Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 17:56, курсовая работа
Кәріз- (парсыша — жер асты суармалы каналы— жер асты суларын бір орынға жинап, оны жер бетіне шығарып, шаруашылыққа пайдалану үшін жер астынан көлбей қазылған куыс арна.) Кәріздің ұзындығы бірнеше километрге дейін, ені 0,7—1метр, биіктігі 1,5— 2 метр болады. Жер асты суларын бір орынға жинап, оларды шаруашылықта пайдалану мақсатында жер бетіне шығару үшін жасалған, көлбеуге дерлік бағытта жер асты суларының ағысы бойынша орналасқан жер асты галереясы немесе жерді құрғату аймағындағы топырақтағы артық суды жинап,құбыр, канал арқылы баска жаққа бұрып әкетуін жүзеге асыратын құрғату төсілі.
1. Кіріспе.......................................................................................................................3
2. Кәріз жұйелері..........................................................................................................4
3. Кәріз схемалары және оның негізгі элементтері..................................................9
4. Кәріз құбырлары мен коллекторлары...................................................................11
5. Кәріз жүйелеріндегі құдықтар...............................................................................13
6. Ішкі кәріз..................................................................................................................14
7. Қарағанды қалалық кәріз жүйелерінің инженерлік
коммуникацияларын күтіп-ұстау..........................................................................16
8. Қорытынды...............................................................................................................22
9. Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................
2) құбыр
материалдарына және кәріз
3) сарқынды
сулардың биологиялық түрде
4) қауіпті бактериялық ластаушылар;
5) 310 мг/л астам өлшенген және қалқынды заттар;
6) ерімейтін мұнай өнімдері (май, шайыр, қара май);
7) 11,4 мг/дм 3 асатын ЖБЗ (СЖБЗ) биологиялық қатты заттар;
8) биологиялық
қиын қышқылдандыратын
9) ауыз су-шаруашылық,
мәдени - тұрмыстық және суды
Кәріз жүйесіндегі улы газдардың қалыптасуына әсер ететін қышқылдар (күкірт қышқылы, күкірт көміртегі, көміртегі қышқылы, цианисті-су қышқылы, жеңіл ұшатын хош йісті көміртегілер және басқалары) және ыстық қоспалар, улы және араласқан газ түріндегі заттар (көбінесе жанармай, диэтил эфирі, дихлорметан, бензол және басқалары) және өзге жарылыстық қаупі бар улы қоспалар.
Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне тастауға жол берілмейді:
1) 40 0 С температурасынан жоғары ағынды сулар; 6,5 төмен немесе 9,0 жоғары рН деңгейі; 1,5 еседен көп біршама толық БОТ немесе 2,5 есе БОТ-тан жоғары ОХҚ;
2) кәріздік сулар, жауын-шашындық (қар) сулары;
3) технологиялық
циклде ластанбаған нормативті-
4) өнеркәсіптік аудандардың аймағынан шығатын жоғарғы ағыстар;
5) локалды тазарту имараттарынан жауын - шашындар;
6) топырақ, құрылыс және тұрмыстық қоқыс;
7) өзге тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар.
Тұтынушылардың кәріз жүйесінде өзара қатынасы эмульсияның қалыптасуына әкелетін сарқынды сулардың бірігуіне жол берілмейді, улы немесе жарылыстық қауіпті газдардың, сондай-ақ ерімейтін заттардың үлкен көлемі (мысалы: құрамында кальций тұзы немесе магний бар сілті ерітінділері бар сарқынды сулар; сода және ащы сулар; натрий сульфиді және құрамында шектен көп сілтісі бар су; хлор және фенолдар).Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне сарқынсыз өндіруді ұйымдастыру, орынды технология, айналмалы және қайтарымды сумен жабдықтауды пайдалану жолымен жойылу мүмкіндігі бар өндіріс процессінде ластанбаған сарқынды сулар жіберілмейді.
