Мейрамхана қызмет көрсетудің теориалық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 16:58, курс лекций

Краткое описание

Зерттелген тақырыптың өзектілігі. Адамның ағзасына күнделікті қажеттіліктің бірі, ол-тамақтану. Тамақтану тек қана, адамның күнделікті қажеттілігі ретінде қарастырылып қана қоймай сонымен қоса сауықтандырудың басты элементі ретінде және жергілікті мәдениетті тануда үлкен ролін атқарады соның ішінде – гастрономия. Ұлттық тағам – халық мәдениетінің негізгі элементімен таныстырады, нақты ерекшелігін көрсетеді, біліктілігін танытады, сонымен қоса көңіл көтерудің бір әдісі ретінде қарастырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мейрамхана қызмет көрсетудің теориалық аспектілері Мазмұны.docx

— 80.01 Кб (Скачать документ)

Мейрамханаларда, оларды ыңғайлы  жићаздармен жабдықтау, қажетті  микроклиматты жасау, атап айтқанда, ауаны желдете салқындату жолымен, интерьер және т.б. арқылы қолайлылықтың  жоғары деңгейі қамтамасыз етілуі керек.

Мейрамханалар мерекелік  ресми қабылдауларда, мәжілістерде, конференцияларда, съездерде, отбасылық  мерекелерде  және т.б. қызмет көрсетуді  ұйымдастырады.

Мейрамхана бизнесінің эксперттерінің бағалауы бойынша, Ақтауда ортабағалы категорияда жұмыс істейтін 100-150-ге жуық мейрамханалар бар. Орташа тордан тыс мейрамханалардың айналымы айына 60-70 мың АҚШ долларын құрайды, ал нарықтың бұл сегментінің жалпы  айлық айналымы жуық шамамен 15-20 милл. тең. Ол жылына шамамен миллиард доллардың  төрттен бірін құрайды.

Ортабағалы категориядағы  мейрамханаларға келетін адамдардың әлеуметтік – демографиялық портретін  құратын зерттеу, осы топтың ерекшеліктерін, олардың медиа артықшылығын айқындады, сонымен қатар мейрамханаларға  ең жиі келушілерді анықтады.

Біз, көрсетілген мысалдардан  көргеніміздей, мейрамханаларға келушілердің басым көпшілігі жұмыс істеуші  адамдар. Көбінесе олар жоғары білімді  мамандар.

Олардың әрбір үшіншісі шетелге  жылына бір рет, ал әрбір төртіншісі жылына 2 рет саяхат жасайды.

Мейрамханаларға бару –  бұл бос уақытты өткізудің  ең белгілі әдісі.

Мейрамхананың ең белсенді келермендері ерлер болып табылады.  Олар үшін аптасына 1-3 рет мейрамханаға бару сипатты нәрсе, ал осы уақыттағы  әйелдердің мейрамханаға келуі айына 2-3 рет болады. Ер адамдардың барынша  жоғары белсенділігі мейрамханалар  тұжырымдамасын әзірлеу кезінде  ескерілуі керек: мүмкін акцент ерлер  аудиториясы үшін тартымды символдарға  жасалатын шығар.

Адамдар үшін мейрамхананы аяқ астынан таңдау сипатты –  респонденттердің (пікірі сұралушылардың) 53 % пайызы осылай жасайды. Жәнеде бұл  кезде мезірет – мекемені аяқ  астынан таңдаудың басты критериясы болып табылады. Оны бірінші кезекте  келермендердің  64 % атайды. Әлуеттік тұтынушылар қалай тамақтармен  айқындалып болса, солай кәсіпорынды  таңдау оның орналасу орынына бағытталады. Баға респонденттермен үшінші кезекте  ғана аталады.

Сонымен, жоғары топты көрсете  отырып, мейрамхана келермендері «бағаға  бағытталушылар» қатарына жатпайтынын  көруге болады. Олар алдын-ала көрсетілетін қызмет деңгейін, мейрамханадағы қызмет қандай бағамен көрсетілетінін білетін  болуы керек, жәнеде таңдауды аспаздық артықшылықтарға негіздеп жасайды.

Егер Ақтау қаласының  мейрамханаларын салыстыратын болсақ, онда бірнеше келешекті мейрамханаларды  алып оларды салыстыру керек, сол  арқылы мейрамханалардың қандай критерияларға сүйеніп таңдалатынын анықтауға болады:

1. "Жерұйық" мейрамханасы. Мейрамхана-мұражай «Жерұйық» - стильді  дәстүрлі мейрамхана. Оның интерьерінде  фольклорлық және қазіргі күйлер  үйлесімді ұштасады. Тұрмыс бөлшектері, қызметкерлер костюмдері, ыдыстар  – ерте заманның заттары. Залдың  ортасында – үлкен шаңырақ  – дала сағаты, күннің қозғалыс  жылдамдығының көрсеткіші, үйдің  және бейбітшіліктің символы,  қабырғада – тас таңбалы суреттер  – бұл Ыстықтың қасынан табылған  таңба тастардың дәл көшірмесі.  Барлық жићаз арнайы тапсырыспен  Италияда жасалған. Әсем безендірілген  үстінгі тақтайлар шығыс өрнектерімен  мозаикамен жасалған, жәнеде олардың  біреусі екінші рет қайталанбайды.  Шынындада – мұражайлық сирек  кездесетін зат! Столдың ортасында  кікене батырлар мүсіндері тұр,  олар тұзбен және бұрышпен  толтырылған, кез-келген уақытта  қызмет көрсетеді. Бұл мейрамханада  үйлену тойлары ерекше қызықты  өтеді. Кейде «Мақпал» сән үйінен  сән көрсетушілер шақырылады. Қонақтарды  ұлттық стилдегі киімдерді көрсете  отырып, әдемі қыздар күтіп алады.  Бұл факті мейрамхана ұсынатын  қызметтің әрине жоғары деңгейін  куәлендіреді. Қазақтың даласы сияқты, мейлінше кең, үлкен залда үлкен  банкеттер мен отбасылық мерекелерді  өткізу өте ыңғайлы. Мейрамханада  сізді меншікті ансабль орындайтын  «тірі музыка» қуантады. Жәнеде, қазіргі дыбыстық жүйе солай  орналастырылған, мейрамхананың  қай бұрышында болсаңда музыканы  сахнада, залдың ортасында тұрғандай  сезінесің. Музыка тек қана  ұлттық – ешқандай ауытқу болмайды, мейрамхананың стиліде осында. Сонымен  қатар бұл жерде театрландырылған  шоуда жүргізіледі. Ұлттық киімдер  киген артистер, көрермендерін өздерінің  иілгіштіктерімен, ритмді сезінулерімен  таң қалдырады. 

Тапсырысты қазақ, орыс, ағылшын, жапон, қытай, ұйғыр, қырғыз тілдерінде жасауға болады. "Жерұйық" мейрамхана – мұражайының тұжырымдамасы  – мейрамхананың барынша жаңа тұжырымдамасы, ол аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының тарихы туралы естуге болатындығымен қорытындыланады. 

"Жерұйық" мейрамханасының  тамағы. Бұл жерден дүниежүзі  халықтарының тамақтарының тағамдарын  табуға болады: поляктің, немістің, итальянның, кавказдық және, тіпті,  непалдың тамақтарын. Бірақ дегенмен  негізгісі – әрине қазақтың  тағамы, сонымен қатар бұл жерде  жаңа ұсталған балықтан жасалған  тағамда ұсынады – «түрген  форелі». 

Шараптар картасыда жеңіл  тамақтар мезіреті сияқты әр алуан. «Жемчужина Иссыка», «Тургеньское золотое» және «Тургеньский бриллиант».

"Жерұйық" мейрамханасының  қожайындары өзінің клиенттеріне, оларға өзінің алғысын білдіре  отырып, кішкентай сыйлықтар жасайды. Ол саздан жасалған күлдіргі ботақанның немесе тапқыш Алдар көсенің пішіндері болуы мүмкін. Мейрамхана-мұражай оданда қымбатты сыйлықтар жасайды. өзінің мерей тойын жасаушылар тәтті торт пен музыкалық сыйлық ала алады. Тұрақты клиенттері, дисконттық карталары бар клиенттер, «Дастархан» жүйесіндегі барлық мейрамханаларда  («Жерұйық», «Тропикана», «Дастархан»)  10 % жеңілдікке ие бола алады. Не айтуға болады! Бұл жерде өзінің қонақтарын жақсы көреді, олардың тілектерін тауып, олардың қуаныштарын бөліседі. "Жерұйық" мейрамханасы өзінің қонақтарын сүйеді - олардың тілектерін табады және қанағаттандырады.

  1. "Бастау" мейрамханасы - бұл стильді және элегантты орын.

Зал интерьері ашық шетенді түсті. Столдар жеңіл, нәзік сабан перделермен  бөлінген, осыдан ерекше қолайлылық пен  тыныштық сезіледі. Ашық түсті  қабырғаларды бір гаммадағы қазіргі картиналар әрлейді, дөңгелек пішіндегі аквариумде керемет әдеміліктегі экзотикалық  балықтар шоршиды.

Бұл жерде тірі музыка бар  – скрипканың нәзік үні лирикалық  көңіл күймен үйлеседі.

3. "Мелисса" мейрамханасы  «Premier Alatau Hotel and Business center» отелінің  сегізінші этажында орналасқан. Бұл жерде дем алу керемет  жеңіл; энергетика таң қаларлықтай,  өйткені мекеменің негізгі түстері:  ақшыл жасыл, көк, сұр, алтын сияқты. Келермендер терезеге жақын орналасқан орындарды артықша көреді, өйткені терезеден керемет таудың көрінісі көрінеді.  

Залдың қабырғаларына  ілінген картиналар жоқ, өйткені  ауалы кеңістік – бұл жердің басты  кейіпкер.

Залдың сыйымдылығы – 100 адам – банкеттер өткізу үшін таптырмас орын. Жәнеде осы залда  үйлену тойын өткізуге ұсыныс жасалады – барынша романтикалық орын.

Бұл жерде бизнес ланч өткізу өте қолайлы, негізгі залдан шықпай-ақ басқа бөлімге өтуге болады. Түрік  музыкасына басымдылық беріледі. Таң  қаларлықтай тағамдардан дәм  татқан дұрыс. «Мелисса» мезіреті түрік, ағылшын, орыс тілдерінде жазылған, дүниежүзілік ас үйлердің тағамын таңдауға болады.

  1. "Золотой водопад" мейрамханасы. Аты айтып тұрғандай, бұл жерде шынындада түрлі-түсті оттармен жарқылдаған, жоғарыдан төмен қарай құлаған су ағынын көруге болады. Жәнеде су құламасын оның төменгі жағындада, жоғарғы ағыс көзндеде байқауға болады. Балконға орналасқан столдарды таңдауға болады, одан мейрамханада болған күніңіз ұзаққа сақталады. Ал мейрамхана дизайны мекеменің бике иесінің жетекшілігімен мәскеулік ұсталармен-шеберлермен орындалды. Не деуге болады, бикенің талғамына тек қана қызыға қарауға болады.

Көргеннен алған әсерді азия және еуропа тамақтарының әртүрлі тағамдары  толықтырады. Мейрамхананың ас үйі  туралы айтып кетсек: жергілікті аспазшылар жоғары мамандар және тамақ талғағыштарға  қазақтың ұлттық тамақтарынан өзге экзотикалық  тағамдарда ұсынатын қытай аспазшысыда  жұмыс істейді. Ең әйгілі тағам  «Хмельные  шарики» болып саналады, оның құпиясын әліде ешкім аша алмай келеді.

