Прокуратура органдарының түсінігі мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 18:35, реферат

Краткое описание

Прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың заңдылықты, құқықтық тәртiптi және қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi осы органдардың өзара iс-қимылына қол жеткiзу, өзара ақпарат алмасу және ортақ мiндеттер мен мақсаттарды iске асыру үшiн олардың iс-әрекеттерiн үйлестiру арқылы
жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетiлген қызметтi Бас прокуратураның, областардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн үйлестiру кеңестерiнiң шеңберiнде жүзеге асырады.

Содержание

Негізгі бөлім:
І–ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЖҮЙЕСІ
1.1. Прокурарлық қызметтің мақсаты мен негізгі бағыттары
1.2. Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру
ІІ – ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Прокуратора органдарының қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері
2.2. Прокуратура органдарының түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прокаратура органдарының түсінігі.doc

— 128.00 Кб (Скачать документ)

Прокуратура органдарының түсінігі мен түрлері

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

І–тарау. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының түсінігі мен жүйесі

    1. Прокурарлық қызметтің мақсаты мен негізгі бағыттары
    2. Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру

ІІ – тарау.  Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құрылымы

2.1. Прокуратора органдарының қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері

2.2. Прокуратура  органдарының түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Прокуратура органдары құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк органдардың  заңдылықты, құқықтық тәртiптi және  қылмысқа қарсы күрестi қамтамасыз  ету жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi  осы органдардың өзара iс-қимылына  қол жеткiзу, өзара ақпарат алмасу  және ортақ мiндеттер  мен мақсаттарды iске асыру үшiн олардың iс-әрекеттерiн  үйлестiру арқылы 

жүзеге асырады.  Прокуратура органдары көрсетiлген қызметтi Бас прокуратураның, областардың прокуратуралары мен оларға теңестiрiлген прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн үйлестiру кеңестерiнiң шеңберiнде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң  тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан  Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.

Қазақстан Республикасының  прокуратурасы органдарының бiртұтас жүйесiн Бас прокуратура, облыстардың  прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының  прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соларға теңестiрiлген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.     

 Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволар, мекемелер құрылуы мүмкiн.

Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағыттары

 Қазақстан  Республикасы Конституциясының 83-бабының  1-тармағына сәйкес «Прокуратура  мемлекет атынан Республиканың  аумағында заңдардың, Қазақстан  Республикасының Президенті жарлықтарының  және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел- іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады».  Мемлекеттік билік ҚР Конституциясының 3-бабы 4-тармағына сәйкес біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.  Прокуратураға қатысты ережелер  ҚР Конституциясының «Соттар және сот төрелігі» деген VII бөлімге енгізілген. Бірақ прокуратураға соттармен қатар сот билігі беріледі деп қорытынды жасау қате болар еді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаты прокуратураның биліктің сот тармағына кірмейтіні, сонымен пара-пар екі басқа – заң шығару және атқарушы билікке қатысы жоқтығына күмән келтірмейді.  Функционалдық тұрғыдан биліктің әрбір үш тармағына байланысты бола тұрып, прокуратура органдары олардың ешқайсысына да толығымен жатпайды. Прокуратураның мемлекеттік құрылымдағы өзгеше жағдайы билік тармақтарының әрекетін теңдестіруге және олардың оңтайлы жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің дербес түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың өзгешелігіне себеп болады. Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекеттің атынан арнайы уәкілеттік берілген адамдардың – прокурорлардың – заңдылықтарды бұзуды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуын және біркелкі қолданылуын  жоғары қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылатын қызмет ретінде сипаттауға болады. 

Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң  тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан  Республикасы бекiткен халықаралық  шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.

Прокурорлық қызметтің  мақсаттары мен негізгі бағыттары    Бүгінгі күннің болмысы республиканың  мемлекеттік-құқықтық институттарының  жүйесі ретінде  ҚР Конституциясының сақталуын мемлекеттің атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының  құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді. Сондықтан  2002 жылғы 9 тамыздағы ҚР Заңымен «Прокуратура туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі кездейсоқтық емес.  Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерін қарастыра отырып, мыналарды есте сақтау қажет: Біріншіден,  прокурорлық қадағалау – бұл прокуратурадан басқа ешқандай да басқа мемлекеттік, қоғамдық, өз бетінше немесе өзге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, өзгеше түрі. Екіншіден, прокурорлық қадағалау мемлекеттің – Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады. Мұның маңыздылығы, прокурор қадағалауды жүзеге асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтайды, оларды жоюға және жекелеген жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, атқарушылық немесе есот билігінің атынан емес, мемлекет жүйесіне біріктірілген барлығынан атынан жалпы мемлекеттің мүддесіне сәйкес жекелеген органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, лауазымды немесе жеке адамдардың мүддесін білдіріп, кінәлілерді жазалауға шаралар қабылдайды. Үшіншіден, прокурорлық қадағалау – мемлекеттік қызметтің дербес түрі. Оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерінен айырмашылығы ҚР Конституциясының нақты  сақталуын, заңдардың талаптары орындалуын, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкестігін және анықталған құқық бұзушылықтарды заңмен тек прокуратураға берілген құралдардың көмегімен  жоюға шаралар қабылдануын тексеруден тұратын осы қызметтің мазмұнының  өзгешелігімен айқындалады. Төртіншіден, прокуратура  Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін орган болуына қарамастан, Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге, соның ішінде мемлекет басшысының актілеріне де жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалауды  мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкілдік берілген адамдардың – прокурорлардың – бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы  заңдардың дәл орындалуын және бірыңғай қолданылуын (орындалуын) жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі  қызмет ретінде сипаттауға болады.  Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты ретінде прокуратураның тұтастай алғанда барлық қызметі және атап айтқанда, оның маңызды функциясы – прокурорлық қадағалауда  қол жеткен нәтижені түсіну керек. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары прокуратураның мәртебесімен, оның мемлекеттегі орны әрі ролімен айқындалады. Ең соңында олар ҚР Конституциясымен, «Прокуратура туралы» ҚР Заңымен, прокуратура органдарының қызметін регламенттейтін басқа да заң актілерімен  айқындалады. Е.С.Мерзадиновтың пікірінше, Конституция мен заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау прокурорлық қадағалаудың мақсаттары болады.

Прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру

 Прокуратураны  ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидаттары – прокуратура органдарының көп қырлы қызметінің аса елеулі сипаттары мен белгілерін және оларға қойылатын негізгі талаптарды айқындайтын негізгі, басшылыққа алынатын ережелер. Қағидаттар қандай да бір теорияның, ғылымның, дүниетанымның, саяси ұйымның негізгі ережелерін қамтиды. Мәселен, жалпы нысанда қағидат ұғымы айқындалады. Прокуратураға қатысты  ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаты – ҚР Конституциясында және басқа да заңдарда бекітілген, прокуратураның саяси және мемлекеттік мақсаттарын білдіретін, прокурордың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекетте заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша құқықтық құралдар мен әдістердің  мазмұнын және сипатын білдіретін, сондай-ақ прокуратура органдарының өзге мемлекеттік органдардан, соның ішінде құқық қорғау органдарынан айырмашылығын айқындайтын негізгі талаптар. Егер бұрын прокурорлық қадағалаудың басым бағыттары заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, біркелкілік және заңдылық пен құқық тәртібін  нығайту болып табылса, ҚР Конституциясында жоғары құндылықтар деп аталған  адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары прокуратура органдары қызметінің негізгі қағидаттары болды. Заңнамада белгіленген қағидаттарды сақтау прокуратураға мемлекетте заңдардың нақты әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша олардың алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік береді. Прокурорлық қадағалау қағидаттарының қатарына ҚР Конституциясына негізделген, прокуратура органдарын, кімнен қайдан шыққанына қарамастан, заңды бұзуды табысты жою үшін қажетті өкілеттіктерді бере отырып,  тәуелсіз мемлекеттік органның дәрежесіне көтеретін ережелер жатады. Прокуратура органдарын ұйымдастыру және оның қызметінің қағидаттары тұтастық, орталықтандыру, тәуелсіздік, жариялылық және заңдылық қағидаттарына бөлінетін «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 3-бабында айқындалған. Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру  бұл органдардың ҚР Бас прокуроры басқаратын тұтас жүйені білдіреді. Бұл қағидат барлық буындағы прокурорлардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің тұтастығын білдіреді және заңдардың қолданылуын  қадағалауды жүзеге асыру нысандары мен әдістерінің, тәсілдерінің ортақтығымен, анықталған заңды бұзуға прокурорлық ден қою  құралдарының, сондай-ақ заңды бұзудың  жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау тұтастығымен айқындалады. Тұтастық қағидаты жоғары тұрған прокурордың өз құқықтарын төмен тұрған прокурорға беру, сондай-ақ өзіне төмен тұрған прокурордың өкілеттігін қабылдауға құқылы ережелерді айқындайды (осы Заңның 16-бабы). Прокуратураның  тәуелсіздігі қағидатының мәні әрбір прокурордың өз қызметінде тәуелсіз болуынан және оған жүктелген міндеттері орындау кезінде заңдарды және оларға сәйкес шығарылатын Бас прокурордың нұсқаулары мен бұйрықтарын басшылыққа алудан тұрады. Прокурор оның қадағалау қызметіне қандай да болмасын орталық немесе жергілікті органның араласуынан қорғалған. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі қағидатының мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы қағидатты дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алады. Осы қағидатты жүзеге асыру ұйымдастыру арқылы, прокурорлық кадрларды тағайындау тәртібімен, заңмен белгіленген прокурорлардың бағыныстылық және есеп беру жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Прокуратура органдары  қызметіндегі жариялылық прокуратураның республикадағы басқа да құқық қорғау органдары сияқты өз функцияларын қоғамнан, азамттардан оқшауланбай жүзеге асырады. Заңда  прокуратура органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау туралы ҚР заңдарының талаптарына қайшы келмейтін шамада ашық әрекет ететіні ұйғарылған.  Заң шығаруда заңдылық қағидаты ерекше бөлінген. Бұл қағидат барлық прокуратура органдарының өздерінің қадағалау функцияларын заңды және жеке тұлғалардың заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып, қатаң заң шеңберінде жүзеге асыратынын білдіреді.  Заңдардың орындалуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде ғана әрекет ете алады.  Заңдылық қағидатының прокурорлық қадағалау үшін ерекше маңызы бар, себебі оған барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың заңды орындауын бақылау міндеті жүктелген. Сондықтан прокуратураның өзі осы фукнцияларды орындай отырып, заңды нақты және бұлжытпай сақтауға міндетті. Заң шығарушы сондай-ақ барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін прокурорлық ден қою актілерінің міндеттілігі қағидатын (осы Заңның 3-бабының 4-тармағы) және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салу қағидатын  (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) бөлік көрсетеді. «Прокурорлық қадағалау» термині аясында мыналардың ұғынылатынын есте сақтау керек: 1) мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі; 2) заң ғылымының дербес саласы; 3) оқу пәні. Прокурордың өкілеттігі – Конституцияда және ҚР заңдарында оның құқықтарының  маңызы бірдей қамтылған құқықтық ұғым (наразылық келтіру құқығы, нұсқаулар беру құқығы,  қамауда заңсыз ұсталғандарды босату құқығы және т.б.). Өкілеттік заң ғылымында прокурордың өз міндеттерін орындауы оған заңмен берілген құқықтарды іске асыру арқылы өтетіндіктен, құқықтар мен міндеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың құралдары ретінде олардың өкілеттіктерінен туындайтын прокурордың іс-әрекеттері мен құқықтық актілері, олардың көмегімен ол қойылған міндеттерді шешеді: заңдарды бұзуды анықтау, жою, алдын алу, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту. Аталған Заңның 3-тарауында прокуратураның құқықтық актілері көзделген. 18-бапта құқықтық актілер жүйесі белгіленген:  «1. Прокуратураның құқықтық актiлерiнің жүйесiн: 1) прокурорлық қадағалау актiлерi: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтiнiш, санкция, нұсқау, ұсыным, заңға түсiндiрме; 2) Прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерiн реттейтiн актiлер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды. 1-1. Нормативтiк құқықтық актiлердің қолданылуын тоқтата тұратын прокурорлық қадағалау актiлерi жариялануға тиiс. 2. Прокуратураның ережелерi мен нұсқаулықтары тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен бекiтiледi». ҚР прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары. Өз мәні бойынша прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі ретінде жалғыз. Бұл ҚР прокуратурасының барлық  жүйесі үшін мақсаттарының бірдей, прокуратура жүйесінің бірыңғай, прокуратура қызметінің құқықтық базасының біртұтас болуына байланысты.  Алайда прокурорлық қадағалау процесінің өзінде елеулі өзгешеліктер бар. Бұл өзгешеліктер  біртұтас прокурорлық қадағалауды жүзеге асыруда: орындалуына қадағалау жүзеге асырылатын заңнаманың ерекшеліктерінен; осы заңнаманы орындайтын объекьтілердің өзгешелігінен; прокурорлардың өкілеттіктерінің өзгешелігінен туындайды. Осыған сәйкес «Прокуратура туралы» ҚР Заңында (4-бап)  біртұтас прокурорлық қадағалауды мынадай салаларға бөледі: - министрліктердің, ведомстволардың, өкілетті және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бақылаушы органдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативтік актілерді дәл және бірыңғай қолданылуын, сондай-ақ олар шығаратын нормативтік құқықтық актілердің заңнамаға сәйкестігін қадағалау; - Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау; - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың заңды қолданылуын қадағалау;  - анықтау және алдын ала тергеу органдарының заңды қолдануын қадағалау;  - әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезінде қадағалау;  - атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарға қатысты заңдардың дұрыс қолданылуын, сот тағайындаған жазаны және мәжбүрлеу сипатында өзге де шараларды орындау кезінде, сондай-ақ азаматтық және өзге істер бойынша сот шешімдерінің орындалуын қадағалау. Прокурорлық қадағалау салаларынан басқа прокуратура қызметінің басқа да бағыттары бөлінеді: - қылмыстық, азаматтық немесе өзге де сот ісін жүргізу барасында көрсетілген Заңда белгіленген өкілеттіктерге, сондай-ақ республиканың қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және өзге де заңнамаларына сәйкес аппеляциялық және қадағалау тәртібімен сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді; - Конституцияға сәйкес (83-бап) Заңда және қылмыстық-іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады; - қылмысқа қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіреді; - статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады; - норма шығармашылық қызметке қатысады, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарын білдіреді. Сонымен қатар, жаңа ҚР ҚІЖК-не сәйкес прокурор айыпталушыны сотқа тапсыруды жүзеге асырады. 

