Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 15:38, курсовая работа
Радио - ақпаратты жеткізу мен тасымалдаудың құралы ғана емес, оны басқару мен жүйелеудің де тетігі. Радионың ұйытқысы да, тірегі де, жүрегі де – мамандар, білікті кадрлар. Радиодағы білікті мамандардың сауатты мәдениетті , этикалық тұрғыда қалыптасқан журналист болуы тікелей радионың өмір сүруіне әсер етеді. Журналисттің даму деңгейі , қоғам арасындағы беделі оның тікелей кәсібилігі мен этикасына байланысты. Радио дөрекілік пен менсінбеушілікті котермейді. Сондай –ақ ол – ғұмыр , мыңдаған адамдардың тағдырына ықпал ететін күш- қуат.Сондықтан радиодағы қоғамдық даму мен әлеуметтану , психология және этика ғылымдарының орны ерекше.
I Кіріспе............................................................................................................3
1.1Радиожурналисттің этикасы.......................................................................5
II Негізгі бөлім.....................................................................................................8
2.1.Этика. Журналист этикасы........................................................................8
2.2.Журналистік этикаға жаңаша көзқарас...................................................18
III Қорытынды.......................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................21
Жасырын тексеру барысында журналист өзін қалай ұстау керек мұның да өз әдеп нормасы бар. « Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады», - деп уәде беруін беріп, кейңн ойланып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұптау үшін адам, жер , су аттарын өзгертіп, факторларды толық қамтуға болады.
Этика адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап- тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни , адамдардың қоғамдық өмір сүру нормалары мен бір- бірімен қарым – қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштік , адалдық , достық , сыйластық, сыпайылық , өзіңді өзің дұрыс ұстай білу , жақсы мінез осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне ағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды.Демек журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналисттің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңды жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен , сана- сезімімен ұғып – білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналисттің де өз борышы болады, соны адал атқару борыш. Әрбір маманның құқығы болумен бірге , міндеттері мен әдебі болатынын ұмытпау керек. Этика әсіресе , адамдық арға қатысты болып келеді. Ар болған жерде ұят та ұмытылмайды. Ал этика нормаларды бұзу адамға абырой әкелмейді. Сондықтан журналистке де басқалар секілді этикалық нормаларды сақтау негізгі міндет. Журналисттің көптеген құқығымен бірге, кей жағдайда оған да араласуға болмайтын мәселелер кездесуі мүмкін. Ондайда кеуде қағып , өзімшілдікке салынбау керек. Ал, журналист кемшілік немесе қателік жасаған жағдайда кешірім сұрауы тиіс. Ол қалың жұртшылықпен жұмыс істейтіндіктен , оларды өзі де сыйлай білуі керек. Журналист парасатты жан болғаны жөн. Журналист творчестволық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналисттің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығын , қызметін халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін , борышын адал атқаруы міндет.
Ең басты назарда ұстайтын жайттың бірі – тікелей эфир жүргізушісінің этикасы. Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштілік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы – мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңды жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сан-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналистиканың даму деңгейі, қоғамдағы беделі әрбір басылымның, жеке журналистің қызметіне, баспасөз бостандығының қандай дәрежеде пайдаланылып жүргеніне тікелей байланысты. Демек, біздің елде демократия орнады деп сөз бостандығын теріс пайдаланып, кез келген ақпаратты анық-қанығына жетпей жатып жария етуге болмайды. Сайып келгенде, мұның бәрі – журналистің жеке басының мәдениеттілігіне, әдептілігіне, қоғам алдындағы парызын қалай түсінетіндігіне өлшем болатын этикалық мәселелер.
Журналисттің даму деңгейі , қоғам арасындағы беделі оның тікелей кәсібилігі мен этикасына байланысты. Мұнымен қатар , журналист жеке басының тәрбие деңгейін , мәдениеттілігін , әдептілігін қоғам алдындағы парызын қалай түсінетіндігін аңғартатын этикалық мәселелер бар. Этикалық талаптар , нормалар жазылмаған заң деп те аталып жүреді, олардың орындалуы не орындалмауының мәні өте зор. Осы жағдайдың барлығы ескеріліп, 1991 жылдың 24 сәуірінде Кеңес дәуірі ыдырамай турған уақытта КСРО – ның конфедерациялық негіздегі журналисттер Одағының I съезі «Журналисттің кәсіптік этикасының кодексін» қабылдады. Бұл кодекстің негізгі мақсаты – демократия мен жариялылық жағдайында сөз бостандығын теріс пайдалануға жол бермей , журналистиканың мәдениеттілігі мен әдептілігі дәрежесін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Құжат үш бөлімнен , үш баптан тұрады. Кодекстің «Журналистің кәсіптік этикасының принциптері» деп аталатын бірінші бөлімінде журналисттің кәсіптік этикасының негізгі міндеттерін былайша көрсеткен:
Қазақстан журналистері Қазақстанның
журналистері мен бұқаралық ақпарат
құралдары қызметкерлерінің моральдық-этикалық
қағидаттары мен кәсіби қызметінің
нормаларын қалыптастыратын Қазақстан
Республикасы журналисінің Этикалық кодексін
(бұдан әрі қарай – Кодекс)
қабылдады. Өздеріңіз білетіндей, Кодексті
жасау идеясын Қазақстан
Бұл Кодекске қол қойылуы саланы дамытудың сапалы жаңа кезеңі басталуы деп бағалауға мүмкіндік береді және қазақстандық журналистиканың жоғары корпоративтік рухының куәсі болып табылады.
