Қараудың сипатамасы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июля 2015 в 07:36, реферат

Краткое описание

Тергеу қарауының жалпы ережелері. Қылмыс ізін, өзге материалдық обьектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жердің, үй-жайлардың, заттардың, құжаттардың, көзі-тірі адамдардың, мәйіттердің, жануарлардфың қарауын жүргізеді. Қарауды жүзеге асыратын адамның нұсқаулары сол тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негігі бөлім
1. Қараудың сипатамасы мен түрлері..............................................................3
2. Оқиға болған жерді қарау түсінігі...............................................................6
3. Оқиға болған жерді қараудың сатылары.....................................................7
4. Оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері...........................................10
5. Оқиға болған жердегі өлікті сырттай қарау..............................................14
6. Тергеу қарауының басқа түрлері...............................................................16
7. Оқиға болған жерде қалаты іздер..............................................................18
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

оок.doc

— 154.50 Кб (Скачать документ)

Панораммалық фотосуреттер.

Панорамалық тәсіл дегеніміз - бұл бір объектілердің көрінісін бірнеше кадрға түсіріп алу. Панорамалық әдіс арнайы фотоаппараттар мен немесе кәдімгі фотокамерамен түсіруге болады. Бұл тәсіл тергеу нәтижелерінде кеңінен қолданылады. өйткені кең ара қашықтықтағы оқиға болған жерді түсіруге мүмкіндік береді. Панораманы түсіруге келесі арнайы фотоаппараттар - киев, горизонт, зорки және т.б. қолданылады. Фотопанораманы жай фотокамерамен түсіру үшін объектілерді бірнеше рет бөлек-бөлек түсіріп алып, фотосуреттерді қосып монтаждайды. Оқиға орындарында панорамалық фотосуреттеуді келесі жағдайларда қолдану керек: қашан белгіленген жағдай туралы жердің үлкен участкесінде болса, онда оны бір кадрмен ұстау мүмкін емес; қашан объектілерді бір суретпен көрстетіндей мүмкіншілік беретіндей суреттің нүктенің болмауы, мысалы, ұзартылған кеңістіктердегі заттарды, тұрғылықты жердің ыңғайсыз жерде орналасуы бекітуге кедергі жасайды.

Панораманың келесі түрімен түсіндіруге болады:

    1. айналмалы панорама;
    2. сызықтық панорама.

Айналмалы панорама дегеніміз - фотокамераны бір нүктеде ұстап, объектіні кезекпен түсіру және түсіру кезінде шекаралық фрагменттерді 10-15 пайыз артық түсіріп отыру қажет. әдетте бұл әдіспен екі не одан көп кадрлар түсіріледі.

Сызықтық панорама әдеттегідей объектілердің фотокамерадан жақын болған кездерден және объектілердің кең ара қашықтықта болған кездерде қолданылады. Сызықтық панорамада фотаға түсіру кезінде түсірілетін объектілердің бойымен жүре отырып, фотоаппаратты бір сызық бойынша жүргізе отырып кадрлардағы көріністерді кезекпен түсіреді.

5. Оқиға болған жердегі өлікті сырттай қарау

Өлікті қарау. Адам мәйітін, ол табылған жерде сыртынан қарау тергеулік қараудың жалпы ережелерін сақтай отырып және сот медицина саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда - өзге дәрігердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Өлікті қарау үшін басқа да мамандар таратылуы мүмкін.

Өлікті қосымша немесе қайталап қараған жағдайда сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің қатысуы міндетті.

Танылмаған өлік міндетті түрде фотосуретке түсірілуге және дактилокөшірме жасалуы тиіс.

Өлікті сырттай қарау кейін сот-медицина сараптамасының жүргізілуін алмастырмайды және жоққа шығармайды.

Өлікті қарау барысында азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәліметтерді сол тергеу әрекетінің хаттамасына енгізіліп, кейіннен мәлімдеушіден куә ретінде жауап алынады, бұл мәйітті басқа адамдардың тануы үшін көрсетуді жоққа шығармайды (ҚР ҚІЖК-нің 224-бабы).

Мәйттіңі табылған жерінде, тергеушіні оның сырттай қарауын жүргізеді. Табылған жерінде мәйтті сырттай қарау екі сатыдан тұрады-мәйттің жалпы қарауы және бөлшектеп қарауы. Мәйітті қараудың барысы мен нәтижелері оқиға болған жерді қарау хаттамасында сипатталады.

Мәйітті қарау кезінде міндетті түрде зерттелетіндер:

Мәйіттің қандай қалыпта жатқаны және оның оқиға жерінде орналасуы. Мәйіттің жалпы қарауы мәйттің жатқан жерін, мәйттің жалпы түрі мен қалпын, күйін, яғни оныңмүшелерінің бір-біріне қарағандағы орналасуын бекітуден басталады. Мәйттің қалпы мен орналасуы оқиға болған механизмі туралы версия құруда елеулі маңызы бар.

Мәйіттің орналасуын қараған кезде, оның жақын жердегі қозғалмайтын обьектілерге қарағанда қалай орналасқанын сипаттау керек – кірер есікке, терезелерге, қабырғаға, темір жол рельстеріне, ағаштарға және басқаларға. Егер келеңсіз қалыпқа қандай да бір құралдармен ұстаттырылып қойылған болса, онда ондай құралдар да мұқият қаралып сипатталуы керек. Мәйіттің оқиға жеріндегі орнынан ауыстырылуы немесе бастапқы қалпынан басқа қалыпқа өзгертілуін ең алдымен мәйіт дақтарының сипаттары мен орналасуы куәлайды.

- Мәйіттің киімдерінің сыртқы жағдайлары. Киімнің жағдайы да мәйіттің жалпы қарауы барысында анықталады. Киімнің сыртқы түрі оқиға механизмін анықтау үшін елеулі роль атқарады. Мысалы, әуелі әйелді зорлап, кейін оны өлтіріп тастағандығы туралы істер бойынша жәбірленушінің киімдерінің үлкен дәлелдемелік маңызы бар екені белгілі.

- Мәіттен табылған өлім келтірген қару. Өлім келтірген құралды мәйітті қарау барысында тек қана ол тікелей мәйіттен табылса ғана бірге қаралады, мысалы, мойынын буған тұзақ. Егер де жәбірленушіге жарақат түсірген құрал мәйіттен алшағырақ жатса, онда оның қарауы тергеушінің шешкен оқиға жеріндегі обьектілерді қараудың кезектілігі бойынша қаралады.

- Киімнің сыртқы күйін қарап, мәйіттің орналасуы мен қалпын бекітіп алғаннан кейін мәйттің астын қарау керек. Осы мақсатта мәйітті көтеріп орнынан жылжыту керек. Бұл жағдайда мәйітті сүйреуге немесе аударуға болмайды. Мәйіттің астындағы заттардың іс үшін елеулі маңызы болуы мүмкін және мәйіт дақтарын салыстыра отырып, мәйіттің орны ауыстырылғандағы және қалпының өзгертілгендігі туралы тұжырым жасауға болады.

- Мәйіттегі киім сырттай қарап болған соң, оны шешіндіреді. Киімнің әрбір бөлігі жеке және киімнің басқа бөліктерімен бірге қаралады. Киімді қарау кезінде анықталатындар: өлшемі мәйітке үйлесе ме, киімнің барлық бөліктері бар ма, қалталарында және киімнің басқа бөліктерінде қандай заттар бар, онда қандай сатпақтар немесе дақтар бар (ондай дақтардың көлемі мен орналасуы, матаға сіңу деңгейі, дақтың түсі, ылғалдылығы), киім қандай жарақаттар алған (ондай жарақаттардың сипаты, өлшемдері, нышаны, неден пайда болғанын көрсететін белгілер бар ма және олар қандай, киімнің ерекше иісі бар ма, сыртқы және ішкі киімдердің сапасының сәйкестігі.

- Мәйіт денесі барынша тиімді болып табылатын кезектілікпен қаралады. Өлгеннің жанысы, жасы, бойы, шашының, көзінің түстері анықталады, мәйттік құбылыстар мен жарақаттардың сипаты, деңгейі мен локализациясы анықталады (олардың пайда болуы тек мәйттің сот медициналық зерттеуі кезінде анықталады): тіс аппаратының куйі, биологиялық бөлінділердің болуы және басқалар анықталады. Мәйіт денесіндегі жарақаттарды киімдегі жарақаттармен  өлшемділік орындарының сәйкес келу тұрғысынан салыстырып көру керек.

- Мәйіт киімнің қалталарынан және басқа да бөліктерінен табылған заттар киімді қарау барысында да және мәйтті қарап болған соң да қаралыу мүмкін. Осы кезде заттардың мазмұны, өлшемі, сыртқы қалыптары, олардың қандай күйде екендіктері және мәйтті орналасуы бекітіледі. Әсіресе жаке басы анықталмаған жәбірленуші мәйттің келбеті мен киімдерінің белгілері мұқият бекітіледі. Мұндай жағдайларда, мәйттен міндетті түрде дактилокөшірмесі алынады және мәйтті тірі кезіндегідей қалыпқа келтірген соң мәйттің барлық киім-кешектерін тану суреті ережелері бойынша суретке түсіріледі.

Эксгумация және жерлеу жерінен көтерілген мәйтті қарау. Эксгумация, тергеулік қараумен қатар бір тарауда берілсе де, оны тергеулік қараумен шатастыруға болмайды, тек осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде көтерілген мәйттің тергеулік қараудың ережелеріне сәйкес қарауы жүргізіледі.

6. Тергеу қарауының басқа түрлері

Заттарды қарау. Тергеу барысында әр түрлі заттардың және олардың бөліктерін дәлелдемелік маңызы болуы мүмкін. Ондай заттарды тергеуші оқиға бролған жерді қараған кезде тінті мен алуды жүргізгенде табуы мүмкін, оларды куәгерлер, жәбірленушілер, сезіктілер және айыпталушылар беруі мүмкін. Егер оқиға болған жерден табылған затттарды қарау ұзақ уақыт алатын болса немесе басқа да негіздер болса, онда қарауды тергеу жүргізіліп жатқан орынға жеткізіп қарауға болады. Осы жағдайдағы заттардың қарауы өз алдында джеке тергеу әрекетінің мазмұнын құрайды. Жеке заттардың қарауын, олар табылған жерінде қаралған күннің өзінде де, тергеуші кабимнетінде қайта қарау көбінде тиімді. Бұл қарауға барынша қолай лы жағдайлар жасап, қарау мұқият жүргізуге мүмкнідік береді.

Заттардың қарауы, олардың іс үшін елеулі маңызы бар білгілері мен сипаттары тергеушінің көзінен таса болмайтындай етіп жүргізілуі тиіс.

Заттарды қарауы, олардың сыртқы сипаттарын зерттеуден басталады. Тергеуші заттың жағдайын, оның атауын және оының не үшін арналғанын анықтайды, қажет болса, осы заттарды пайдалану ережелерін панықтайды. Содан кейін әрі қарай қарау барысында ережелерін анықтайды. Содан кейін әрі қарай қарау барысында заттардың жеке белгілерін, оның ахаулары және ерекшеліктері анықталады, оның қандай мақсатта пайдаланғандығын куәлайтын белгілер, тергелініп жатқан оқиғаға байланысын көрсететін белгілер анақталады. Барлық осы деректер  қарау хаттамасында бекітіледі және оған қаралып жатқан заттың фотосуреттері тіркеледі.

Заттардың қарауы, олардың сараптық зерттеуін ауыстыра алмайды. Осыларды ескере отырып, тергеуші қарау барысында, біріншіден, кейін сараптық зерттеудің болатын іздер мен белгілерді табуға күш жұмсауы керек, екіншіден, қаралынып жатқан заттармен жұмыс істегенде, олардың сақталауы мен дәлелдемелік күшіне кепілдік болатын жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтауы керек.

Оқиға болған жерді қарау кезінде жерді нгемесе үй-жайды тінту, алу тергеу әрекеттері кезінде алынған не тергеушінің талап етуі бойынша ұйым және азаматтар берген заттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексіенің 222-бабының ережелері бойынгша қарауға жатады. Аталған заттарды қарағаннан кейін ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексіенің 121-бабының ережелеріне сәйкес заттай дәлелдемелер танылуы мүмкін.

Затты тергеуші заттай дәлел ретінде тану және оны іске қосып тіркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда дәлелджі іспен бірге қалдыу немесе оны иесіне немесе адамдар мен ұйымдарға сақтауға өткізу туарлы мәселе шешілуге тиіс.

Егер заттар ауқымдыф болуына немесе өзге де себептергше байланысты қылмыстық іспен бірге сақтауға келмесе, олар фотосурет немесе бейнежазба құралдарысмен түсіріп алу мүмкіндігінше мөрмен бекітілеге және тергеуші көрсеткен орында сақталуы тиіс. Істе заттай дәлелдің жатқан жері туралы істе тиісті анықтама алуы тиіс.

Тез бұзылатын заттай дәлелдемелер, егер олар иесіне қайтарылмайтындай болса, тиісті ұйымдарға мақсатына сай пайдалануға не алынған сомаларды қылмыстық істе жүргізуші органның депозитіне енгізі отырып сатуға өткізіледі. Негіздер болған кезде олар тиісті тегі мен сапасы жағынан бара-бар заттармен қайтарылады немесе оның құны төленеді

Анықтау органы істі тергеушіге берген кезде немесе ол бір ангықтау органынан екінші анықтацу органынан, не бір тергеушіден  екіншісіне берілген ретте, сонымен қатар іс прокурорға және сотқа жіберілгенде заттай дәлелдемелер іспен бірге жөнелтіледі. Заттай дәлелдемелер  буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде оларды даралайтын белгілері көрсетілген тізімдеумен бірге беріледі.

Қылмыстық іс тергеу сатысында тоқтатылған кезде дәлелдемелер туралы мәселе ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексіенің 121-бабының үшінші бөлігінің ережелері бойынша шешіледі. (ҚР ҚІЖК-нің 223 бабы).

Құжаттарды қарауы. Құжаттарды қараудың мақсаты болып құжаттарға заттай дәлелдемелік маңыз беретін белгілерін анықтау мен бекіту табылады, сорнымен қатар құжаттармен куәланғандығын немесе іс үшін маңызы бар мән-жайлар мен фактілер баяндалғандыған анықтау болып табылады.

Қараудың бастапқы сатысында тергеуші құжат туралы жалпы  мағлұмат алуы керек. Осы кезде анықталады:

- құжат нені білдіреді;

- осы құжат кімде және қай жерде сақталады;

- құжаттың сыртқы түрі және реквизиттері;

- құжаттың пайда болуы, құжаттың бұл адамға кімнен келген.

Тергеушінің кейінгі әрекеттері осы құжат бойынша қандай рөл атқаратындығына тәуелді; дәлелдемелік зат, не болса фактілер мен мән-жайларды кәулайтын құрал ретінде болуы. Дәлелдемелік заттар болып табылатын құжаттарды қараған кезде тергеуші, өзінің қолы жеткен құралдармен құжаттың мазмұнын, нышнын, материалын және оынң жеке бөліктерін; қойылған қолдарын, мөр таңбаларын және басқаларды зерттей отырып, құжаттың шынайлығы туралы сұрақты шешеді. Жасандылықтың белгілерін табу үшін қараудың арнайы тәсілдері қолданылады, мысалы, белгілі бір жарық бұрышынан немесе көз қиыңғынан, жарыққа қаратып, үлкейткіш әйнектер арқылы қарау және с.с. қажетті жағдайларда қарау эффектілі болуы үшін маманды қатыстырады (криминалист, химик және т.б.). Құжаттың тұтастай жалғандығын немесе кейбір жерлерінің жалғандығын көрсететін барлық белгілер толықтй қарау хаттамасында бекітіледі.

7. Оқиға болған жерде қалатын іздер

Іздерді жіктеу. Барлық қылмыстардың, оқиғаның оны бейнесін көрсететін,  артынан оның қоршаған ортасында белгілі бір іздер қалады. Оқиға, адамның санасында және оқиға болған жердегі заттарда қалады. Бұл іздер оқиғамен байланысты  заттарда, обьектілерде қалуы мүмкні. Заң негізінде табылған, бекітілген, және алынған іздер, дәлелдеме ретінде қолдануға болатын мәліметтерден тұрады.

Әр қылмыстың нәтижесінде болған жерінде әртүрлі іздер қалады.  Іздер әртүрлі қылмыстарды ашу үшін қолданылады (әртүрлі деңгейәдегі дене жарақаттары, ұрлық, тонау, адам өлтіру және т.б.). Негізінен із қалдыру байланысына байланысты олар   қол, аяқ, тіс, аяқ-киім, бұзу құралы және инструменті, көлік құралы, оқты қару іздері болып жіктеледі.

Пайда болу механизмі бойынша олар бетіндегі, көлемді, статистикалық, динамикалық, боялған және түссіз болып бөлінеді.

Іздерді қалдыру обьект бойынша жіктелудің келесі түрі – із қабылдаушы обьектінің өзгеру сипатына байланысты. Осы негіз бойынша барлығы екі топқа бөлінеді: көлемді және беттік. Көлемді іздер – із қалдырушы обьектінің өзгерісі барысында қалыптасады, оның үш өлшемі бар: ұзындық, тереңдік, ені. Көлемді іздер өз кезегінде келесі топтарға бөлінгеді:

- деформация іздері – тұрақты  және икемді беттің елеулі өзгерісінен қалыптасады;

- қабаттасу іздері – ауа немесе  ұнтақты беттің нығыздалуына  байланысты пайда боладыЯ;

- бұзу іздері – із қабылдаушы  обьектінің бөліну нәтижесінде  қалыптасады (кесу, тесу іздері);

Информация о работе Қараудың сипатамасы мен түрлері