Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 18:35, реферат
Прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi осы органдардың өзара iс-қимылына қол жеткiзу, өзара ақпарат алмасу және ортақ мiндеттер мен мақсаттарды iске асыру үшiн олардың iс-әрекеттерiн үйлестiру арқылы
жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетiлген қызметтi Бас прокуратураның, областардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн үйлестiру кеңестерiнiң шеңберiнде жүзеге асырады.
Негізгі бөлім:
І–ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЖҮЙЕСІ
1.1. Прокурарлық қызметтің мақсаты мен негізгі бағыттары
1.2. Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру
ІІ – ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Прокуратора органдарының қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері
2.2. Прокуратура органдарының түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сондықтан, прокурордың сот талқылауына қатысу арқылы сотқа қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жоюға ықпал етеді. Прокурордың сотта мемлекеттік айыптаушы ретінде ғана емес, сондай-ақ сотта қылмыстық істерді қарау барысында заңдарды орындаудың заңдылығына қадағалайтын орган ретінде де қатысады. Сотта қылмыстық істі талқылау барысында прокурордың қатысуының басты нормативтік-құқықтық негізі - ҚР-ның ҚІЖК-сі болып табылады. ҚР-сы ҚІЖК-сі бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңдардың дәл сақталуына кепіл болатын басты бір кепілі ретінде прокурордың сотта мемлекеттің мүддесін білдіру институты ерекше орында тұрады.
Сондықтан, прокурор сотқа қатысу арқылы, орындалуына әсер етеді:
- сотта қылмыстық істер жан-жақты, толық және объективті қаралады;
- заң және
сот алдындағы азаматтардың
- сот талқылауында
азаматтардың құқықтары мен
- қылмыстық іс бойынша заңды әрі негізді үкім шығады;
- сотталушының кінәлілігі толық дәлелденеді;
- сотталушы
жасаған қылмысына (дұрыс)
- соттар дәлелдемелер толық, жан-жақты және объективті зерттелінеді;
- сотталушыға әділ жаза беріледі.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттермен бірге, сотта қылмыстық істі талқылау кезінде прокурор өзіндік міндеттерді де жүзеге асырады. Олардың ерекшелігі, олар тек қылмыстық сот ісін жүргізу барысында орындалады. Ал, қылмыстық істі сотта талқылау барысында прокурордың қатысуының басты міндеттері ол:
- сотта қылмыстық іс бойынша талқылау кезінде прокурордың қатысуы барынша тиімді болуын қамтамасыз ету;
- қылмыстық істі қарауымен
байланысты шығарылған
- қылмыстық сот ісін жүргізу барысында сотталушының, жәбірленушінің, және іс жүргізуге қатысушы басқа да тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.Осы аталған әрбір міндеттерді орындау үшін прокурор бірнеше жеке міндеттерді шешу қажет.Мысалы, жоғарыда аталған бірінші міндетті орындау үшін - прокурордың сотқа қатысуын ұйымдастыру қажет, сотқа білікті айыптаушының қатысуын қамтамасыз ету, қылмыстық істі сот талқылауына прокурордың қатысуын жан-жақты, толық дайындалуын қамтамасыз ету қажет. Екінші міндетті орындау үшін, прокурор қылмыстық іс бойынша сот шығарған құқықтық актілердің заңдылығын уақытында тексеруін қамтамасыз ету, наразылықтардың білікті жасалуын қамтамасыз ету, прокурордың апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатылы сотқа қатысуын қамтамасыз ету қажет. Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы заңы және ҚР-ның ҚІЖК-сі сотта қылмыстық істі талқылауына прокурордың қатысуының екі бағытын анықтап көрсетеді:
- бірінші сатылы
сотта қылмыстық істерді
- қылмыстық
іс бойынша соттың үкімдерін,
қаулылардың заңдылығы мен
Жоғарыда аталған прокурордың өкілеттіктерін талдай отырып, біз сотта қылмыстық істі талқылау барысында прокурордың қатысуының пәнін шығара аламыз:
- сот шығаратын
үкімнің заңдылығы мен
- соттың заңдардың нормаларын дәл әрі бірыңғай қолданылуы;
- сот талқылауында
азаматтардың құқықтары мен
Сотта қылмыстық істі талқылау барысында прокурордың қатысуының мақсаттары:
- заңдардың нормаларының бұзылуын анықтау және оларды жою;
- қылмыстың
жасалуына әсер ететін мән-жайл
- қылмыстылықпен күресу;
- сот процесіне
қатысушы тұлғалардың
Қылмыстық істерді бірінші сатылы сот ретінде аудандық және оған теңестірілген соттар, облыстық және оған теңестірілген соттар және ҚР-ның Жоғарғы соты қарайды. Прокурордың бірінші сатылы сотқа қатысуының бастапқы қызметі - “ол прокурордың айыптау қорытындысын бекітуімен басталады және Айыптау қорытындысы істі сотқа жіберу кезінде прокурор сол іс бойынша айыптаушы ретінде қатысатындығын білдіреді” деген пікірді біз қолдаймыз.