Прокуратора органдарының қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері

 

Қазақстан Республикасының  Конституциясы елімізде сот төрелігін  жүзеге асырудың басты, негізгі принциптерін бекітті. Сот-құқықтық реформасын одан әрі жетілдірілуі мен дамуы нәтижесінде ҚР-да Қылмыстық және Қылмыстық істер жүргізу кодекстеріне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Ал, сот төрелігін жетілдіруде  ҚР-сы Жоғарғы сот Пленумының “Сот билігі туралы заңнамаларын қолданудың кейбір мәселелері туралы” қаулысы  өз үлесін қосты. Осы аталған нормативтік – құқықтық актілерде соттар әлеуметтік әділеттік принциптерін өмірге енгізу, әрбір қылмыстық істі шешу кезінде қылмыстық іс жүргізудің міндеттері мен принциптерін басшылыққа алуды және әділетті сот талқылауын және қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету жүктелінген болатын. Сондықтан, біз “сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңдардың дәл сақталуына кепіл болатын - ол прокурорлық қадағалау, яғни прокурордың қылмыстық іс бойынша сотқа қатысу қызметі” деген пікірге толық қосыламыз.

Сотта қылмыстық істерді  қаралуына прокурордың қатысуы  Қазақстан Республикасының “Прокуратурасы туралы” заңының 30 бабымен реттеледі. Дегенмен, бұл норма сілтеме сипатында  болады, себебі аталған бапта  прокурордың  қылмыстық істі сотта қарау мен талқылау кезінде қатысуы қылмыстық іс жүргізу заңымен анықталынады деп көрсетеді. Прокурордың алып отырған дәрежесіне қарамастан, мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысу кезінде ҚР-сы Бас прокурорының өкілі сипатында қатысады және ол қылмыстық іс жүргізуде заңдылықты сақтаушы болып табылады. Мемлекеттік айыптауды қолдау кезінде прокурор сотта қылмыстық істерді қарауда заңдылықтың сақталуына қадағалауды жүзеге асыру міндетінен босатылмайды. ҚР-сы Бас прокуроры мемлекеттік айыптауды төмен тұрған прокурорлар қалай жүзеге асырып отыратындығын қадағалап отырады. Прокурор қадағалауды жүзеге асыруды тек сот үкімді немесе анықтаманы қабылдап қойғаннан кейін емес, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша сот әлі ешқандай шешім шығармаған жағдайда да жүзеге асырады. Егер сот сотталушыға сот талқылауында оның құқықтарын түсіндірмеген болса және  сот әрі қарай қылмыстық істі мәні бойынша қарауды жалғастырып отырса, онда іске қатысушы прокурор аталған заң бұзушылыққа қарсы дереу әсер етіп, қажет болған жағдайда наразылық келтіруге дейін барады және “прокурор қылмыстық іс бойынша үкім заңды күшіне енгенге дейін заң бұзушылыққа әсер етіп отыруы қажет”. Себебі, заңсыз әрі негізсіз үкімді, анықтаманың күшін жою үшін наразылық енгізудің маңызы кемиді. ҚР-ның ҚІЖК-сі сот талқылауына қатысатын қатысушыларға қарағанда прокурорға ешқандай артықшылықтар бермейді (мысалы, дәлелдемелерді ұсынуда, дәлелдемелерді зерттеуде, өтініштерді мәлімдеуде). Сонымен бірге, заң прокурордың іс жүргізушілік жағдайын, сот талқылауына қатысушылардың іс жүргізушілік жағдайынан біршама өзгешелеу сипатқа ие екенін көруге болады. Бұлар прокурорға берілген артықшылық емес, керісінше ерекше сипаттағы айырмашылықтар, прокурордың өзінің функцияларын тиімді жүзеге асыруына қолайлы жағдайлардың жасалуы. Жәбірленуші сотқа өзінің атымен, қорғаушы сотталушының атымен, ал прокурор әрқашанда заң мен мемлекет атымен сот отырысына қатысады және сотта заң бұзылуын жоюға шаралар қолдануға міндетті болып келеді.

Информация о работе Прокуратура органдарының түсінігі мен түрлері