Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 17:06, реферат
Қазақстан Республикасының прокуратурасы мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. ҚР 1997.06.19 N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi, Нысаны мен тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды - 2002.08.09 N 346 Заңымен.
1 ТАРАУ
Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
1. Қазақстан Республикасының
прокуратурасы мемлекет атынан
Республика аумағында
2. Прокуратура кез келген заңдылық
бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде
шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы ме
Ескерту.
1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
2-бап. Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
Қазақстан Республикасы
прокуратурасын ұйымдастыру,
Ескерту.
2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
3-бап. Прокуратура
органдарын ұйымдастырудың
және олардың қызметiнiң
принциптерi
1. Қазақстан Республикасының
прокуратурасы төменгi прокурорлар
жоғары тұрған прокурорларға
және Қазақстан
2. Қазақстан Республикасының прокуратурасы
өз қызметiн басқа мемлекеттiк органдар
мен лауазымды адамдардан, саяси партиялар
мен қоғамдық бiрлестiктерден тәуелсiз
жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының
Президентіне ғана есеп береді.
3. Өздерiнiң заңда белгiленген
өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура
органдарының қызметiне араласуға тыйым
салынады.
4. Заңда белгiленген негiз бен
тәртiп бойынша шығарылған прокурорлық
қадағалау актiлерi барлық органдар, ұйымдар,
лауазымды адамдар мен азаматтар үшiн
мiндеттi.
5. Прокуратура органдары Республиканың
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғау, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды сақтау туралы заңдарына
қайшы келмейтiндей деңгейде жариялы iс-қимыл
жасайды.
Ескерту.
3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
4-бап. Прокуратура
органдары қызметiнiң негiзгi бағыттары
мен мазмұны
Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарының
үстемдігін қамтамасыз ету,
1) Конституцияның, заңдардың және Қазақстан
Республикасы Президентiнің жарлықтары
мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің
дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын жоғары
қадағалауды жүзеге асырады;
2) Конституцияны, заңдарды, Қазақстан
Республикасы Президентінің жарлықтарын
және өзге де нормативтік құқықтық актілерді
бұзушылықтарды анықтайды және оларды
жою шараларын қолданады;
3) Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн
заңдарға және басқа да құқықтық актiлерге
наразылық жасайды;
4) адам мен азаматтың құқықтары
мен бостандықтарының, заңды тұлғалар
мен мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын
қадағалауды жүзеге асырады;
5) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын
қадағалауды жүзеге асырады;
6) анықтау мен тергеудiң заңдылығын
қадағалауды жүзеге асырады;
7) әкiмшiлiк iс жүргiзудiң заңдылығын
қадағалауды жүзеге асырады;
8) атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын
қадағалауды жүзеге асырады;
9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік
органдардың норма шығармашылық қызметіне
қатысады;
10) сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
11) заңда белгiленген тәртiппен
және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге
асырады;
12) статистикалық көрсеткiштердiң
тұтастығын, объективтiлiгiн және жеткiлiктiлiгiн
қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк
құқықтық статистиканы қалыптастырады,
арнайы есепке алуды жүргiзедi, құқықтық
статистика және арнайы есепке алу саласында
заңнаманың қолданылуын қадағалауды жүзеге
асырады;
13) заңдылықты, құқықтық тәртіпті
және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз
ету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
14) халықаралық құқықтық ынтымақтастық
саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды
жүзеге асырады;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы
Президентінің актілерінде айқындалған
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту.
4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
5-бап. Прокуратура
органдарының жоғары қадағалауды
жүзеге асыру жөнiндегi
қызметi
1. Заңдардың, Қазақстан
Республикасы Президентi
2. Заңдардың қолданылуына тексерiстi прокурор
өз өкiлеттiгi шегiнде тексерiс жүргiзу туралы
қаулы шығарылғаннан кейiн:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң
тапсыруына;
2) заңды бұзушылық туралы өтiнiштерге,
шағымдарға, хабарларға және басқа да
мәлiметтерге;
3) заң бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей
анықталуына;
3-1) жоспарлы тексерулер жүргізудің
жартыжылдық жиынтық жоспарына;
4) жоғары тұрған прокурордың
тапсыруына және сұрау салуына байланысты
жүргiзедi.
3. Тексерiстi прокурор сондай-ақ
өзге де тиiстi құзыреттi органға тапсыруы
мүмкiн, ол тексерiстiң нәтижелерi туралы
прокурорға заңда немесе прокурор белгiлеген
мерзiмде хабарлауға мiндеттi.
4. Заңдардың қолданылуын тексеру
бiр ай мерзiмнiң iшiнде жүргiзiледi. Тексерiстi
тағайындаған прокурор жоғары тұрған
прокурордың келiсiмiмен оны жүргiзу мерзiмiн
ұзарта алады.
