Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 17:56, курсовая работа
Кәріз- (парсыша — жер асты суармалы каналы— жер асты суларын бір орынға жинап, оны жер бетіне шығарып, шаруашылыққа пайдалану үшін жер астынан көлбей қазылған куыс арна.) Кәріздің ұзындығы бірнеше километрге дейін, ені 0,7—1метр, биіктігі 1,5— 2 метр болады. Жер асты суларын бір орынға жинап, оларды шаруашылықта пайдалану мақсатында жер бетіне шығару үшін жасалған, көлбеуге дерлік бағытта жер асты суларының ағысы бойынша орналасқан жер асты галереясы немесе жерді құрғату аймағындағы топырақтағы артық суды жинап,құбыр, канал арқылы баска жаққа бұрып әкетуін жүзеге асыратын құрғату төсілі.
1. Кіріспе.......................................................................................................................3
2. Кәріз жұйелері..........................................................................................................4
3. Кәріз схемалары және оның негізгі элементтері..................................................9
4. Кәріз құбырлары мен коллекторлары...................................................................11
5. Кәріз жүйелеріндегі құдықтар...............................................................................13
6. Ішкі кәріз..................................................................................................................14
7. Қарағанды қалалық кәріз жүйелерінің инженерлік
коммуникацияларын күтіп-ұстау..........................................................................16
8. Қорытынды...............................................................................................................22
9. Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................
Мазмұны.
коммуникацияларын күтіп-ұстау...................
Кіріспе
Кәріз- (парсыша — жер асты суармалы каналы— жер асты суларын бір орынға жинап, оны жер бетіне шығарып, шаруашылыққа пайдалану үшін жер астынан көлбей қазылған куыс арна.) Кәріздің ұзындығы бірнеше километрге дейін, ені 0,7—1метр, биіктігі 1,5— 2 метр болады. Жер асты суларын бір орынға жинап, оларды шаруашылықта пайдалану мақсатында жер бетіне шығару үшін жасалған, көлбеуге дерлік бағытта жер асты суларының ағысы бойынша орналасқан жер асты галереясы немесе жерді құрғату аймағындағы топырақтағы артық суды жинап,құбыр, канал арқылы баска жаққа бұрып әкетуін жүзеге асыратын құрғату төсілі. Кәріз жердің бетімен, оны қазғанда топырақты сыртқа шығару және қуысты желдету үшін қосымша құдықтар арқылы байланысады. Кәріздер Орта Азия, Әзірбайжан, Иран және т.б елдердің тау бөктеріндегі аудандарында ерте кезде таралған, қазірде пайдаланылады. Жерді кәріздеу — топырақты су құбырлары арқылы құрғату. Кәріздеу әдісі ыза су деңгейін төмендету үшін қолданылады. Кәріздерден шыққан суды жинап, белгілі бір орынға құятын терең арықты коллектор деп атайды. Кәріздер көлденең және тік болып бөлінеді. Көлденең кәріздің ашық және жабық түрлері болады. Ашық кәріз тереңдігі 1,5 — 2,5 м арналардан тұрады. Ашық кәрізді топырақтың су сіңіргіштігі төмен, еңістігі аз танаптарда пайдаланады. Көлденең жабық кәрізде топырақтың төменгі қабатында 2 — 2,5 м тереңдікке құбырлар орналастыру арқылы ыза суларының деңгейін төмендетеді. Тік кәріз терең құдық тәрізді болады. Құдықтың диаметрі 30 — 70 см, тереңігі 20 — 150 м. Құдық түбіне жиналған суды сорғы көмегімен сыртқа шығарып, коллекторлар арқылы арнайы су қоймасына жібереді.
Кәріз жүйелері.
Кіші елді мекендердің кәріз жүйесін классификациялап, оны жіктей отырып, біздің Республикамыздағы ауылдық елді мекендердегі кәріз жүйесінің толық жарамсыздығынакөз жеткіздік. Ол дегеніміз сарқынды судың қоршаған ортаға тазалаусыз тасталынып жатқанынбілдіреді.Жалпы, су əкету жүйесі қамту территориясы, сарқынды су шығыны жəне тұрғындар саныбойынша мынадай жүйелерге бөлінеді: кіші, жергілікті жəне орталықтандырылған.
Классификация сызбасы төмендегі суретте көрсетілген.
кəсіпорындарда орталықтандырылған жүйе болмаған немесе оған қосуға мүмкіндік болмағанжағдайда орнатылады.
Кіші су əкету жүйесінде жергілікті шарттарға тəуелді болуына байланысты сарқынды сулартазаланып, жəне əкетіле алады:
– суатқа;
– сорып алатын топыраққа;
– оқтын-оқтын тасып шығаратын жинақтағышқа
Кіші су əкету жүйесі – тазаланған сарқынды судың тəуелді болуына байланысты былай бөлінеді:
– сарқынды суды топыраққа жіберу кіші су əкету жүйесі;
– кіші су əкету жүйелері, сарқынды суды суаттың үстіне немесе жинақтағыштарға əкету.
