Қазақстан Республикасының прокуратурасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:06, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

прокуратура.docx

— 76.35 Кб (Скачать документ)

10) анықтама жүргiзушi  адамның, тергеушiнiң анықтама  мен тергеу органдары басшыларының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне жасалған  шағымдарды қарайды;     

11) бұлтартпау шарасы  ретiнде қамауға алуға шешiм  жасалған адамдарды қамауда ұстаудың  заңдарда белгiленген тәртiбi мен  шартының сақталуын тексередi;     

11-1) Қазақстан Республикасының  аумағында қылмыс жасаған және  тергеуден жасырынып жүрген адамға  қатысты халықаралық iздестiру  жариялауға санкция бередi;     

12) заңмен белгiленген  өзге де өкiлеттiктердi жүзеге  асырады.     

2. Прокурордың өз құзыретi  шегiндегi нұсқаулары жазбаша нысанда  берiледi және ол анықтама мен  тергеу жүргiзетiн адам үшiн  мiндеттi. V032147  
       Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2008.07.05 N 65-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.     

39-бап. Қамауға  санкция беру     

 Ескерту. 39-бап  алынып тасталды - ҚР 2008.07.05 N 65-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

8 ТАРАУ  
Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалау      

40-бап. Қадағалаудың  мақсаты    

  Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.     

 Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң  заңдылығына қадағалауды прокуратура:      

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық  жөнiнде, сондай-ақ iстердi қарау  мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық  жасағаны үшiн жазалау шараларын  белгiлеген кезде заңдардың дәл  әрi бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз  ету;     

2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы заңдарды қолданған кезде  адамның және азаматтың, лауазымды  адамдар мен ұйымдардың бұзылған  құқықтары мен заңды мүдделерiн  қалпына келтiру;     

3) азаматтардың әкiмшiлiк  құқық бұзушылық жөнiнде жүргiзiлген iстерге байланысты кез келген  актiге шағымдану құқығын қамтамасыз  ету;     

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы заңдарды қолданған кезде  заңдарды бұзуға кiнәлi адамдарға  шара қолдану мақсатында жүзеге  асырады. 
      Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.     

41-бап. Прокурордың  әкiмшiлiк iс жүргiзу  
               заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi     

 Әкiмшiлiк iс жүргiзудiң  заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:     

1) уәкiлдi лауазымды адамдар  мен органдардан әкiмшiлiк құқық  бұзушылық туралы мәлiметтердi, құжаттар  мен iстердi талап етуге;     

2) құзыретiне әкiмшiлiк  құқық бұзушылық туралы iстердi  қарау мен жаза қолдану кiретiн  лауазымды адамдар мен органдардың  iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне берiлген  шағымдарды қарауға;     

3) азаматтарды әкiмшiлiк  ұстау мен қамаудың заңдылығын, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа  ықпал етудiң өзге де шараларының  негiздiлiгiн тексеруге;     

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iстердi қарауға қатысуға, өтiнiштер жасауға, iстi қарау кезiнде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге ;     

5) әкiмшiлiк жаза қолдану  туралы қаулылардың орындалуын  тексеруге;     

6) азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын, заңды тұлғалар  мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн  бұзуға жол берген лауазымды  адамдарды жауапкершiлiкке тарту  жөнiнде шаралар қолдануға;     

7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iстер жөнiнде iс жүргiзудi  қозғауға;     

8) заңда көзделген басқа  да iс-әрекеттердi жасауға хақылы.  
      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.     

42-бап. Прокурордың  әкiмшiлiк iс жүргiзуде заңдылықты  
              қамтамасыз ету жөнiндегi актiлерi     

 Тексерiс нәтижелерi  бойынша прокурор:     

1) сотқа, өзге өкiлеттi органға немесе лауазымды адамға  әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  қаулыға наразылық енгiзуге;     

2) уәкiлдi лауазымды адамдар  мен органдарға (соттан басқа) iске  қосымша тексеру жүргiзу туралы  жазбаша нұсқаулар беруге;     

3) уәкiлдi органдардан  өздерiнiң бақылауындағы немесе  қарауындағы ұйымдарға тексеру  жүргiзудi талап етуге;     

4) заңмен белгiленген  жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iс жүргiзудi тоқтатуға;     

5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы қаулының орындалуын тоқтата  тұруға;     

6) әкiмшiлiк жолмен заңсыз  ұсталған адамды босату туралы  қаулы шығаруға;     

7) жеке тұлғалардың,  заңды тұлғалардың және мемлекеттiң  құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда өз мiндеттерiн  орындауға байланысты өкiлеттi мемлекеттiк  органдардың лауазымды адамдары  қолданған тыйым салу немесе  шектеу сипатындағы кез келген  шараларды алып тастау туралы  қаулы шығаруға немесе талап  қоюға;     

8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық  туралы iс қозғау жөнiнде қаулы  шығаруға хақылы.  
      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.

9 ТАРАУ  
Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау     

43-бап. Қадағалаудың  мазмұны мен мәнi     

 Прокурор:     

1) сот тағайындаған  жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы  өзге де шаралардың атқарылуы  кезiнде адамдардың бас бостандығынан  айыру орындарында болуының заңдылығын;       

2) аталған мекемелерде  сотталған адамдарды ұстаудың  заңда белгiленген тәртiбі мен  шарттарының сақталуын, олардың  құқықтары мен бостандықтарының  қорғалуын;     

3) бас бостандығынан  айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың  заңдылығын;     

4) азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілерін атқару заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.  
      Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.    

  44-бап. Прокурордың атқарушылық iс жүргiзудiң  
               заңдылығын қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерi     

 Атқарушылық iс жүргiзудiң  заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор өз құзыретi шегiнде: 
      1) адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейiрбандық тұрғыдан қарау жөнiнде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бiрыңғай қолданылуын талап етуге; 
      2) азаматтың, мемлекеттiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтiнiштерi бойынша атқарушылық iстер жүргiзiлуiн талап етуге және тексеруге; 
      3) сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерiнде тексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға; 
      4) ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға; 
      5) осы адамдарды ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негiз болған құжаттарды талап етуге; 
      6) мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерiнде заңсыз отырған әрбiр адамды өз қаулысымен дереу босатуға; 
      7) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға заңды бұза отырып, қолданылған тәртiптiк шаралардың күшiн жоюға, оларды өз қаулысымен айыптық изолятордан, камералық үлгiдегi орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға; 
      8) заңда белгiленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкiмшiлiгiнiң актiлерiн санкциялауға хақылы. 
      8-1) (алып тасталды - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).  
      Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2000.03.29 N 42, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10 ТАРАУ  
Қылмыстық қудалау     

45-бап. Қылмыстық  қудалау шегi     

 Прокуратура Конституцияға сәйкес осы Заңмен және қылмыстық-iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.     

46-бап. Қылмыстық  қудалау жөнiндегi өкiлеттiк    

   Қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:     

1) оқиға болған жердi қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық iс қозғау  туралы мәселенi шешу үшiн қажеттi басқа да iс-әрекеттер жасауға  хақылы;     

2) қылмыстық iс қозғайды  немесе қылмыстық iс қозғауға  рұқсат беруден бас тартады;     

3) анықтама немесе алдын  ала тергеу жүргiзу үшiн тиiстi органға прокуратура қозғаған  қылмыстық iстердi бередi;     

3-1) тергеу тобын басқарады,  қылмыстық істі жүргізуге қабылдайды  және алдын ала тексеру жүргізеді;      

4) заңда көзделген жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн, анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың жасайтын iс-әрекетiне санкция бередi;     

5) жекелеген тергеу  әрекеттерi бойынша iс жүргiзуге  қатысады;     

6) қол сұғуға болмайтын  құқыққа ие адамды қылмыстық  жауапкершiлiкке тартуға келiсiм  алу үшiн ұсыныс енгiзедi;     

7) iстi сотқа жiбередi.  
      Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346, 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.     

47-бап. Iстi сотқа  жiберу     

1. Айыптау қорытындысымен  келiп түскен қылмыстық iстi зерделеу  кезiнде прокурор немесе оның  орынбасары анықтама мен тергеу  органдарының заңдардың талаптарын  сақтауын және айыптыны сотқа  беру үшiн негiздердiң жеткiлiктi екенiн тексеруге мiндеттi.     

2. Қылмыстық iстi сотта  қарау үшiн жеткiлiктi негiздер  болған жағдайда прокурор немесе  оның орынбасары iстi сотқа жiбередi.      

3. Iстi сотқа жiберген  ретте прокурор:  
      1) iстiң жүргiзiлуiн тоқтатуға немесе адамға қатысты қудалауды тоқтатуға;     

2) айыптау қорытындысынан  жекелеген айыптау тармақтарын  алып тастауға, жеңiлiрек ауыр  қылмыс туралы заңды қолдануға;      

3) тыю шарасын таңдап алуға, өзгертуге немесе жоққа шығаруға;     

4) қосымша тергеу жүргiзу  үшiн қылмыстық iстi қайтаруға  хақылы.

10-1-тарау. Шет  мемлекеттердің құзыретті мекемелерімен  өзара іс-қимыл жасау    

  Ескерту. Заң 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.    

  47-1-бап. Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге 
                 асыру кезінде заңдардың қолданылуын қадағалау     

1. Республиканың Бас  Прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік  берген прокурорлар құқықтық  көмек көрсету мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасы ратификациялаған  халықаралық шарттардың, Қазақстан  Республикасы Конституциясының  және заңдарының қолданылуын  қадағалауды жүзеге асырады. 
      2. Халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен Республиканың Бас Прокуроры немесе ол уәкілеттік берген прокурорлар мемлекет атынан: 
      адамдарды ұстап беру туралы; 
      қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы; 
      бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін ауыстыру туралы; 
      қылмыстық істер бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен өтініштерді жіберу және орындау туралы шешім қабылдайды. 
      3. Прокуратура органдары халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.     

  47-2-бап. Прокуратураның халықаралық құқықтық 
                 ынтымақтастық бойынша өкілеттіктері     

 Республиканың Бас  Прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік  берген прокурорлар халықаралық  құқықтық ынтымақтастық шеңберінде: 
      1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ қолданыстағы шарттарды өзгерту және толықтыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға; 
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің прокуратура органдарымен құқықтық көмек, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы шарттар жасасуға және оларға қол қоюға; 
      3) прокуратура органдарының құзыреті шегінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тиісті мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асыруға; 
      4) прокурорлардың халықаралық ұйымдарының қызметіне қатысуға; 
      5) ынтымақтастық жасаушы мемлекеттердің аумағында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бірлескен шаралардың мемлекетаралық бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге, оларды орындауға қатысуға; 
      6) шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарының қатысуымен ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды ауыстыру, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаны орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетуге; 
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің құзыретті мекемелеріне Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды ауыстыру мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаны орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау жөніндегі тапсырмаларын, өтінімдерін, өтініштерін жіберуге; 
      8) Қазақстан Республикасының мүдделерін қозғайтын қылмыстық істерді қарау кезінде шет мемлекеттердің соттарында және халықаралық соттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге; 
      9) халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

10-2-тарау. Прокуратура  органдары қызметінің өзге де  бағыттары    

  Ескерту. Заң 10-2-тараумен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N 374-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.    

  47-3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы 
                 есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау     

Информация о работе Қазақстан Республикасының прокуратурасы