Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 10:30, реферат
Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез – құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал – тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.
Әкімшілік – мәжбүрлеудің белгілері:
1) Заңның негізінде қолданылады. Құқық нормасымен мыналар реттеледі: қандай шаралар, қандай жағдайда, қандай тәртіпте, кім қолдануы мүмкін. Мәжбүрлеу шараларының айқын регламентациясы жеке басқа, тұрғын жеріне және азаматтардың жеке меншігіне қол сұғылмаушылық қағидаларын сақтау үшін қажет;
Қосалқы режимдер — бұл жалпыға қарағанда азаматтар мен ұйымдардың конституциялық мәртебесін, рұқсат берушіліктердің не болмаса қосымша тиым салушылықтар немесе позитивті міндеттеулерден тұратын ереше шектеулердің мөлшерін, мемлекеттік органдардарда функционалды міндеттеулердің мөлшерінің өзгеру деңгейімен ерекшелінетін жалпыны модификациялаудан тұратын режим.
Қосалқы әкімшілік — құқықтық режимдер екі топқа бөлінеді:
1) әдеттегі;
2) төтенше;
Әдеттегі режимдер — тұрақтылық, мемлекеттік басқару органдарында қандайда болсын төтенше құзырлықтың боллмайтындығыфмен, азаматтар мен ұйымдардың өздерінің субъективті құқықтарын жүзеге асыру бойынша дербестігімен сипатталады. Әдеттегі әкімшілік — құқықтық режимдер әртүрлі негіздер бойынша жіктеледі:
а) территоиялар бойынша (қорықтар және т.б.);
б) жекелеген объектілерге байланысты (қару-жарақ, есірткі және т.б.);
г) қызмет түріне байланысты (азаматтың қорғаныстың республикалық жүйесінің жұмыс істеуі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою).
Төтенше әкімшілік — құқықтық режим азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың шаруашылық қызметін шектеумен, төтенше құзырлықтағы мемлекеттік органдарды құрумен, жұмыс істеп жатқан мемлекеттік органдарға ттенше өкілеттіліктер берумен, азаматтар мен ұйымдарға қосымша міндеттер жүктеумен сипатталады. Заңнамада төтенше жағдайлардың 3 түрі белгіленген: шұғыл, әскери және ерекше.
Әкімшілік — құқықтық режимдердің құқықтық негізін ҚР Конституциясы және әдеттегі, сондай-ақ төтенше режимдерді белгілейтін жалпы ережелерден тұратын заңдар құрайды.
Төтенше жағдайлардың құқықтық режимі ҚР Конституциясы мен 1993 жылғы 15 қазандағы «Төтенше жағдайлардың құқықтық режимі туралы» ҚР заңымен, сонымен қатар негізінен төтенше жағдайлар кезіндегі жекелеген басқару органдарының мәртебесі мен қызметін реттейтін ҚР Президентінің жарлықтарында бекітілген. Төтенше жағдайлар қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуді ауырлатады, сондықтан мемлекетті қоғамдық қатынастарға қатаң заңды-ұйымдық ықпал ету шараларын белгілеуге, осындай жағдайларды жою үшін және қоғамды қалыпты өмір сүру жағдайларына қайтару үшін құқықтық құралдарды өзгертуге міндеттейді. Төтенше жағдайларды жариялау үшін мына жағдайлар негіз болады («Төтенше жағдайлардың құқықтық режимі туралы» ҚР заңында белгіленген):
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қалыпты қызметі үшін қауіп төндіретін табиғи апаттардың, техногендік катастрофалардың немесе олардың пайда болу қауіпі болғанда; сонымен қатар халықтың игілігіне келтіретін зиянды төмендету мақсатында жедел құтқарушылық және авариялық — қалпына келтіруші жұмыстардың, эпидемиялардың, ірі авариялардың болуы;
2) күштеумен ұштаса жүретін,
конституциялық құрылысты