5. Прокурорлардың барлық iс-әрекеттерi
мен прокурорлық қадағалау актiлерi, егер
олар осы Заңда және басқа нормативтiк
құқықтық актiлерде белгiленген тәртiп
пен нысандарда жасалған болса, заңда
белгiленген салдарларға әкелiп саяды.
Ескерту.
5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2012.07.10 N 36-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
6-бап. Прокуратура
органдары қызметiнiң
құқықтық кепiлдiгi
1. Прокурордың өз өкiлеттiгiн
жүзеге асыруына кедергi келтiру
немесе оған заңсыз шешiм
2. Прокуратураның талап етуi бойынша
тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:
1) қажеттi материалдар мен мәлiметтердi
өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнд
2) тексерiске қатысу және қорытынды
беру үшiн мамандар бөлуге;
3) прокурорлардың қадағалау қызметiн
қамтамасыз ету және олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшiн өзге де қажеттi шаралар
қолдануға мiндетті.
3. Прокурордың өз құзыретi шегiнде
берген талаптары (сұрау салулары,
тапсырмалары, нұсқаулары) мемлекеттік
органдардың, лауазымды, жеке және заңды
тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi.
4. Талап етiлген ақпарат прокуратура
органдарына заңдарда белгiленген нысандарда,
сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен
мерзiмде берiледi.
5. Прокурорлардың өз құзыретi
шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк
органдардың, меншiк нысандарына қарамастан,
ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге,
олардың басшыларында және басқа да лауазымды
адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс
материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде
жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда,
құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен
танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан
талап етiп алдыруға құқығы бар.
6. Лауазымды адамдар мен азаматтар
прокурордың талап етуi бойынша айғақтар
беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге
мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен
ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады.
Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен
немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз
ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла
отырып та жiберiлуi мүмкiн.
7. Прокурордың заңды талаптарын
орындамау не прокурордың талабы бойынша
дәлелсiз себептермен келмей қалу Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жауапты
8. Прокурор, заңда көзделген басқа
жағдайлар мен тәртiптi қоспағанда, өзi
жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың
мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер
беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын
танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп
жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын
олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз
жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.
Ескерту.
6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.02 N 266, 2000.03.29 N
42, 2002.08.09
N 346, 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
7-бап. Арыздарды қарау
1. Прокуратура органдары
заңдарда белгiленген
2. Егер адам бойындағы, психикасындағы
немесе өзге де кемiстiктерi салдарынан
өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыра алмайтын
болса, прокурор оны қамтамасыз ету жөнiнде
қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Прокуратура органдары заңда белгiленген тәртiппен адамның
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын,
заңды тұлғалар мен мемлекеттiң мүдделерiн
қорғау жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi
орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке
тарту шараларын қолданады.
4. Прокуратура органдарына қол
қойылмай жасалған арыздар тексерiлмейдi
8-бап. Прокурордың
iс-әрекеттерi мен актiлерiне
шағымдану
1. Прокурордың iс-әрекеттерi
мен актiлерiне жоғары тұрған
прокурорға немесе сотқа шағым
беруге болады. Прокурордың талаптары
мен актiлерiне шағым беру
2. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың
iс-әрекетiне немесе актiсiне арыз (шағым)
бойынша шешiм шығарылғанға дейiн олардың
орындалуын тоқтата тұра алады.
3. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың
және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдары
бойынша не өз бастамасы бойынша төмен
тұрған прокурор актiлерiнiң күшiн жоя алады
не оларды қайтарып ала алады.
Ескерту.
8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.08.09 N 346 Заңымен.
8-1-бап. Заңдылықты,
құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы
күресті қамтамасыз
ету жөніндегі қызметті
үйлестіру
1. Прокуратура органдары
құқық қорғау және өзге де
мемлекеттік органдардың
2. Үйлестіру кеңестері өз қызметін
Қазақстан Республикасының Конституциясын
Қазақстан Республикасының Заңдылықты,
құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы
күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру
кеңесі туралы ережені Қазақстан Республикасының
Президенті бекітеді.
Ескерту.
Заң 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
2 ТАРАУ
Прокуратура органдарының жүйесi және
оларды ұйымдастыру
9-бап. Прокуратура органдарының жүйесi
Қазақстан Республикасының
прокуратурасы органдарының
Қазақстан Республикасының прокуратурасы
жанынан ведомстволар, мекемелер құрылуы
мүмкін.
Прокуратура органдарының өз нышандары
болады, олардың сипаттамасын Қазақстан
Республикасының Президенті бекітеді.