Кіші жəне жергілікті кәріз жүйесінің сарқынды суды тазалауы келесі əдістерменжүргізіледі:
– биологиялық, оның ішінде табиғи жəне жасанды;
– физика-химиялық;
– механика-химиялық.
Кіші су əкету жүйесінде сарқынды суды тазалау үшін септиктер, сүзуші құдықтар, жерасты сүзгіштер мен сүзгіш кассеталарда технологиялық сызбалармен жүзеге асады:
– септик-сүзуші құдықтар;
– септик-сүзу алаңдары;
– септик-сүзу кассеталары;
Сарқынды сулардың əкетілу, бұрылып жіберілуі маусымдық жерді суландыру үшін, ауыл шаруашылық мəдениеттері мен өсірілетін учаскілерде қолданылуы мүмкін.
Сарқынды суды топыраққа əкету жүйесі құмды, құмдақ жəне жеңіл саз-балшық топырақтарда сүзу коэффициенті 0,1м/тəу кем емес жəне топырақ суының көрсеткіші 1м кем емес жердің жоспарлық көрсеткішіне байланысты қолданылады.
Септиктерде сарқынды суды механикалық тазарту, тұндыру жəне қалқыма заттардың пайда болуы арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, жартылай биологиялық тазарту сарқынды судың органикалық ластануының анаэробтық бөлінуі арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, септиктерде сарқынды сулардың флотациялық тазалануы газдардың көмегімен жүзеге асады.Сүзуші құдық түпкі сүзгіден, қабырғадан жəне жабыннан құралады.
Түпкі сүзгі қиыршық тастан, шағылды, қатып қалған күйінді түрінде 15–30 мм ішкі құдық жəне сыртқы бетіндегі қабырғасының ұзындығы 300 мм болып құйылады.
Құдық қабырғаларындағы сүзгіштің биіктік тесіктерінің диаметрі біркелкі 40–60 мм, жалпы ауданы беткі қабырғамен 10 % болып салынады. Жерасты сүзу далалары жер суаратын құбырлардың ауынан құралып, жер бетінен құбырдың үстіне дейін 0,5–1,2 м тереңдікке салынып (топырақтың қату тереңдігіне байланысты), осыған қатысты құбырлар тартпасының жəне жер асты су деңгейінің ара қашықтығы 1 м кем болмауы тиіс.Сүзуші кассетта бұл – жабын астындағы биіктігі 250 мм жер асты үймереті.Жабын темірбетон тақталарынан жəне басқа да материалдардан орындалып, тірек қабырғалары – бетонды блоктардан немесе біркелкі кірпіштерден құралады.Кассетаның барлық ауданында биіктігі 100 мм қиыршық тас негізі орналасады, ол биіктігі 150 мм ірілігі 1–2 мм ірі дəнді құммен көміледі.
Кіші су əкету жүйесіндегі сарқынды суды тазалау, жер үсті суаттарына немесе
жинақтағыштарға əкетілуі құмдақ-қиыршық сүзгілерде, сүзгіш траншеяларда жүзеге асады. Тазаланған сарқынды суларды жер үсті суаттарына əкететін тазалау ғимараттары, ережеге сай, су өткізбейтін немесе əлсіз сүзуші топырақтарда қолданылады.Осыдан, сарқынды суды тазалау құмдақ-қиыршық сүзгілерде жəне сүзуші траншеяларда жүзеге асады.Көтергіш сүзу ғимараттарының алдына міндетті түрде септик орнату қажет.Көтергіш сүзу ғимараттарынан өткен сарқынды суларда ОБҚ жəне өлшенген заттардың концентрациясы 10-15 мг/л болады.Құмдақ-қиыршық сүзгілер келесі негізгі элементтерді қосады: жер суаратын жəне дренаждық ау.Сүзуші траншея құмдақ-қиыршық сүзгіде орнатылып, бірақ оның сызықты орналасқан жер суару құбыры болады, оның ұзындығы 30 м-ге дейін жетеді.Сүзуші траншеяның биіктігі 0,8 м, ұзындығы 0,5 м, ауырлығы 1 м жер суару құбыры 70л/тəу деп қабылданады.Тазаланған сарқынды сулардың суатқа тасталынуында «ҚР суаттарының сарқынды сумен ластану ережелері» басшылыққа алынуы тиіс.Сарқынды сулардың суаттағы сумен араласуы есебінде, ережеге сай тазаланған сарқынды судағы ластанудың концентрациясына қойылатын талап деңгейі, мысалы ОБҚтол жəне өлшенген заттар 10-15 мг/л, биологиялық тазартылудың арқасында болуы мүмкін.Тазаланған сарқынды сулардағы ластанудың төмендеуі ПДК-ға дейін суатта, ережеге сай,
терең тазартылған сарқынды суларға келесі талаптар қойылады:
Аз мөлшердегі сарқынды сулардағы толық биологиялық тазарту зауытта жасалынатын шағын қондырғыларда жүргізіледі.
