Криминалистикалық тіркеудің түсінігі және оның ғылыми,құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 21:15, реферат

Краткое описание

Қылмысты ашу және тергеуде,сондайақ осы мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізуде әр түрлі ақпараттар алудың маңызы зор.Бұл ақпараттардан осы қылмысты жасаған немесе жасауға қатысы бар тұлғалар,ашылмаған қылмыстар,табылған дәлелдемелік айғақ заттардың шығу тегі туралы т.с.с. мәліметтер ала аламыз.Ал,қандай да болмасын ақпараттарды,соның ішінде криминалистикалық ақпараттарды бекітуге, сақтауға,беруге болатынын ескерсек,криминалдық сипатитағы оқиғалар мен құбылыстардың ақпараттық қоймасы болып келетін ақпараттар жүйесін құруға болады.Бұл жүйелерді қылмысты ашу,тергеу және алдын алу мақсатында қолдануға болады.Міне осындай ақпараттық анықтамалық жүйелерді криминалистік тіркеулер деп атайды.Яғни,қылмыстық процессте тергеліп отырған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатымен құрылған,тұлғалар туралы мәліметтер,криминалистикалық мәні бар заттар,басқа да объектілер туралы ережелер жүйесі мен әдістерін криминалистикалық тіркеу дейді.

Содержание

КІРІСПЕ
І. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі және оның ғылыми,құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Криминалистикалық тіркеулердің нысаны мен түрлері
1.2 Прокуратура органдарында және ҚР криминалдық ақпараттар басқармасында жүргізілетін жедел-анықтамалық тіркеулер
1.3 ҚР ІІО жүргізілетін криминалистік тіркеулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖОСПАР.docx

— 48.62 Кб (Скачать документ)

 

Ішкі   істер  органдарының  жедел-криминалистикалық  бөлімдерінде   криминалистикалық   тіркеулер  жəне  анықтамалық -ақпараттық   қорлар   жинақталады .  Бұл  бөлімдерде   криминалистикалық тіркеулерді-іздер мен криминалистикалық  ақпарат көздерін  барынша  толық  түрде қолданып,  қылмысты  анықтау,ашу  жəне алдын  алу мақсатында жүргізеді.  Ал анықтамалық -ақпараттық  қорлар  – тергеу ,  жедел  іздестіру   жəне  жедел-криминалистикалық  бөлімшелерге   қажетті  анықтамалық   ақпараттарды   алу  үшін жинақталады .

Жедел-криминалистикалық  бөлімдерде мына төмендегідей  криминалистикалық  тіркеулер жүргізіледі :

Қазақстан  Республикасының  Ішкі Істер  Министрлігінде:

  – ашылмаған   қылмыс  орнынан   алынған,қарудың   ізі   бар оқтар,  гильзалар жəне патрондардың коллекциясы ;

  – беймəлім  дауыстардың   фонотекасы;

  – барлық  мемлекеттердің   жалған  ақшалары  мен  құнды   қағаздарының картотекалары;

  – полиграфия  құралдарын  қолдану  арқылы  жасалған   жалған құжаттар  катотекасы ;

  – ашылмаған ,  ауыр  қылмыс жасалған  жерлерден алынған   қол іздерінің  картотекасы;

ІІМ -нің басшылығының  шешімімен  басқа да  картотекалар  мен 

коллекциялар  жинақталуы мүмкін.

Ішкі  Істер   Департаменті   (ДВД)  мен  Транспорттағы  Ішкі Істер  Департаментінде (ДВДТ) жүргізілетін тіркеулер:

  – дактилоскопиялық ;

  – сындырып -бұзу құралдарының іздері ;

  – аяқ киім  табанының   іздері ;

  – автомототранспорт   құралдарының  доңғалақтарының   протекторларының  іздері ;

  – оперативтік   қызығушылық  туғызатын   тұлғалардың   фото жəне бейнетекасы;

  – ашылмаған  қылмыстар   фонотекасы;

  – кім  екені   анықталмаған   қылмыскерлердің   субъективтік  портреті .

Оперативтік  жағдайларға  сондай -ақ   тергеу   əрекеттері  мен жедел-іздестіру   жұмыстарын  жүргізу  барысында   табылған  іздер  мен  объектілердің   сипаттамаларына   байланысты  жедел-криминалистік бөлімшелерде  басқа  да   тіркеулердің  жүргізілуі мүмкін.

Анықтамалық –  ақпараттық  қорлар  белгілі  бір регионда  жалпы  мəліметтер  банкін  құрып  барынша  толық  анықтамалық  ақпараттар  алуға мүмкіндік беруі тиіс .

Мысалы,мынандай  анықтамалық -ақпараттық қорлар құруға  болады:

● суық қарудың  анықтамалық  коллекциясы ;

●оқ-дəрі  мен атыс  қаруларының  анықтамалық  коллекциясы ;

● барлық  елдердің   қағаз  жəне  металл   ақшаларының  анық-тамалық  коллекциясы .

Жедел-криминалистикалық   бөлімшелерде  нəрселер   мен  заттардың  қасиеттері,  көлемдері,пішіні   жəне  басқа  да   сипаттамалары  бар ақпараттық( анықтамалық )мəліметтер   банкімен  қоса   анықтамалық   нақты   заттық   коллекциялар   мен  картотекалар болады.

Жедел-криминалистикалық   бөлімдердің  анықтамалық -ақпараттық   бөлімдерінде   заттардың  қасиеті,  пішіні   жəне  басқа  да   сипаттамалары  туралы  ақпараттық( анықтамалық ) мəліметтерден басқа  мына  төмендегідей   анықтамалық ,  нақты   заттық   коллекция-лар жəне картотекалар  болады:

● атыс қарулары  мен оқ -дəрілердің;

● сындырып  бұзу  құралдарының;

● аяқ  киімдердің  үстіңгі  жағы мен табанының  кескіні ;

● автотранспорт шинасының  протекторларының іздері ;

● автомобиль фараларының  жарық  сейілткіштері .

Бұдан  басқа  да :  шетелдік   пломбалар,жануарлардың қылшықтары,  жанар-жағар  майлар  материалдары,суық  қарулар,жарылғыш заттар,  құжаттарды жасау үшін қолданылатын материалдар,  мөр мен штамптардың көшірмелерінің  анықтамалық  карто-текалары  мен коллекциялары  да жинақталуы мүмкін.

Оқиға  болған   жерден  алынған   объектілерді  уақытында   зерттеуге  жіберіп,сараптама  тағайындау,оларды  криминалистік есепке алу  ІІМ   анықтама  жəне  тергеу   бөлімдеріне  жүктеледі. Бұл  бөлімдер   сонымен   қатар  осы   тіркеулер  бойынша   тексерулер  жүргізуді ұйымдастырады .

Ішкі   Істер  Органдарының  жедел-криминалистикалық   бөлім-дерінде  мына  төмендегідей   негізгі   криминалистикалық   тіркеулер  жүргізіледі :  дактилоскопиялық,кім  екені  белгісіз  мəйіттердің  фото -дакто тіркеулері,  субъективтік   портреттер,фото-бейнетекалар,оқ -гильзатекалар,жалған  ақшалар   картотекалары  жəне  əр   түрлі объектілердің  анықтамалық   коллекциялары.Дактилоскопиялық тіркеулер криминалистикалық   тіркеулердің  ең   дамыған,тиімді  əрі көп  таралған  түрі  болып  табылады.

Ішкі   істер  органдарының  жедел-криминалистикалық  бөлімдерінде   дактилоскопиялық  тіркеулер  мына  жағдайларды анықтау  үшін жүргізіледі:

1) оқиға орнында  қол  іздерін  қалдырған  тұлғаны  ;

2) бір  адамның   оқиға   болған   бірнеше  жерде   қол  іздерін  қалдыру   фактісін;

3) егер   ол   адам  бұрын   ІІО   тіркеуде   тұрса,  қайтыс  болған  адамның   кім екендігін  анықтау .

Дактилоскопиялық  тіркеулер  ашылмаған   қылмыс  орнынан  алынған   қол  іздерінің   фотосуреттерінің  картотекасынан   жəне ІІМ   органдарының  оперативтік  қызығушылығын  туғызатын  тұлғалардың  дактилоскопиялық картасынан  тұрады.

Ішкі   Істер  Органдарының  жедел-іздестіру   бөлімдері  жəне тергеушілері   мына  төмендегі  тұлғаларды   саусақ   жəне  алақан  іздері   арқылы  салыстырып  тексеру  үшін  криминалистерге  жазбаша түрде тапсырма береді :

  – қылмыс жасады  деген күдікпен  ұсталғандар;

  – қамауға алынғандар;

  – қылмыс жасады  деп айыпталғандар;

  – қасақана   қылмыс  жасап  сотталғандар   жəне  бас бостандығынан  айыру  орнынан  босатылғандар;

  – полицияның əкімшілік  бақылауына алуға жататындар;

  – тұрмыстық  қатынастарда  құқықбұзушылар;

  – спирттік   ішімдіктерді   шамадан тыс  көп  ішушілер  жəне  алкоголиктер ;

  – ұсақ  бұзақылық   жəне ұрлық  жасаушылар;

  – дəрігердің  тағайындауынсыз   есірткі   заттарын   пайдаланушылар ;

  – притон ұстаушылар  жəне осындай  притондарға  барушылар ;

  – қоғамға қарсы   өмір  сүруші  басқа да  тұлғалар

Жедел-криминалистикалық   бөлімдерге   дактилокарталарды  тексеруге  жіберу   туралы  тапсырмаларда   мынандай  мəліметтер  көрсетілуі  тиіс :  қандай   ішкі   істер  органының   территориясында,қандай  уақыттар  аралығында күдікті  тұлға қылмыс жасауы мүмкін жəне оны  қылмыстың қандай  түрлері бойынша  тексеру керек.

Оперативтік  тіркеуге   алғанда  тұлғаны   дактилоскопиялаумен  қатар фото жəне бейнетіркеуге  алу ұсынылады.

ҚР  ІІМ   Басты  Жедел  Криминалистикалық   Басқармасында (ГОКУ   МВД  РК)  ойық  ұңғылы  қарулар  жəне  олардың   оқтарына  криминалистикалық  оқ -гильзатекада   есеп   жүргізеді .  Заңды   жəне жеке  тұлғалардың   қаруларынан(əскери,спорттық,оқу-жаттығу,аңшылық  ойық  ұңғылы)  облыстардың   іші   істер  департаментінің  жедел-криминалистикалық   басқармаларында  оқ   ату  арқылы олардың   оқтарын   жəне  гильзаларын  алып,  оқ   жəне  гильзатека  қоймасына  орналастырады .  Оқиға орнынан  алынған  оқ  жəне гильзалар,сондай -ақ,өз еркімен  тапсырған,  алынған ,  тауып   алынған  ойық  ұңғылы  қарулардың  жəне  типтік   емес   қарулардың  атылған оқтары ҚР ІІМ -ің  2005  жылғы  8  сəуіріндегі  №220  бұйрығы  бойын -ша  ІІД -нің  жедел  криминалистикалық   басқармасы  арқылы  КОГТ (криминалистикалық оқ-гильзатека )  қоймасына жібереді.

Кейбір   ІІО   жедел  криминалистикалық   бөлімдерінде   кім  екені

белгісіз  мəйіттердің   фото-дакто   тіркеулері  жүргізіледі.Бұл жерде  криминалистер   облыс   территориясында   табылған   белгісіз мəйіттерді  фотоға   түсіріп   дактилоскопиялайды  жəне  жедел іздестіру   бөлімдерінің  қызметкерлеріне  тану   картасын   толтыруға көмектеседі.Ал,бұл тану  карталары тұрақты  түрде хабар-ошарсыз  кеткен   адамдардың  оперативтік  тіркеулерінен   тексеріліп  тұрады. Анықтау   органдарымен  өзара  қарым -қатынас  мына  төмендегі жолдармен  жүргізіледі :

1) Анықтау  органдарының  сұрауы бойынша  сапалы жасалған  фотосуреттері  мен  дактокартасын   жедел  іздестіру   қызметкеріне  ҚР  Бас  прокуратурасының  ҚСжАТК-не   тану   картасын   толтыру  үшін беру ;

2) Хабар-ошарсыз   кеткен   адамдардың  суретін  кім   екені белгісіз  мəйіттердің   фототекасындағы  суреттермен   салыстырып қарау;

3) Фототеканы  туысқандарына   жəне  басқа  да   адамдарға  көрсету,  сонымен   қатар   автоматтандырылған «Фототека»  жəне «Бейнетека» мəліметтер  базасынан тексеру;

4) Фототекадағы  кім   екені  белгісіз  мəйіттер   туралы мəліметтерді салыстырып  тексеру үшін басқа областарға  жіберу ;

5) Кім  екені  белгісіз  мəйіттердің  дактилокартасын   жедел криминалистикалық  бөлімдердің  дактомассивінен жəне қабылдап-таратушы мекемелерден тексеру.

ІІО   жедел  криминалистикалық   бөлімдеріндегі  субъективтік портреттердің  картотекасы  куəлар   мен жəбірленушілердің айтуы   бойынша   компьютердің  көмегімен сыртқы  бейне элементтерін   таңдау   арқылы  құрастырған немесе   суретшінің  көмегімен салынған ,  қылмыс жасады деп күдіктелген тұлғалардың бейнесінен тұрады.Осы  құрастырылған субъективтік портреттер арқылы күдіктіні  іздестіру  ұйымдастырылады.

Олардың   көшірмесі  патрульдік   қызметкерлер,участкелік  инспекторларға   берілетін   іздеу  бағдарламасына(ориентировка)қоса   тіркеліп,бұқаралық   ақпарат қызметтері   арқылы  таратылады.  Əрбір  дайындалған   субъективтік   портрет  бұрын   дайындалған  портреттер   картотекасынан   міндетті  түрде  мына  жағдайларды анықтау  үшін тексеріледі :

    • осы  жылғы  жасалған  барлық қылмыстарды ;
  • іздеуде  жүрген  күдікті   тұлға  жасады  деген  қылмыстың нақты   түрлері  бойынша   соңғы   екі  жылдағы   жасалған  қылмыстарды .

Егер   тексеру  оң  нəтиже  берсе  онда   субъективтік   портреттер  картотекасындағы   типтік   ұқсастық   табылғаны   жөнінде  анықтама құрастырылып,ол  осы  тапсырманы берген  адамға  жіберіледі.

ІІО   барлық  жедел  криминалистикалық   бөлімдерінде  оперативтік  қызығушылық  туғызатын   тұлғаларға   фототекалық жəне  бейнетекалық  тіркеулер жүргізіледі   жəне  олар   белсенді  түрде  пайдаланылады. «Бейнетека»  криминалистік  тіркеулерін  жүргізу  жауапкершілігі  ІІО   оперативтік  бөлімдерінің  басшыларына  жүктеледі жəне оларды оперативтік ақпараттармен қамтамасыз ету осы  бөлім қызметкерлеріне тапсырылады .  Ал,  оны  техникалық жағынан  қамтамасыз етуге жедел криминалистикалық  бөлімдердің басшылары  жауапты  болады.

Жедел іздестіру  қызметкері,тергеуші,анықтаушы :

1) тіркеуге  алынатын адамды  алып келуді  ұйымдастырады ;

2) тұлғаны   тіркеуге   алатын  күнді  жəне  уақытын   анықтайды( мыс,  уақытша ұстау оқшаулағыштарынан,тергеу оқшаулағыштарынан,қабылдап-таратушы мекемелерден);

3) тіркеуге  алынатын адамға  оның не  себептен  бейне тіркеуге  алынатынын  түсіндіру ;

4) қылмыскердің(күдіктінің)  қолда  бар  белгілеріне   сəйкес  бейнетека  массивінен   ұқсас  типтерді   таңдап   алып  оларды жəбірленушілерге  немесе  куəларға  көрсетеді.

Жедел криминалистикалық  бөлімдердің маман -криминалисті :

1) бейнетүсіруге   дайындық  жасап  техникалық  құралдардың   дұрыс  жұмыс  істеуін   бақылап  отырады ;

2) тіркелетін тұлғаларды  бейнекамераға түсіреді;

3) тіркелетін  тұлғаларды   бейнемагнитофон   есептегіші   бойынша жəне бейнекассетаның нөмірі  бойынша  есепке  алады ;

4) тергеушінің  немесе   оперативтік  қызметкердің   тапсырмасы  бойынша   танушы  адамға   бейнетека  массивіндегі  тұлғалардың  бейнесін  көрсетеді.

Бейнетека массивінен  тексеру  тергеушінің немесе  оперативтік  қызмет   аппаратының   басшысының   жазбаша   нұсқауы   арқылы жүргізіледі. Күдікті  адамды  ұстаған  жағдайда   оған   ҚР  ҚІЖК 229 бабына сəйкес  тану  жүргізіледі .

Бейнефильмдерді  көрсету  міндетті  түрде  дыбыссыз  режимде  жүргізіледі ,  ал  егер  танушы адам қылмыскердің дауыс  ерекшелігін  есінде  сақтап   қалса,  онда   оған   бейнематериалдар   дауысымен  көрсетіледі .

Бейнежазулар  бойынша   тануға   ұсыну   ҚР  ҚІЖК 229 бабының  талаптарын   сақтай   отырып,  хаттама  толтыру   арқылы  жүргізіледі. Хаттамаға  үштен   кем   емес   тануға   ұсынылатын  адамдардың суреттері  жапсырылған  фотокесте қоса  тіркеледі .

Жалған  ақшалардың   картотекасының  криминалистикалық есебі – облыс   территориясынан   алынған   немесе   басқа региондардан  келіп түскен   ақша  купюралары  туралы  мəліметтерден  жəне купюралар   коллекциясы   мен  компьютер   бағдарламасындағы  мəліметтер  базасынан тұрады.

Əдетте   купюралардың  көптеген   бөлігінде  (90 %  дейін)  бірдей  нөмірлері мен ұқсас  белгілері  болады.  Бұл олардың  шыққан тегінің  (дайындалуының)  бір екенін  көрсетеді.

ҚР  ІІМ   мен  ҚР  ƏМ-ің   сот  сараптамы   орталығының  1999 жылғы  28  желтоқсандағы  №10  бірлескен  бұйрығы   бойынша  жалған  ақшалар   мен  құнды   қағаздардың  Республикалық   картотекасы құрылды.  Объектілерді  зерттеу  жəне  тіркеуге   алуды  оларды  облыстардың   Ішкі   Істер Департаментіне қарасты Жедел Криминалистикалық Басқармаларындағы  картотекалардан тексергеннен  кейін ғана  жүргізу ұсынылады .

Информация о работе Криминалистикалық тіркеудің түсінігі және оның ғылыми,құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері