Радиожурналисттің этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 15:38, курсовая работа

Краткое описание

Радио - ақпаратты жеткізу мен тасымалдаудың құралы ғана емес, оны басқару мен жүйелеудің де тетігі. Радионың ұйытқысы да, тірегі де, жүрегі де – мамандар, білікті кадрлар. Радиодағы білікті мамандардың сауатты мәдениетті , этикалық тұрғыда қалыптасқан журналист болуы тікелей радионың өмір сүруіне әсер етеді. Журналисттің даму деңгейі , қоғам арасындағы беделі оның тікелей кәсібилігі мен этикасына байланысты. Радио дөрекілік пен менсінбеушілікті котермейді. Сондай –ақ ол – ғұмыр , мыңдаған адамдардың тағдырына ықпал ететін күш- қуат.Сондықтан радиодағы қоғамдық даму мен әлеуметтану , психология және этика ғылымдарының орны ерекше.

Содержание

I Кіріспе............................................................................................................3
1.1Радиожурналисттің этикасы.......................................................................5
II Негізгі бөлім.....................................................................................................8
2.1.Этика. Журналист этикасы........................................................................8
2.2.Журналистік этикаға жаңаша көзқарас...................................................18
III Қорытынды.......................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................21

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.docx

— 46.51 Кб (Скачать документ)

 

    1. Журналистік этикаға жаңаша көзқарас.

 Жалпы, журналистік этика дегеніміз не? Ол ҚР Заңдарын сақтау, шектен аспау, халықаралық нормаларды білу, бағалау. Тұлғаның жеке басының құпиясына тиіспеу, біреуді қорламау. Бізде оның сыртында Президенттің жеке басына тиіспеу, оны жария қорламау, депутаттың ар-намысына нұқсан келтірмеу, үкімет адамының ар-намысына тимеу. Айта берсек, мұндай тізім кете береді. Осы тізімнің арқасында біздегі журналистердің еркін аттауына мүмкіндік болмай қалды. Бізде бір қызығы, анау болмайды, мынау болмайды деген тыйымдар бар да, ҚР заң, заңнамалық актілерінде: «мынадай жағдайда мына адамның ар-намысы қорланады» деген бап жоқ. Соған байланысты ар-намысын әркім өзі белгілейді. Оның сыртындағы моральдық шығынды да әркім қалауымен қоя береді.

Этика  бүгін ғана пайда болған жоқ. Телеарнадағы журналистік этика телевизия саласы пайда болғаннан бергі уақыттан бері дамып келеді. Адам неғұрлым мәдениетті болса, кәсібінде соғұрлым әдепті болады. Этика қай салада да сақталуы керек. Бірақ оның деңгейі сол саланың тізгінін ұстап отырған мамандарға қатысты. Кей бағдарламалардың форматы, бағыты өзгеше болуы мүмкін. Этика аяқ асты болып жатады. Журналистикадағы этика мәдениетпен байланысты. Ток-шоуларда екі кейіпкер айғайласып, ұрсысып жатады. Бірақ күнделікті өмірде олардың бір-біріне дос не қас болуы журналистің, бағдарламаға қатысқан сарапшы маманның этикасына байланысты емес, оны ұйымдастырушылардың да мәдениетіне қатысты.