ҚР-сы ҚІЖК-не сәйкес, соттың қылмыстық істі қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау жолымен мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы болып қатысады. ҚР-сы ҚІЖК-нің 317 бабына сәйкес, прокурордың жеке айыптау істерін қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуы міндетті. Күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурорлар қолдауы мүмкін. Егер сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуы мүмкін еместігі анықталса, онда ол басқа прокурорға алмастырылуы мүмкін. Іске жаңа прокурордың кірісуі осы уақытқа дейін сотта жасалған іс әрекеттерді қайталауға әкеп соқтырмайды, бірақ прокурордың өтініші бойынша сот оған істің материалдарымен танысу үшін уақыт бере алады. Прокурор дәлелдерді ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады. Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қорғау талап етсе, прокурор іс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды. Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Сонымен бірге, “прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, онда ол айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті”. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде ғана жол беріледі. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленуші де бас тартса, сонда сот өз қаулысымен істі қысқартады. Ал, егер жәбірленуші айыптауды талап етсе, сот істі талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі немесе өкілі арқылы қолдайды. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде істі қысқартады, айыптаудың қалған бөлігіндегі іс жалпы тәртіппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды.
Прокуратура органдарының түрлері
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды. ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны жоғарыда аталған Заңның 12- бабына сәйкес ҚР Бас прокуроры басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокуроырының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. Бас прокуратурада құрамында оның төрағасы болып табылатын ҚР Бас прокуроры және мүшелері: ҚР Бас прокуроры тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары (лауазым бойынша), басқа да прокурор қызметкерлер болатын Алқа құрылады. ҚР Бас прокуратурасының құрылымын аға көмекшілер болып табылатын бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. ҚР Бас прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшілері мен көмекшілері болады. ҚР Бас прокуроры орынбасарларының да ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері болады. Департаменттерде, басқармаларда және бөлімдерде аға прокурорлар және прокурорлар лауазымы көзделген. Бөлімшелердің әрқайсысы заңмен белгіленген прокурорлық қадағалаудың бағыттарын ескере отырып, прокурорлық жүйенің функцияларынан туындайтын міндеттерді шешеді және орындайды. Бас басқарма құқығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымына бір мезгілде ҚР Бас прокурорының орынбасары болып табылатын Бас әскери прокурор басқаратын Бас әскери прокуратура кіреді.
Департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, сондай-ақ аға көмекшілер, көмекшілер, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерді, департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорларын республика Бас прокуроры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Жоғарыда аталған Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес «Бас прокуратура: 1) Республика прокуратура органдарының i с-қимылдарын олардың қызметiнің негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi; 2) Республикада заңдардың орындалуын, заңдылықтың жай-күйiн қадағалау практикасына талдау жасайды; 3) прокурорлық қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 4) Республика прокуратура органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөнiндегi жұмысын бақылайды; 5) заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады; 6) кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және жүргiзедi; 7) норма шығармашылық қызметiне қатысады; 8) халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi».
Бас прокурор прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық жүйесін басқарады және Бас прокуратураға тікелей басшылық жасайды. Бас прокурор прокуратура органдарының қызметіне басшылық етеді және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Ол прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті, прокуратура жүйесінің қызметін ұйымдастыру мәселелерін және аталған қызметкерлерді материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету шараларын іске асыру тәртібін реттейтін бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар шығарады. Бөлінген штат саны және еңбек ақы төлеу қорының шегінде Бас прокурор қарауындағы прокуратура мен прокуратура мекемелерінің штаттарын және құрылымын белгілейді. Бас прокурор департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, кеңесшілерді, Бас прокурордың және оның орынбасарларының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерін, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорларын және прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Прокуратура жүйесіндегі барлық буындардың прокурорларын да Бас прокурор тағайындайды.
