Осы мағынасында
прокуратура органдары мен басқа
да құқық қорғау органдарының қылмысқа
қарсы күрес саласындағы соттармен
және әділет органдарымен өзара іс-қимылы
түсінікті болады. Құқық қорғау органдарының
қызметін үйлестіру прокуратура туралы
Заңда, ҚІЖК-нің нормаларында және басқа
да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген
белгілі қағидаттарға сәйкес, негізгі
бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Кадрларды
іріктеу және орналастыру. «Прокуратура
туралы» ҚР Заңында, Бас прокурордың
бұйрықтарында және басқа да нормативтік
құқықтық актілерде прокурор (прокурордың
көмекшісі) қызметіне тағайындалатын
адамдарға қатысты кәсіптік те, адамгершілік-этикалық
сипаттағы талаптар қамтылады. Көрсетілген
Заңның 48-бабына сәйкес: «1… Прокурорлар
мыналар болып табылады: Республиканың
Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары
мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен
көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөнiндегi
көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнің,
басқармалары мен бөлiмдерiнің бастықтары
және олардың орынбасарлары, барлық төмен
тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары,
аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау
саласындағы прокурорлар, прокуратура
органдарының аға прокурорлары және басқармалары
мен бөлiмдерiнің прокурорлары, сондай-ақ
әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.
2. Прокуратура органдарының қызметкерлерi
мыналар: прокурорлар қызметiне аттестациядан
өткен адамдар және тiкелей ғылыми- зерттеу
немесе оқытушылық жұмыс жүргiзетiн прокуратура
ғылыми және бiлiм беру мекемелерiнің
аттестациядан өткен қызметкерлерi. 3.
Әскери, табиғат қорғау, көлiк, сондай-ақ
арнайы объектiлердің прокуратуралары
мамандандырылған прокуратуралар болып
ұғынылады. 4. Прокуратура органдарына
қызметке алу мемлекеттiк қызметшiлер
кадрлары туралы республикалық деректер
орталығына алдын-ала сұрау салынған және
азаматтар мiндеттi арнаулы тексеруден
өткен жағдайда жүзеге асырылады. 5. Бұрын
сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен
ақталмаған негiздер бойынша босатылған,
сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге
де құқық қорғау органдарынан, соттар
мен әдiлет органдарынан жағымсыз қылықтары
бойынша босатылған адамдар прокуратура
органдарына қызметке қабылдануға тиiс
емес. 6. Прокуратура органдары қызметкерлерiнің
лауазымына денсаулық жағдайына қарай
прокуратура органдарында қызмет өткеруге
жарамды, әдетте, жоғары бiлiмi бар Қазақстан
Республикасының азаматтары қабылдана
алады. Оларды қызметке тағайындағанда
сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. 7. Прокурорлар
болып жоғары заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк
және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық
жағдайына қарай прокуратура органдарында
қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала
алады. Әскери прокурорлар сонымен бiрге
әскери қызметшiлер болуы керек, оларға
әскери қызмет және Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерiнің
мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының
заңдары толық көлемде қолданылады. 8.
Облыстардың прокурорлары мен оларға
теңестiрiлген прокурорлар лауазымына,
аудандық, қалалық және оларға теңестiрiлген
прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған,
прокуратура органдарында кемiнде үш жылдық
жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады.
9. Прокуратура органдарының қызметкерлерi
үш жылда бiр рет аттестациядан өткiзiледi.
Аттестация тәртiбiн Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры белгiлейдi. 10. Прокуратура
органдарына қызметке тұңғыш рет тағайындалған
адам ант бередi, оның мәтiнiн Қазақстан
Республикасының Президентi бекiтедi».
Қорытынды.
Жалпы
қорыта келе Қазақстан Республикасы
жаңа даму кезеңіне көшкен жас мемлекет,
ондағы азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделері міндетті түрде әділ сотпен
дербес қорғалуы керек.
Қазақстан
Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру,
оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың
өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының
Конституциясымен,
осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан
Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен,
сондай-ақ Республика Бас Прокурорының
бұйрықтарымен айқындалады.
Қазақстан
Республикасының прокуратурасы
органдарының бiртұтас жүйесiн Бас
прокуратура, облыстардың прокуратуралары,
республикалық маңызы бар қалалар мен
Республика астанасының прокуратуралары,
ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға
теңестiрiлген әскери және мамандандырылған
прокуратуралар құрайды.
Қарастырылып
отырған курстық жұмыста прокаратура ргандарына
қатысты барлық мән – жайлар қарастырылды
деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- М.М.Алиев. Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары, астана 2006
- Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования, Астана, 1998
- Сапаргалиев М. История народных судов Казахстана. Алма-Ата.
- Нарикбаев М.С. Основные этапы становления судебнойсистемы суверенного Казахстана.
- Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. – Астана: Елорда, 2001.
- Гуценко К.Ф. , Ковалев М.А. Правоохранительные органы.
- Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран.
- Жумабеков О. Прокурорский надзор как высший надзор в Республике Казахстан. Астана., 2002, 48 С.
- Ястребов В.Б. Прокурорский надзор. М., 2001, 191 С.
- Костанов Ю.А., Кузьмина А.И. Особенности судебной речи прокурора по уголовном делам. М., 1991, 89 С.
- Смирнов А.Ф. Место и роль прокуратуры в системе государственной власти. М., 1995, 123 С.
- Рыжаков А.П. Следственные действия и иные способы собирания доказательств. М., 1997, 62 С.