Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2015 в 18:03, курсовая работа
Мен осы курстық жұмысын орындаудан бұрын алдыма мынандай мақсат қойдым:
1. Кісі өлтіруді тергеу әдістемесін саралау зерттеу, сонымен қатар методикалық ңұсқалар келтіру.
Бұл мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер анықталды:
1. Кісі өлтіруді тергеу әдістеме криминалистикалық сипаттамасына талдау жасау;
2. Кісі өлтіруді кейбір жекелеген түрлері бойынша тергеу әдістемесін зерттеу, талдау жасау, сонымен қатар теория тұрғысынан методикалық ңұсқау беру.
КІРІСПЕ......................................................................................................................4
1. КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ .................6
1.1 Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы.....6
1.2 Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы....................................................8
2. КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНІҢ ШАРТТАРЫ..................................................................13
2.1 Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістеме сатылары ......................13
2.2 Оқиға болған жерді, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау............................................................................................................................15
3. КІСІ ӨЛТІРУДІҢ БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ....20
3.1 Сот медициналық сараптамасын тағайындау, куәландыру әдістемелерінің сипаттамасы....................................................................................20
4. КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ЖЕКЕ ТҮРЛЕРІН ТЕРГЕУ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................................................24
4.1 Кісі өлтірудің жеке турлерін тергеу криминалистік әдістемесі ерекшіліктері..............................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................................33
Куәгерден жауап алу барысында мыналар анықталады:
Қылмыс кайда? Қашан жасалды? Бастаушы кім? Қандай құралмен денеге жаракат салынды немесе өлтірілді? Қылмыс құралы қайда болуы мүмкін?
Мәйітті кім, қашан және қандай жағдайда тауып алды? Мәйіт жанындағы нәрселер не? Қаза тапқан кім?
Қашан, оны кіммен бірге соңғы рет көрді? Ол не істегісі келген еді? Қай жақка бара жатты? Өзін қалай ұстады? Не айтып еді? Жәбірленушіні үйінен кім шақырды? Қайда? Неге кетті? Өзімен бірге нәрсе, акша алды ма?
Тергеуші куәгерден жеке жауап алады, егер аз уақыт ішінде бірнеше тергеу әрекеттерін жасау керек бола, онда жеке куәгерден жауап алуды анықтау органына жүктейді.
Қылмысты көзімен кәрген адамнан жауап алганда, мыналар анықталуга тиіс:
— қашан және қандай жағдайда куәгер окиға болған жерге тап болды;
— болып жаткан оқиғаны қандай қашықтықтан көрді (қашықтық, ол жерге жарық түсуі);
— өлтірілген кім? Куәгер ол кісімен карым-қатынаста?
— өлтірілген кім?
— өлтірушілер нешеу болды?
— бұл адамдар куәгерге таныс па? Олармен қарым-катынас қандай?
— олардың әрқайсысының белгісі, киімі, аяқкиімі кандай?
— олар қашан қай жақтан қандай көлікпен келді?
— бір мезгілде ме, әлде әр кезде ме? олардың келу реті қалай еді?
— олар өзара не туралы сөйлесті? Жәбірленушімен ше? Бірін-бірі өзара қалай атады?
— өлтіру алдында не болды?
— өлтірілушілердің әрқайсысында кандай кұралдар, қару бар?
— олардың әркайсысьның іс-кимылы қалай, дененің кай жеріне қайсысы немен тұрды?
— өлтірілер алдында жәбірленуші өзін қалай ұстады оның тәртібі жанжал тудыруға сылтау болған жоқ па?
— жәбірленуші қарсылық жасады ма? Жасаса қандай?
— жәбірленуші өлер алдында өтініш айтты ма? Өсиет ше?
— Өлтірушілер жәбірленушіден не алды?
— Қылмыс жасалған жерде кісі өлтірушілер пайдаланған немесе түсіріп, жоғалтқан нәрселер қалды ма?
— қай жаққа, қандай көлікпен кетті?
— қылмыс жасалған жерде өлтірілер алдында кімдер тікелей болды, бұл адамдар не айта алар еді?
— өлтірілгеннен кейін оқиға болған жерде не болды жағдайға кандай өзгерістер енгізілді?
Өлейін деп жатқан жәбірленушіні немесе мәйітті ең алғаш анықтаған куәгерлерге мынадай сұрақтар қою жөн:
Қашан? Қандай жағдайлар күшімен куәгер окиға болған жерге тап болды?
