Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 17:56, курсовая работа
Кәріз- (парсыша — жер асты суармалы каналы— жер асты суларын бір орынға жинап, оны жер бетіне шығарып, шаруашылыққа пайдалану үшін жер астынан көлбей қазылған куыс арна.) Кәріздің ұзындығы бірнеше километрге дейін, ені 0,7—1метр, биіктігі 1,5— 2 метр болады. Жер асты суларын бір орынға жинап, оларды шаруашылықта пайдалану мақсатында жер бетіне шығару үшін жасалған, көлбеуге дерлік бағытта жер асты суларының ағысы бойынша орналасқан жер асты галереясы немесе жерді құрғату аймағындағы топырақтағы артық суды жинап,құбыр, канал арқылы баска жаққа бұрып әкетуін жүзеге асыратын құрғату төсілі.
1. Кіріспе.......................................................................................................................3
2. Кәріз жұйелері..........................................................................................................4
3. Кәріз схемалары және оның негізгі элементтері..................................................9
4. Кәріз құбырлары мен коллекторлары...................................................................11
5. Кәріз жүйелеріндегі құдықтар...............................................................................13
6. Ішкі кәріз..................................................................................................................14
7. Қарағанды қалалық кәріз жүйелерінің инженерлік
коммуникацияларын күтіп-ұстау..........................................................................16
8. Қорытынды...............................................................................................................22
9. Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................
- Қиылыспайтын қатар схемада су әкету бассейндерінің коллекторлары су ағынына параллель, ал негізгі коллектор су ағынына бұрыш жасап орналасады. Бұл схема жер бедерінің суатқа - қарай күрт азаю жағдайында қолданылады.
- Белдеулік (зоналық) схемада қала бірнеше зонаға бөлінеді. Жоғарғы белдеудегі лас су тазарту ғимаратына ездігінен ағып келеді, ал төменгі белдеудегі лас су сорғыш бекеті арқылы әкетіледі. Белдеулік схема жер бедері ойлы-қыратты болғанда қолданылады.
- Радиалды схема қабылданса қалада кем дегенде екі немесе бірнеше тазарту станциясы болады. Бұл схеманы қолданғанда қаланың, әрбір жеке аймағы (ауданы) өзінің су әкету жүйесінен, тазалауғимараттарынан және суатқа тастаудан тұрады. Схема үлкен қалаларда, жердің бедері әртүрлі болғанда қабылданылады
Ластанған суларды жинау бассейндері. Кәріз құбырларын тарту әдістері. Көше құбырларын тарту схемалары Сыртқы кәрізді жобалағанда негізгі қажетті материал ретінде елді мекеннің жобалау планы, ал өндіріс орындары үшін өндірістің бас планы саналады. Кәріз торабын жобалауды қала территориясын су бөлу сызықтар (қыраттар) бойынша бассейндерге бөлуден басталады Содан кейін мемлекеттік санитарлы-эпидемиялогиялық, балық және суды қорғау инспекцияларымен келісе отырып тазарту станциясының және лас судың суатқа тасталу орны белгіленеді.Кәріз торабын жобалағанда мүмкіндігінше құбырлардың су бөлу тереңдігін минималды, өндірістік және тұрмыстық лас судың құбырлармен өз бетінше ағу режимін қабылдау керек. Негізгі коллектор және канализациялау коллекторларының трассалары, суды жоғары көтеруді қажет ететін аудандар үшін сорғыш бекеттерін орнататын алаңдар таңдап алынады.Лас суды жоғары көтеру егер торап үлкен тереңдікте, топырақ жағдайлары қанағаттанарлықсыз және лас су тазарту ғимаратына өзі ағып бара алмаса қолданылады.Жекелеген бассейндер шекаралары елді-мекеннің планында көлбеулермен көрсетіледі. Оларды жер бедеріне байланысты анықтайды.Бассейндердің шекаралары су бөлу сызықтарына сәйкес келеді. Жер бедері жазық болса, алдымен жердің гидрогеологиялық шарттарына қарай отырып, негізгі коллекторлардың минималды тереңдігін анықтайды.
Кәріз құбырлары мен коллекторлары
Кәріздік құбырлар мен коллекторлар лас суды әкету үшін берік, ұзақ сақталатын, коррозияға қарсы мықты, гидравликалық соққыларға төзімді жөне материалдарының құны төмен болу керек. Құбырлардың беріктігі дегеніміз ішкі қысымға жөне түскен 1 салмаққа қарсы түру. Салмақ түсу тұрақты және уақытша, транспорт қозғалыстарының әсерінен болуы мүмкін. Ал ішкі қысым канализация тораптарының жұмыс режимдерінен анықталады.Құбырлардың суға төзімділігі судың инфильтрациясы мен оның эксфильтрациясының қатысуымен анықталады.Жиналмалы темір бетон құрылымдары, құбырлар мен бұйымдар темір бетон зауыттарында жасалады. Олар тиімді болады, коррозияға қарсы мықты және суға төзімді, ал түсетін салмақ пен температура өзгергенде статикалық және динамикалық әсерлер болуы мүмкін. Коллекторлар қиыршық тас немесе бетоннан дайындалады, ал плитасы бетон немесе темір бетоннан жасалады. Плитаның қалыңдығы мен бетонның маркасы топырақтың түрі мен каналдың өлшеміне байланысты есептеу арқылы анықталады. Ал ені статикалық есептен анықталады. Тұрмыстық және жаңбыр кәрізін салуға тікбұрышты коллекторлар қолданылады.Коллекторлар дөңгелек, трапециялық немесе сегментті темірбетон блоктардан - тюбингтерден жиналады. Тюбингтарды және сегметтерді 400 маркалы бетондардан жасайды.Арынды құбырлар үшін металл, асбестцементтік, темірбетондық, пластмассалық, ал кейде фанерлі құбырлар қабылданады.Керамикалық, темірбетондық құбырлар өзі ағатын кәріз жүйелеріне, ал диаметрлері үлкен коллекторларға темірбетонды қүбырлар немесе жиналмалы темірбетон элементтері қолданылады.Кәріз құбырлары мен коллекторлары кәріз торабымен тасымалданатын ластанған судың құрамында көп мөлшерде органикалық еріген және минералдық ерімеген қоспалар болады. Ерімеген қоспалар массасы құрғақ зат бойынша тәулігіне бір адамға 0,065 кг шамасында болады. Жылдамдық аз болғанда құбырға бұл заттар тұнба түрінде түсіп, оның еткізу қабілетін төмендетеді немесе кейде бітеп тастауы мүмкін. Сондықтан лас судың қозғалу режимін, тұнбаланбайтын немесе ағынның өзін-өзі тазарту жылдамдығын және лас су ағынының тасымалдаушы қабілетін білу қажет. Зерттеулер нәтижесі бойынша кәріз торабында органикалық ерімеген заттар жақсы, ал ерімеген минералды қоспалар (құм, қиыршық тас, т.б.) нашар тасымалданатыны анықталған. Құбырға түсетін тұнбада ірілігі 1 мм-ден кеп 3-8% органикалық заттар, ірілігі 1 мм-дің шамасында 92-97% минералды заттар болады. Кәріз торабында нығыздалған тұнбаның тығыздығы орташа 1,6 т/м3, нығыздалмаған тұнбаның тығыздығы 1,4 т/м3 болатын сұйықтың құбырмен қозғалғандағы арын жоғалуын анықтау:
Тораптың негізгі міндеті - бір немесе бірнеше үйден шыққан ластанған суды жинап сыртқы қалалық кәріз торабына әкету.Өндіріс орындары, ауданаралық сонымен қатар кварталаралық (ықшам аудандық) кәріз тораптарын жер астына жатқызады. Торап құрылысына кететін шығын құбырлардың жатқызылу тереңдігіне байланысты.Кәріз торабының құбырларын үйлердің ішкі кәріз тораптарының шығаруларын қосып осы үйлерге параллель жатқызады. Одан ары қарай ластанған сулар өз ағысымен қысқа бағытпен бақылау құдығына және елді мекеннің сыртқы кәрізінің көше коллекторына әкетіледі.Тораптың негізгі элементтеріне құбырлар және құдықтар жатады.Тораптағы құдықтар бақылауға, тазалауға (бітеліп қалған, жағдайда) және сыртқы кәріз торабына тасталып жатқан ластанған сулардың сапасын тексеруге арналған.