Қараудың сипатамасы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Июля 2015 в 07:36, реферат

Краткое описание

Тергеу қарауының жалпы ережелері. Қылмыс ізін, өзге материалдық обьектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жердің, үй-жайлардың, заттардың, құжаттардың, көзі-тірі адамдардың, мәйіттердің, жануарлардфың қарауын жүргізеді. Қарауды жүзеге асыратын адамның нұсқаулары сол тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негігі бөлім
1. Қараудың сипатамасы мен түрлері..............................................................3
2. Оқиға болған жерді қарау түсінігі...............................................................6
3. Оқиға болған жерді қараудың сатылары.....................................................7
4. Оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері...........................................10
5. Оқиға болған жердегі өлікті сырттай қарау..............................................14
6. Тергеу қарауының басқа түрлері...............................................................16
7. Оқиға болған жерде қалаты іздер..............................................................18
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиет

Прикрепленные файлы: 1 файл

оок.doc

— 154.50 Кб (Скачать документ)

Қарау сонымен аяқталады, бірақ болашақ әдістемелік және ұйымдастырушылық мінездегі бірнеше сұрақтарды шешу керек, қараудың нәтижелерін одан кейінгі тергеуде қолдану мүмкіндігін қамтамассыз ету қажеттілігінің барлығы қараудың қорытынды мазмұнын анықтайды.

Оқиға болған жерді қараудың дайындық сатысы. Ол тергеушімен ОБЖҚ өндірісі туралы шешім шығарылған сәттен басталады. Осындай шешімді қабылдап, тергеуші міндетті:

- не және қайда болғанын анықтап, оқиға орнындағы жабдықтарды қорғауды қамтамассыз ету үшін, жергілікті әкімшілік немесе полиция органына оқиға орнын қарау туралы нұсқау  беруге;

- қорғауды ұйымдастырушы қызметкерлерге мәліметтерді аса пайдалы болатын оқиғаны өз көзімен көрген тұлғаларды анықтау қажеттілігі туралы ескертуге;

- егер жәбірленуші болса, оларға медициналық көмек көрсету туралы нұсқау беруге;

- полиция қызметкерлері сезікті тұлғаларды ұстауға және болған оқиғаның зиянды зардаптарын болдырмауға шара қолданған-қолданбағанын анықтауға;

- тергеу портфелінің, фотоапараттардың және қарау жүргізуге қажет басқа да құралдардың толық жинақталуын оқиға орнынан шығу алдында тексеруге және қажетті мамандарды шақыруға міндетті;

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді жасағаннан кейін тергеуші ОБЖ-ге шығады. Оқиға болған жерге жеткеннен кейін дайындық сатысының екінші сатысы нақты қарау басталады. Тергеудің нақты қарауына келесілер жатады:

- егер тергеуші келгенге дейін жасалмаса, алғашқы медициналық көмек көрсетуі керек;

- оқиға болған жерден бөтен, жат тұлғалардың шығарылуын және келесі қарау өндірісінде осындай тұлғалардың пайда болуының алдын-алуға;

- іс бойынша қажетті мәлімет бере алатын азаматтар, куәлар және басқа да тұлғаларды анықтап, іске тарту. Қатысушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіруі;

- жауап алуды жинау арқылы (формальды емес, хататама жасалмайтын әңгімелесу) алдын ала мәліметтер жинауға. Кейде дыбыс жазбаға байланысты әрекеттерді атқаруы керек.

Осы сатыда басқа да сатылардағы сияқты іздеу әрекеттері жасалады, мысалы, қылмыскердің ізіне түсу, сондай-ақ қызметтік-іздестіру итін пайдалануға құқылы.

Оқиға болған жерді қараудың жұмыстық (операциялық) сатысы. Ол жалпы және егжей-тегжейлі қарау деп екіге бөлінеді. Жалпы қарау оқиға болған жердің жалпылама қарауынан, кеңістіктің шекарасын анықтаудан, қандай қарау әдісін пайдалану туралы сұрақты шешуден тұрады, сондай-ақ өндіріс мақсатын таңдау үшін жалпылама және бөлшектік фотасуретке түсіреді және оның атқарылуын қарастырады. Содан кейін тергеуші оқиға байланысты басқа да қатысушылары мен оқиға болған жерде қандай обьектілер бар екенін қарап,  жиынтығын зерттейді. Оқиғамен байланысты обьектілерді зерттеп, сыртқы түрін суретке түсіру арқылы нақтылайды, болашақ хаттама үшін жобаларды, жоспарлар мен сызбаларды жасайды.

Жалпылама қарау аяқталғаннаен кейін тергеуші егжей-*тегжейлі қарауға көшеді, ол кезде:

- обьектілер жалпылама және бөлшектеп қаралады (бұл мақсатта заттар орнынан қозғалуы және аударылуы мүмкін және тағы басқа);

- қылмыс және қылмыскер іздерінің жеке обьектілерге және оқиға болған жерден тыс жерлерден іздеу және табу үшін әрекеттер қолданады;

- іздер қалған обьектілерді алып кетеді, егер алуға болмайтын заттар болса олардан көшірмесін алады;

- заттың жағдайын негативті қасиеттері бар екенін анықтаған жағдайды, көзін жоюға;

- жалпы қарау мәліметтерін тексереді;

- егжей-тегжейлі және жалпылама фотасуретке түсіріледі.

Бұрын оқиға болған жерді көру кезінде тергеуші қарау тәртібін өзі таңдаған, яғни қараудың тәртібіне талап қойған, қарау обьектілерін зерттеу сатыларын анықтайтын қағидаларын белгілейді.

Оқиға болған жерді қараудың 3 тәсілі қолданылады:

    1. Концентрлік – оқиға орнын спираль бойынша шетінен ортасына дейін қарау.
    2. Эксценртлі – оқиға орнын спираль бойынша ортасынан шетіне қарай қарау.
    3. Фронтальды – оқиға ортын бір жақ шетінен жылжи отырып қарау.

Оқиға болған жерді қараудың қорытынды сатысы. Қорытынды сатысында оқиға болған жерді қарау кезінде атқарылған барлық жұмыстарды, іске маңызды барлық мәліңметтерді, іске қатсқан барлық тұлғалардың әрекеттері толығымен жазылылады. Оқиға болған жерді қарау кезінде жасалған барлық зерттелген және қаралған, атқарылған жұмыстардың нәтижелері егжей-тегжейлі Оқиға болған жерді қарау хаттамасына жазылады. Осы хаттама оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетінің нәтижесі болып табылады. Бұл хаттаманы оқиға болған жерді қарауды жүзеге асырған тергеуші ресімдейді.

4.  Оқиға болған жерді қараудың ерекшеліктері

Оқиға болған жерді қараудағы версиялар. Версия - оқиға болған жерді қарау бойынша тексеріліп жатқан оқиғаға байланысты логикалық түсіндіретін болжам ретіндегі гипотезаның түрі. Қывмыстыұқ тергеудегі версия тексеріліп жатқан оқиғаның мәні немесе оның жеке мән-жайларының, фактілер арасындағы себепті байланыстың пайда болуы туралы өкілетті тұлғаның шығарған негізделінген болжамды түсінігі.

Оқиға болған жердегі қолданудың криминалистикалық-техникалық құралдары мен әдістері. Іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді оқиға болған орнына белгілеп немесе алып, табу үшін тергеуші әртүрлі әдістер мен криминалистикалық техниканың құрылдары қолданылады. Іздер мен басқа да дәлелдемелік маңызы бар объектілерді табу әдістерінің көптеген таратылған түрлеріне мыналар: объектілерді ерекше жарық жағдайда немесе арнайы өзгертілген бұрыштарда: іздер табылған орындарын заттар мен бұлап парлау (мысалы иодтың парларымен), белгіленген іздерді шығару қасиеті бар құраммен; іздердің бөлшектері фондармен немесе заттың іздерімен қосылса, онда оларды сулайды сол кезде іздерді көрінетіндей қылады; әртүрлі оптикалық құралдардың көмегімен объектілерді қарау.

Іздердің белгіленуі және басқа заттай дәлелдемелерін қабылдауы- ол суретке түсіру, бейне жазу іздерінің размерін немесе басқа объектілерін өлшеу, оның жазылымы; схемалық не бояу түрі; объектіні қайта қарау, осы іздерді сақтау мен белгілеу мақсатында, іздердің копиясын түсіру; оқиға орнындағы іздерді затпен немесе заттың бөлігімен бірге іздерді алу немесе олардың орнынан басқа орынға ауыстыру.

Оқиға болған жерді қарауда тергеуші арнайы криминалистикалық техникалық құралдарды қолданады. Арнайы құралдарға негізінде кіреді: оперативтік және тергеулік чемодандар, сумкалар, портфельдер. Кейде криминалистикалық техникалық құралдар арнайы автомашиналарда, оқиға орнына баратын- қозғалатын криминалистикалық лаборотория болады.

Іздермен жұмыс істейтін тәсілдерден басқа әртүрлі құралдар кіреді, жарықтандыратын құралдар, оқиға орнындағы объектілерді алатын материалдар кіреді. Оқиға орнындағы объектілердің мінездеріне байланысты тергеуші әртүрлі аппараттарды қолдана алады, мысалы: жүргізілетін рентгендік аппарат, кварцттық лампаны, мәйіттерді іздеу үшін арналған құралды. Ауыр криминалистикалық техниканы қолдануда тергеушіге маман криминалист көмек көрсетеді, негізінде ішкі істер органдарының криминалистикалық бөлімшелерінің қызметкерлері немесе басқа криминалистикалық мекеменің қызметкері болады.

Оқиға орнын қараудағы бекіту нәтижелері. Оқиға орнын қарауда тергеулік іс-әрекет ретінде маңыз алады, егер оның нәтижелері іс жүргізу негізінде рәсімделсе. Қараудық қорытындысы міндетті бекітілу керек. Қараудың қорытындысын бекіту- ол оқиға орнында тергеуші мен табылған құжаттық көрінісі заңды нысанда бекітілген, олардың оқиға орнында шығарылған іс-әрекетінің жазылуы, оқиға жағдайының жалпы суретін бекіту, сонымен бірге оқиға орнындағы жеке элементтерінің құрамы және жағдайларының белгілері болады.

Қараудың нәтижелерін белгілеудің жеке және жалпы құралдарын айыра білу керек. Жалпы бекіту құралдарға жатады, олардың көмегімен тергеуші оқиға орнындағы жалпы суретін, қылмыс жасалған жердің жағдайын, оқиға орнындағы объектілердің барлық жиынтығын бекітеді. Бұндай бекіту құралдарына оқиға орнын қарау хаттамасы, оқиға орнының сызбалары және жоспары, схемасы, оның фотосуреттері және бейнежазбалары жатады. Бекіту жеке құралдарына, оқиға орнын жеке объектілерін қарау нәтижелерін белгілеуде қолданылады: масштабтық суреттер, суреттеу.

Оқиға орнын қарау хаттамасы- қарау нәтижелерін көрсететін негізгі іс жүргізу құжаты болып табылады. Хаттама мынадай болуы керек:

Нақты және бірқалыпты жазылған оқиға орнындағы тергеуші мен және басқа қатушылар мен табылған. Хаттамада нақты ғана емес, оқиға орнындағы элементтерінің анық және жеткізерліктей жазылуы керек. Хаттаманың анық және жеткізерліктей болуы жалпы қолданатын терминдерді қолдануды қамтамасыздандырады (хаттамада белгісіз сөйлемдер мынадай «маңайында», «таяу», «жанында» , «алыс емес» болмауы керек);

Толық жазылған, яғни оқиға орнындағы іске қатысы бар барлық табылғандар;

Оқиға орнындағы табылғандардың объективті жазылуы. Хаттамада табылған фактілерді түсіндірмелеу, баяндау, тергеуші табылған іздердің және қарулардың пайда болуы туралы жазбау керек. Хаттама- ол табылғандардың жазылуы, олардың түсіндірмелері емес;

Бір мақсатқа бағытталған: онда қарауға жататындары көрсетілуі керек, артық іске қатыссыз нәрселер жазылмауы керек;

Заң ережелерінде көрсетілген тәртіппен міндетті түрде мекен жайлары ұрастырылған болуы. Бұл хаттаманың заңды сұранысы іс жүргізу кодексінің 203-бабында хаттаманың мекен жайының міндетті кіруі жазылған. Одан қарау хаттамасының құрылымын көруге болады.

Хаттаманың бірінші бөлімі:

- қарау өндірісінің орны;

- қарау өндірісінің күні- саны, айы, жыл;

- қараудың басталу және аяқталу уақыты нақтылы минутқа дейін;

- қарау жүргізудің лауазымы, тұлғаның аты-жөні;

- қарауға қатысқандардың аты-жөні, әкесінің аты, керек жағдайда мекен жайы;

- оқиға туралы өтініштердің, ақпараттардың алынған уақыты, қарау өндірісіне берілген тапсырма уақыты;

- үйді қараған кезде тергеулік іс-әрекет сонда тұратын кәмелетке жасы толған адамның келісімімен де немесе прокурордың санкциясымен әлде прокурордың тәуләктік берген мерзімімен өткізілді ме көрсетілуі керек;

- қарау өндірісінің жағдайы (қандай ауа-райы және қандай жарықта қарау өткізілді, тұрғылықтық рельефтерінің қиындығы: терең жерде, жоғары таулы, әрең жететін орын және т.б).

Хаттаманың екінші бөлімі жазылмалы болады. Жазылмалы бөлімінде барлығы жазылады:

- оқиға орнының шекаралары;

- оқиға орнына апаратын жолдар, қаралатын жердің кіретін және шығатын орындары;

- оқиға орнының жағжайы және барлық қарау объектілері (іздер және басқа заттай дәлелдемелер);

- іздер мен заттай дәлелдемелерді табу әдістері, қандай техникалық құралдар онда қолданылды және қандай нәтиже алынды;

Үшінші қорытынды оқиға орнын қарау хаттамасының бөлімінде көрсетіледі:

- қандай заттар оқиға орнынан алынды, қандай объектілер және қалай қапталған, мөрленген және қандай мөрмен, қайда бұл заттар бағытталған немесе кімге сақтауға берілген;

- оқиға орнында қандай сызықтар, жоспарлар, схемалар құрастырылған;

- оқиға орнында мәйіт табылса ол қайда тексеруге апарылған;

Барлық қарауға қатысушылардың қолдары қойылады. Оқиға орындарының жоспары мынадай болады:

- шынайы іс-әрекетінің толық және нақты жетерліктей көрінуі.

- қарау хаттамасын жасаған тұлғамен жасалып, керекті мекен жайының болуы;

- оқиға орнында құралады, егер құрайтындай жағдай жоқ болса онда қарау орнында құралады;

- жалпы қолданатын белгілер мен оның жетерліктей және жалпы түсінетіндей болуы;

- бір масштабта барлық қарау объектілерінің кішірейтілген жоспары құрылуы керек;

- іске жатпайтын артық заттар болмауы керек.

Оқиға орнындағы жоспардың міндетті мекен жайығып санау керек: масштабты немесе негізгі размерлерінің тапсырмалары, шартты белгілерінің түсініктері, жоспарларды құраған күні, тергеушінің немесе куәгерлердің қолы. Осыған байланысты жоспар масштабты түрде ме немесе жоқпа екенін айыру үшін жоспарлар масштабты және кестелік болады. Оқиға орнының кестелік жоспары масштабсыз құралады, онда жоспардағы заттар және олардың арасындағы қашықтықтары көрсетіледі. Тәжірибеде негізінде кеңістіктің жоспары масштабты түрде сызылады; тұрғылықты жерінің жоспары – кестелік, онда негізгі қашықтығы үлкен стрелкамен белгіленеді.

Оқиға орнының жоспары жалпы болуы мүмкін, онда оқиға орны ғана көрсетілмейді сонымен қоса айналадағы орындар, тұрғылықты жердің бөліктері, мысалы, елді мекендері бөліктерінің жоспары, жеке тұрғылықты жерінің салынған жері, бүкіл үйдің жоспары жатады.

Кеңістіктің жеке жоспары- оқиға орны- жоспарлары етпетінен және аударылған түрде құрастырылады. Етпетіндегі жоспарларда еденнің жайпақтығы мен (үстінгі түр) объектілер көрсетілуі мүмкін. Егер жоспарларда көлденең жататын, жайпақтарды объектілерді көрсету керек болса (мысалы, стендегі қанның ізін), аудалылған жоспарлары құралады, онда стен мен төбе бір көлденең жазықтықта «бұратылған», немесе «жайытылған» түрде болады.

Оқиға орнындағы фотосуреттер. Фотосурет қарау хаттамасының мазмұнын және хаттамада көрсетілмеген заттардың көрінісі немесе жеткіліксіз анық жазылмағандарды толықтырады. Оқиға орнындағы фотосуретте оның жалпы түрі бірнеше нүктеден белгіленеді, өйткені жағдайдың барлық бөліктерін толығырақ бекіру үшін. Фотоаппарат түсірген кезде жерден жоғары бір нүктеде орнатылады. Түсірген кезде жақсы шығу үшін объектіні бірнеше рет фотаға түсіреді. әрбір қарау хаттамасында ұсынылған суреттің артында түсініктеме жазылу керек, осы суретте қайдау көрініс юар, қандай жерде түсірілгендігі, сонымен бірге суретке түсірген тұлғаның, тергеушінің қолымен бекітілуі, мүмкіншілікке байланысты куәгерлердің қатысуы. Егер фотосуреттер фотокестеде жасалса, онда бұл жазулар осы кестенің ішінде жазылу керек. Егер қарау үрдісінде бейне жазу қолданылса, хаттамаға бейнежазба жазылған кассете қосылады.

Информация о работе Қараудың сипатамасы мен түрлері