Онымен бірге тағы кім болды?
Куәгерге жөбірленуші белгілі ме?
Ол келгенде жәбірленуші тірі ме еді? Не айтты?
Жәбірленушінің өмірін құтқаруға кім, не жасады?
Егер куәгер жәбірленушіні тірі күйінде көрмесе, мәйітгің қалпы, үстіндегі киім жайы қандай еді?
Тергеуші келгенге дейін окиға болған жерде қандай өзгерістер енгізілген? Мәйіттің қалпы мен жатқан орны өзгерді ме? Қанды біреу сүртті ме?
Жоғарыда көрсетілген тұлғалардан жауап алуда олар мәйітті қандай жағдайларда тапты? Сол мезетте жанында немесе окиға болған жерде жақын кім болды? Ол адам қай жаққа жасырынды, оның белгі түрі қандай?
Жәбірленуші табылғанда, ол өз есінде ме? Не айтты? Мәйіт айналасындағы жағдай қандай болды? Куәгер мәйітке жақындады ма? Оның жату қалпын езгертпеді ме? Полиция қызметкерлері келгенге дейін оқиға болған жерден кетпеді ме? Олай болса, ол кезде мәйіттің жанында кім қалды? [7] .
3 . Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері әдістемесінің ерекшеліктері
3.1 Сот медициналық сараптамасын тағайындау,куәландыру әдістемесінің сипаттамасы
Кісі өлтіру туралы істер бойынша жүргізілетін тергеу істерінің ішінде ең маңызды орынды сот-медицина сараптамасы алады, оны тағайындау дене жарақаттары сипаты мен өлімнің болу себептерін анықтау үшін міндетті болып табылады.
Сот-медициналық сараптама мынадай мәселелерді шешу үшін тағайындалады:
а)Жасалынған қылмыстың жағдайлары: өлімнің себебі мен уақыты. Мәйітте дене жарақаттары бар ма? Олардың саны, локализациясы, сипаты және пайда болу тетігі? Закымдардың қайсысы тірісінде, қайсысы өлгенінде жасалған? Дене жарақаттарының табылу реті? Жарақат жасаған кездегі жәбірленуші қандай күйде болған?
ә)Өлтіру алдындағы жағдайлар: жәбірленуші қанынын құрамында алкоголь бар ма? Оның концентрациясы мастықтың қандай дәрежесіне сәйкес? Жәбірленуші өлтірілгенге дейін тамақ ішті ме? Өлім алдында жыныс катынасы болған ба?
б)Өлтірудің құралдары: жәбірленушіге салынған дене жарақаттары бір немесе бірнеше құралмен жасалған ба? Кұралдың түрі, нысаны, мөлшері, жарақат сараптамаға ұсынылған құралмен жасалмады ма екен?
в)Жәбірленуші тұлғасы: бөлшектенген мәйіт денесінің бөліктері бір адамға жата ма? Жынысы, жәбірленушінін бойы қандай? Жәбірленуші тірі кезінде қандай аурулармен ауырған? Қандай операциялар болған? Оның ағзасында патологиялық өзгерістер бар ма? Ішкі органдарынын. Ауытқуы (аномалиясы) ше? Тіс аппараты құрылысының ерекшеліктері?Жәбірленуші қанының тобы қандай?
г)Сезіктінің тұлғасы: қаны қандай топқа жатады? Мәйітті бөлшектеген адам анатомия саласынан білімі және секционды техникадан практикалық дағдылары бар ма? Бөлшектеуді жасаған тұлға солақай емес пе?
д)Қылмыстың сылтауы мен мақсаты: мәйіт денесінде зорлықпен жасалған жыныс катынасына жататын іздер және екі қабаттылықтың белгілері бар ма? Жәбірленушілерге қорлық керсету сипаты, олар кұрбандылықтың ерекше азап шегуіне соққан жоқ па?
е) Мүмкін қылмыс болмай, инценировка жасалған шығар? Мәйіттің денесіндегі жарақаттар жәбірленушінің өз қолымен жасалынған емес пе? Мәйіттің дене жарақаты оның киімінің бүлінуіне сөйкес келе ме? Егер олай болған жағдайда, оны қалай түсіндіруге болады? Жәбірленушінің мойныдағы ілмек-түзақ елгеннен кейін салынған емес пе? Мәйіттің табылған жері өлтірілген жермен сәйкес келе ме? [8].