Құдықтарды үйдің шығарулары және тарамдары қосылған жерлерде, құбырлардың диаметрлері және ылдилықтары өзгерген жерлерде, бұрылыстарда және құламалар орналасқан жерлерге орнатады. Түзу және ұзын учаскелерде бақылау құдықтары құбырлардың диаметрі 150 мм болғанда бір-бірінен 35 метр аралықта және диаметрлері 150 мм-ден көп болғанда 50 м аралықта орналасады. Қалалық кәріз торабына тасталып жатқан ластанған сулардың сапасын тексеру үшін аулалық тораптың аяғында учаске шекарасынан (құрылыстың қызыл сызығынан) 1,5-2 м аралықта бақылау құдықтары орналасады. Егер жақын жерде кварталаралық немесе ықшам аудандық кәріз торабының жинағыш құбыры болса, оған бір немесе бірнеше үйдің кәріздік торабы бақылау құдықсыз ақ қосылуы мүмкін.
Үйдің кәріздік тораптарының материалдары
Құбырлар. Ішкі кәрізді орнатуға шойын, асбестцементті, пластмассалы, бетон, темірбетон және әйнек құбырлар қолданады. Шойын құбырлар ГОСТ 6942.1-80 бойынша бір қонышты, ішкі диаметрі 50, 100, 150 мм, ұзындығы 500-ден 2100 мм-ге дейін, іші тотықпауы үшін мұнай битумымен майланып шығарылады.Кәріздік шойын құбырлар арынсыз жұмысқа арналған сондықтан сумен жабдықтаудағы шойын құбырдан айырмашылығы - олар 0,1 МПа қысымға шыдайтын жұқа қабатты болады. Құбырлар бір-бірімен қоныш немесе фасондық бөлшектер арқылы жалғанады, жапсарлы қосылыстағы қоныштың қуыстарын смола жағылған жіп арқанмен, асбестцементті немесе асфальтті желіммен толтырады. Қонышты жапсарда бітеуді тездету үшін резиналы нығыздағыш сақина, тез қататын және керілетін қасиеті бар цемент немесе каолин қосылған еріген күкірт қоспасын қолданады. Қонышты шойын құбырларды жалғағанда қоныштарын судың ағысына қарама-қарсы орналастыру керек. Жалғағыш шойын қонышты фасонды бөлшектер ГОСТ 6942.1-80, 6942.30-80 бойынша шығарылады, диаметрлері құбырдікіндей болады.Жалғағыш бөлшектерге ревизиялар, бұрышы 90° ұзартылған бұрмалар, бұрышы 110°, 120°, 135° бұрмалар, игектер (бұрышы 90° шолақ құбырлар, түзу және қисық үштіктер, түзу жөне қисық крестовиналар (төрттіктер), муфталар және т.б. жатады.
Кәріз жүйелеріндегі құдықтар (тексергіш, тазартатын, тораптық, бұрма және қулама құдықтар). Дюкерлер, эстакадалар
Кәріз жүйелеріндегі ғимараттарға құдықтар жатады. Олар:
Жаңбыр және жалпы ағызатын кәріз жүйелерінде жаңбыр суларын қабылдап алу үшін жаңбыр қабылдағыш құдықтар салынады.Бақылау құдықтарын есептік учаскелерде салады. Бақылау құдықтарының арақашықтығы құбырлардың диаметріне сәйкес қабылданады. Бұратын құдықтарды кәріз құбырларының трассасының бағыты өзгерген жерде салады, өзінің науасының пішіні қисық болады. Бұрылу қисықтарының радиустары негізінен құбырдың диаметрінен кем болмайды.ораптық құдықтарды екі немесе үш кәріздік құбырлардың қиылысқан жеріне салады, кейде үлкен диаметрлі коллекторлардағы тораптық құдықтарды қосқыш камера деп атайды.Бақылайтын құдықтарды аулада, кварталдар арасына орналастырады.Тазартатын құдықтарды құбырларды тазарту үшін кәріз жүйелерінің басқы учаскелерінде салады.Кәріздік құдықтар планда дөңгелек немесе тікбұрышты болады. Дөңгелек құдықтардың диаметрін құбырлардың диаметріне сай нормативтік әдебиеттерден қабылдайды. Құбырлардың диаметрі 1200 мм-ден артық болса құдықтар тікбұрышты болады Құдықтардың мойынының диаметрі 700 мм тең болады.