 

 

 

2 Тарау. Ақтаудағы  мейрамханалық бизнесті басқару ерекшеліктері

 

2.1 АҚТАУДАҒЫ МЕЙРАМХАНАЛЫҚ БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ

 

Ақтаудағы мейрамханалардың, кафелердің және пабтардың саны қазірдің өзінде үш жүзден асып кетті. Тек қана соңғы жылдың ішінде оңтүстік астананың  мейрамханалық картасында келесідей  жаңалықтар ашылды: «Антрекот», «Бисквит», «Маракеш», «Намедни», «Алтын бидай», «Альбион», «Палладиум»  және басқалары. Қалада жаңа мейрамханалар жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап өсуде, бірақ парадокс мынады, дәмді тағам дайындайтын және қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұсына алатын мейрамхананы, бұрынғыша, саусақпен санауға болады. Неліктен Ақтаулық мейрамханалар саны сапаға айналмайды?

Таңдаудың барлық байлығы  кезінде, соңғы кездерде Ақтаулықтардың көбісі, еуропалық дәстүрге қосылып, үйден тыс жерде тамақтануды  әдетке айналдыруда. Олар мейрамханадағы дәмді түскі және кешкі астарға  қажетті соманы жаратуға дайын, бірақ  «қайда баруға болады?» сұрағы, бастарын тұрақты ауыртатын мәселе. Қалада мейрамханалар көп-ақ, бір қарағанда  таңдау шегі кең. Ақтаулық мейрамханалар  мен кафелермен жақын келіп танысқан кезде, олардың көбісінің дәмсіз тамақтар мен сапасы төмен тағамдар ұсынатыны айқындалады, мезірет  тұрақты түрде өзгеріп отырады, қызмет көрсету деңгейіде төмен.

Әрине, оңтүстік астананың  мейрамханалық нарығында табысты  жобаларда бар, бірақ олар қалалықтарды дәмді мейрамхана тағамы мен баға-сапа қатынасымен  (жәнеде сапа бағадан  асып түсуі керек) қанағаттандыра алмайды.  Мысалы, Ақтауда ұлттық тағамдар дайындайтын  жап-жақсы мейрамхана бар, ол «Жеті  қазына», «Принцессадағы» қытай  тағамдары көңіл аударуға тұрады және  «Тай» мейрамханасындағы  тай тағамдары. Бірақ, келісіңіз, тіпті  өте дәмді жасалған лагмандыда, «қытайша үйректіде» немесе әйгілі тай сорпасы «том ямдыда» күнде жей бермейсіз.

Ақтауда сапалы және дәмді  еуропалық тағамдар ресторанын қажетсіну  бар, бірақ мейрамханалық нарықтың осы сегменті оңтүстік астанада күйзелісте десек болғандай. Шындығында, еуропалық  тағамдар ресторандары қалада бар, көріктері  көз жауын алатындай, интерьерлері бай, бірақ тағамдарының сапасы осы  байлыққа сай келмейді.

Дегенмен, айталық, барлық жағынан  жағымды, тұрақты «Мама Мия» пиццериясын  еске түсіруге болады. Орыс тағамдарын ұсынушылар қатарынан ойға бірінші  оралатыны «Медведь» трактирі, ол қала орталығынан алыстау орналасқанмен, өзінің дәмді және сапалы тағам дайындайтын ас үйінің арқасында, міне үш жыл келермендері толық жәнеде өзінің екінші нүктесін (қаланың орталығында) ашпақшы. Дегенмен осының бәрі біржарым миллион халқы бар қала үшін - теңіздегі тамшыдай.