Кодекстің қазақстандық журналистиканың басты кәсіби-этикалық ұстанымдарын нығайтуға бағытталғаны қуанышты. Құжаттың кіріспесінде көрсетілгендей кодекс өзін ұстай білуге моралдық-этикалық бағдар болып табылады, журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына сенім мен құрметке қол жеткізуге жәрдемдеседі. Кодекс өзіндік тәртіп пен моральдық-этикалық бағдардың құралы болып табылады, жұртшылық тарапынан журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына сенім мен құрмет көрсетуге қол жеткізуге ықпал етеді.
Өздеріңіз білетіндей, Кодексті
жасау идеясын Қазақстан
Жалпы сол қабылданған кодексте журналистік этика туралы жазылған.Атап көрсететін болсақ:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖУРНАЛИСІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІ
- Бұқаралық ақпарат
- жалпыадамзаттық құндылықтар
мен моральдық-этикалық үлгі-
- сөз бостандығы мен
ой-пікір білдіру журналистің
ажырамас құқығы, еркін бұқаралық
ақпарат құралдары қызметінің
міндетті шарты екенін
- Адам құқықтарының жалпыға
ортақ декларациясын, БҰҰ-ның
Баспасөз бостандығының
1. КӘСІБИ ПАРЫЗ
1.1. Журналист өзінің қызметінде
кәсібі, сөз бен ақпарат бостандығы,
ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық,
этносаралық келісімді сақтау, ұлттық
ақпараттық қауіпсіздік пен
1.2. Журналист қолы қойылған,
бүркеншік немесе анонимді
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК
2.1. Журналист қоғамның
моральдық және этикалық
2.2. Журналист өзіне жүктелген
қоғамдық жауапкершілікті
2.3. Журналист қоғамдық
тәртіптің тұрақсыздығын,
3. АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАСАҚАНА ІСТЕМЕУШІЛІК
3.1. Журналист адалдық
пен қасақанашылдық емес
3.2. Журналист кәсіби міндеттерін
орындау барысында ақпарат
4. СЕНІМДІЛІК ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІК
4.1. Журналист объективтілік, қасақана емес қадам жасау қағидаттарын ұстанады.
4.2. Журналист белгілі
бір мәселелер бойынша
4.3. Сенімділік, толықтық және объективтілік мақсатында журналист ақпараттарды түрлі көздерден алу үшін барынша күш-жігер жұмсайды.
4.4. Журналист өзінің қызметінде
деректерді, пікірлерді, бағамдарды, болжамдарды,
нұсқаларды және жорамалдарды
жеке көзқарасы тұрғысынан
5. ДЕРЕККӨЗДЕР ЖӘНЕ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
5.1. Егер дереккөздің кінәсінен
шындықты саналы түрде
5.2. Журналист құпия ақпаратты
өзінің кәсіби қызметінде жеке
мүддесі немесе басқа
6. ЖЕКЕ ӨМІРДІ, АР-НАМЫСТЫ
ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ
6.1. Журналист жеке өмірді, адамдық ар-намыс пен іскерлік қасиетті құрметтеу қағидатын басшылыққа алады.
6.2. Журналист азамат пен
заңды тұлғаның заңнамалық
6.3. Журналист айрықша кінәсіздік қағидатын ұстанады.
7. БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ
7.1. Журналист зияткерлік
меншікті, оның ішінде өз әріптестерінің
кәсіби қызметінен туындайтын
зияткерлік меншік құқын
7.2. Журналист әріптестерінің
құқығын құрметтейді және адал
бәсекелестік заңнамаларын
7.3. Журналистер кәсіби
парызын орындау кезінде
8. ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Журналист зорлық-зомбылық
немесе зорлық-зомбылық қатері, тіл
тигізу, материалдық немесе моральдық
зардап жағдайында Қазақстан
заңнамасында қарастырылған
8.2. Журналист Қазақстан
Республикасының қолданыстағы
8.3. Журналистің Кодекс
ережелерін бұзуы моральдық
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Аталған Кодекс журналистердің – Қазақстан азаматтарына және қатысы бар.
Журналистің Кодекске қарым-қатынасы – ар-ұятына байланысты. Кодексті ұстануға немесе бұзуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
Бұл Кодекске қол қойылуы саланы дамытудың сапалы жаңа кезеңі басталуы деп бағалауға мүмкіндік береді және қазақстандық журналистиканың жоғары корпоративтік рухының куәсі болып табылады.
Кодекстің қазақстандық журналистиканың басты кәсіби-этикалық ұстанымдарын нығайтуға бағытталғаны қуанышты. Құжаттың кіріспесінде көрсетілгендей, кодекс өзін ұстай білуге моралдық-этикалық бағдар болып табылады, журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына сенім мен құрметке қол жеткізуге жәрдемдеседі.
Журналистік этиканың негізгі қағидалары бар. Осы жерде журналистік қауымдастықтың этикалық кодексіне суйенетін болсақ:
-деген сиякты журналистің эткасы көрсетілген.
«Этика» деген дүние өзін кәсіпқой журналист санайтын адамның жүрегінде болуы тиіс. Оны Ақорда шығарған заңдармен белгілеуге болмайды.