Ішкі кәріз
Ішкі кәріз - елді мекеннен немесе өндіріс орнынан шыққан ластанған суды қабылдап, оны тазартып, үй сыртымен және ішімен немесе топтасқан үйлерден шыққан суды канализация жүйесіне тасымалдайтын инженерлік құрылымдар және ғимараттар жиынтығы.
Ішкі кәріз жүйелері ласты тазалау және жинау әдістеріне қарай, ағын сипатына және міндетіне қарай, қызмет етуіне, тасымалдау әдісіне, желдету жүйелерінің орналасуына және арнайы жабдықтардың барына қарай жіктеледі.Ласты тазалау және жинау әдістеріне қарай ағызбалы жөне шығарылмалы жүйелер болады.
Ағызбалы жүйе орталықтандырылған болуы мүмкін, егер оны үйлерінің су құбыры бар кәрізденген ауданға орнатса. Бұл жүйе ласты қабылдауға, оны сумен араластырып үй сыртындағы елді мекеннің, ықшам ауданның, объектінің кварталаралық торабына дейін тасымалдауға арналған.Кәрізі жоқ аудандарда егер үйлер тек су құбырымен - жабдықталса, кәріз жүйесіне түсетін ластанған суды тазалауға арналған жергілікті қондырғылар қолданылады.
Шығарылмалы жүйеде ласты жергілікті жерде жинайды және оны транспортпен тазалау ғимараттарына әкетеді. Елді мекендердегі үйлердің су құбыры және кәрізі жоқ болса, онда ласты жинау үшін люфт - клозет немесе шұңқыр орнатады.Міндетіне және оның сипатына қарай тұрмыстық, өндірістік және жаңбыр жүйелері болады.Тұрмыстық жүйе шаруашылық - тұрмыстық ластанған суды әкетуге арналады.
Ішкі кәрізді есептеу. Көлденең және тік құбырларды, шығаруларды есептеу
Ластанған суды әкету мөлшері үйлердің абаттандыру дәрежесіне, климаттық және жергілікті жағдайларға байланысты алынады.Қабылдағыштарда кәріз торабына тасталған ластанған судың мөлшерлік шығындары, әкететін құбырлардың диаметрлері жөне тағайындалатын ылдилықтары СНиП 2.04.01-85 талаптарына сәйкес қабылданады.Ластанған сулардың тәуліктік шығындарын аз тұтынуға теңетіп қабылдайды, бірақ суаруға кететін су шығынын ескермейді.Тәуліктік және сағаттық су әкету мөлшері су тұтыну мөлшеріне жақын, бірақ су құбырындағы қайтымсыз жоғалған суды ескермейді. Суды әкету режимі су тұтыну режиміне тәуелді, біркелкісіздікпен. сипатталады және бір уақытта істейтін су қабылдағыштардың санымен тұтынушылар санын байланыстыратын ықтималды сипаттамалармен бағалануы керек.
