Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2015 в 18:03, курсовая работа

Краткое описание

Мен осы курстық жұмысын орындаудан бұрын алдыма мынандай мақсат қойдым:
1. Кісі өлтіруді тергеу әдістемесін саралау зерттеу, сонымен қатар методикалық ңұсқалар келтіру.
Бұл мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер анықталды:
1. Кісі өлтіруді тергеу әдістеме криминалистикалық сипаттамасына талдау жасау;
2. Кісі өлтіруді кейбір жекелеген түрлері бойынша тергеу әдістемесін зерттеу, талдау жасау, сонымен қатар теория тұрғысынан методикалық ңұсқау беру.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................4
1. КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ .................6
1.1 Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы.....6
1.2 Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы....................................................8
2. КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНІҢ ШАРТТАРЫ..................................................................13
2.1 Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістеме сатылары ......................13
2.2 Оқиға болған жерді, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау............................................................................................................................15
3. КІСІ ӨЛТІРУДІҢ БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ....20
3.1 Сот медициналық сараптамасын тағайындау, куәландыру әдістемелерінің сипаттамасы....................................................................................20
4. КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ЖЕКЕ ТҮРЛЕРІН ТЕРГЕУ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................................................24
4.1 Кісі өлтірудің жеке турлерін тергеу криминалистік әдістемесі ерекшіліктері..............................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ажар.docx

— 63.57 Кб (Скачать документ)

      Үй іші тұтыну заттарында саусақ іздері қалмаған ба? Соны білу үшін тексеру кажет. Жоғалған жәбірленушінің жұмыс, тұрғын орнын тінту барысында мәйіт, қылмысты жасау кұралы, киімдері басқа да нәрселері, оның құжаттары, хаттары ізделінеді.

      Мысалы: жоғалған азамат Амановтың әйелінің айтуына қарағанда, ол оны баска қаладағы қарындасын іздеп кеткеннен бері көрген жоқ. Қарындасы Амановтың келгендігін, үйіне сыйлықтар әкеткендігін және оны қайтадан жолға шығарып салғандығын айтты [9].

      Амановтың үйге қайту жолында жоғалуы жайында тексеру ешқандай мәліметтер анықтай алмайды. Кейін Амановтың үйіне тінту жүргізілгенде, оньң соңғы сапарында ұлына деп сатып алған пальтосы табылды. Бұдан шығатын болжам: Аманов үйіне келгеннен кейін ғана өлтірілуі мүмкін, өлтірілушіні осыдан іздеу керек. Көрсетілген бағыттағы тексеру қанағаттанарлық нәтижелер берді. Әйелі күйеуінің кайтып келген бетінде өлтірілгендігін және оның мәйітін жасырын түрде жерлегенін мойнына алды.      

      Мәйіттің бөлшектенуіне байланысты кісі өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Кісі өтірушілікті тергеуде өлтірілген кім екендігі туралы мәселе көп қиыншылықтар туғызбайды.    Өлтірілген адамның ата-тегі, қызметі, түрған орны туралы тергеушіге қылмысты көзбен көргендер, не мәйітті алғаш көрген таныстары айтып береді.

      Кейде мәйітте жеке құжаттар, тегі мен мекенжайы бар хаттар, поштаға хат-хабарлар салғаны туралы квитанциялар болады.

      Бірақ қандай талассыз жағдайда болса да қате танудын, мүмкіндігі бар екендігін ешқашан естен шығармау керек.

      Бұл туралы Вершинскийдің өлімі туралы істі айтуға болады. Өлген адамнан табылған құжаттарға да сене беруге болмайды.

      Жәбірленушіде баска адамның қағаздары болуы да мүмкін, не қылмыскердің тергеушіні адастыру үшін әдейі қалдырған кұжаттары да болады.

      Жәбірленушінің жеке басын анықтаудағы қате тергеуді жалған жолға салуы мүмкін. Өлтірілген адамның жеке тұлғасы бұл мәселе бойынша бірнеше іздеу көздерінен түскен мәліметтерді тексерістен өткізгеннен кейін ғана толық анықталады деп есептеледі (бірнеше адамның оны жеке тануы, құжаттар арқылы тану).

      Мәйіттің бөлшектері табылған жағдайда тергеу алдындағы бірінші міндет келтірілген адамның жеке тұлғасын анықтау, кісі өлтіру болған орынды іздеп, мәйіттің бөлшектелген жерін табу.

      Мәйіттің жетпейтін бөлігін іздеу ісі кең аумақта мәйіттің бөліктері немесе бөлігі табылған жерлерден ізделінеді. Мүнымен қатар қолында қол сөмкесі, корзинкасы бар, яғни мәйіт бөлігін ораған орамаға ұқсас заттар ұсталған кісіні жергілікті тұрғындардан кездестіргендері бар ма, сол сұрак анықталады.

       Сот-медициналық сараптамасы алдына мына мәселелерді қоюға болады: зерттеуге мәйітгің қандай бөлігі әкелінген, ол адамдікі ме, жануардікі ме; адам денесінің бөлігі бір мәйітікке ме, болмаса бірнешеуінікі ме; мәйіттің денесін бүзуға қандай құралдар пайдаланылған; өлген адам хирургиялық операциядан әткен бе; ол қашан болған; мәйіттің ерекше таңбасы жок па; бөлшектеген кісінің анатомия саласына білімі жоқ па; мәйіт бөлігінде қандай жарақаттар бар; олардын қайсысы тірі уақытында, кайсысы елгеннен кейін салынған; қандай құралмен өлтірілген; бөлшектеу осы кұралмен жасалған емес пе (егер кұрал болса) [10].

      Қылмыскер қалдырылған іздерді, көлік құралдарының іздерін анықтау үшін, мәйіт бөлігі табылған жерді ұкыпты қарау керек.

      Өлтірілген адамның жеке басына немесе өлім болған жерге мәліметтер алғаннан кейін тергеуші қылмысқа, мәйітке катысты заттай дәлелдемелердің немесе қылмыс іздері сақталып қалуы мүмкін болған жерлердің бәріне тінту жүргізеді. Кісі өлтірушілік және мәйітті бөлшектеу болуы мүмкін деген тұрғын жайларды тінткенде басты көңілді қаннын ізіне аудару қажет.

      Киімдерді, шүберектерді, арқандарды және мәйіт бөлшектерін құнтақтау үшін пайдаланылады деп таныткан басқа да зат-тарды қолға түсірудің маңызы да аз болмайды.

       Өзін-өзі өлтіру, жазатайым жагдай немесе табиги өлім сияқтандырып жасырылган кісі өлімін тергеудің ерекшіліктері.

     Кейде қылмыскерлер өздері жасаған кісі өліміне жазатайым жағдай, өзін-өзі өлтірген деген түр беруге тырысады. Кісі өліміне жазатайым жағдай кейпін беру үшін қылмыскерлер өлтірілген кісінің мәйітін темір жол рельсіне, поезд алдына апарып тастайды, мәйіт жатқан үйді өртейді.

     Өзін-өзі асу, өзін-өзі өлтірудің кең тараған түрі. Сондықтан да қылмыскерлер осы тәсілді жалған түрде қолданады. Мұндай жалғаншылықты сот-медициналык сарапшының көмегімен странгуляциялык тілімді зерттеу тәсілмен, оқиға болған жердің, мәйітті, іздерді қарау, заттық дәлелдемелерді зерттеумен анықтауға болады.

     Мәйіт ілулі түрған жерді қарап, жағдайды зерттеп мына сұраққа жауап іздеу керек: жәбірленуші ілмекті езі байлаған ба, оған басын өзі сұққан ба, әлде баска адамдардың әрекет іздері қалған ба?

     Мәйіт жанында бөтен заттардың болуы, болмауын да анықтаған жөн, оларды өзін-езі өлтіруші аяғының астына қоюы мүмкін.

     Өлгеннен кейін странгуляциялық тілімнің бар екендігін анықтау, қылмыскердің кісі өлтіруді жасағаннан кейін оны өзін-өзі өлтірген етіп, іліп қойғанын дәлелдейді.

      Қолмен тұншықтырғанда мәйіт мойнында саусақ, тырнақ іздері қалады. Арқан бекіткен жерде де қол саусақтарының ізі болуы мүмкін. Ондагы саусақтардың іздерін мәйіт саусақтарының іздерімен салыстыру керек.

      Өзін-өзі өлтіру мүмкіндігін аныктау үшін тергеуші сот-медицина сарапшысының алдына мына сұрақтарды қояды: жәбірленуші денесіндегі жарақаттарды тірі кезінде өзі салмады ма екен; бұдан кейін ол арнайы әрекеттер жасады ма; осы жарақатпен ол қанша уақыт өмір кешуге тиіс еді.

     Жәбірленушінің өзін-өзі физикалық жағынан соққы бере алмайтын дене жарақатының    болуы, жасырылған кісі өлімі болған деген жорамалға келуге болады.

    Мәйітті сот-медициналық зерттеу тірі және өлгеннен кейінгі жарақаттардың болуын анықтауға мүмкіндік береді.

     Егер өлер алдында қалдырған жазу болса, оның жәбірленушінің жазғандығы және қашан жазылғандығын анықтау қажет. Тергеуші жазуды криминалистік сараптамаға жіберіп, оның не жалған еместігін анықтатады. Жақындары мен таныстарынан жауап алу, хаттарды зерттеу, күнделіктерді оқу арқылы өлген адамның өзін-өзі өлтіруге себебі болып па еді, соны анықтайды.

     Күшпен емес өлтіруді жалған көрсету кісі өлтіруді жасырудың тәсілі ретінде кәрі кісілер мен сырқат адамдарды өлтіруде жиі қолданылады.

     Улап өлтіру мүмкіншілігі бар болғандықтан қараған кездегі ұнтақтарды, таблеткаларды, ампулаларды алу қажет. Жәбірленуші пайдаланған және мәйттің тікелей жанында тұрған барлық ыдыс-аяқтарды және асхана құралдарын карау және алу керек. Дәрігер анықтамалары мен ішірткілер, медициналық әдістемелерден алынады.

Жуынатын бөлмеде, дәретханада құсык, зәр қалдықтары, қан, түкірік тағы басқалар табылуы мүмкін.

     Мәйітттің ішкі ағзаларын химиялық зерттеулермен сот-медициналық сараптама еткізу, емдеуші дәрігерден жауап алуда алынған, ауру тарихындағы, баска да мәліметтер жасырылған өлімді анықтауға, өлімнің шын себебін айқындауға көмектеседі.

    Балаларды өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Балаларды өлтіру туралы қылмысты істердің жиі козғалуы:

- зорлап өлтіру белгісі бар сәбидің мәйітін табуға байланысты;

жеке азаматтар, патронаждық бикелер, АХАЖ органдарының босанған әйелдің не босанатын әйелдің баласы жоқ, не ол болып, жоғалып кетті деп берілген анықтама-арыздары негізінде;

медицина мекемелерінен үй жағдайындағы туып-өлген баланың мәйітін сот-медицина зерттегенде зорлап өлтіру белгілері байқалғандығын, оның кісі өлтіруге негіз екендігі жөніндегі мәліметтердің түсуі, медицина мекемелерінен көмек сұраған әйелде жақында бала туу белгісі болғандығы, бірақ оны ол мойындамауы.

   Бала өлтіру туралы әрбір іс бойынша, зорлықпен өлтіру белгісі бар мәйіт табылуына байланысты, тергеуші мынаны анықтауы тиіс: баланың жасы және оның өлімі туғаннан кейін болмады ма екен; Сәбидің әмір сүру кабілеті болды ма? Қанша тұрды? Өлімнің себептері кандай? Егер бала өлтірілсе, қандай тәсілмен?

    Сот-медициналык сарапшының қатысуымен қарау болғанда: мәйіт жағдайы, жарақаттары мен қанжындар, баланың белгілері, бойы, салмағы, терісінің сыртқы түрі және онын, қасиеттері, белгілері, қылмыстық тәсілі мен құралдарын куәландырушылар зерттеледі.

     Заттар қаралады және ресми хатталады (кәрпелер, каптар, сөмкелер, мәйітті ораған ак жаймалар, т.б.)

     Киімдерде сәбилер үйінің биркасы (таңбасы) болуы мүмкін.

     Өлім қашан болды, туғаннан кейін бала қанша уақыт өмір сүрді? Осы сұраққа жауап алғанан кейін тергеуші баланың туу мерзімін, екіқабат әйелдің шама-жасын анықтап, солардың арасынан өлген сәбидің анасын табуға мүмкіндік алады.

      Аудандық денсаулық бөлімі, патронаждық бикелер және әйелдер консультациясынан олардың бөлімшелерінде, мекемелерінде екіқабат әйелдер, бала туғандары бар ма, жоқ па, соны анықтау керек.

     Көше комитеттері, қоғамдық орындар арқылы осы араға қысқа уақытқа екіқабат әйелдер келген-келмегендігі анықталады[11].

     Дәрімен атылатын қүралдарды қолданып жасалган кісі өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Окиға болған жерді қарағанда сол жердегі каралуға тиісті объектілер мен із іздеу және басқа да заттай дәлелдемелерді, дәрімен атылатын құралдарды қолданумен байланысты, негізгі көңіл соған бөлінеді.

     Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру, жазатайым жағдайға байланысты болжам мүмкіншіліктерін тексеру мақсатында, дәрімен атылатын құралдарды пайдалануға байланысты, басқа да мәселелерді шешу үшін тергеу эксперименті мен сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалады.

      Кінәліні іздеу жөніндегі шараларды жоспарлауда тіркеу органдарынын, (оқ-гильза, техника, ойықты дәрімен атылатын құралдарды пайдалануға байланысты, басқа да мәселелерді шешу үшін тергеу эксперименті мен сот-баллистика мәліметтері есепке алынған.Сезіктіні ұстаған жағдайда оның денесі мен киімінде атыс өнімдерін анықтау үшін куәландыру жүргізіледі.