Ескерту.
9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
10-бап. Республиканың
Бас прокуроры және оның
орынбасарлары
1. Республиканың Бас
Прокурорын:
1) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика
Президентi бес жыл мерзiмге қызметке
тағайындайды;
2) қызметтен Республика Президентi босатады;
3) ол Республика Президентiне есеп
бередi;
4) оны өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде
қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс
жасаған жағдайда болмаса, Сенаттың келiсiмiнсiз
тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен
қолданылатын әкiмшiлiк жазаға, қылмыстық жауаптылыққа
тартуға болмайды.
2. Республика Бас Прокурорының
бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын
Бас Прокурордың ұсынуы бойынша Республика
Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады.
3. Республика Бас Прокурорының
орынбасарлары сонымен бiрге Бас прокуратураның
тиiстi департаменттерiнiң бастықтары болып
тағайындалуы мүмкiн.
Ескерту.
10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.07.02 N 266, 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
11-бап. Республика Бас Прокурорының өкiлеттiгi
Республиканың Бас
Прокуроры:
1) Республика аумағында заңдар мен Президент
Жарлықтарының және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердiң қолданылуына қадағалауды
жүзеге асырады, төменгi прокуратуралардың
қызметiне басшылық етедi;
2) Республиканың Конституциясы
мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен
өзге де құқықтық актiлерге наразылық
жасайды;
3) Қазақстан Республикасының
Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа
қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі
үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады;
4) Қазақстан Республикасының
прокуратурасын ұйымдастыру мен оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық
және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларының
тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасы
прокуратурасының органдары мен мекемелерiнiң
барлық қызметкерлерi және жұмыскерлері
орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар
шығарады;
4-1) өз құзыретi шегiнде:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс
жүргiзу кодексi мен жедел-iздестiру
қызметi туралы заңдарының анықтаумен тергеу органдарының,
сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi
нормаларын қолдану мәселелерi бойынша;
құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi
үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке
алумәселелерi бойынша
нормативтiк құқықтық актiлер;
осы Заңға және Қазақстан Республикасының
өзге де заң актiлерiне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiле
4-2) жедел-iздестiру қызметiн, анықтау
мен тергеудi жүзеге асыратын органдар
шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер
бойынша келiсу туралы шешiм қабылдайды;
5) прокуратураларды, прокуратура
органдарының мекемелерiн құрады, қайта
құрады және таратады, олардың құрылымын,
құрылымдық бөлiмшелердiң құқықтары мен
мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының
Президентi бекiткен штат санының лимитi
шегiнде прокуратура органдарындағы штат
санын және еңбекақы төлеу
қорын белгiлейдi;
5-1) Республика Президентіне Қазақстан
Республикасының прокуратурасы жанынан
ведомстволарды құру, қайта ұйымдастыру
және тарату, олардың басшыларын қызметке
тағайындау және қызметтен босату туралы
ұсыныс енгізеді;
6) Республика Президентiне жоғары
сыныпты шендер мен әскери атақтар беру
үшiн кандидатуралар ұсынады;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің
келісімімен облыстардың прокурорлары
мен оларға теңестiрiлген прокурорларды
қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады;
7-1) ведомстволар басшыларының
орынбасарларын, облыстар прокурорлары
мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың
орынбасарларын, сондай-ақ аудандар, қалалар
прокурорлары мен оларға теңестірілген
прокурорларды қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады;
8) елдегі заңдылықтың жай-күйі
және прокуратура органдарының қызметi
туралы Республика Президентi алдында
есеп бередi;
9) белгiленген тәртiппен прокуратура
органдарының қызметкерлерiне сыныптық
шендер мен әскери атақтар бередi;
10) прокуратура органдарының
қызметкерлерiн және жұмыскерлерін Қазақстан
Республикасының мемлекеттiкнаг
10-1) "Прокуратураның құрметтi
қызметкерi" атағын бередi, осы атақты
беру тәртiбi туралы Ереженi бекiтедi;
11) прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қару мен оқ-дәрi алу, сақтау, алып
жүру және тасымалдау тәртiбiн айқындайды;
11-1) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының
қарауына сот практикасының мәселелерi
бойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар
енгiзедi;
12) өзiне Қазақстан Республикасының
заңдарында берiлген өзге де өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
Ескерту.
11-бапқа өзгеріс енгізілді- ҚР 2001.10.10 N 247 (2001.01.01 бастап күшіне
енеді), 2002.08.09 N346, 2004.12.20 N
13 (2005.01.01
бастап қолданысқа енеді), 2010.12.29 N
374-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi),
2011.01.06 N 379-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.