Қарағанды қаласының кәріз жүйесін күтіп-ұстау шарттары
Қарағанды қаласының
кәріз жүйесіне сарқынды
1) тұтынушының
сарқынды сулары нағыз
2) Қарағанды
қаласының кәріз жүйесінің
Қарағанды қаласының кәріз жүйесінің сарқынды суларды қабылдауы СКШ ұйымымен бекітілген сарқынды суларды қабылдауға арналған келісім-шарт негізінде жасалады. Келісім-шартқа кәріз жүйесіне қосылуға берілетін тахникалық шарт және типтік форма бойынша сарқынды суларды жіберуге, баланстық мүліктің шекараларын бөлу актісі қосымшаға ретінде берілуі тиіс. Сарқынды суларды жіберуге өтінім беру кәріз жүйесіне қосылуға жататын немесе қосылушы тұтынушылардың мекемелік тиістілігі мен жеке меншік формасына қарамастан барлығына міндетті.Өзге жағдайларда Тұтынушының сарқынды суларын тазарту Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарының талаптарына сәйкес локалды тазарту имараттарында жүзеге асырылуы тиіс. Қарағанды қаласының кәріз жүйелеріне қайта қосылушы және әрекет етуші Тұтынушылар үшін СКШ Ұйымы сарқынды суларды қабылдауға лимитті анықтайды. Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне сарқынды суларды жіберу Тұтынушының аумағында немесе аумағынан тыс міндетті түрде орналастырылған бақылау құдығымен өзіндік түрде жіберу арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушының өзіндік түрде жіберулері сарқынды судың сапасы мен көлемін тұрақты қадағалайтын мынадай құрылғылармен жабдықталуы тиіс: автоматтық сұрыптаушылар, шығын өлшемдіктер, қажет болған жағдайда пломбаланатын автоматтық запорлық құрылғылар. Егер Тұтынушының сарқынды суларының құрамы мен көлемі бір күн ішінде өзгерген болса, Тұтынушы бір күн ішінде Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне сарқынды суларды бірдей жіберуді қамтамасыз ететін арнайы көлемдік-реттеушілерді (аралықтар) бекітуге міндетті. СКШ Ұйымы мен Тұтынушы арасындағы кәріз жүйелерінің жағдайы мен қызмет көрсетуінің жауапкершілік шегінің шекарасы олардың баланстық тәуелділігімен анықталады.Тұтынушы Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне сарқынды суларды жіберу шарттарын сақтау және ондағы кәріз жүйелерін енгізудегі техникалық жағдайы мен пайдаланылуын қамтамасыз етеді.Тұтынушылардың кәріз жүйелерін пайдалану және қызмет көрсетуі өзіндік түрде немесе СКШ Ұйымымен жүзеге асырылады. Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне Тұтынушы жіберетін сарқынды сулардың саны пайдаланылған ауыз судың тең саны бойынша және ыстық сумен жабдықтау жүйесінен келетін сумен анықталады. Немесе Тұтынушының есебінен Тұтынушының өтініші бойынша СКШ Ұйымымен орындалған шынайы өлшемдермен анықталады. Өлшемдердің кезеңділігі Тұтынушымен бірге СКШ Ұйымымен анықталады. Өлшемдердің нәтижелері екіжақты актімен ресімделеді және Қарағанды қаласының кәріз жүйесін пайдаланғандығы үшін өзара есептесулерге негіз болады.Тұтынушы талап бойынша немесе СКШ Ұйымының жазбаша рұқсатымен, СКШ Ұйымының бекітілген техникалық мүмкіндігі болғанда өзге Тұтынушылардың өзінің кәріз жүйесіне қосылуға рұқсат етеді. Мұндай жағдайда Тұтынушы мен Субтұтынушының кәріз жүйесіне техникалық қызмет көрсетудің барлық шарттарын орындайды. Субтұтынушылар негізгі Тұтынушымен сарқынды суды жіберуге келісім-шартты бекітеді. Субтұтынушылар туралы мәліметтер олардың атауын, мекемелік тәуелділігін, сарқынды сулардың көлемі мен сапасы туралы мәліметтермен, сарқынды сулардың саны мен сапасына тұрақты бақылау жасауға арналған құрылғылар туралы мәліметтер СКШ Ұйымымен бекітілген келісім-шартқа қосымшада Тұтынушы көрсетеді. Бірнеше Тұтынушылардың суларын біріктіру осы сулардың Тұтынушының әрқайсысының алдын-ала жергілікті тазартуынан кейін немесе біржақты сарқынды сулары бар, бірнеше Тұтынушылар арналған тазарту имараттарының жалпы блогында жіберіледі. Тұтынушылармен бұрылған сарқынды суды саны, суларында лас заттар концентрациясы саны азайтылған немесе көбейтілген, тұтынушылар жаңа кәріз жүйелерін жұмысқа пайдалануға немесе қайта қалпына келтірген, және жаңадан субтұтынушылар қосылған және Тұтынушының ұйымдасқан заңдық нысанын жазып және меншікті нысаны ауысқан жағдайда сарқынды суды Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне Тұтынушы мен СКШ Ұйымымен бекітілген келісім шартқа өзгерту және толықтырулар енгізіліп, сай есептемесімен Тұтынушының СКШ Ұйымынан рұқсат алғаннан кейін жіберіледі. Тұтынушының кәріз жүйесінде бұзылуы немесе өзгеруіне байланысты, әр шығару бойынша сарқынды су сапасы және аумағына үнемі бақылау үшін бейімдемеде жұмыстың кез-келген түрлерінің жүргізілуі алдында, Тұтынушыға объектінің белгіленген өзгерісі оның параметрлеріне меншік иесінің (меншік иесі үлескерінің) жазбаша келісімі керек.Тұтынушының өз еркімен қондырғылар мен жабдықтарды Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне жалғап алуына жіберілмейді. Құрылыс жұмыстарын жасау кезінде кәріздік тармақтардың қорғаушы зоналарын бұзуға тыйым салынады. Жеке жағдайларда шарттар болғанда кәріздік жүйелерді шығару үшін қажетті құжаттарды ресімдеу керек. Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне қосылуға арналған өзіндік қосылулар мен өзіндік түрде салынған құрылғылар мен имараттар қызмет көрсетілуден тоқтатылады.
Жаңа құрылыстағы және қайта қалпына келтіріліп жатқан ұйымдарды, мекемелерді, кәсіпорындарды кәріздеу үшін жобалау құжаттарының келісімдерін және техникалық шарттарын тапсыру тәртібі Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне берілетін техникалық шарт қалалық сарқынды сулар көрсеткіштерінің саны мен сапасы бойынша кәріз жүйесінің қуаттылығы резервтері болғанда ғана беріледі. Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне қосылу шарттары мен Тұтынушының сарқынды суларына қойылатын талаптар өкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша СКШ ұйымымен анықтайды." Қазақстан Республикасының қалалары мен аудан орталықтарында объектілерді сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне қосу үшін техникалық шарттарды беру және келісу тіртібі туралы " нұсқаулығы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі Комитетінің төрағасының 1997 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 25 ақпанда N 475 тіркелген барлық міндетті материалдардың бекітілген формасы бойынша СКШ ұйымына Тұтынушы қайта салынып және қалпына келтіріліп жатқан объектілерінің Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне қосылу үшін техникалық шарттар берілуге арналған. СШК Ұйымына қосылу үшін келісімге берілген имараттар мен қондырғылар жобасын қарастырып, ол бойынша бес күннің ішінде қорытынды беріледі.Қарағанды қаласының кәріз жүйесін жабдықтауға және құрылысқа бұрын техникалық шартпен берілген шегініс және қайта қалпына келтіру немесе құрылыс үрдісінде жобалау шешіміне енгізілген барлық өзгерістер СКШ Ұйымымен және мемлекеттік орган өкілдерімен қосымша келісімге жатқызылады.Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне қосылу үшін құрылыстар және жабдықтарды қайта қаптау немесе құрылыс бойынша барлық жұмыстар Кәсіпорынның күшімен, әрі СКШ Ұйымының техникалық тексеруімен, Тұтынушының меншікті құрал есебімен жүргізіледі, ол қосымша бекітілген келісім шарт негізінде жүзеге асырылады. Құрылыс немесе қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанда, кәріз жүйесін пайдалануға бергенге дейін, Тұтынушының/Кәсіпорыны техникалық шарттардың орындалғандығын мақұлдау үшін СКШ Ұйымына техникалық куәландыруға ұсынады. Техникалық куәландыру жүргізілу нәтижесінде акт құрастырылады. Тұтынушыға сарқынды суды пайдалану рұқсаты СКШ Ұйымының, кәріз жүйесінің ұсынылған техникалық куәландырудағы акт бойынша көрсетілген барлық кемшіліктер жойылғаннан кейін беріледі. СКШ Ұйымынан объектіні пайдалануды босату туралы анықтама берілгеннен кейін, техникалық құжаттар ресімделгенде келісім-шарттың бекітілуі. Объектінің пайдалануға жіберілуі персоналдардың дайын болғанында және Тұтынушының кәріз жүйесіне жауапты дайын тұлғалар тағайындалғанда мүмкін болады.Қарағанды қаласының кәріз желісіне Тұтынушының босатылуы және кәріз жүйелерінің байланысуы, дизенфекция, жуу, ойым Тұтынушымен және СКШ Ұйымының техникалық қараушыларымен немесе Тұтынушы өз еркімен немесе СКШ Ұйымы жүргізеді. СКШ Ұйымы Тұтынушы балансындағы бар кәріз желісінің жағдайына және техникалық пайдалану ережелерін сақтау бойынша нұсқаулар береді және бақылау жасайды.
Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне сарқынды суды жіберуде мониторинг жүргізу
Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне жіберілетін сарқынды судың санын және сапасын міндетті түрде үнемі бақылап отыруы керек.Мониторинг жүзеге асырылады:
1) сарқынды
судың жергілікті тазалау
2) Қарағанды
қаласының кәріз жүйесіне
Қарағанды қаласы кәріз жүйесінің инженерлік коммуникацияларын күтіп-ұстау ережесін бұзу жауапкершілігі
Сарқынды сулардың қабылдануы жүзеге асырылған кезде СКШ Ұйымы Қарағанды қалалық кәріз желісінің техникалық жағдайына және Тұтынушы нақты ережеде бекітілген Қарағанды қаласы кәріз жүйесіне сарқынды судың жіберілу талаптарын толығымен орындаған шартта, кәріз жүйесінің тазалау құралдардың тиімді жұмыс жасауына, нақты ережені бұзушыларды табу шараларын дер кезінде қолдану және бұл жайында Мемлекеттік органдарына хабарлауға жауапты.Тұтынушы нақты Ереженің орындалуына жауапкершілік артады; меншікті кәріз жүйесін сенімді техникалық пайдалануды қамтамасыз ету; СКШ Ұйымы бекіткен пломбылардың бұзылмауына; белгіленген лимиттен асатын және шекті жіберілетін концентраттардан астам ластанушы заттары бар сарқынды су жіберу; Тұтынушының берілген лимиттерден асыра және/немесе құрамында нағыз ережелерде берілмеген, бірақ Тұтынушының технологиялық процессінде пайдаланылатын, реагенттер мен материалдары бар сарқынды суларын жіберуінің салдарынан, Қарағанды қаласының кәріз жүйесінде туған апат және бақытсыз жағдайлар.Қарағанды қаласының кәріз жүйесінің инженерлік коммуникацияларын ұстау ережелерін бұзудағы жауапкершілік Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 240 , 242 , 244 , 261 , 276 , 277 баптарына және Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 4 тармағы 9 бабында қарастырылған, СКШ Ұйымы келтірілген зиянның орнын толтыруға құқығы бар.
Қорытынды
Кәріз- (парсыша — жер асты суармалы каналы— жер асты суларын бір орынға жинап, оны жер бетіне шығарып, шаруашылыққа пайдалану үшін жер астынан көлбей қазылған куыс арна.) Кәріздің ұзындығы бірнеше километрге дейін, ені 0,7—1метр, биіктігі 1,5— 2 метр болады.Жергілікті аумақтарды тазарту канализация арқылы жүзеге асады. Оның міндеті – қалалық, аудандық және өндірістік жұмыс орындарындағы шаруашылықтың кесірінен пайда болатын сұйық қалдықтарынан тазарту. Бұл қалалық, аудандық территорияларында сұйық қалдықтары артынан ластанған сұйыққа немесе ақаба суларға айналады.Оладың құрамында химиялық, биологиялық, органикалық заттар бар. Оларды тез арада тазартып, дезенфекциялап жақын арадағы су қоймаларына бағыттау керек. Канализация жүйесінің қызметі осыған негізделген.
Ақаба сулар келесі дәрежелерден тұрады:
- өндірістік мекемелерде өндірулер және технологиялық процестердің нәтижесінде іске асады. Құрамында органикалық, минералды, бактериялық ластағыштар бар;
- атмосфералық – қаланың территориясынан, үйлердің төбелерінен, жауын суы. Құрамында минералды, химиялық ластағыштар бар.Судың әкетілу жүйесі ақабалық судың құрамына байланысты. Ластану деңгейі – ластанудың мөлшерімен, көлемімен анықталады. Ластанудың концентрациясын тұтынушылардың суды қолдану нормасынан білуге болады. Канализация жүйесі ақабалық суды қабылдауды қамтамасыз етеді: тасымалдау, тазарту, пайдалы заттардың су қоймасына жіберілуі. Канализацияның екі түрі бар: шығару және ағып өту.
Информация о работе Қарағанды қалалық кәріз жүйелерінің инженерлік коммуникацияларын күтіп-ұстау