      Қарау мен куәландыру нәтижелері бойынша сот-химиялык сараптамасы тағайындалады. Тұрғын үй мен жүмыста мылтық құралын табу үшін сезіктіні тінтеді.

      Жарылатын заттарды қолданып жасалатын кісі өлтіруді тергеудің ерекшеліктері. Бұл категориядағы істер бойынша болған жерді қарау үстінде тергеуші ынта-жігері жарылыс эпицентрін, оның өнімдерін, жарылғыш құралдардың бөліктерін анықтауға бағытталады.

       Қылмыскер пайдаланған жарылғыш заттардың түрін анықтау үшін жарылғыш құқығы моделін қайта жасауа сот-химиялық пиротехникалык сараптама тағайындалады.

      Жарылғыш заттарды немесе олардың компоненттерін, жазбалар мен созбаларын табу мақсатында сезіктіге тінту жасалады.Жарылғыш заттардың пайда болуы және оны сезіктінің иелегендігін анықтау үшін, тергеу элементтері мен жедел-іздестіру шаралары пайдаланып отырылуға тиісті.

Қорытынды

 

        Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасын мына элементтер құрайды: қылмысты жасыру; қылмыскердің жеке тұлғасы мен жәбірленуші туралы мәліметтер.

Қылмысты жасалу тәсіліне қарай кісі өлтіруді екі негізгі түрге бөліп қарауға болады:

-   ашық  түрде кісі өлтіру, яғни кісі  өлтірушінің жанында оны білетін  адамдардың болуы.   Егер көрген адам болмаған жағдайдың өзінде де, кісі өлтіруші өзінің істеген ісін және кінәсін жасырмаған жағдайда.

-  жасырын  түрде кісі өлтіру, яғни қылмыстың  ешкім көрмеген жағдайда жасалуы, қылмыскердің өз кінәсін белсенді  түрде жасыруға тырысуы, куәгерлер  қатынасқан жағдайдың өзінде  бейтаныс адамның қылмыс жасап, жауапкершіліктен құтылып мақсатын  іске асыруы.

      Қылмыстың бұл түрі тергеу үшін күрделі болады. Тергеу әдістемесін жасағанда кісі өлтірудің әдістерін зерттеу мен қатар, олардың қылмыстарын жасыру тәсілдерін де зерттеу керек. Кісі өлтірушілер көбінесе бір нәрсені теріс көрсетуге тырысып, түрлі айла жасайды.   Әр түрлі жағдайларға сәйкес олар: табиғи болған өлім, өзін-өзі өлтіру, жазатайым жағдайда, абайсызда болған өлім және т. б. көріністер[12].

      Қылмыстының айлаларын анықтау барысында мына негізгі факторларға көңіл бөлінуі қажет: жәбіренушілерге өлтіру уақытында жасалған закымдардың сипаттамасы және өзін актайтын дәлелдердің шынайылығы.

      Кісі өлтірушілер мәйітті немесе оның беліктерін жәбірленушінің кім екендігін танытпау үшін жасыруға тырысады. Мәйіт басының кесіліп алынуы, бүлдірілуі (құлақ, мұрын, ерін, көз шығарулары мүмкін), бас терісін сыпыруы, өртеуі суға батырылуы, дененің бөлшектелініп тасталуы мүмкін.

      Қылмыскер өлім болған жердегі өз ізін және киіміне түскен таңбаларды жоюға тырысады. Іздер мен басқа да заттай айғақтар сәйкес материалдары болуға, қылмыскердің іс-әрекеттері туралы айтуға мүмкіндік береді.

     Өлтіру құралдарындағы қол іздер кейде кісі өлтірушінің солақай екендігін анықтауға мүмкіндік туғызады.

      Қылмыс жасау тәсілдері туралы мәліметтерді пайдаланып, негізгі тұлағалардың арасынан қылмысты кім жасағанын анықтап, болжауға болады.

Қылмыстар деректі жағдайда жасалынады. Жағдайды зерттеп, қылмыскер мен жәбірленушінің әрекеттеріне әсер еткен объективтік факторларды, оқиға тетігін, өлтіру тәсілдерін анықтауға болады.

     Мысалы: қаладан алыс емес (ағаш отырғызылған) жерден жас ер адамның мәйіті табылған. Мәйіттің жанында жатқан қанды еске түсіретін, қызыл қышқыл түсті шаш жабысқан үлкен тас, тергеушінің пікірінше кісі өлтіру құралы деп танылды. Оқиға болған жерде алыс-жұлыс іздері болмаған. Өлтірілген адамның жаңа костюмі мен аяқ-киімі, қалтасында ақша болған. Осылардың бәрі өлтіру қасақана емес, таластан, кек алудан, жәбірленушінің таныстары тарапынан болған деген ойға әкелді.

Информация о работе Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесі