ою-өрнек өнері.

Қазіргі  заман  талабына сай сәндік қолданбалы өнер  саласында  ою-өрнектің  алатын орны  мен маңызы  ерекше. Көркемдік  өнер заттары мен бұйымдарының барлығы  ою-өрнекпен әшекейленіп, өзінің сәндік, көркемдік  мағынасына, түріне, сипатына  ие бола алады.

 

Өсiмдiк  тектес ою-өрнектерінде көне жергiлiктi дәстүрлерi жоқ. Оның басты-басты әуендерi қатарында лотостың түйiндерi мен  гүлдерi шырмауық өсiмдiктерiнiң өрмесi, гүл тiзбегi үш салалы жапырақтар түрiнде  болды. Кейбiр ою-өрнек әуендерi, мәселен  лотос Ежелгi Шығыс өнерiнiң ықпалынан туған.

Символдық ою-өрнектiң негiзгi табиғат күштерi мен аспан шырақтарына  сыйынушылықтан туды. Шеңбер, бұрама, айқыш-ұйқыш сызық  үлгiсiндегi фигуралар  күннiң эмблемасы  болды; бұйра толқындар  сарыны бұрама ирек түрiндегi  қисық  сызық  белгiлерiмен, S-тәрiздес фигуралармен берiлдi.

Қазақтың  ою-өрнек өнерiнде кездесетiн әртүрлi саздағы (мотивтегi) элементтер көп  ғасырлар бойы сұрыпталудан өтiп, әр шебердiң  өзiнше өзгерiс ендiрудiң арқасында  бiр түрден екiншi  түрге ауысып отырған. Ою жасаушылардың шығармашылық еңбегiнiң арқасында зооморфты саз өсiмдiктер тектес сазға, геометриялық саздағы элементтер – зооморфты, немесе өсiмдiктер тектес сазға т.с.с. ауысып отырған. Бұл жағдай қазақ ою-өрнек өнерiнде бiрнеше элементтермен-ақ шахматтағыдай мыңдаған түрлi композициялық  варианттарды жасауға болатындығының дәлелi.

Қазақ оюларының  өрiсi кең, болашағы мол. Ою-өрнектердi шеберлердiң  шығармашылық жұмыстарынан, тоқыма бұйымдардан, киiм жиынтықтарынан  және т.б. кездестiруге болады. Қазақтың ою-өрнек өнерiн ғылыми негiзде зерттеу  iсiмен мамандар көптен берi  шұғылданып келедi. Елiмiздiң этнограф-тарихшылары мен өнер зерттеушiлерi  дайындаған еңбектерiнде ою-өрнектiң түрлерi, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректер жинады.  Тарихи мұраларды қарастыру  нәтижесiнде қазақ оюларының негiзiн құрайтын 200-ден астам ою-элементтерiнiң атаулары анықталған. Көп жағдайда ою элементтерiнiң аты материалдық дүниедегi жан-жануарлардың дене мүсiндерiне қарай, өсiмдiктердiң сабақтары мен жапырақтарының сыртқы бейнелерiне қарай немесе геометриялық фигуралардың жаратылу ерекшелiктерiне қарай аталып келген. Тiптi, олардың арасында аңыз ертегiлерде айтылып жүрген аждаћалардың бейнесiнен бастап бүгiнгi күнгi космосты игеру тақырыбына дейiнгi атаулар мен элементтер де кездеседi.

Сонымен қатар  қазақтың ою-өрнек элементтерiнiң  керемет икемдiлiк ерекшелiгi де бар. Бiр композицияның iшiнде әртүрлi саздағы бiрнеше элементтер бiр-бiрiмен  тұтаса бiрiгiп, бiр бүтiн аяқталған  ою композициясын құрайды. Мұндай жағдайда ою сүйегi  бiр түстi бояумен боялады да, оюдың элементтерiн бiр-бiрiнен жақсы анықтау үшiн фонды түрлi-түстi бояумен бояйды.

ІІ. Қазақ ұлттық бұйымдарындағы  ою – өрнек үлгілері.  Халқымыздың  ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық  талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар берді. Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезенде түрлі карым-қатынаста болғандығы мәлім, ғасырлар бойы өзбек, ұйғыр, қырғыз, ноғай, қалмақ халықтарымен, араб, парсы елдерімен, сондай-ақ бүгінге дейін орыс халқымен ұдайы мәдени байланыста. Соңдықтан қазақ халқының негізін құрайтын ою-өрнектерді көршілес елдердің қолөнерінен де кездестіруге болады. Жалпы қазақ пен қырғыз халықтарының оюларының ұқсастықпен қатар айырмашылықтары да бар. Қазақ ою-өрнегін зерттеген Еуропа, орыс ғалымдары қате пікірлер айтып, осы өнердің дамуына, мәліметтердің қағазға түсіруіне кедергі туғызды. Қазақ қолөнерін зерттей келе ою-өрнек өнерін жоғары деңгейде дамып қана қоймай көршілес елдердің қолөнерінде үлкен әсер еткізгеніне көз жеткіздік. Қазақ ғалымдары ою-өрнекті орыс, еуропа ғалымдары сияқты терең зерттеген жоқ, яғни бұл тақырып бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болмай отыр. Ғасырлар бойы қазақ қолөнерінде ою-өрнек тек қосалқы рөл атқарып қана қоймай, олардың ежелден төтемдік және символдық мәні болғанын қазақ ою-өрнегін алғаш зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі болып табылатын ою-өрнекті түбегейлі зерттеп көптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб, иран, византия оюларынан басты айырмашылығы - ою-өрнектің әрбір элементі жеке дара күйінде бейнеленіп, оның әрбір элементі дара тұрады. Кеңес дәуіріне дейін қазақ қолөнер туындыларын қырғыз ою-өрнектері деп атап келген. Қазақ ғалымдары тәуелсіздік алғанға дейін бұл мәселенің шыңдық негізін айта алмады. Төлеубай Бейсенов негізінен ел арасынан жиналған қолөнер туындыларын альбом етіп шығарып, әсімдік тектес ою-өрнектердің даму тарихын және оншақгы ою нұсқасын қалдырды. Қазіргі кезде ел арасында қол өнерінің ең негізі болып табылатын ою атаулары мен үлгісі ұмыт бола бастаған. Бүгінгі әшекейлеудің басты құралы ретіңде, біз қолданып жүрген ою-өрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі, рәміздері ретінде саяси-әлеуметтік қызмет атқарғаны белгілі. Туымыздан орын алған ою-өрнек те осының айғағы. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде азаттығымыздың нышаны — көк байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда халықгың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз, өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті. Кеңес үкіметі кезінде ертеден жеткен қолөнер туыңдылары мұражайларда ғана сақталды. Көбнесе бұл өнер туындыларына ескінің сарқыншағы ретінде қарады. Қазір егемен елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңаша көрініс тапты, ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды.

Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ыкпал етуде. Қазір киім, бұйымдарда ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады.

Ежелден келе жатқан кәсіп қол өнер халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Қолөнер шеберлері оюмен танылады. Орнамент-әсемдеу, сәндеу деген ұғымды білдіретін латын сөзі казақ тіліңде ою-өрнек болып алынып жүр. Бұл сөздің ұғымы бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағынаны білдіреді. Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Ою-өрнектің бір түрі — ою, белгілі бір затты ою ( тас, темір, ағаш) кесу (ағаш, сүйек) тілу (былғары, тері) қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ою-өрнек түрлері бүгінгі күнге дейін түбегейлі жүйеленген жоқ. Қол-өнер шеберлері ертеден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырады, бірінші топ ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне катысты негізгі атаулар, екінші топқа жалпы ою-өрнекті теориялық жағынан негіздеу. Ою-өрнек тарихы, халық тарихымен бірге жасасып келе жатқаны белгілі.

2.1 Қазақ кілеміндегі ою-өрнектер. Шеберлер кілемдердегі ою-өрнектерді  естерінде қалғандары бойынша  немесе үлгілері бойынша орындаған, сирек жағдайларда өздеріне ұнаған элементтерді көшіріп алған кез-келген кілемде еркін ойлап шығару үлесі бар.

Кілемдердің ою-өрнектік элементтері-бұл  өрнектердің бөлінбейтін бөлігі, мотив ірі және аяқталған композиция. Гүлдер деп аяқталған және бекітілген мотивтер аталады. Әдетте, элементтер мен мотивтер өрнектің өзі сияқты мынадай түрлерге бөлінеді:

-өсімдік тектес: гүл,ағаш,жапырақ  және т.б;

-жануарлар тектес: құстардың ізі,ботакөз,мүйіз  және т.б;

-заттық:тұмарша,балдақ,сырға,тарақ және т.б;

-космогониялық: ирек, кереге бас;

-декоративтік немесе көмекші:  геометриялық денелер, мысалы, төрт  бөлікке бөлінген шаршы.

Өсімдік ою-өрнектері табиғаттан алатын жапырақ, гүл, бұта ағаш, орман, жер-суды және т.б. мазмұнын біріктіреді. Гүл  шешегі және жапырақ ою-өрнектері көптеген бұйымдардың бетін  айшықтауға пайдалынады.

Қазақ  халқы нанымдарда тәңірлік хайуанаттар- ат, бұғы қасқыр, қошқар, аққуды құт деп есептейді.  Ата-бабаларымыз  малдың ерекше қасиеттерін бағалап  ән-жырға, күйге қосты.  Олардың біраздары шығармаларға бейнелі қол өнерде ою-өрнекке айналды. Сондықтан хайуанаттар оюларының тамыры тереңде жатыр. Бұл оюдың негізін (қошқар мүйіз) –  өрнегі қалайды. Мүйіз – нақыштарымен  безендендірілмеген заттар жоқ деп айтсақ болмайды.

Бұдан басқа хайуанаттар әлемін білдіретін ою-өрнек түрлері көп, бірақ формаларының көпшілігі геометриялық денелерден тұрады. Мысалы, ботакөз, құс тұмсық, қазмойын, сыңар мүйіз, айшық, жұлдыз және т.б.

Космогониялық ою-өрнек біздің көркем өнер мәдениетімізге өте ерте замандардан  сіңіп қалыптасты. Бұл ою-өрнектің негізін әлем, аспан, күн, ай, жұлдыз және бүкіл кеңістіктің бейнелерінен құралады.

Ата-бабаларымыздың аспандағы бір  тәңірге сеніп, жалбарынып табынуы, жақсылық бата тілеуі жайдан жай тумаған  болар. Қалай болсын күннің шапағаты мен айдың шығып тууы, теңелуі, тұтылулары, жұлдыздардың ағуы бәрі ерекше әсер қалдыратын құбылыстар кілем тоқымаларында мағына –ұғымын сақтап ою өрнек нақышымен безедендіріп келеді. Бүгінгі қалы кілемдерде  жазу дәстүрі әлі де қолданылады. Бұл жазуларда анасы мен әкесінің тілегі, сәлемдері, тарихи мәліметтер ерекше жазылады.  Демек, бұдан қазақ халқы ерте замандардан ою-өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне пайдаланып, іске жаратып келе  жатқанын көреміз. Осы орайда қазақ халқының көне дәуірлерден бері жалғасып келе жатқан мұрасы болып анадан қызға беріліп, өзіндік дәстүрге ұласып дүние жүзіне тараған қол өнердің бірі болып табылады. Түкті кілем. Қазақ халқының түкті кілемдері композицияларында орталық алаң-қазық және шеттік жиектер-қорған немесе қоршау дәстүрлі бөлінуі сақталынады.

Кілемдердің жабық композициялық  құрылымдарының ерекшелігі  орталық  симметриялық алаңдарда әр түрлі  геометриялық формалар жұқа желілі контурмен  жиектеледі,ал кейбір жағдайларда онша көп емес жолақ,ала жіп жүргізіледі,ол тыныштықты білдіреді. Орналастырылған ою-өрнектің түріне қарай кілемнің орталық алаңы негізгі түкті мынадай болып ерекшеленеді:

-көпбұрыштардан,алтыбұрыштардан,  сегізбұрыштардан және т.б.тұратын  ою-өрнектер кілемнің орталық  осіне екі немесе үш қатарда тік немесе рапорттың ромбылық торына байланысты орналастырылады(кілемнің бұл типі кілем тоқудың барлық өңірлері үшін сипатты);

-кілемнің орталық осіне үш-төрт  түрлі денелер немесе баспалдақты  шаршылар, қошқар мүйіз өрнегімен  біріктіріледі;

-өсімдік тектес ою-өрнектер құс немесе жануарлардың бейнелерімен үйлестіріледі (xx ғасырдың екінші жартысына, Қызылорда облысының шығыс аудандарына сипатты);

-жұлдыз (шатыргүл) өрнегі үш немесе  төрт бейнемен кілемнің орталық  осіне, ал кейде раппорт торынан  тікелей екі қатарда орналастырылады (Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл облысының батыс аудандары);

-сирек қазақтың медальондық  кілемдеріне «классикалық» кілем  сызбасы орталық алаңмен және  ортадағы медальонмен, бұрыш секторларымен  және бірнеше жолақтың шетімен біріктіріледі;

-қазіргі кілемдік компазицияларда  бұғылардың, әтештердің, аққулардың, гүл  салынған құтылардың бейнелері  кедеседі; бұл құбылыстар уақыттың  белгісі, бір жағынан халықтық  кілем тоқушылардың тілегін білдірсе, екінші жағынан кілем тоқу  өнерінің әртүрлі елдермен таныстығын білдіреді.

Кілемдердің фондық кеңістігі салынған өрнектер мен орталық медальон арасын жеңіл өрнекпен шағын гүлдермен  немесе желілі ою--өрнектемен толтырады.

Түкті кілем оюында кейде ескі нышандар, мысалы, тісті крестер күннің бейнесін нышандайды; шаршы адамзаттың «жабық» бейнелеріне жатады дейді зерттеушілер; сегізбұрышты жұлдыз құдайшылықты, аспанды білдіреді. Ала жіп – «өмір жібінің» ою-өрнектік баламасы, аспан мен жердің байланысының нышаны. Ағаш көбінесе крест бейнелі гүлдердің контуры болып келеді.

Кілемдерде гүлдердің өрнегі үшеу немесе төртеу болады. Олар шамасы сандарды бейнелеу нышандарымен байланысты болса  керек. Төрт саны алғашқы элементтерде  (жер, ауа, су, от) жыл мезгіліне, жарық  тарабына, өмірдің кезеңдеріне сәйкес келеді. Үш саны бұл жетілдіру бейнесі (құбылыстың немесе үдерістің үш кезеңі, құдайдың үш жақтылығы және тағы басқа) ислам нышанында ол жан, рух пен дененің өзара байланысын бейнелейді.

ХХ ғасырдың басында кілемдердің  аралығы мен шеттеріне жартылай пластикалы, қисық сызықты халық кестесіндегі және киіздерге салынатын ою-өрнекті элементтер пайда  бола бастады.

Кілемдердің жиектері немесе шеттері  – шет ою, әдетте бірнеше ою-өрнектік жолақтан тұрады, алайда бәрінен жалпақ орта және жіңішке, ішкі және сртқы  өрнектерден құралады. Жиектердің алаңдары онша күрделі емес, бірін –бірі қайталайтын немесе тізбекті өсімдік тәрізді өрнектермен – гүл; жапырақ; геометриялық-кереге көз ,тұмарша, жануар бейнелі- қошқар мүйіз, ботагөз, комогониялық-айшық, жұлдыз және басқа да ою-өрнектік элементтер мен мотивтерден тұрады. Жиектерді жұқа түрлі – түсті  жолақтар-су бөліп тұрады. Жиектердің шеттері ХІХ ғасырдың  ортасына дейін жіңішке болып келген.

Біздің заманымыздағы ашық және әр-түрлі түсті кілемдерден олардың  айырмашылығы- ХІХ ғасырдың аяғындағы кілемдер қанықтырылған қызыл түсті, негізгі ою-өрнегі көк түсті, ақ, жасыл, сары және басқа да түстердің аздаған қосындысынан тоқылған.

Бір және басқа да түстердің қосындысы (төрттен тоғызға дейін) көптеген кілемдерде  қолданылатын түстердің маңыздылығын көрсетеді, шамасы ол сәттілікті тілеудің нышандық мәні мен өмірді мәңгіліктендірумен, құнарлықпен байланысты болса керек. Қызыл түстің басымды болуы күнді, өмірді, қуанышты бейнелейді; көк-күннің,судың түсі тұрақтылық пен сенімділікті білдіреді; сары—алтынмен біріктірілген; қызыл қоңыр түс-күннің шығуын көрсетеді; жасыл- құнарлықпен байланыстырылады; ақ- қасиетті деп есептеледі.

Тақыр кілем. Өрнекті тақыр кілемдер-терме  алаша, басқа алаша, кежім теру, тақыр  кілем Қазақстанның барлық территориясында тар және кең енді станоктарда - өрмекте қолмен тоқылған.

Алашаның жолақтары қабырғаға  немесе еденге  төселуге арналып  техникалық тәсілдерде тоқылған өрнекті  әр түрлі ендегі кілемшелерді қосып  тігу арқылы жасалған. Кілемшелердің  арасындағы тігістер әр түрлі баулар қолдан тоқылған, шаруалармен немесе мата жолақтарымен өрнектік аппликациялармен біріктірілегн. Осындай материалдық жолақтар кейде алашаның соңғы жағын аяқтап отырған. Тоқыма станогы алаша тоқуға арналғандықтан алаша тоқитын деп аталған.

Информация о работе Оюлар сыр шертеді