Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2015 в 18:03, курсовая работа

Краткое описание

Мен осы курстық жұмысын орындаудан бұрын алдыма мынандай мақсат қойдым:
1. Кісі өлтіруді тергеу әдістемесін саралау зерттеу, сонымен қатар методикалық ңұсқалар келтіру.
Бұл мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер анықталды:
1. Кісі өлтіруді тергеу әдістеме криминалистикалық сипаттамасына талдау жасау;
2. Кісі өлтіруді кейбір жекелеген түрлері бойынша тергеу әдістемесін зерттеу, талдау жасау, сонымен қатар теория тұрғысынан методикалық ңұсқау беру.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................4
1. КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ .................6
1.1 Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы.....6
1.2 Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы....................................................8
2. КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІНІҢ ШАРТТАРЫ..................................................................13
2.1 Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістеме сатылары ......................13
2.2 Оқиға болған жерді, мәйітті және басқа да заттық дәлелдемелерді қарау............................................................................................................................15
3. КІСІ ӨЛТІРУДІҢ БАСТАПҚЫ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ....20
3.1 Сот медициналық сараптамасын тағайындау, куәландыру әдістемелерінің сипаттамасы....................................................................................20
4. КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ЖЕКЕ ТҮРЛЕРІН ТЕРГЕУ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................................................24
4.1 Кісі өлтірудің жеке турлерін тергеу криминалистік әдістемесі ерекшіліктері..............................................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................................33

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ажар.docx

— 63.57 Кб (Скачать документ)

Қылмысты жасау тәсілдерінің қылмыстық-құқыктық дифференциясы аса зұлымдықпен жасалған кісі өлтіру немесе көп адамның өміріне қауіп келтіру тәсілімен. Сол әрекетіне сипаттама жасау үшін маңызы бар ғана емес, қылмысты тергеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін керек, бұларда материалдың және идеялық іздерде көрінетін қылмыскер әрекетінің дайындалуы, оны жасыруға байланысты істер түрлерін көрсетеді.

     Нақты әрекеттер спецификасы криминалистік аспектіде қылмыстық нәтижеге жетуге бағытталған және осымен өз суреті көрінетін шарттылық қылмыс жасау қолданудағы құралдарға сипаттамалар мен оларды пайдаланудың тәсілдері көрінеді.

Кісі өлтірушілік жасағанда бұл құралдардың, ату құралдарының әр түрлілігімен, зорлауда жәбірленушінің қарсылығын тойтару өдістері мен құрал-жабдықтарына (қылқындыру, ұру) байланысты анықталады.

     Пайдаланатын кұралдардың нақты түрі оған байланысты типтік із қалдырып кана қоймай, қолдану шарттарын да анықтайды: арнайы адаммен (дағды, күш, табу мен дайындау мүмкіндігі) құралдардың сипатына сәйкес қолданудын орны мен уақытын таңдау, жасырыну тәсілдері.

    Қылмыс жасауда құралдар пайдаланудың түрлерін есептеп криминалистік әдістемеде өлтірудің мынадай тәсілдерін бөліп қарайды:

- Мылтықты пайдалану.

- Қара күшті пайдалану (тұншыктыру, суға батыру).

- Тұрмыс заттарын пайдалану.

- Улы және уландыратын заттарды пайдалану.

     Қылмыс жасаудың типтік іздік суреті материалдық және идеалдық көріністердің барлық жиынтығын, қылмыскер мен жәбірленушінің іс-әрекетімен жасалған, әрбір нақты жағдайда қылмыс жасаудың тәсілінің тікелей көрінісі болып табылады да, қылмысты ашудың жолдары мен мүмкіндіктерін анықтайды.

     Мылтықтан болған жараларды қараудың ерекшеліктері бар: жараның кірген және шыкқан тесіктерінің белгілері: бытыраның шашылуы анықталады, мәйітте және киімде дәрімен күйе іздері барлығы тексеріледі, мәйіт жанынан мылтық қолданылғандығын куәландыратын заттардың іздерін табу шаралары қолданылады [3].

     Тұрмыстық құралдар арқылы салынған жаракаттардың нысандары әр түрлі болады: жарты ай, бұрышты, дөңгелек т.б. Жарақат нысанына өтпейтін құралдардын, қозғалу бағыты мен формалық түрі әсер етеді. Егер өлім жарақат салынғаннан кейінгі алғашқы тәулікте жеткен болса, онда таңба жиектерінде шіру процесінің іздері көріне бастайды.

     Өтпейтін құралдармен салынған жаралар біркелкі емес, көбінесе жыртылған болады, жара шеңберінде зақым зонасы (көгерген, езілген) көрінеді. [4].

     Тұншықтыру, суга батыруды көрсететін белгілер. Тұншыктыру: ілмекпен немесе қолмен, өзінің белгілері бойынша асы-ып өлуді еске түсіреді, бірақ оның өзіне тән белгілері бар:

- ілмек-тұзақ салған жердегі жоғарғы терінің көгергені;

- бет терісінде, әсіресе қасында көптеген қан тамырлары қиылғандығы көрінеді;

- тілі салбырап тістерінің арасынан шығып тұрады;

-странгуляциялық тілім көлденең бағытга болады және ілмек жанынан үзілісі болмайды.

     Суға батыру — егер сұйықта адамның басы ғана көрініп тұрса, онда ол суға батырылған деп есептелінеді.

      Өзендер мен шағын көлдерде суға кеткен адам денесі су түбіне түседі және қатты ағыс болмаса бір орында калады. Шіри бастағанда мәйіт су бетіне қалқып шығады (жазда 2—3 күн, қыста 10-20 күн ішінде).

      Мәйіттің суда қанша жатқандығын тері түсінің өзгеруіне карап шамалауға болады: 2-6 сағаттан кейін саусақ ұштарының терісі аздап ісініп, ағарады; 2—5 тәуліктен кейін алақан терісінің барлық беті ісінген, әжімденген сияқты болады, ақ түске енеді; 7—15 күннен соң қолдың сыртқы терісі түсе бастайды, 30—40 күн өткен соң тырнақтарымен бірге мәйіт дақтары білінеді. Бүл процестер су температурасына байланысты етеді. Судан мәйітті шығарғаннан кейін өлім туралы соңғы пікір сот-медициналық зерттеу нәтижесінде айтылады [4].

      Улану әр түрлі химиялық заттар арқылы болады және әр түрлі сипаттамалармен қоса өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесінің алғашқы кезеңінің шарттары

 

2.1 Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесінің сатылары

 

     Қаралып отырған кылмысты тергеудің бастапқы сатысы екі негізгі жағдаймен айқындалады:

    а) Қылмыс белгілерін көрсететін материалдық іздердің бар болуы (мәйіттің табылуы, оның бөліктері, қан іздері, өлтіру құралдары);

    ә) Адамнын жоғалып кетуі немесе қылмыстың ізі болмаса да, қылмыс болды деген хабар түскен.

      ҚР ҚІЖК-нің 177-бабына сай қылмыстық іс козғауға себептер мен негіздер.

- мәйіттің табылуы туралы азаматтардьщ, лауазымды түлға-лардың арыздары;

- мәйіттің мәйітханаға түсуі, немесе кісі өлімінің жараланудан, уланудан болғандығы туралы медицина мекемелерінің хабарлауы;

- жәбірленушілердің оларды өлтіруге немесе оларға қастандық жасауға дайындық бар екендігі туралы арыздары;

- кісі өлтіруші мен оның сыбайластарының өз кінәсін мойындап келуі;

- қылмыстык іс қозғауға құқылы органдар мен лауазым иелерінің кылмыс туралы мәліметтерді өздерінің анықтауы.

      Тексерудін алғашқы сатысында шешілетін анықталуға бағытталған негізгі мәселелер: а) кылмыс жасалған орын; б) зорлап өлтіру немесе өлімнің басқа да себептерден болуы; в) егер зорлықпен өлтіру болса, оны жасаудың тәсілі; г) құрбандықты, өлтірушіні, сыбайластарды анықтау; д) өлтірудің ниетін анықтау.

      Алғашқы тергеу кызметтері:

      Оқиға болған жерді және мәйітті қарау. Мәйіт табылғанда оқиға болған жерде бірінші рет сырттай карайды. Өлімнің себебі мен түрін анықтау және жәбірленуші жайында мәліметтер жинау, жасалған кылмыс іздерін табу үшін жүргізіледі. Табылған мәйітте жарақаттары барлығын тексеруге ерекше көңіл аударылады. Қару-жарак, жәбірленушінін денесінде терең із қалдырып, адам денесінің өмірлік маңызды орындарына жарақат келтіреді.

       Қарау-тергеу қызметінің маңыздыларының бірі болып табылады. Оның нәтижелері барлық алдын ала тергеу істерінің табысты болуын анықтайды.

       Оқиға болған жерді қарағанда, ең бірінші қылмыскердін, ізіне дереу түсуді, оны іздеуді ұйымдастыруы қажет.

       Кісі өлімінде сот-медициналық, сарапшы-дактилоскопшылар, биологтер, сот-жедел суретке түсіру мамандары немесе бейнежазу, ал қажет болған жағдайларда баллистер мен өрт техниктері де қатынасады.

        Бұл, оқиға болған жерді ұқыпты, дәл қарауға, болған жағдайды қайта қалпына келтіруге (қылмыс болғанға дейінгі), айғақ заттарды, т.б. іске маңызы бар объектілерді алуға мүмкіндіктер жасайды.

       Қарау объектілеріне мыналар жатады: үй-жай немесе қылмыс болған ашық жерлер, жәбірленушіге дене закымдарын салған заттар, мәйіттің өзі.

      Оқиға болған жер мен мәйітті ұқыпты қарау мыналарды анықтайды:

      Өлімнің болған уақыты, тергеуші хаттамада өлімнің болған уақытын анықтайтын мәліметтерді жазады: мәйіттегі дактардың болуы мен сипаты, мәйіттің қатаюы, шіри бастау, ауаның температурасы.

       Жәбірленуші мен қылмыскер арасында алыс-жұлыс болғандығы, сынған жиһаз, аударылып қалған орындықтар, сынған ыдыс-аяқтар т.б. куә болады.

       Қылмыскер мен жәбірленушінің тұрған жерлері: соңғысына жарақат салу, ұрып-соғу т.б. мертігулер. Бұл мәселе мәйіттің жату қалпымен орнын тексеріп-зерттеуден, жаралар, қан таңбаларын анықтаумен шешіледі.

       Өлтірушілердің саны, олардың өлтіру орнына баруы мен қайту жолы, бұл қылмыскерлердің іздеріне дереу түсуге мүмкіншілік береді.

       Қылмыскерлердің саны туралы мәселе оқиға болған жерде қалған аяк, аяқкиім, қол іздерін, шылымның қалдықтарын т.б. зерттеу жолымен шешіледі. Тергеуші оқиға болған жерді қарау үстінде криминалистік құрал-жабдықтармен табу тәсілдерін, іздерді алу мен анықтауды және баска да заттық айғақтарды дұрыс пайдалана қолданып, шеберлік көрсетуі қажет [5].

        Атыс, атылған оқ, гильзалар мен тығындар бойынша ату құралдар түрін, моделін, маркасын, жүйесін, ара қашықтықты және ату бағытын анықтауға болады.

       Табылған жерінде мәйітті сырттай қарау сот дәрігері, ол болмағанда басқа дәрігердің қатысуымен жасалады. Маман өлімнің болу дерегін көрсетіп кана қоймай, өлімнің қай уакытта болғандығының уақыт шамасын анықтайды, тергеушіге басқа заттай шығындардың іздерін анықтауға, ашуға көмектеседі.

 

2.2 Оқиға  болған жерді, мәйітті және басқа  да заттық дәлелдемелерді

қарау

         

      Оқиға болған жерді қарау — бұл тергеуші немесе сол орында анықтама ізін жүргізуші қылмыстық іс жүргізуші заң тәртібімен тағайындалған рет бойынша жағдайды және басқа да болған оқиға жайларын анықтау мақсатымен атқарылатын іс-әрекет, іс үшін маңызы бар қылмыс іздерін анықтау, оларды алу мен басқа да заттық айғақтарды анықтау мен табу үшін жүргізіледі. Қараудың негізгі міндеттері:

а) қылмыс іздерін табу;

ә) басқа да заттай дәлелдерін табу;

б) болған оқиға жағдайын анықтау;

в) іс үшін маңызы бар баска да жағдайларды аныктау;

г)  тергеушінің барлық іс-әрекетін және барлық табылғандарды сол күйінде, сол қалпында, сол ретпен қарау мезгілінде қалай болғанын қағазға түсіру;

д) карау кезіндегі барлық алынған заттарды тізімдеу;

е) қарау процесіндегі алынған заттар мен құжаттарды сақтауға шаралар қабылдау.

        Заң қылмысты іс қозғағанға дейін оқиға болған жерді қарауға рұқсат етеді.

        Істі қозғауға бола ма, болмай ма, окиға болған жерді біліктілікпен зерттелгеннен кейін ғана қорытынды шығаруға болады [6].

       Сондықтан да, қылмыстық іс жүргізу заңы, окиға болған жерді қарауды ешкандай кезек күттірмейтін іс-әрекет деп есептеп, тергеушіні анықтау органын дереу окиға болған жерді қарауға міндеттейді, бұл іс-әрекетсіз қылмыстык іс козғау мүмкін емес.

       Оқиға болған жерді қарағанда жіберілетін типтік қателер мыналар:

       Криминалистік мәселелерді әлсіз шешкенде: іздеу жұмыстары жапа шегеді, үстіңгі жағында жатқан нәрсе ғана жазылып-түсіндіріледі.

  1. Қараудың жүйесіздігі.
  2. Алғашқы сатының жиі қайталанатын типтік кемшіліктері:
  3. Оқиға болған жерді қарауда ат үсті жүргізілуі;
  4. Хаттамаға криминалистік акпаратты дәл түсіндіріп жазбау;
  5. Анықтаудың фотографиялык әдістерін сапасыз пайдалану;
  6. Микрообъектілер анықталмайды, зерттелмейді, жазылып-хатталмайды: ластар, киім мен аяқкиімдегі, қолдағы және дененің басқа бөліктеріндегі;
  7. Теріс жағдайлар анықталып талданбайды.

        Жәбірленушіден жауап алу. Жәбірленушіден өз уақытында жауап алу, істің жағдайлары туралы толық та шын көрсетпелер алуға, кінә мен олардың жақындарына жәбірленушіге әсер етпеуге жағдай жасайды.

        Уақыт өте оның көрсетпелері өзгеріске түсуі мүмкін, ол бір нәрселерді ұмытады, басқа біреудің ырқына көнуі де мүмкін болатын жағдайда, т.б.

Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қастандық жасау нәтижесінде ол қатты қозу үстінде болса, одан жауап алуға болмайды.

        Аса ауыр жүйке-психикалық жағдайды түсіру үшін тергеуші тыныштық, сенімділік жағдайын, қылмысты тез ашу мен кінәліні жазалаудың тез болатындығына сендіру керек.

        Жәбірленушіден қылмыс жасау окиғасын катынасты жағдайлар туралы жауап алу кажет (уақыт, орын, тәсіл, жағдай қылмысқа дейін, қылмыс уақытында және онан кейін): кылмыскердің осы кезеңдегі ара қатынасы, дене жаракаттары және құралдар, жәбірленуішнің тәртібі мен жағдайы, мүлікті зиян мөлшері жауапкершілікті жұмсартатын немесе қатайтатын жағдайлар, қылмыс болу оқиғасын куәландыратын дәлелдемелер және оның нақты бір адаммен жасалғандығы.

      Егер жәбірленуші оқиға болған жерде толық және дәл керсетпелер бере алатын мүмкіндігі болса, онда жауап алуды сол арада өткізген жөн.

       Тек мүдделі болғандықтан, жөбірленушінің көрсетпелеріне сын көзімен карауды қажет етеді.   Оған шабуыл жасаудын сылтау, әдепсіздік, дөрекілік, біреуді соғу істерін оның жасыру мүмкіншілігі де жокка шығарылмауы керек.

     Куәлер және көзімен көргендерден жауап алу. Окиға болған жерді қараумен бір мезгілде тергеуші немесе оның тапсырмасы бойынша қылмысты іздеу қызметкері куәларды анықтап, олардан жауап алады.

      Ең бірінші кезекте жауап алатындар:

      Қылмысты көзімен көргендер, мәйітті тапкан адамдар, қылмыс жасалып жатқанда онымен болғандар, туысқандары, таныстары, жәбірленушінің өмірін жақсы білетіндер.

       Куәларды анықтау мақсатында окиға болған жерде сұрау жүргізіледі, жақын маңайдағы үйлердің тұрғындарымен, ұйымдар мен кәсіпорын қызметкерлерімен әңгіме жүргізіледі, басқа ішкі істер органдарына сұрау салынады, автобус, трамвай, троллейбус, электропоезд, автовокзал жүргіншілеріне хабарланады, жергілікті баспасөз, радио, теледидарға хабарлама беріледі,

егер қылмыс көлікпен жасалса, онда автошаруашылық, техстанция, жөндеу орындарына, жедел-іздестіру шаралары қабылданады.

      Куәлар есебінде жәбірленушіге медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қарағанда, жәбірленушілер жиі жағдайда ашық болады.

Информация о работе Кісі өлтіруді тергеудің криминалистік әдістемесі