Зауытта жасалынған шағын қондырғылар технологиялық процестерге байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
Белсенді тұнбаны жəне биопленканы қолданатын аралас ғимараттар.
Физика-химиялық тазартқыш ғимараттар.
Белсенді тұнбасы бар тазарту ғимараттары келесі құрамды қамтиды:
Ережеге сай, шайқалған
ғимараттарда біркелкі блок
Биосүзгіден кейін екінші сатылы тұндырғыш ауданын 1 тұрғынға 0,6–0,5 м,
Жұмысшы тереңдігі 0,5 м, артық биопленканың көлемі 0,2 л/ (адам.тəу) деп қабылдау керек.Белсенді тұнбасы жəне биопленкасы бар қиыстырылған тазалау ғимараттарындағы сарқынды суды тазалау азот жəне фосфорды жою үшін қолданылады.Қиыстырылған ғимараттар келесі құрамды қамтиды:
Денитрификатор бір тұрғынға 50 л есеппен алынады. Денитрификаторға екінші сатылы тұндырғыштан белсенді тұнбаның бөлшек шығыны (50 %) бұрылады.
Денитрификаторда тұнба қоспасын араластыру үшін сиымдылық түбіне қаратылған бір-бірінен арақашықтығы 100 мм, диаметрі 15 мм аэрациялық құбыр саламыз.
Аэрациялық құбырға компрессордан ауа беріледі.Толық қышқылданған жұмыс режиміндегі аэротенктің көлемі 1 тұрғынға 120 л деп қарастырылады. Сарқынды суды физика-химиялық тазарту келесі құрамды қамтиды: септик,«Оксипор» типтік сүзгі, реагенттік жəне сорғыштық қондырғылар.Сүзгіден шығатын шайынды судың шығынын еске ала тұрып, септиктің көлемін 30 % ұлғайтып санаған жөн.
«Оксипор» сүзгісі екіқабаттық жүктемесімен қабылданады: үстіңгі қабаттың биіктігі 0,4 м ірілігі 5-10мм уатылған керамзит, астыңғы қабат биіктігі – 0,5 м ірілігі 1–2 мм керамзиттік құм, ол қабат биіктігі 150 мм болатын, ал ірілігі 2–5 милиметрлік жəне қабат биіктігі 100 мм ірілігі 5–10 мм қиыршық тас бетіне орналасады. Керамзиттің көлемдік салмағы 600–800 кг/м3 болуы керек.
Механика-химиялық тазартқыш ғимараттар.
Бұл əдіс бойынша тазарту ғимараттары келесі құрамдарды қамтиды: септик немесе
тұндырғыш, сүзгіш, тотықтырғыш.Септиктен, əйтпесе екі сатылы септиктен тұнып шыққан сарқынды судың ОБҚ көрсеткіші 15-20 мг/л шамасында болып келеді. Ол судың хлорлы су қосылған тотықтырғыштан өткізіп, органикалық\заттары тотықтырылып, ОБҚ көрсеткішін 5–10 мг/л жеткізуге болады. Тазарған суды əрі қарай сүзгіден өткізіп, ОБҚ= 5 мг/л, қалқымалы заттар концентрациясын 5 мг/л-ға тең қылып келтіруге болады.
Кәріз схемалары және оның негізгі элементтері
Қаланың кәріз тораптарының схемалары келесі түрлерге бөлінеді:
- орталықтандырылған және т.б.
- Тікбұрышты схемада су әкету бассейндерінің коллекторлары суат суының ағынына тікбұрыш жасап бағытталады. Жердің бедері суатқа қарай айқын бейімделген еңістікте қолданылады. Бұл схема шартты таза сулар мен жаңбыр суларын әкетуге арналады. Аталған схема, суаттарды ластауына байланысты қазіргі кезде ете сирек қолданылады.
- Кесе көлденең схемада су әкету бассейндерінің коллекторлары суат суының ағынына тікбұрыш жасап бағытталып, негізгі коллектормен жиналынады. Бұл схема жердің бедері суатқа айқын бейімделген ылдилықта қолданылады және негізгі коллектор су ағынына параллель болып орналасады.
Информация о работе Қарағанды қалалық кәріз жүйелерінің инженерлік коммуникацияларын күтіп-ұстау