Оюлар сыр шертеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 20:07, курсовая работа

Краткое описание

Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңару жағдайы бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің, оның айналасындағы тәлім тәрбие, мол тәжірибе негізінде жас өспірімдерді тәрбиелеу қажеттігін тудырды.
Сондай қажеттіліктің бірі-халықтың қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнерінің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері өзінің бай тарихы, терең мазмұны мен эстетикалық тұрғыда әсер етіп оның сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.

Содержание

Кіріспе

І. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің тарихи дамуы.
1.1 Ою-өрнектің даму тарихы.
1.2 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің класификациясы
1.3 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің танымдық мәні.

ІІ. Қазақ ұлттық бұйымдарындағы ою-өрнек үлгілері.
2.1 Қазақ кілеміндегі ою-өрнектер.
2.2 Қазақ киіз бұйымдарындағы ою-өрнектерді жасау технологиясы.
2.3 Тұрмыстық бұйымдардағы ою-өрнектер.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оюлар сыр шертеді.doc

— 118.00 Кб (Скачать документ)

Оюлар сыр шертеді.

 

Кіріспе

 

І.     Қазақ ұлттық ою-өрнек  өнерінің тарихи дамуы.

1.1  Ою-өрнектің даму тарихы.

1.2  Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің  класификациясы

1.3  Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің  танымдық  мәні.

 

ІІ. Қазақ ұлттық бұйымдарындағы ою-өрнек  үлгілері.

2.1 Қазақ кілеміндегі ою-өрнектер.

2.2 Қазақ киіз бұйымдарындағы  ою-өрнектерді жасау технологиясы.

2.3 Тұрмыстық бұйымдардағы ою-өрнектер.

       Қорытынды.

       Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы. Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.

Осыған орай Қазақстан Республикасының  білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңару жағдайы бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің, оның айналасындағы  тәлім тәрбие, мол тәжірибе негізінде  жас өспірімдерді тәрбиелеу қажеттігін тудырды.

Сондай қажеттіліктің бірі-халықтың қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнерінің тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері өзінің бай тарихы, терең мазмұны мен эстетикалық тұрғыда әсер етіп оның сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.

Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Ою өрнектердің  символдық мәнге ие болуы , оның ұлттық болымысымызды бейнелейтін заттарда көрініс табуы. Сондай-ақ ою-өрнектердің  түрлі танымдық нышандарының болуы  қазіргі зерттеушілердің көптеп көңіл бөлуін  қажет етіп отыр.  Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің мәнінқазақтың ұлттық дүниетанымымен байланыстыру жұмыстың өзектілігін көрсетеді. 

Ғылыми жұмыстың мақсаты. Қазақ  ұлттық ою-өрнектерінің құпиясын ашуға  деген қызығушылық жыл санап  өсіп келеді. Ұрпаққа мұра болып  қалатын дүниенің  сырын ашыпоны келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыруды біз өзіміздің алға қойған мақсатымыз деп білеміз. Осы мақсатқа жету барысында  мынадай міндеттерді шешуге тырыстық:

-қазақтың ұлттық ою-өрнектерін  класификациялау;

-ою-өрнектердің танымдық мәнін ашу:

-кілем, киіз және т.б. ұлттық  бұйымдарға  түсірілетін ою-өрнектерді  жасау технологиясын ашу.

 Жұмысытың ғылыми жаңалығы.Ұлттық  ою-өрнектердің танымдық мәнін  аша отырып біз төмендегіше  қортындыға келдік.

1. Ежелгі ата-бабамыздың күнделікті  тұрмыс тіршілігі  табиғат пен мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан өздерінің  ою-өрнектерінде көбнесе жан-жануар, құстарға табиғат құбылыстарына байланысты элементтеріне көбірек пайдаланған.

2.    Ежелгі ою-өрнектер  ақпарат құралдарының ролін атқарған.

3.   Ою-өрнектердің танымдық мәні жағымды эмоцияға  негізделген. Мұндай ою-өрнектердің тәрбиелік мәні өте күшті.

4.               Ою-өрнектер рухани эстетикалық  қызмет атқарады.