Кейінгі жылдары журналистік  этика, яғни кәсіптік әдеп туралы сөз  баспасөз беттерінде сирек те болса  айтылып жүр. Журналистің кәсіптік әдебін терең біліп, оны зерттеу  – Қазақстан журналистикасы үшін зәру мәселелердің бірі. Өйткені, бұл  – соңғы жылдар көлемінде ғана назар аударыла бастағаны болмаса, әлі ғылыми тұрғыдан да, кәсіптік шеберлікке қатысты да байыптап үлгерілмеген тың  да күрделі мәселе. Ал, бүгінгі егемендік , тәуелсіздік жағдайында радионың мүмкіндігі  шексіз артты, бұл ортада да бәсекелестік күшейді, таңдау мүмкіндігі  пайда болды, әр түрлі бағыт – бағдардағы, стиль мен мәнердегі радиостанциялар көбейді. Радиоарна өз  қаржысын өзі тауып, дамитын жағдайға жетті, шығармашылық шексіз  мүмкіндіктер ашылды. Осындай қарқынды даму әрине көңілге қонады. Алайда осы жағдайда этика деген ұғымды ұмытпауымыз қажет. Қазақстандағы қазіргі радионың даму барысындағы журналист этикасына көпшіліктің көңілі толмайтын жағдайлар да жоқ емес. Көптеген радиоарналар  жеңіл ойын – сауықтық , сазды форматты ғана қолдап келеді,  шығармашылық ізденісі мен мәдениеттілігі жұтаңдау. Сөйлеу мәдениеті мен тіл тазалығы  нашарлап кеткен жағдай да тыңдарман ашу ызасын тудырады. Кейбір радиостанцияларда мемлекеттік тілдің дамуына қамқорлық жасалмайды, ұлттық мүддеден  коммерциялық мүдденң жоғары қоятындығы  аңғарылып қалады. Эфир уақыты  бос әңгімемен толатыны  да таңсық емес. Радиожарнама  мәдениеті төмен , осылай кемшіліктер жалғасып кете береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

  Радио – өнер. Радио -  тарих, өмірдің өшпес шежіресі. Ол сана сүзгісінен өтеді,өмірдің қиын сұрақтарына жауап беруші, кеңесші.Сондай – ақ радио-ғажап идеяның жемісі. Қайда қарамаңыз , қайда бас сұқпаңыз «радио» деген жанды сөзбен тарамданып кететін жаңалықтар алдыңыздан кесе көлденең  шығады. Міне осындай жеміс пен жеңіс кәсіби біліктілік пен жауапкершілік, мәдениеттілікпен, ең бастысы этика қажеттілігін тудырады.

«Этика» деген дүние өзін кәсіпқой журналист санайтын адамның  жүрегінде болуы тиіс. Оны Ақорда шығарған заңдармен белгілеуге болмайды. Қазіргі таңда мемелкет тарапынан да журналистік этика қадағалану мен басты назарда. Оның бірден – бір дәлелі  «Қазақстан Республикасындағы журналисттік этика туралы» жуырда қабылданған кодексі. Кодекс отандық журналистикада жақсы және маңызды дәстүрлерді қалыптастыруға ықпал етеді, БАҚ-тың өзін-өзі реттеуінің тиімді тетігі қызметін атқарады деп сенемін.

Қазіргі таңда радиодағы  журналистік этика барынша  сақталуда. Алайда,  сүрінбейтін тұяқ жоқ , жаңылмайтын  жақ жоқ.  «Көш жүре түзеледі» дейді ғой. Біз 20 жыл ішінде қазақ журналистикасын аяғына қойдық. Уақыт елегінен өте келе сынымыз бен мінімізді түзеп, этиканың да толық мәнді сақталуына сенім білдіремін. Озық ой қоғамды өрге сүйрейді. Адамзат радио арқылы жеткен табыстар  үшін  мәңгі борыштар. Оның болашағы кәсіби білікті , білімді , мәдениетті болашақ журналистердің қолында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер: 
 

  1.  
    Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 3-ші том. – Алматы, 2008.
  2.  
    Омашев Н. Радиожурналистика негіздері. – Алматы, 1983.
  3.  
    Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. – Алматы, 1979.
  4.  
    Қабылғазина К. Дәуір үні. – Алматы, 2002.
  5.  
    Основы радиовещания. – М., 1993.
  6.  
    Барманкулов М. Журналистика для всех. – Алматы, 1979. 
  7. Бернштейн С. Язык радио. – М., 1977.
  8.  
    Любосветов Д. По законам эфира. – М., 1979.
  9.  
    Радиоискусство. Теория и практика. – М., 1983.
  10.  
    Смыслов Г. Восприятие речевого общения. – М., 199.1
  11.  
    Справочник звуковое вещание. – М., 1993.

 

 

 

 

 


Информация о работе Радиожурналисттің этикасы