Әжептәуір тағамдар мен жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді, жаңадан  ашылған мейрамханалардың бірқатары  ұсынады. Осыған қарамастан олар туралы сәтті жобалар деп айту әзірше ертерек. Олардың әуелгі көтерген межеден  төмендемеуіне, әрине сенгіміз келеді, бірақ тәжірибенің көрсетуінше: бұл толық мүмкіндікті. Оңтүстік астананың мейрамханалық нарығында  келесідей тұжырымдама бұрыннан белгіленген: кәсіпорын ашылады, өзінің дәмді тағамдары мен керемет  интерьерлері туралы бар дауыспен жариялайды, ал біраз уақыт өткеннен соң, осы  қызмет көрсетуде, дәмді астар дайындауда толығымен бұзылады. Жалпы, әйгілі кеңестер киносының кейіпкері айтқандай, «тұрақтылық жоқ!».

Кәсіпқой еместер бизнесі

Әрине, мейрамханалық бизнеспен  айналысуға бел буған адамдардың кездесетін қиындықтарын түсінуге болады. Кадрлардың жетіспеушілігі, қазіргі  аспазшылық мектебінің болмауы, бәрінен  бұрын кеңестік общепиттен қазіргі  мейрамханалық іске көшу жай нәрсе  емес және біліктілікті тәсілдемені  талап етеді. Еуропалық рестораторларға, олардың мейрамханалық істегі көп  жылдық  дәстүрлі тәжірибелерімен, әрине қиындықты өтпелі кезеңде мейрамханалық нарықты игеріп отырған отандық кәсіпкерлерге  қарағанда, оңай. Дегенмен солтүстік көршімізге көз салсақ, қазіргі мейрамханалық бизнес ол үшінде, біздегі сияқты, жаңа құбылыс.

Бұдан екі-үш жыл бұрын  Мәскеуде болған, астаналық мейрамханалардан дәм татқан, қазақстандықтар Ақтау  мейрамханаларының деңгейі жоғары деген пікір айтқан.  Біріншіден, бізде орта деңгейдегі бағалы мейрамханалар  болатын, ал Мәскеуде тек қана қымбат мекемелер  және арзан фаст-фуд  болды. Екіншіден, бізде көптеген жерлерде, мәскеуліктерге қарағанда, дәмді тағам  дайындайтын. Және ең бастысы, қызмет көрсету  деңгейі, біздің даяшылар мен мәскеуліктердің  әңгімелесу стилі байқалатындай  ерекшелікті еді. Көптеген Ақтаулық мейрамхана даяшылары келермендермен әңгімелесуде алтын ортаны таба білді, мәскеулік даяшылар қонақтарға тіпті  көңіл аудармады немесе керісінше (қымбат мейрамханаларда) шектен тыс  жағымпаздыққа кетіп жүрді.  

Қазіргі кездегі жағдай қандай?  Мәскеуде шынындада дәмді тағамдар дайындайтын, қызмет көрсету деңгейі  жоғары мейрамханалар пайда болды, ал кейбір мәскеулік мекемелер соншалықты әйгілі, оларға тек қана алдын-ала  жазылып баруға болады. Мәскеулік  мейрамханалық нарықтың табысты  дамуының себептері бірнеше. Ең негізгілерінің бірі - мейрамханалық бизнеспен онда тәжірибелі мамандар рестораторлар айналысады. Нарықтағы қатаң бәсекелестікте өзінің ролін атқарды, сонымен қатар, мейрамханалық іске тікелей қатысы жоқ фактор, қозғалыссыз мүлікке бағаның артуыда өз әсерін тигізді. Біліксіз менеджментті және ас үйі дәмсіз мейрамханалар, бір метр квадраты 4-5 мың доллар тұратын ғимараттарда өмір сүруі өте қиынға соқты. Соның нәтижесінде біліксіздер нарықтан кетті, ал бұл қатарда, үлкен айналымды және лайықты менеджментті мейрамханалар ғана қалды және мүдделері тек мейрамханамен емес, сонымен қатар риэлтерлік бизнеспен байланыстыларда қалды. Әрине түсінікті, осының бәрі мәскеуліктерге ыңғайлы болды, өздерініңде барар жері бар және астана қонақтарында ұялмай шақыра алады.

Информация о работе Мейрамхана қызмет көрсетудің теориалық аспектілері