Бас прокурор көрсетілген Заңмен прокуратура органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік көтереді. Жыл сайын президентке еліміздегі заңдылықтың және құқық тәртібінің жай-күйі туралы, оларды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама ұсынады. Бас прокурор болмағанда немесе өз міндеттерін орындау орындауы мүмкін болмаған жағдайда оларды оның бірінші орынбасары орындайды. Егер соңғысы да болмағанда немесе қандай да бір мән-жайларға байланысты (сырқаты және т.б.) Бас прокурордың міндеттерін орындай алмаса, оларды орындау оның орынбасарларының біріне жүктеледі. Бас прокурордың орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлуді Бас прокурор жүргізеді. Ол сондай-ақ кеңес органы болып табылатын алқа жұмысына да басшылық етеді. Алқа отырыстарында прокуратура қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды, кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу, бұйрықтардың жобаларының, нсұқаулардың және басқа да маңызды нормативтік актілердің орындалуын тексеру мәселелерін талқылайды, Бас әскери прокурордың, бас басқармалардың, Бас прокуратураның басқама және бөлім бастықтарының, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың есептерін, бағынысты прокуратуралардың жұмысын тексеру нәтижелерін тыңдайды. Алқа шешімінің негізінде Бас прокурор бұйрық шығарады. Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылым мен аумақтық бөлуге сәйкес құрылады. Әр облыста негізінен облыстың атауына сай келетін атауы бар прокуратура болады. Сонымен қатар, облыстық прокуратуралар құқығында Астана қаласының прокуратурасы және Алматы қаласының прокуратурасы, мамандандырылған прокуратуралар жұмыс істейді. Облыс прокуратураларын және оларға теңестірілген прокуратураларды президенттің келісім бойынша Бас прокурор тағайындайтын прокурор басқарады. Облыс прокурорларының Бас прокурор тағайындайтын бірінші орынбасарлары және орынбасарлары болады. Облыс прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар өз құрылымына өз деңгейлеріндегі (яғни республикалық, облыстық және т.б.) органдардың, мекемелердің. Ұйымдардың, лауазымды адамдардың заңдарды орындауын қадағалауды жүзеге асыратын басқармалар мен бөлімдерді және қалалардың, аудандардың және өзге де әкімшілік-аумақтық бөлімдердің прокуратураларының қызметін бақылауды қамтиды. Облыс прокуратураларында прокурор басқаратын алқа болады. Прокурордың орынбасарлары мен бөлімшелердің бастықтары алқа мүшелері болып табылады. Облыс прокуроры. Облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды Бас прокурор қызметке тағайындайды. Облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар Бас прокурорға есеп береді және оны қызметтен босатады. Олар қалалық және аудандық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіне аумақта қолданылатын заңдардың және Бас прокурордың нормативтік актілерінің негізінде басшылық етеді, барлық бағынысты қызметкерлердің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер шығарады, өз аппаратының және қарамағындағы прокуратуралардың штат кестелеріне Бас прокурор белгілеген штат саны мен ақы төлеу қорының шегінде өзгерістер енгізе алады. Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың алқалары өз отырыстарында прокурорлық органдардың қызметіндегі аса маңызды мәселелерді, Бас прокурордың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша бұйрықтары мен нұсқауларының орындалуын қарайды, басқарма және бөлім бастықтарының, төмен тұрған прокурорлардың есептерін тыңдайды, кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерін, бұйрық жобаларын талқылайды. Аумақтық прокуратуралардың төменгі буыны қалалардағы және аудандардағы прокуратуралар болып табылады. Бірқатар өңірлерде заң құзыры екі районға немесе ауданға және облысытық бағыныстағы қалаға қолданылатын ауданаралық прокуратуралар жұмыс істейді. Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорларының ұсынуы бойынша Бас прокурор бес жыл мерзімге сайлайды. Жұмыс көлемі үлкен аудандардың және қалалардың прокуратураларының прокурорларында орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады.