Ішкі кәрізді жобалаудың негіздері
Біріккен немесе бөлінген кәріз жүйесін таңдау үшін СНиП-тан және технологиялық жобадан немесе лабораториялық анализдер қорытындысынан лас судың мөлшерін және сапасын жобалап анықтайды. Алдымен өндірістік ластанған суды алдын-ала тазартатын жергілікті қондырғыларды жобалаудың және одан бағалы заттарды шығарып алудың мәнісінің бар-жоқтығын шешеді. Ластанған суды бірден қалалық кәріз торабына тастауға болмайды, өйткені ол торапты зақымдауы немесе қаланың тазалау ғимараттарының технологиялық режимін бұзуы мүмкін, сондықтан өндірістік ластанған суды алдын-ала өңдеудің қажеттілігін анықтайды. Берілген мағлұматтарға байланысты қандай нақты қондырғылар жобалануы керектігін шешеді: нейтрализаторлар, орталатқыштар, керегелер, қоқсық және май ұстағыштар, тұндырғыштар, мұнай-май ұстағыштар, жылу ұстағыштар және т.б.(мысалы: қоғамдық тамақтану орындарында - ет, балық өңдегенде - майды; жеміс жуғанда - ласты ұстауға; автокөлік мекемелерінде - майды, бензинді, ласты; құрылыс индустрия зауыттарында цементті, майды және т.б.; коммуналдық мекемелерде - тасталған жылуды ұстауға).Сәулеттік шешімдерге және технологиялық жобалық материалдарға сүйене отырып ластанған су қабылдағыштардың орналасу орындарын белгілейді. Тік құбырлардың санын азайту үшін және әкететін құбырларды қысқарту үшін қабылдағыштарды біріктіріп жобалайды және үйдің қабаттарында бір-бірінің астына орналастырған жөн.Ластанған суды тасымалдау үшін үйге кәріз тораптарын құрастырады:
Ішкі кәріз жүйесі келесі элементтерден тұрады
Ластанған су қабылдағыштарға, санитарлы-гигиеналық жағдайға және шаруашылық - тұрмыстық қажеттілікке арналған санитарлық құралдар, сонымен қатар өндіріс қалдықтарын қабылдайтын қондырғылар жатады.Ластанған суды әкететін құбырда пайда болатын газ адамдар жүрген жерге шығып кетпес үшін тұрмыстық және өндірістік үйлердің барлық санитарлық құралдары (жуғыштар, раковиналар, қол жуғыштар, ванналар, душтық поддондар, унитаздар, биделер, лиссуарлар, траптар) және өндіріс суларының қабылдағыштары (шұңқырлар, траптар, сыйымдылықтар және т.б.) гидравликалық жаппалармен жабдықталған.Кәріздік тораптар, олар көлденең және тік орналасқан құбырлардан (әкетуші және жинақтаушы құбырлардан, коллекторлардан, тік құбырлардан, ауданаралық және квартал аралық құбырлардан) және біріктіргіш элементтерден (фасондық бөлшектерден) немесе науалардан жиналған.Кәріздік тораптар бітеліп қалған жағдайда тазартатын (ревизиялар, тазартқыштар) және желдеткіш жүйесінің қондырғыларымен жабдықталған.Жергілікті қондырғылар және ғимараттар ластанған суды көтеруге, алдын-ала өңдеуге және тазалауға арналған. Ластанған суды өз ағысымен үй сыртына әкете алмаған жағдайда сыртқы кәріз торабына немесе жергілікті тазалау ғимараттарына суды сорғышпен көтереді немесе пневматикалық қондырғылар қолданады.
Қарағанды қалалық кәріз жүйелерінің инженерлік коммуникацияларын күтіп-ұстау
Қарағанды қаласының кәріз жүйелеріне оның жұмысының бұзылуына алып келмейтін, кәріз жүйесін пайдалану үшін қауіптілік туғызбайтын және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны, беткі және жерасты суларын қорғау бойынша нормативтік актілердің талаптарына сәйкес тұрмыстық ағынды суларды бірге тазартуы мүмкін, сарқынды сулар қабылданады.Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне құрамындағы ластанушы заттар, халықтың тұрмыстық ағынды суларды араласуын есепке алмай анықталған нағыз Ережелердің 1 Қосымшасында келтірілген шектеулі концентрациялардан аспайтын сарқынды сулар қабылданады.
Қарағанды қаласының кәріз жүйесіне құрамында келесі заттар сарқынды суларды тастауға жіберілмеді:
1) құбырларды,
құдықтарды, торларды ластайтын
заттар немесе құбырлардың
Информация о работе Қарағанды қалалық кәріз жүйелерінің инженерлік коммуникацияларын күтіп-ұстау