Криминалистикалық тіркеудің түсінігі және оның ғылыми,құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 21:15, реферат

Краткое описание

Қылмысты ашу және тергеуде,сондайақ осы мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізуде әр түрлі ақпараттар алудың маңызы зор.Бұл ақпараттардан осы қылмысты жасаған немесе жасауға қатысы бар тұлғалар,ашылмаған қылмыстар,табылған дәлелдемелік айғақ заттардың шығу тегі туралы т.с.с. мәліметтер ала аламыз.Ал,қандай да болмасын ақпараттарды,соның ішінде криминалистикалық ақпараттарды бекітуге, сақтауға,беруге болатынын ескерсек,криминалдық сипатитағы оқиғалар мен құбылыстардың ақпараттық қоймасы болып келетін ақпараттар жүйесін құруға болады.Бұл жүйелерді қылмысты ашу,тергеу және алдын алу мақсатында қолдануға болады.Міне осындай ақпараттық анықтамалық жүйелерді криминалистік тіркеулер деп атайды.Яғни,қылмыстық процессте тергеліп отырған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатымен құрылған,тұлғалар туралы мәліметтер,криминалистикалық мәні бар заттар,басқа да объектілер туралы ережелер жүйесі мен әдістерін криминалистикалық тіркеу дейді.

Содержание

КІРІСПЕ
І. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі және оның ғылыми,құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Криминалистикалық тіркеулердің нысаны мен түрлері
1.2 Прокуратура органдарында және ҚР криминалдық ақпараттар басқармасында жүргізілетін жедел-анықтамалық тіркеулер
1.3 ҚР ІІО жүргізілетін криминалистік тіркеулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖОСПАР.docx

— 48.62 Кб (Скачать документ)

Есепке   қою   үшін  карточкаға   тіркелетін ( тізімге   алынатын) тұлғаның  қолдарының  іздерінің   таңбасын  алып  оны   сигналдық  суретке  түсіру   əдісімен   фотоға   түсіреді.  Бұл  алфавиттік   жəне дактилоскопиялық  карточканың   өзара  байланысын  қамтамасыз етеді.

Есепке   алынған   тұлғаның  алфавиттік   карточкасында  оның дактилоскопиялық  формуласы   жəне  оң  қолының   сұқ  саусағының ізі  басылады,  ал  ол  саусағы  жоқ болса басқа саусағының ізі  басыла-ды.  Егер  алфавиттік  карточкада  салыстырып отырған тұлғалардың  дактилоскопиялық формулалары  ұқсас  болса,  тұлғаның жеке басын  нақтырақ анықтау  үшін дактилоскопиялық картаны  қолданады .

Дактилоскопиялық  есепке   алу  жəне  портреттік   картотекалық  тіркеулерден   тексеру,  осы   тұлға өзі туралы  мəліметтер   беруден бас тартса  немесе  жалған мəліметтер  берсе,  оны анықтауға немесе  нақтылауға  мүмкіндік береді .  Алфавиттік  карточкаларда бекітілген мəліметтердің дұрыстығына   күмəн   келтіретін  жағдайларда оны дактилоскопиялық  картотекамен   салыстыру   арқылы  тексеруге болады.

Дактилоскопиялық  есепке   алу –  қамауға  алынған,бас  бостандығынан  айыру  жазасына жазаланған ,сонымен  қатар қайыр тілеп  жүргендігі  жəне  босқындығы  үшін  ұсталған   тұлғаларды  тіркеуге  алудың бір түрі  болып  табылады.

Дактилоскопиялық  картотека  ұсталған,қамауға  алынған,өліп  қалған   белгісіз  адамдардың(танылмаған  мəйіттердің);құжаты жоқ,денсаулығына немесе  жасына байланысты өзі туралы ештеңе айта  алмайтын  азаматтардың   тұлғасын   анықтауға  мүмкіндік  береді .

Дактилоскопиялық  карталар   арнайы  бояулардың  көмегімен  тіркелетін  тұлға  қолының   алақаны   мен  əрбір  саусағының  папиллярлы   өрнектері  боялып,бланкінің  тиісті  клеткаларына оның таңбалары  түсірілуі  арқылы жүргізіледі .

Тіркеуге   жіберілетін   дактокартаға   қатаң  талаптар   қойылады:

қол саусақ  таңбалары  нақты  басылып ,  папиллярлық  өрнектер  бояулары  анық,  жабыспай жəне жағылмай алынуы қажет .

Дактилоскопия  жасаудың  бұл  тəсілін   он  саусақтық  деп  атайды.  Дактилокарталар  саусақтың  папиллярлы  өрнектеріндегі жеке белгілеріндегі мəліметтерден  алынатын арнаулы  формулалар бойынша  белгілі  бір тəртіппен реттеледі :  он саусақтық,  бес саусақтық  жəне бір саусақтық (монодактилоскопиялық).

Дактилокарталарда  осы   аталған  саусақтар  бойынша   бəрінің немесе   əр   қайсысының  жеке-жеке  белгілері   туралы  мəліметтер  тіркеледі .  Карточкада   тіркелетін  тұлғаның  дактилоскопиялық формуласы   көрсетіледі .  Он  саусақ   жүйесі   бойынша   айыпкерлер, ұсталған   тұлғалар,  сотталушылар  тіркеуге   алынады .  Дактилокарталарды   жүйелеу  қол  саусақтарының   папиллярлы  өрнектерін  топтастыруға  негізделеді .

Карточкалар –  тіркелетін  тұлғалардың   фамилиясы   ескеріле  отырып алфавиттік  рет бойынша  картотекаларға енгізіледі.

Егер   алфавитті  мəліметтерде   салыстырып  отырған  тұлға-лардың  дактилоскопиялық  формулалары   ұқсас  болса,тұлғаның жеке  басын   нақтырақ  анықтау   үшін  дактилоскопиялық  картаны  қолданады .

Алфавитті-дактилоскопиялық  есепке   алудың  мүмкіндіктері  тұлғаны   анықтау   мен  анықтамалар   жинаумен  ғана   шектеліп  қоймайды. Тіркеудің бұл түрі  –  қылмыс оқиғасына қатысты ,қылмыс болған   жерден  алынған   қол  саусақ   іздерін   картотекалардағы  саусақ  іздерімен салыстыру  арқылы,  сезікті  тұлғаларды  анықтауға  мүмкіндік туғызады. Осыған орай  тəжірибеде  тергеушілер барлық қылмыс  түрлері  бойынша , тіркеудің   осы   түрін  жиі  пайдаланып,қылмысты  ашу  шараларын  жүзеге  асырады .  Бұл тіркеу  тергеушіге  қылмыскердің  анкеталық   мəліметтерін  берумен   шектелмейді. Егерде   қылмыскер   бұрын   тіркелген  болса,  онда   тергеушіге  қылмыскер  жайлы  келесі  мəліметтерді береді :

  – бұрынғы   соттылығы  ,  қамауға  алынғандығы   жəне  сезікті  ретінде ұсталғандығы  жайлы ;

  – жазасын  өтеген   жері   мен  мерзімі  жəне  босатылғандығы жайлы  мəліметтер ;

 – мұрағаттағы   қылмыстық  істерінің   сақталу   жері   мен  қандай  жердің   сотымен   үкім   шығарылып   сотты   болғандығы жайлы ;

  – жергілікті,  республикалық   не   болмаса  ТМД  көлеміндегі  іздеуге  жарияланғандығы   жайлы .

ҚР  Бас  прокуратурасының  ҚСжАТК  жəне  Ресей  ІІМ   Бас ақпараттар   орталығында  (БАО)  жүргізілетін  тіркеулерге   егер  тексеріліп  отырған  тұлғаның  тұрғылықты  тұратын   жері   болмаса   немесе   оны   жиі  ауыстырып  отырса,сондай -ақ,облыстардағы ҚСжАТК  олардың   соттылығы   туралы  мəліметтер   анықталмаса ,бірақ, ол  сотталып,жазасын қылмыстық  атқару  жүйесінде өткерген  деген  күмəн   туындаса   жəне  осы   тұлға  ТМД  елдерінің  біреуімен  іздеуде жүргендігін анықтау  керек болған  жағдайларда жүгінеді.

Іздестірулік  есепке   алудың  объектілеріне   анықтаудан,  тергеуден,  соттан   жəне  жазасын өтеуден бой   тасалап жүрген  Қазақстан Республикасының   азаматтары   жəне  Қазақстан Республикасы территориясында   жүрген  шетел азаматтары   мен азаматтығы   жоқ тұлғаларды  жатқызуға болады.

Іздестіру  үшін іс  қозғаудың  негізі мыналар :

1) айыпталушыны,сотталушыны   жəне  іздеуде  жүрген  басқа  да   категориялардағы   тұлғаларға   іздеу  салу   туралы  тергеушінің,анықтау   органдарының, прокурордың  жəне  соттың қаулысы ;

2) үкімнің  орындалуы   қылмыстық-атқару   инспекциясының, кəмелетке  толмағандардың  ісі   жөніндегі  инспекциясының қортындысымен  кейінге қалдырылған  шартты  түрде сотталған немесе  сотталғандарға  қатысты  соттың үкімі немесе  қаулысы ;

3) сотталғанның  үкімді ( қаулыны )орындаудан бұлтаруы;

4) бас  бостандығынан   айырылған ,  сотталған  адамның   тергеу  изоляторынан,түзеу мекемелерінен,əскери  күзетшінің айдауылынан  (конвоирование)  жəне  ҚР  денсаулық   сақтау   органдарының қатаң  бақылауындағы   психиатриялық   ауруханалардан   қашып  кетуі. 

Іздеу  салуға   байланысты  тоқтатылған  қылмыстық  істерді  тіркеу  үшін іздестіру  ісі ұсынылады .  Бұл істе :

1) қылмыстық істі  қозғау  туралы қаулы ;

2) айыпталушы  ретінде  жауапқа тарту туралы қаулы  ;

3) айыпталушының  іздестірілуіне   байланысты  қылмыстық істі  тоқтата  тұру  туралы қаулы ;

4) айыпталушыны  іздеуге  беру  туралы қаулы ;

5) бұлтартпау  шарасын  таңдау  туралы қаулы ;

6) сотты   болған -болмағаны   туралы  тексерудің   нəтижелері  көрсетілген анықтама қағаз болуы  керек.

Егер ,  іздеуде  жүрген  тұлға Қазақстан Республикасынан   тыс  жерде  жүруі мүмкін  деген  жорамал   болса,  онда   іздеу  туралы сұрауды   Ресей  Федерациясының  ІІМ   Бас ақпараттар   орталығына (ГИЦ МВД РФ)  жібереді.

Анықтау,тергеу немесе  соттан  бой тасалап жүрген тұлғаларға  қатысты   іздестіру   материалдарын  Комитетте  есепке   алу  үшін іздестіруді   жүргізуші орган осы   іздестіру   істерінің   материалдарын,оның  жүргізілуінің  заңдылығын  тексеру  үшін  қадағалаушы прокурорға   ұсынады .  Прокурордың   іздеу  ісін   ашуға   келісімі  бойынша Комитет іздеу нөмірін береді .

Комитетте ( ҚСжАТК),есептен  алып  тастауға,іздеу  салуды тоқтату туралы  қаулы   негіз  болады.  Ал  бұл  қаулы   өз   кезегінде  мына төмендегі процессуалдық немесе  басқа да  құжаттар  негізінде  шығарылады:

a) іздеуде  жүрген  тұлғаның  ұсталғаны туралы  қаулы   немесе  территориялық   тергеу   оқшаулағышына іздеуде  жүрген  адамның қамалғаны туралы хабарлама;

ə)  қылмыстық істің  тоқтатылғандығы  туралы қаулы ;

б)  іздеуде  жүрген  тұлғаға  қатысты   қылмыстық істің тоқтатылғандығы туралы қаулы ;

в)  іздеуде жүрген адамның қайтыс болғаны туралы куəлік ;

г)  бұлтартпау   шарасын   өзгерту туралы  қаулы (мемлекет аралық іздеуге  берілген  тұлғаларға  қатысты ).

Іздеуді   тоқтату туралы  қаулыға оның  заңдылығын  жəне негізділігін   растайтын  қадағалаушы   прокурордың   тегі   мен қолы жəне елтаңбалық  мөр қойылады.

Хабар-ошарсыз   кеткен ,кім  екені  белгісіз  азаматтардың  мəйіттері, кім  екені  белгісіз  аурулар  мен балалар,  өзі туралы мəлімет бере   алмайтын  азаматтарды іздестірулік  есепке алудың объектілеріне   Қазақстан Республикасының   азаматтарын,сондай -ақ   Қазақстан Республикасының   аумағында   жүрген  азаматтығы  жоқ тұлғалар  жатады.

Тіркеуге  мына төмендегі тұлғалар  қамтылады :

  1. Ішкі   істер  органына  белгісіз  себептермен  жоғалып   кеткенітуралы арыз түскен  тұлғалар ;
  2. Өз  еркімен  үйінен ,  мектеп -интернаттан,  балалар  үйінен  кетіп қалған  кəмелетке толмағандар жəне кəмелетке толмағандарды қабылдап-таратушы мекемелерден қашып кеткендер;
  3. Денсаулығына жəне жасына байланысты өзі туралы мəлімет бере   алмайтын  психоневрологиялық  жəне  басқа да   стационарлық емханаларда,  мүгедектер   жəне  қарттар үйінде ,  балалар  үйінде  жəне интернаттарда жатқандар;
  4. Кім екені белгісіз адамдардың мəйіттері .

Бұл  адамдарды   есепке   қоюға   азаматтардың   арыздары, ұйымдардың ,  мекемелердің  хабарламалары  негіз болады.

Картотека  жəне  мəліметтер   банкын  құру   үшін  жоғарыда аталған  тұлғаларға   бір  үлгідегі  тану   картасы  толтырылады  (кесте).  Тану  картасында   шартты  түрде  адамның   сырт  бейнесі  сипатталады.  Картаға  сигналдық   сурет  жəне  дактилоскопиялық  карта қоса  беріледі.

Тану  картасы  міндетті  түрде  қылмыстық  жауаптылыққа тартылғандардың   алфавиттік   картотекасынан   тексеріледі .  Ал  хабар-ошарсыз  жоғалғандардың картотекалары полиция  бөлімдеріне,қарттар,  мүгедектер   үйіне,  емдеу   орындарына  құжатсыз  түскен адамдарды   тексеру үшін  қолданылады.Картотекаға  түскен   кім екені  белгісіз  мəйіттердің  тану   карталары  іздеуде  жүрген  хабар-ошарсыз   кеткен   азаматтар  мен  іздеу  салынған   тұлғаларды   тексе-руде  қолданылады .

Барлық  категориялардағы   іздеуде  жүргендердің   тану   картасы  картотекаларда   жəне  мəліметтер   банкінде  15  жыл   сақталады. Картотекалардан  алынып  тасталған  карталар  1 жыл   сақталғаннан  кейін жойылады.

Жедел-анықтамалық   тіркеулердің  объектілеріне   адамдардан  басқа  антиквариаттық  заттар,өнер  туындылары,қару-жарақ,авто-транспорт, нөмірлік  заттарды  жатқызуға  болады.

ҚР  Бас  прокуратурасы  мен  ҚР  ІІМ -нің 1999  жылғы  18қарашадағы  ортақ  №548  ЦО\579 бұйрығы   бойынша осы тіркеудің автоматтандырылған  мəліметтер   базасы   ҚР  ІІМ   Криминалдық Ақпараттар  Басқармасына берілді.

Тіркеуге   тарихи ,  көркем  жəне  ғылыми   бағалы :  ұрланған , жоғалған ,  алынған,табылған,тəркіленген,тапсырылған заттар, мысалы, тарихи   релеквиялар,суреттер,скульптуралар,иконалар,дəстүрлі халықтық қолөнер  туындылары,көне кітаптар,сирек кездесетін қолжазбалар,өте сирек  кездесетін  музыкалық   аспаптар,  пошталық  маркалар,көне   монеталар,  ордендер,медальдар,мөрлер,флора мен фаунаның сирек кездесетін коллекциялары  жəне т.б.  жатады.

Ұрланған,  жоғалған ,  алынған ,  өзі  əкеліп   тапсырған  ойық ұңғылы  қаруды  есепке   алу – əскери ,спорттық,аңшылық  ойық ұңғылы  қаруларды   заңсыз   алу  фактілерін  анықтау   жəне  осы  фактілерге  байланысты жасалған   қылмыстарды ашу үшін жүргізіледі .  Қарулардың  карточкасында  оны   негізгі   белгілері  көрсетіледі  (түрі,моделі,  нөмірі, калибрі,жасалған   орны  жəне т.б.).

Қарулардан  маркировкалық   белгілердің өзгертілу белгілері табылған   жағдайларда оларды зерттеу үшін  жедел-криминалистикалық   бөлімшелерге   жібереді.  Егер   қару   қылмыс жасауға  қолданылды  деген  негіз  болса  оны   тіркеу   құжаттарын толтырғаннан   соң   алынған   патрондарымен   қоса   тəжірибелік  атыс  жасап  оқ   пен  гильзаны   оқ -гильзатекасына   жіберіп  тексеру  үшін жедел-криминалистикалық  бөлімдерге  жібереді.

Кеден  бекеттерінен,автоматтық сақтау камераларынан-ұсталған,  табылған   заттар   жəне  жалпы   мемлекеттік  айналымда  жүрген  ұрланған ,  алынған   құжаттар   сондай -ақ   нөмірлік   заттарды  (фото-кино-бейнеаппаратуралар,сағат,тегіс ұңғылы мылтық жəне т.б.)есепке алу жүргізіледі .

Егер   тексеру  барысында   ұрланған   зат  немесе   құжат   тіркеуде  ұрланған   зат  есебінде   тұрса,онда   бұл  туралы  қызығушылық білдірген  органдарға  хабарлайды.

Нөмірлік   заттың   жеке  нөмірі   бар  əрбір  бөлшегіне  қосымша карта толтырылады .

Іздеуде жүрген жəне иесі  жоқ автотранспорт құралдарын есепке   алу –іздеуде  жүрген  жəне  иесі   жоқ  автотранспорт  құралдары  жəне  тіркемелері   туралы  ақпараттарды   жина ,жүйелеу,сақтау жəне  өңдеу  үшін,  сонымен   қатар  іздестіру   шараларын   жүргізу жəне  жол  полициясы   бөлімшелерінде   транспорт  құралдарын тіркеуге  алу мақсатында жүргізіледі .

 

    1. ҚР ІІО жүргізілетін криминалистік тіркеулер

Информация о работе Криминалистикалық тіркеудің түсінігі және оның ғылыми,құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері