Қараудың сипатамасы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июля 2015 в 07:36, реферат

Краткое описание

Тергеу қарауының жалпы ережелері. Қылмыс ізін, өзге материалдық обьектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жердің, үй-жайлардың, заттардың, құжаттардың, көзі-тірі адамдардың, мәйіттердің, жануарлардфың қарауын жүргізеді. Қарауды жүзеге асыратын адамның нұсқаулары сол тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негігі бөлім
1. Қараудың сипатамасы мен түрлері..............................................................3
2. Оқиға болған жерді қарау түсінігі...............................................................6
3. Оқиға болған жерді қараудың сатылары.....................................................7
4. Оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері...........................................10
5. Оқиға болған жердегі өлікті сырттай қарау..............................................14
6. Тергеу қарауының басқа түрлері...............................................................16
7. Оқиға болған жерде қалаты іздер..............................................................18
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

оок.doc

— 154.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны:

    1. Кіріспе
    2. Негігі бөлім
  1. Қараудың сипатамасы мен түрлері..............................................................3
  1. Оқиға болған жерді қарау түсінігі...............................................................6
  2. Оқиға болған жерді қараудың сатылары.....................................................7
  3. Оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері...........................................10
  4. Оқиға болған жердегі өлікті сырттай қарау..............................................14
  5. Тергеу қарауының басқа түрлері...............................................................16
  6. Оқиға болған жерде қалаты іздер..............................................................18
    1. Қорытынды
    1. Пайдаланған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қараудың сипаттамасы мен түрлері

Тергеу қарауының жалпы ережелері. Қылмыс ізін, өзге материалдық обьектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жердің, үй-жайлардың, заттардың, құжаттардың, көзі-тірі адамдардың, мәйіттердің, жануарлардфың қарауын жүргізеді. Қарауды жүзеге асыратын адамның нұсқаулары сол тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті.

Қылмыстық істі қозғау туралы шешім шығару қарауды жүргізбейінше мүмкін болмайтын жағдайларда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін. (ҚР ҚІЖК-нің 221-бабы).

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеулік қарауды тергеулік тексеру деп берген. ТЕксеру тергеулік қараудың мазмұнын толық аша алмайды, ол тек бақылау, зерттеу сияқты тергеулік қараудың тәсілдері қатарына жататындықтан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі тексеру деген сөзді қарау, яғни тергеулік қарау деп түсіну керек.

Тергеулік қарау қылмыстық іс үшін маңызы бар обьектілерді, олардың белгілерін, сипаттарын, жағдайларын және өзара орналасуын анықтау мен тексеруден тұрады.

Тергеулік қарау - өз алдына жеке тергеу әрекекті, басқа тергеу әрекеттерімен, мысалға тергеу эксперименті, тінту сияқты әрекеттермен ұқсас жерлері бола тұра, тергеулік қараудың өзінің проссуалдық жағдайы бойынша да және жүргізу тактикасы бойынша да түпкиілді айырмашылығы бар, тергеуші қарау кезінде өзінің сезім мүшелері арқылы дәлелдемеліік фактілердің болғандығына және сипатына тікелей көз жеткізеді. Көптеген тергеу әрекеттері сияқты, тергеулік қарау танымдық әрекет болып әртүрлі танымдық тәсілдер арқылы жүргізіледі. Қарау – тек қана бақылау емес, сонымен қатар әртүрлі өлшеулер мен есептеулерді жүргізу бақыланатын обьектілерді өзімен және басқа да обьектілермен, құбылыстармен таныстыру және зерттелетін обьектілермен белгілі-бірдеңгейде тәжірибе жүргізу, және де тергеушінің және басқа да қатысушылардың тапқандары мен анықтағандарын баяндап жазу және басқа да тәсілдер мен бекіту. Тергеулік қарауда криминалистиканың арнайы тәсілдері кеңінен қолданылады, әсіресе іздері мен және де басқа дәлелдемелік заттармен жұмыс істеудің техника-криминалистикалық тәсілдері кең пайдаланылады. Қарау кезінде материалдық әлемнің обьектілері мен құбылыстарының сенімділік танымы логикалық ойлауымен, қараланып жатқанды бағалаумен, талдаумен ұштасады, басқаша айтқанда қараланып жатқан обьектілерді бақылау нәтижелері тергелініп жатқан оқиғаға немесе іс бойынша жиналған басқа да деректер мен байланысын анықтау мақсатында логикалық өңдеуден өткізіледі. Сондықтан, қарау кезінде тек қана танымның сезімділік нышанымен ғана байланысты деп ойлау қате, бірақта ол осы тергеу әрекетінде маңызды рөл атқарады.

Тергеу қарауының мақсаты – іздер мен заттай дәлелдемелерді талдау арқылы қылмыстарды тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту.

Заттай дәлелдемелер – бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық дүниенің обьектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстық «тілсіз» куәгерлер деп атайды. Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қарайсыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистік жағынан сауатты жүргізілгенінен байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған обьектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.

Тергеу барысында тергеулік қараудың маңызы өте зор. Қарау кезінде қылмыстың, қылмыскерлердің іздерінің жәнге басқа да дәлелдемелік заттардың елеулі бөлігі табылып, зерттеледі. Қарау нәтижелелі, әсіресе қараудың түрі ретінде оқиға болған жерді қарау тергеушіге тергеу бағытын дұрыс анықтауға, тергелініп жатқан оқиға механизімін қайта құра алуға, қылмыскерлердің тұлғасын айқындауға мүмкіндік береді. Көп жағдайларда, жүргізілген тергеулік қараудың сапалылығы тергеу барысын анықтап береді. Бірақ та, осы тергеу әрекетінің маңыздылына да қарамастан тергеу тәжірибесі мен криминалистика ғылымының тергелік қараудың тактикасын тағайындауға елеулі түрде бөліп отырған назарына да қарамастан, тергеуді жүргізу барысының жеке жағдайларына қараудың имаңызы мен мүмкіндіктері жеткілікті бағаланбайды. Осынң салдарынан кейде қарау асығыс үстірткі жүргізіледі. Бұл алыдн ала тергеудің сапасын төмендетугеәкеліп соғады, істті жүргізу нәтижесінде қателіктер мен кемшілік пайда болады, ал оның нәтижесінде қылмыс ашылмай қалуы мүмкін. Сол себепті, тергеу мен анықтама органдарының қызметкерлеріне тергелік қарауларды жоғары сапада жүргізу қажеттігі туралы айтылып отырады.

Қарау тергеу әрекеті ретінде тергеушінің тергелініп жатқан оқиға туралы ақпатарттар алудағы маңызды құралы болып табылады. Қарау барысында алынған ақпараттардың дәлелдемелік сипаттары болған жағдайда терглеуші оларды дәлелдеу кезінде пайдаланады.

Қараудың басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы. Тергеулік қарауды жауапқы оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау сияқты тергеу әрекетін де айыра білу керек. Жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудағы тергеушінің әрекеттерінде осы тергеу әрекетін қарау мен жақындастыратын біраз элементтері бар: тергеуді жүргізуші тұлға жауабы тексеріліп жатқан адамның көрсеткен жерлерін және үй-жайларын куәгерлердің қатысуымен қарап тексеріледі. Бұл тәсіл кейде тергеушінің осы жерлерді сипаттағандағы айтылған белгілердің бар екендігіне көз жеткізуіне көмегін тигізеді. Бірақ та жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың мазмұны осындай бақылаулармен шектелмейді. Сонымен қатар тергеулік қараудың мазмұнына куәлар немесе айыпталушылардың заттарды немесе жерлерді көрсету, олардан істің мән-жайлары тура жауап алу кірмейді, оған қоса, қарау кезінде орта куәлардың немесе айыпталушылардың жауаптары бойынша  бекітілмейді, тергеушінің бақылау нәтижелері бойынша бекітіледі.

Тергеулік қараудың келесі түрлері бар:

  • оқиға орнын қарау;
  • мәйітті табылған жерінде сырттай қарау;
  • заттарды қарау;
  • құжаттарды қарау;
  • жануарларды қарауъ
  • оқиға орны болып табылмайтын жерлер мен үй жануарларын қарау.

Тергеулік қараудың ерекше түрі болып куәландыру табылады, яғни адамды қарау. Тергеулік қараудың түрлерінің өзінің ерекшеліктері бар, соған сай оларды жүргізушінің тактикалары анықталады, бірақ та тергеулік қараудың барлық түрлеріне ортақ және көрсетілген тергеулік қараулардың кез-келген түрлерінде тең қолданылатын процессуалдық және тактикалық сипаттағы бірнеше ережелері бар.

Осылайша, тергеулік қарау – бұл тергеуші мен немесе анықтаушымен қылмыс іздері мен басқа да заттай дәлелдемелерді алу, оқиғаның мән-жайын, сонымен қатар іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтау мақсатында тікелей қабылдауы, сараптау мен бекіту арқылы жүргізілетін тергеу әрекеті..

Қараудың түрлері мен мақсаты. Тергеулік қараудың түрлерін жіктейтін болса, оларды келесідей бөлуге болады:

  1. Қарау обьектілері бойынша жоғарыда көрсеткеніміздей:
  • оқиға орнын қарау;
  • мәйітті табылған жерінде сырттай қарау;
  • заттарды қарау;
  • құжаттарды қарау;
  • жануарларды қарау;
  • оқиға орны болып табылмайтын жерлер мен орын жайларын қарау;
  • қылмыс іздерін немесе ерекше белгілерін анықтау үшін куәландыру (адамның денесін қарау).
  1. Кезектігі бойынша:
  • бастапқы;
  • қайтадан, бұрын жүргізілген тергеулік қарау қайта жүргізілсе.
  1. Көлемі бойынша:
  • негізгі;
  • қосымша, алдыңғы тергеулік қараудың қаралмаған жерлерін қарайтын болса.

Барлық тергеулік қарау кезінде ҚР ҚІЖК-нің 221-227 баптарында көрсетілген тергеулік қарауға арналған жалпы процессуалдық ережелерін сақтап жүргізу керек.

Заң анықтағандай, тергеулік қараудың мақсаттары мыналар:

- қылмыс іздері мен басқа да дәлелдемелік заттарды табу;

- оқиға ортасын анықтау;

- іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды айқындау.

Осылайша тергеулік қараудың мақсаттарын анықтай отырып, олар дәлелдемелерді, жинау мен зерттеуден тұрады десек болады. Қарау кезінде жиналған дәлелдемелердің негізінде тергеуші тергелініп жатқан оқиға мен оған қатысушылар туралы, қылмыскерлердің жасырынған жерлері туралы, ұрланған мүліктері мен басқа да дәлелдемелік маңызы бар обьектілердің тығылған олрындары жайлы қылмыстың салдары және басқалар туарлы версиялар құрады.

Тергеулік қараудың мақсаты:

- тергелінетін оқиғаның мән-жайы сипатын анықтау үшін ортамен тікелей танысу;

- қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелерді табу, бекіт, алу және баға беру;

- жалпы және жеке версияларды шығару үшін бастапқы ақпараттарды алу;

- қылмыскерлерді іздестіруді ұйымдастыру үшін ақпараттарды жинау.

2. Оқиға болған жерді қарау түсінігі

Оқиға болған жерді қарау түсінігі. Оқиға болған жерді қарау пәні криминалистиканың бір бөлімі. Қылмыспен күресу барысында заң ғылымдарының ішінен криминалистиканың маңызы зор. Қылмыстарды ашу барысында қолданатын тергеушілердің, алдын-ала тергеу қызметкерлерінің, жедел-іздеу қызметкерлері мен эксперттердің криминалистикалық ғылыми негізделген әдіс-тәсілдерді тәжіриде қолданулары қылмыстарды ашып, тергеуде маңызды.

Қазіргі кезде көбейіп отырған қылмыстарды ашуға оқиға болған джерді қарау әрекеті өте маңызды. Оқиға болған жерді қарау, тергеудің  бастапқы кезеңінде, қылмыстық із қозғалмай тұрып жүргізіледі.

Көп қылмыстардың тергеуі оқиға болған жерді қараумен басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуы керекті, өте құнды дәлелдемелер  жинап алуға болады.

Сонымен оқиға болған жерді қарау пәні – оқиға болдғанннан кейін, сол аймақтан іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зеттеу ідістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдарды пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.

Оқиға болған жер дегеніміз – қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да обьектілер.

Оқиға болған жерді қарау дегеніміз –іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жаслаған қылмыстың мән-жайын , оның болу механизімін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті. Егер оқиға болағн жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, айғақ заттар ауа райы және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп қалуы мүмкін, тіпті олардың жоғалып кетуі де ықтимал. Оқиға болған жер түнде де қаралады. Егер мұндай егжей-тегжей ұқыпты қарап шығуы мүмкіндік болмаса, бұл жер жарық түскеннен кейін қаралуы керек.

Оқиға болған жерді қараудың қағидалары. Оқиға болған жерді қарау қағидалары дегеніміз оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін жүргізуде пайдаланатын бастамалар идеялар.

- Қараудың шынайылығы (обьектілігі) барлық обьектілерді табылған қалпында зерттейді және бекітеді, сонымен қатар тергеушінің немесе басқа да тергеу әрекеттеріне қатысушылардың тұжырымдары мен пікірлерін хаттамада көрсетілуді көздейді.

- Қараудың толықтылығы мен жан жақтылығы қылмысқа қатысты оқиға орнында табылған бүкіл заттар мен іздер табылып, зерттеліп, хаттамада егжей тегжей көрсетіліп, фотасурет немесе бейнежазба арқылы бетітілуін қамтамассыз етуі. Сонымен қатар, тергеудің толықтылығы деп алғашқы қараудың жеткіліксіздігінен оны қайталау қажеттілігін тудырмауын айтады.

- Қараудың жоспарлылығы нақты әрекеттердің шеңбермен кезектілігін анықтаудан, қолда бар күш пен құралды бөлуден тұратын тергеушінің және басқа да қарауға қатысушылар әрекетінің кезектілігін дұрыс анықтауды қамтиды. Ол бүкіл қажетті әрекеттерді толық және сапалы орындауды және ақырында тергеулік қараудың мүмкіндігінше тиімділігін қамтамассыз етеді.

3. Оқиға болған жерді қараудың сатылары

Оқиға болған жерді қараудың сатыға бөлу. Оқиға болған жерді қарауда келесі 3 сатыға бөлеге болады:

Дайындық

Жұмыстық (опарациялық)

Қорытынды

Оқиға болған жерді қарауды осылай сатылау тергеу әрекетінің бүтіндігін бұзбай қарай тактикаларының жалпы ережелдерін қолдана отырып жүзеге асыруды қамтамассыз етеді.

Толықтық, обьективтілік, әдістемелік және басқа да тактикалық ережелер тергеушінің нақты ұйымдастырылған жұмысының негізінде, егер оқиға болған жерді қарау белгілі бір тәртіппен қатаң белгіленген тәртіппен ғана жүзеге асырылады. Оқиға болған жерді қарау әрекеттерін бұлай бөлудің мақсаты оқиға болған жерде тергеушінің жүйеленген әрекеттерді белгіленген тәртіппен, сатымен атқаруы сапалы жұмысты қамтамассыз етеді.

Оқиға болған жерді қарау дайындық, жұмыс және қорытынды саты деп бөлуі тергеушінің қарау үрдісі кезіндегі жеке-жеке әрекеттерінің барлығы қараудың жалпы мақсатына жетуге бағытталған.

Оқиға болған жердегі жағдайды және обьектілерді нақты зерттеуді бастау үшін тергеуші қарауға қажетті жағдай жасауы, оған қатысты тұлғалар және оның затын анықтауы және оқиға болған жердегі келесі атқарылатын жұмыстарды қамтамассыз етуі керек. Тергеудің бұл жұмыстары – іс жүргізу барысының “қарау” негізгі бөлігін құрайды және ол онсыз мүмкін емес.

Осындай әрекеттің жүйесінің жиынтығы қараудың дайындық сатысын құрады.

Оқиға болған жерді қараудың жұмыстық сатысының мазмұны – обьектілерді қарауды нақты зерттеуден тұрады.

Егер тергеушінің дайындық сатысындағы негізгі ұйымдастырушылық  мінездегі әрекеттерін жасаса, ал жұмыстық сатыда зерттеушілік мінез байқатады.  Қараудың қорытынды сатысында тергецуші атқарылған зерттеу жұмысының негізінде фактілік қорытынды жасайды және нәтижесін ресімдейді.

Информация о работе Қараудың сипатамасы мен түрлері