Сараптамаға материалдарды дайындауда, тергеуші ең алдымен, ауру тарихын (амбулаториялық карта) алады. Егер онда қажетті мәліметтер жоқ болса, онда дәрігерден, хирургтен, емдеуші дәрігерден жауап алынады. Сарапшыға ауруды қарау мүмкіншілігін берген дұрыс, дәрігерлерді, баска да куәлер мен айыптаушылардын хаттамаларымен танысу өте маңызды болып саналады.
Сезіктіден жауап алу. Мұндай жауап алуы жоспарлау мен оны өткізудің тәсілін тандап алуды тергеушінің қылмыстардын жағдайларынан шыға отыра жүзеге асырылады: дәлелдемелер жинау, жауап алынушынын. жеке басы туралы мәліметтер.
Ашық өлтірілгеннен кейін, қылмыскер көбінесе өз кінәсін жасырмайды. Мұндайда жауап алудың негізгі мақсаты жасалған жағдайлардын барлық мәнісін ашу мен өлтірудің сылтауын анықтау болып табылады.
Анық емес жағдайларда жасалған өлім туралы істер бойынша сезіктілер жауап беру кезінде күту ұстанымын жиі ұстанады, тергеуші кандай дәлелдемелермен оның өлтіру ісіне катысты екендігін дәлелдейтіндігін білуге тырысады, сонан кейін ез кінәсін мойындау жолына түседі. Өз кінәсін мойындамаған сезікті жауап беруде жалған алиби ұсынады, қылмысты баскалар жасады деп немесе жәбірленуші езін-өзі өлтірген, не болмаса жазатайым жағдай болған деп мәлімдейді.
Мәйіті табылмаған кісі өлтірушілікті тергегенде сезіктілер жоғалған кісі тірі, әр түрлі себептермен тығылып жүр деген жорамал да ұсынады. Жауап алу барысында сезіктілерден дүрыс мәліметтер алу тергеушінің алынған акпаратты шеберлікпен қолдана білуіне байланысты: өз қолындағы дәлелдемелерді дұрыс қолдана білуіне, сондай-ақ жауап алуда айла тәсілдер қолданудың үлкен маңызы бар: жауап берушінің логикалық ой-пікір қорытындысын айтуға қозғау салу, оның дәлелдемелерін зерттеуге қатынасуға шақыру, тергеуде анықталған фактілердің мәнін түсіндіру.
Сезікті өзінің тұрған жерінде жиі ұсталынады. Тұрғын жайға ену үшін сезікті дауысын танитын адамдардың көмегіне сүйену керек. Бірақ қарулы қарсылықтың болатынын ескеріп, бұл адамдардың қауіпсіздігін камтамасыз ету шараларын ұйымдастыру кажет. Ұсталған сәттен бастап-ақ жеке тінту ісін жүргізіп, қылмыс құралын немесе баска затгар мен құжаттарды тауып алу керек.
Куәландыру. Егер жәбірленушінің, сезіктінің, айыптаушының денесінде қылмыстық іздері бар деген мәліметтер болса, онда сот-медициналық сараптамасы немесе куәландыру өткізіледі.
Сезіктінің денесінде оған жәбірленуші қарсылық көрсеткенде салынған қарсыласу іздері болуы мүмкін ( тырнау, дененің көгеруі,т.б.)
Куәландырылушының денесінде окиға болған жердегі заттардың бөлшектері қалуы мүмкін: (бояу, техникалық майларт.б) қан ізі де болады.
Ұсталған адамның тырнағының астында қан, мата талшықтары, басқа да дүниелер болуы мүмкін, сондықтан да зерттеу үшін алынады.
Куәландыруда ерекше белгі-таңбаларды анықтау мақсатында да жүргізеді: татуировкалар, біткен жаралар мен таңбалар, көп өскен түк-шаштар, денедегі ақаулар тағы басқалар.
Хаттамада мыналар көрсетіледі: кім куәландырылды, сезіктінің. денесінде кандай жарақаттары (тырналған, қанталаған) олардың саны, түрі (ашық жара) тыртық, тырнақ ізі, дененің қай бөлігінде, мөлшері, жағдайы, нысаны, түсі, зақымдалған түстағы тері қабатының жайы.
Қан ізі болған жағдайда оның формасы мен орналасуы көрсетіледі.
Тінту. Окиға болған жерді қарағаннан кейін бірден тінту жүргізуге болады егер іс үшін маңызы бар заттары, іске мүдделі адамдар тығып қойды деген негіз туса және қылмыскер пәтерде, үйде, қора-қопсыларда тығылып жатыр деген жағдай туса.