Ғылыми жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу әдісі жұмыстың мақсатынан туындайды.  Бұл еңбектің басты мақсаттары ұлттық ою-өрнек өнерінің  дамуын жалпылай мәлімдеумен емес, білім беру жүйесі арқылы барынша тиімді қол жеткізуге болатынын дәлелдеу. Халық мұрасындағы ұлттық өнердің даму тарихын –оқыту тәрбие  жүйесінің жай ғана бөлшегі емес. Аталған идеяны  қабылдау – бұл салада  тың бағыт ұсыну, ұлттық өнеріміздің әлемдік деңгейін  дәстүрлі  тарихи  құндылықтарымен үйлестіріп, оқыту мен тәрбиенің ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді.

Ғылыми жұмыстың дереккөздері. Ғылыми жұмысты жазу барысында  Ұ.М.Әбдіғапбарова,  Ж.Балкенов, А.Бекқұловалардың еңбектері,  Қазақ совет энциклопедиясы пайдаланылды.

 

 

І. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің тарихи дамуы.

1.1 Ою өрнектің даму тарихы.

Ежелгі  өрнектік  элементтердің  дамуындағы  тарихи деректер, болашақ  мамандар үшін, олардың  шығармашылық  жұмыстарында  елеулі орын алады. Өрнектік  элементтердің  жасалуын, түрленуін, олардың  тарихи  дамуын зерттеп, тарихи көркемдік  әдебиеттермен егжей-тегжейлі  жұмыс атқарылуы арқасында  құнды  тарихи деректер жинақтауға  мүмкіндік жасайды.

Өркениеттi қоғам мен тәуелсiз  мемлекеттiң  гүлдене түсуi өскелең  ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн, еркiн ойлау мен шығармашылығын, кәсiби бiлiктiлiгi мен  бiлiмдiлiгiн  талап етедi. Әр халықтың  ұлттық  мәдениетi дегенiмiз  - оның ең бiрiншi  қолөнерi.  Қазақ халқының сәндiк қолданбалы қолөнерiнiң өсу жолы, өзiне тән даму  тарихы бар. Б.з.б. III- II ғасырларда аң стилiндегi өнер бiртiндеп құлдырай бастайды. Аң стилi бiрте-бiрте ою-өрнекке айналады.  Оның орнын түстi тастан  көз салу, бедерлеу техникасы және басқа да әшекейлеу тәсiлдерi қолданылатын полихромдық деп аталатын стиль басады. Жануарлар дүниесiнiң бейнелерi схемаға айналып, бай полихромдық өрнекке сiңедi де, қолданбалы өнер туындылары шығады.

 Б.з.б. VI-IV ғасырлардағы екiншi  кезеңде жеке өзi, бiр орында тұрған күйiнде бейнеленген жануарлар бейнелерiнiң орнына құрылымы күрделi, динамизмге толы  сюжеттер шығады. Жүрiп келе жатқан аңдардың бедерлi бейнелерi, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шөп қоректi жануарларды тарпа бас салып жатқан көрiнiстерi бар композциялар  көбiрек кездеседi. Бейненiң қозғалыста екендiгiн көрсетудiң басқа да  техникалық әдiстерi: қисық, сызықтар жүйесi, жануарлардың дене мүшелерiн бұрамалар, шырмауықтар, орамалар, үш бұрыштар, жақшалар және т.б. бейнелер қолданылады. Бұл өнер дайын күйiнде сырттан бiр жақтан әкелiнген жоқ, сақ  мәдениетiнiң негiзiнде туды. Ою өрнектiк полихромияның кейбiр әдiстерi б.з.б. VII-VI ғасырларда-ақ жетiле бастады. Сақтардың қолданбалы өнерiнiң  маңызды түрi ою-өрнек болды, ол аң стилi өнерiмен қатар, онымен өзара байланыста дамыды.  Солардан бiзге жеткен қолданбалы өнерiнiң бiрнеше түрiн: геометриялық, өсiмдiк тектес, зооморфтық, символдық түрлерiн бөлiп көрсетуге болады. Сонымен қатар сақтардың қолданбалы өнерiнiң маңызды түрi ою-өрнек болды, ол аң стилi өнерiмен қатар, онымен өзара байланысты дамыды. Алайда көркемдiк металға қарағанда ою-өрнек салынатын органикалық негiз (терi, киiз, ағаш, жүн, маталар) тез шiридi. Сондықтан да ою-өрнек творчествосының кейбiр үлгiлерi тек ерекше қолайлы жағдайларда ғана, мәселен, оба томында сақталған, оның iшiнде бұл үлгiлер Алтайдың  Пазырық қабiрлерiнен табылған.

1.2 Қазақ ұлттық ою өрнектерінің  класификациясы. Ата-бабамыздың бай  мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбiп,  жапырақтың бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де, туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес. Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап. Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың баршасының қасиеттi борышы болса керек.

Қазақтың өрнекті  әшекеймен  істелетін қолөнерінің  түрлері де, атаулары да жетерлік. Солардың  ішінде халық арасына  көбірек  тарағаны  - ою-өрнек. Ою-өрнек ісі  тым  ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне  бірдей ортақ әсемдеп  әшекейлеудің негізі болып  келді.

  Ою деген  сөз бен өрнек  деген сөздің  мағынасы бір.   Өрнек дегеініміз  әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшкейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе  ою-өрнек деп қосарланып  айтыла  береді. 

  Ою-өрнектің  біздің  заманымыздың  мыңдаған  жылдар бұрынғы халықтарда  да соншалық ескі  дәуірден бері келе  жатқан  халықтық өнердің бір түрі болып саналады.  Қазіргі   шеберлердің іс үлгілерін зерттеу нәтижесінде анықталған  ою-өрнектердің 200-ден астам түрі бар. Өрнектердің  шығу тарихы, адам өмірімен, тұрмысымен  байланысты  екенін  көрсете келе  олардың  даму ерекшелігін, дәуірдің, адам  баласының  сана-сезіміне қарай  өрнектің  таңба,  элементтердің  дамуы мен өркендеу  ерекшелігін байқауға болады.

  Ою-өрнектің  дамуы,  сонымен қатар  дәуірдің  даму  тарихына  қарай сәулет өнеріндегі  стильдік  сипатқа ие болды.  Архитектура-дағы  өрнектердің  сипаты  дәуірге байланысты сипат алса,  барлық  сол кездегі  бейнелеу  өнерінің  түрлері соған  байланысты дамып, стильдік  бағытта орын алады.

  Өрнектік элементтердің   түрленуі оның  тарихи дамуға  байланысты екенін, өрнектік сипатқа  талдау барысында анықталды. Ою-өрнек  элементтерінің  айырмашылықтары   олардың  адам өміріндегі  тарихи  дамуына, кәсібіне, ортасына байланысты.

Ою-өрнектің бірінші тобы - жан-жануарлар  әлемінен алынған топ. Қазақ-ежелгі көшпелі халық. Олар негізінен мал  шаруашылығымен айналысқан. Сондықтан  оның дүние танымында малға көп  орын берілген. Өмірлік мүдде мен  қоршаған орта қазақтың оюы мен кестесінен орын алған. Оюларда түйе, жылқы, бүркіт, сұңқар, бөрімен басқалары кейде тұтас тұлғасымен кездессе, кейде олардың белгілі бір бөліктері-мүйізі, табаны, өркеші, тұмсығы, ізі, құйрығы кездесетін болған.

       “Қошқар мүйіз”-қазақ  дәстүрінде ең көп ұшырасатын ою. Ежелден қой баққан халықтың қошқар мүйіз оюға деген ықыласы бөлек болған.  “Қос мүйіз”, “қыңыр мүйіз”,”бұғы мүйіз” атты оюлар тұрмыста көп пайдаланылған.

        Көнеден келе  жатқан өрнектің келесі тобы - ғарыш сипатты (космогониялық)  оюлар. Қазақ қашан да қияли жүйрік халық. Қазақтар ежелгі заманда-ақ ғарыш сырын ұғуға тырысқан. Өз қиялдарын тұрмысындағы заттарды жасауға немесе безендіруге пайдаланылған. Аспаннан жерге жеткендей әсер береді. Зооморфтық ою-өрнек аң стилiнiң көптеген сюжеттерiне негiзделдi. Мұнда хайуандардың, дала қыранының бастарын, текелердiң, бұланның, бұғының мүйiздерiн схемалық түрде бейнелеу көп тараған әдiс болды. Қайсiбiр затта бiрнеше ою-өрнек сарындарының араласып келуi де  жиi ұшырасады.

