Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 10:30, реферат
Әкімшілік мәжбүрлеу басқару әдісі ретінде адамдардың санасына және мінез – құлықтарына психикалық, материалдық немесе физикалық ықпал етуді білдіреді. Мемлекеттік басқару сферасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қорғау құралы, амал – тәсілі ретінде пайдаланылады, жазалау функциясын атқарады.
Әкімшілік – мәжбүрлеудің белгілері:
1) Заңның негізінде қолданылады. Құқық нормасымен мыналар реттеледі: қандай шаралар, қандай жағдайда, қандай тәртіпте, кім қолдануы мүмкін. Мәжбүрлеу шараларының айқын регламентациясы жеке басқа, тұрғын жеріне және азаматтардың жеке меншігіне қол сұғылмаушылық қағидаларын сақтау үшін қажет;