Аудан (қала) прокуроры. Қалалар мен аудандардың, прокуратураларын, оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады. Оларды Бас прокурор қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, жоғары тұрған прокурор мен Бас прокурорға бағынады және есеп береді. Олардың міндеттеріне бағыныстағы көмекшілердің, тергеушілердің жұмысына басшылық жасау, оның барлық бағыттар бойынша қадағалауды жүзеге асыру және соттардың қылмыстық және азаматтық істерін қарауға қатысу кіреді. Аудандық бөлінісі бар қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіне басшылық етеді, жоғары тұрған прокурорларға өз аппараттарының және бағанысты прокуратуралардың штат санын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныс енгізеді. Өкілеттік мерзім ішінде кез келген деңгейдегі прокурор өз еркімен: отставкаға шығуына байланысты; басқа жұмысқа ауысуына байланысты; денсаулық жағдайы бойынша міндеттерін орындай алмауына байланысты; аттестация нәтижелері бойынша; соттың заңды күшімен енген үкімімен белгіленген қылмыс жасаған жағдайда; еңбек туралы заңнамада көзделген басқа негіздер бойынша атқарып отырған қызметінен босатылуы мүмкін. Мамандандырылған прокуратураларға әскери, әскери бөлімдердегі, көлік (темір жол, су, әуе), табиғат қорғау және Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде (колонияларда және түрмелерде) заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады. Әскери, көлік және табиғат қорғау прокуратуралары аудандарға теңестірілген прокуратураларға және облыстарға теңестірілген прокуратураларға бөлінеді. Мамандандырылған прокуратуралардың төменгі буыны тиісті жоғары тұрған прокуратуралардың қарамағына кіреді. Прокуратура органдарының жүйесінде облыстық прокуратуралардың құқығында Алматы, Целинная және Батыс Қазақстан көлік прокуратуралары жұмыс істейді. Әскери прокуратура құрылымын Бас әскери прокуратура, әскери округтердің прокуратуралары, гарнизондардың, бірлестіктер мен құрамалардың, әскерлердің прокуратуралары, қалалар мен аудандарға теңестірілген прокуратуралар құрайды. Әскери прокуратура органдарын Бас прокурордың орынбасары – Бас әскери прокурор басқарады. Оны Бас прокурордың ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқа барлық әскери прокурорларды Бас прокурор бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Оларды қызметінен тек Бас прокурор босата алады. Үйлестірудің мәні ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін түрлі органдардың өзара келісімінен, қызметті реттеуден тұрады. Құқық қорғау органдары – прокуратура, ішкі істер органдары, ҰҚК, кеден органдары, салық полициясы органдары және басқалары қылмысқа қарсы күрес саласындағы ортақ мақсаттары және міндеттері бола тұрып, өз қызметін бір-біріне қарамастан, олардың әрқайсысы үшін құзыретіндегі белгіленген шектерде өздерінің өзгешелік нысандары мен әдістері бойынша жүзеге асырады. Қылмыстық көріністерге тиісті тосқауыл қою үшін құқық қорғау жүйесіндегі барлық органдардың күш-жігерін біріктіруді, іс-әрекеттерін орайластыруды талап етеді, осы арқылы үйлестіру қызметін жүзеге асыруға қол жеткізіледі. «Прокуратура туралы» Заңға сәйкес (12-бап) Бас прокурор мен оған бағынысты прокурорларға қылмысқа қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының іс-әрекетін үйлестіру, яғни басқа да құқық қорғау органдарымен қылмыстарды анықтау, ашу, тергеу, еңсеру және алдын алу бойынша, оларды шешуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылдау бойынша бірлескен келісілген шараларды әзірлеу және оны іске асыруды ұйымдастырушы ролі берілген. «Үйлестіру» терминімен басқа, анағұрлым кең ұғым «өзара іс-қимыл» тығыз байланысты, үйлестіру қызметімен қатар жиі қолданылады, бірақ өз мағынасы бойынша басқа амал-тәсілді қамтиды. Нақтығында кез келген бірлескен іс-әрекет оның қатысушыларының өзара іс-қимылы негізінде құрылады, кез келген өзара іс-қимыл бергіленген талаптар мен қағидаттарға сәйкес қатаң реттелген, келісілген және регламенттелген сипатқа ие емес. Оның қатысушыларының өзара іс-қимылы кезінде (үйлестіруден айырмашылығы), әдетте, бірлескен шараларды әзірлеу және қолдану бойынша, күштер мен құралдарды бөлу бойынша, ұсынылатын іс-шаралардың орындалуына сұраныстарды анықтау бойынша қандай да бір міндеттер болмайды, ең бастысы - өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөнінде өкілеттігі бар арнайы қатысушы бөлінбейді.
Информация о работе Прокуратура органдарының түсінігі мен түрлері