  Ғарыштық сипаттағы өрнектер арасындағы, алдымен Күннің жөні бөлек. Сондай-ақ түнгі аспаннан да талай ою алынған. Небір аңыздарға арқау болған. Құс жолына қарап “шимай” және ”бітпес” деген өрнектер жасалынды. ”Айшық”, “Ай гүл”  деген өрнектер түнгі аспанның басты тұлғасы негізінде дүниеге келген.  “Ай гүл”  қазақ тарихындағы алғашқы өрнектердің бірі болған, оған негіз бар.

  «Күн» ою-өрнегі Күнді меңзейді.  Күн, Ай, аспан  бейнеленген  тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі, діни  ұғымда бұлардың  магиялық  күші бар деп  сенген. «Күн», «күн-көзі», «күнсәулесі», «шыққанкүн» оюлары кілемнің, тұскиіздің дәл ортасына салынады, сол сияқты бұл өрнек кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды бедерлеуде, ат-әбзелдерін әрлеуде қолданылады.

  Қазақ ою-өрнектерінде кейде  түзу, қисық, кейде доға сызықтар көптеп кездеседі. Бұл топқа жататын оюлар мен өрнектер киім безендіруде молынан кездеседі. Кейде өзен, аққан су сияқты ирек кестелер кездеседі. Оны қазақтар тоқтаусыз, қозғалыстағы үзілмес өмір белгісіндей қабылдайды. Мұндай өрнектер көрнекі жерге-киім өңірлеріне түсіріледі. Толқын тәріздес таусылмас өрнектер күрделі жануарлар немесе аспан әлемінен алынған өрнектердің екі шетін қаусырып тұру үшін таптырмайды.  Сондай-ақ “сүйір”, “ирек”, “балдақ”, “қармақ”, “тұмарша” тәрізді атаулар оюларды киім безендіруге пайдаланбаған. Олар алаша, ши, басқұр, текемет және басқа тұрмыстық заттар үшін таптырмас безендіру үлгілері.

          Ою-өрнектің  төртінші үлкен тобы - өсімдік  тектес оюлар. Қазақ ежелден     табиғатты аялаған. Табиғаттан  өзіне пана тапқан.  Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Ою- өрнек өнері – қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Олардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.

  Ою-өрнектерде,  бояу түсі  мен мәнерінің тепе-теңдік принципінің  берік сақталып келуі негізгі  ерекшелік болып саналады. Қазақтың ою-өрнектеріндегі бояу композициясының тереңдігі, көркемдігі мен оның белгілі бір идея  әуенінен туындайтындығы - бұл өнердің эстетикалық әсерлілігін байыта түседі. Бояу түсінің құнарлығы, қайталануы, назар аударарлығы көп жағдайда қазақ ән-күйіне бір сарындас болып келеді. Сайып келгенде бояу үндестігі, бояу шешімі ою-өрнек өнерінде адамға идеялық және эмоциялық жағынан мықты әсер ететін негізгі арқау болып табылады.

  Әр халықтың өнерінде бояу  түсі әр қалай бағаланады. Қазақ  ою-өрнек өнерінде ақ түс көбірек қолданылады. “Ақ” түс– шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Сол сияқты қазақтардың ұғымында басқа бояу түстерінің де орны айрықша. Мысалы,  “көк” - аспанның, аспанға табынудың, “қызыл”- оттың,  “сары” - айырылысудың, “қара” - жердің,  “жасыл” - көктемнің, жастықтың, символы. Бұдан, түр-түс ою-өрнек өнеріңде күрделі рол атқаратын, ондағы ойды бейнелеу арқылы болмыс пен шындықты көрсетуде өзіндік шешім табатынын байқаймыз.

  Көне түркілердің түсінігі  бойынша, құс - көктің, балық -судың,  ағаш-жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нәубет аты, ғарыш аты,  тіке сызықты нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғысырлар бойы мұра болып келе жатқан мәліметтерге сүйенсек, шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме-дәл түсіруге ұмтылған.

  Өнер шығармаларында түрлі  түс жағынан  болсын, бейнелеу  жағынан болсын екі нәрсе қатар,  яғни қарама-қарсы келгенде арасындағы  айырмашылық көзге көбірек түседі. Мысалы, биік пен аласа, көрікті  мен көріксіз,  жарық пен  көлеңке т.б. қатар келгенде, араларындағы  айырмасын  анық байқаймыз. Мұндай көріністі бейнелеу   қарама-қарсылық деп те атайды.  Кейде композициямызда түстерде бір-біріне бірігіп қарама- қарсылық үйлесімін тауып тұрады.

  Түрлі түстердің  байлығы,  сөздің  ою-өрнегі ғана емес, халықтың  бүкіл  тарих бойына, санасына ұялаған дүниетаным түйсігі, ұғым нанымы жатыр.  Түстердің терең тылсымын, оның құпия сырларын түсінуге, бағдарлауға талаптану қажет. Көркем шығармада түрлі түстерді қолдану  тәсілдері мен түстердің арақатынасын  анықтап алу керек. Көркем шығарманың  құрылымына енген кезде,  шығарманың  бейнелейтін ойдың мазмұнына сай,  көркем-образдық мазмұнына сай, көркем  өзгерістерге ұшырау заңдылықтарын  анықтау  мен көркем түстердің өзара үйлесімділігіне байланысты, белгілі бір стильдік  жүйеге  тән ерекшеліктерін аша білу керек.

1.3 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің  танымдық мәні. Ел әдетін,  этнографиясын  білген  адамға мұндай өрнектердің   бұйымдық ұғымын және  олардың   неліктен  бұлай аталатындығын  пайымдау қиын емес.  Халқымыздың  шиге,  алашаға,  кілемге  салатын «омыртқа»  өрнегі  Ғ.Иляевтің кілем,  түскиіз, терме-алашаға арнап  жасаған өрнегі.  Өрнек  кілең «сынық мүйіз»  өрнегінің  элементтерінен құрылған.  Сонымен қатар, өрнекте ұлы жүз қазақтардың рулық  белгісі болған «тарақтаңба»  да көрініп тұрады. «Омыртқа»  өрнегін  малдың кепкен жалпақ омыртқасының сүресін есіне  түсіре алмаған  кісінің  түсінуі қиын. Сол сияқты  жалпы  атауы мүйіз (қойдың, арқардың, бұғының)  ұғымынан  алынған  әр түрлі  және  көп тармақты өрнектер  де неше  иіріліп, әр түрлі  тармақталып, бір сюжетті  тұспалдап  тұрады.  Мысалы,  «қошқар мүйіз» өрнегі   ерте заманда бір түрде жасалып, бара-бара әдеміленіп келіп, екінші түрге  ауысқан.  Бірақ оның  бастапқы  затқа  ұқсастығынан  гөрі  әдемілігі, әшекейлігі басымдана  түскен. Мысал ретінде көне заманның айбалталарын  алайық. Айбалтадағы екі мүйіз тек әдемілік үшін  ғана  жасалған өрнек.  Ал балта жүзінің өзі де жарты ай бейнесін меңзеп  тұр. Айта кетерлік бір жай осы сияқты мүйіздеп әшекейлеу арқылы  жасалатын  өрнектер қазақтан  басқа  елдерде де көп  кездесе  береді.  Қырғыз, өзбек, армян, әзербайжан, түрікмен, украин, молдавандарда  және  тағы басқа елдерде кездеседі.  Әрине әр елдің  салттық ұғымдарына, дәстүрлеріне байланысты олар әр алуан болып келеді.  Демек, халықтар арасында бірінен бірі  үлгі  алу, өнеге  ауысу ертеден –ақ  жақсы дәстүр  болған деген  ойымызды бұл жайлар тағы да  дәлелдей түседі.  Ал шырмауық, шытырман, гүл, жапырақ және геометриялық фигуралар тектес  өрнектер  барлық  халықтарға ортақ. Мүйіз ою-мүйіз тәрізді өрнектелгендіктен  мүйіз аталуы сөзсіз. Түскиіздің шетіне көбнесе қолтықшасына өрнектеледі. Жерге төселетін текеметке ұдайы осы ою салынып қолтық деп аталады. Мұнысы, хош келдіңіз, өз үйіңіздей көріп, жантая отырып дем алыңыз деген қонақжайлық белгісі. Омыртқа- мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою-қайраттылықтың ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады.

Информация о работе Оюлар сыр шертеді