Іс үшін маңызы бар заттар туралы мәліметтер оқиға болған жерді, мәйітті қарағанда, куәлардан жауап алғанда, басқа да тергеу іс-әрекеттерін жүргізгенде алынады.
Тінту қылмыс жасау құралдарын іздегенде киім мен аяқкиімді (оны сезікті қылмыс жасағанда киген) заттардың, оның бөліктерін, сол арадан тапқанда жүргізеді.
Тінту жүргізе отырып, тергеуші қылмыс кұралы болып табылатын заттарды да көңіл қоя карауы керек. Заттарды алғанда хаттамада олардың қайдан табылғандығын, сыртқы пішінін, түрін, мөлшерін ерекше белгілерін, жағдайын, іздін бар-жоғын көрсетуі кажет.
Мәйітті не оның беліктерін іздегенде. Оларды жасыру мен көмудің барлық мүмкін болатын орындарын ұқыпты тексеру керек: мұражайды, құдық ішін, үй шатырын, қазылған шұңқырларды.
Мамандар мәйіт іздейтін және басқа да іздеуші құрал-жабдықтарымен көмектеседі.
4. Кісі өлтірудің жеке турлерін
тергеу криминалистік
4.1 Кісі өлтірудің жеке турлерін тергеу криминалистік әдістемесі ерекшіліктері
Жоғалып кету туралы мәліметтер бойынша қозғалған істерді тергеу ерекшіліктері.
Мұндай жағдайларда көбінесе мына жорамалдар тексеріледі:
Жоғалған адам тірі, бірақ бір себептерге байланысты өзі туралы білдіре алмайды, ауруға байланысты жоғалған адам кенеттен қайтыс болған немесе жазатайым оқиғаға ілініп қаза тапты не баска да қылмыс текті емес жағдайларда опат болды.
Алғашқы екі жорамалды тексеру мақсатында не анықтау керек:
Жоғалған адам не оның мәйіті ауруханаға, мәйітханаға басқа да медициналық мекемелерге түскен жоқ па?
Сотталғандар мен тұтқындалғандар арасында жоқ па?
Ізденуші адамның мәйіті, танылмаған мәйіттер ішінде емес пе?
Жоғалған адам туралы төлқұжат пен әскери есеп мәліметтерінде жоқ па?
Іздеуші адам өзінің бұрынғы мекенінде, туған жерінде, туыстарының тұрған жерінде тұрмай ма? [8].
Жоғалған адам тергеу және сот орындарынан қашып жүрген жоқ па?
Немесе тұратын орнын тұрмыс жағдайына байланысты өзкерткен (отбасынан кетіп қалу, қарыздарын өтеуден қашу, тағы басқалар) жоқ па?
Егер кісі өлтірушілікке негіз бар деп ұйғарылса, онда ең бірінші кезекте мәлімдеушіден жауап алынады: содан жоғалушыньң туысқандарынан, дос-жарандарынан, қызметтес адамдардан жауап алынады.
Жоғалғанға дейінгі жағдайларды анықтау процесінде мына мәселелер анықталады: бұл кісіні соңғы рет қашан керді? Алдағы жоспарлары қандай еді? Оның тәртібімен көңіл-күйінде ерекшеліктері байқалмады ма? Ол соңғы кезде біреулермен жанжалдасқан жоқ па? Егер олай болса оған себеп не? Оның туыстарының, көршілерінің, қызметтестерінің және таныстарының ішінде оның өлімін тілеушілер бар ма? Жоғалушы қалай киінген еді, оның өзінде қандай заттар, киімдер, құнды заттар бар еді.
Жоғалған адамның тұратын орны қаралады: тұрғын үй-жай, қора-қопсылары мен оған тиісті жер орындары;
Жақында болған жөндеу іздеріне ерекше көңіл аударылады: бөлмелердін. орналасуының өзгеруі, жердің жаңа қазылған учаскелері.
Егер кісі өлтіру мен мәйітті бөлшектеу түрғын жай ішінде болса, онда қылмыскерлердің ізі, олар қанша әрекеттенсе де қалып қояды. Паркет плиткалары, не тақтайлар арасындағы саңылаулардағы нәрселерді зерттеу үшін алу кджет; кейде жеке тақтайларды көтеру керек, паркет плиткасын, онын астында қан ізі бар-жоғын анықтау үшін алу керек.
Информация о работе Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесі