Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2013 в 15:38, курсовая работа
Радио - ақпаратты жеткізу мен тасымалдаудың құралы ғана емес, оны басқару мен жүйелеудің де тетігі. Радионың ұйытқысы да, тірегі де, жүрегі де – мамандар, білікті кадрлар. Радиодағы білікті мамандардың сауатты мәдениетті , этикалық тұрғыда қалыптасқан журналист болуы тікелей радионың өмір сүруіне әсер етеді. Журналисттің даму деңгейі , қоғам арасындағы беделі оның тікелей кәсібилігі мен этикасына байланысты. Радио дөрекілік пен менсінбеушілікті котермейді. Сондай –ақ ол – ғұмыр , мыңдаған адамдардың тағдырына ықпал ететін күш- қуат.Сондықтан радиодағы қоғамдық даму мен әлеуметтану , психология және этика ғылымдарының орны ерекше.
I Кіріспе............................................................................................................3
1.1Радиожурналисттің этикасы.......................................................................5
II Негізгі бөлім.....................................................................................................8
2.1.Этика. Журналист этикасы........................................................................8
2.2.Журналистік этикаға жаңаша көзқарас...................................................18
III Қорытынды.......................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................21
Мазмұны:
I Кіріспе.......................
1.1Радиожурналисттің этикасы..
II Негізгі бөлім.................
2.1.Этика. Журналист этикасы.......................
2.2.Журналистік этикаға жаңаша
көзқарас......................
III Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
І. Кіріспе.
Радио - ақпаратты жеткізу мен тасымалдаудың құралы ғана емес, оны басқару мен жүйелеудің де тетігі. Радионың ұйытқысы да, тірегі де, жүрегі де – мамандар, білікті кадрлар. Радиодағы білікті мамандардың сауатты мәдениетті , этикалық тұрғыда қалыптасқан журналист болуы тікелей радионың өмір сүруіне әсер етеді. Журналисттің даму деңгейі , қоғам арасындағы беделі оның тікелей кәсібилігі мен этикасына байланысты. Радио дөрекілік пен менсінбеушілікті котермейді. Сондай –ақ ол – ғұмыр , мыңдаған адамдардың тағдырына ықпал ететін күш- қуат.Сондықтан радиодағы қоғамдық даму мен әлеуметтану , психология және этика ғылымдарының орны ерекше.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жалпы журналистика соның ішінде радиожурналистика саласындағы этиканың орнымен , оның аудиторияға әсері жайлы түпкілікті зерттеп,танып білуге шақыру; радиодағы этика ұғымының маңызын түсіндіріп, дәлелдеу. Болашақ журналисттерге радиодағы этиканың маңызды рөл атқаратындығын ой – санасына қалыптастыру.
Жұмыстың өзектілігі: Журналистика – түрлі-түсті мозаика сияқты, кейде өзіне өзі қайшы келіпте жататын тұстары бар. Сондықтан да әр тарауда авторлардың стилі, берген ақпараты рас, сөйлеу мәдениеті түзу,адамгершілік әдебі мен кәсіби әдебі қатар жүруі қажет. Оқырманды шатастыру, адамның жеке басына қайшы келетін жат дуниелерді жариялай отыра әдепсіздік көрсету – журналист үшін қылмысқа тең нәрсе.
Курстық жұмыстың міндеті: Аталған курстық жұмысты жазу барысында бүгінгі жас мамандар талғамы биік, сауатты, сөзге шешен, тілі жатық, эфирдегі әдеп пен сөйеу мәдениеті қалыптасқан, кәсіби әдепті майталман журналисттер және тәрбиелік мәні зор хабарлардың санын артса деген мақсатты алдыма қоя отырып төмендегідей міндеттерді белгілеймін:
- Болашақ журналистерге нағыз радиожурналистің әдебін көрсету;
- Жалпы журналистің әдебі жайлы ой қалыптастыру;
- Сөйлеу мәдениетінің маңыздылығын ұғындыру;
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыстың құрылымына келсек, үш бөлімнен тұрады. Алдымен кіріспе және екі негізгі бөлім,соңы қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен аяқталады.
Зерттеу жұмысының объектісі: Радиодағы журналисттің этикасы.
1.1.Радиодағы журналистің этикасы.
Радионың аудиториясы
кеңістікте шашырап жатыр , соған
қарамастан оның жиынтық белгілері
де жоқ емес. Радио миллиондар
аудиториясына бағытталғанымен , оны
көбіне жеке немесе шағын топ болып
тыңдайды. Сондықтан да журналистің
әуе толқынындағы әңгімесі солардың
әрқайсысының жүрегіне жеке жол
табуы тиіс. Барлық аудиторияның
сұраныстары мен
Мемлекеттің маңызды жаңалықтарын жеткізуші ханымдардың жылтыраған бет аузымен, бұлтыңдаған ернінің аяқ астында қалған эфир этикасы көзден бұл-бұл ұшқан заман да болды. Ең ғажабы, бұрынғы дикторлардың орнын басқан қазіргі тележүргізушілердің өзара атауы ауысқаны болмаса, жүргізушілердің көптеген арналарда күні бүгінге дейін дайын «диктовканы» оқып беруден аспайтын «дикторлық» қалыппен шектелумен келе жатқаны ұят. Әрине, бүгінде де, дикторлар әлі де болса бар. Бірақ, «дикторлардың» телеарнаның да, радионың да ақпараттық толқынынан ысырылып түсіп қалуының сырының өзі қазіргі журналистиканың талабы дайын мәтінді немесе жобаны оқып беру арқылы жеткізуді қажет етпейтіндігін көрсетеді. Себебі, дикторлар қатып қалған форматтан шыға алмайды, жүргізушілер секілді еркін қимылдай алмайды. Бүгінгі күн үшін әр жобаны, мәтінді өз мазмұнына сай жеткізуде үлкен шеберлік қабілеттілік қажет.
Радиода этикалық талаптар қатаң. Бұны дәлелдеу мақсатында Азаттық радиосында этикалық талаптардың отырдалып жатқанына көз жіберейік. Азаттық радиосының қызметкерлері мен штаттан тыс тілшілері жоғары этикалық талаптарды орындауға міндетті, хабар тарату аймағында не одан тыс аймақтарда жеке тұлғалармен және ұйымдармен байланыс жасағанда, саяси не коммерциялық мәселелерде мүдделер қайшылығынан аулақ болып, осындай қайшылық туындауы мүмкін қарым-қатынастарға бармауы керек. Азаттық радиосының қызметкерлері мен штаттан тыс тілшілері жеке пайда табу мақсатында, басқа бір өзгеше мүдде тұрғысында өз абыройына, не Азаттық радиосының беделіне нұқсан келтірмеуі шарт.
Қазақстанның әуе толқынында
қызмет атқаратын радиоарналар жұмыс
мазмұнына қарай ақпараттық-
Біріншіден, ең
алдыңғы, алғашқы болу. Кез келген оқиғаны
алдымен хабарлау барысында журналистік
әдептен ауытқымау, кәсіби этика сақталуы
керек.
Екіншіден, сөйлеушінің
уақытын шектеп, оқиға не туралы, не мақсатта,
түйіні неде деген сияқты детальдарды
ғана ықшамдап алу.
Үшіншіден, "меніңше",
"сөйткенге ұқсайды", "шамасы солай"
т.б. деген тіркестерді қолданбау, бұл
оқиғаның нақтылығынан гөрі дүдәмалдыққа
апарады.
Төртіншіден, жан-жақты
білім, жеткілікті машық керек.
Радиохабардың
басты компоненті — жанды дауыс екені
ақиқат. Ал, сол дауыстың иелері, адамдар
мен журналист арасындағы байланыстың
да өзіндік критерийлері бар. Екі жақ та
бір-бірімен тіл табысып, оқиға жайлы әңгіме
жақсы өрбіп кетсе құба-құп. Кейде сын
материал дайындау кезінде объектінің
қарсылығына тап болады. Ақпарат беруші
адамның журналистпен байланысуы, яғни
контакт жасауына немесе жасамауына бірнеше
факторлар әсер етеді: сол саланы, әңгіме
болатын тақырыпты білетін беделді адамды
таба алу. Хабар барысында қатысатын адам
жайлы хабарланып айтылды. Алайда, дәл
микрофонды ұсынған сәтте бас тартуы мүмкін.
Ондай кезде жағдайдың мән-жайын журналист
тыңдармандарға түсіндіруі керек. Осындай
жағдайлар белең алған кезде журналист
кәсіби әдебтілігін көрсеті керек.
Сондай –ақ радиожурналисттің этикасын айқындайтын жайт ол аудитория психологиясы. Ол дегеніміз тікелей эфир кезінде яғни тілдесіп отырған адам сөзшең не болсама сараң болса, оған шыдамдылық танытылуы керек. Бұл да радиожурналистің этикасын , кәсіби шеберлілігін айқындап көрсетеді.
II.Негізгі бөлім
2.1 Этика. Жалпы журналистік этика.
Журналист – ашық қоғамның,
әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі
әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан
да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат
пен зор құрметке қашанда лайық.
Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау,
оған кір келтірмеу әрбір
Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен тәжірибелік талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбек сүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика қағидаларын анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік міндеттерге бағынады. Этика саналы адам болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сана-сезіммен ұғып, білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды.
Этика термині ежелгі гректің ethos (этос) деген сөзден пайда болған. Алғашқыда бұл сөз мекен ету орта, үй, жануарлар апаны, құс ұяшығы деген мағынаны білдіреді. Кейіннен бұл сөз әдет-ғұрып, салт-сананы, мінез-құлықты білдіретін сөзге айналды. Бұл «этос» сөзінен ұлы Аристотель «этикалық» деген түбірге қосымша енгізіп, адамзаттың ерекше қасиеттерін анықтайды. Білім алудың ерекше түрі ретінде Аристотель ғылымға «этика» саласын енгізді. Этикалық қасиетті кейде рухани қасиетке жатқызады. Адамдарда рухани және этикалық қасиеттерде айырмашылықтар бар.
Журналистің кәсіби этикасы
– ғылымның ең кенже салаларының
бірі. Оның тарихы соңғы жиырма жылдан
бастау алады. Оған дәлел ретінде
осы уақытқа дейін журналистің
кәсіби этикасы жайлы оқулықтардың
жарыққа шықпауын атап көрсетуге болады.
Ал, педагогикалық мақсатта тек ғылыми
монографиялар қолданылады. Соңғы жылдары
Ресей ғалымдары журналистикадағы этикалық
ғылымға көңіл аудара бастады. Мәселен,
ғалым Р.Г. Бухарцев қазіргі таңдағы кәсіби
этиканың табиғатын, кәсіби этика мен
журналистің шығармашылық даму үрдісінің
байланысын ашық дәлелдесе, зерттеуші
В.А. Казакова журналистің жұмыс істеу
барысындағы әдептілік қарым-қатынастардың
түрлерін жан-жақты атап көрсетті. Ал,
ғалым В.М.Теплюк журналистің әлеуметтік
мәселелердегі жауапкершілігі мен дерек,
дәйектерді қолданудағы этикалық нормаларды
қарастырды. Баспасөз зерттеушілері Г.В.
Лазутина мен Д.С. Авраамов журналистің
кәсіби этикасын бүгінгі жаңа тұжырымдар
мен көзқарастар негізінде қарастырса,
ғалым М.А.Федотов журналист этикасын
БАҚ туралы заңның негізгі тармақтарымен
байланыстыра отырып зерттейді. Ал, бүгінгі
журналистің кәсіби этикасы жөнінде елімізде
өте аз зерттелген. Осы маңызды мәселемен
арнайы айналасып жүрген ғылыми мамандар
да жоқтың қасы. Сондықтан алдағы уақытта
журналист этикасы туралы мәселелерді
жан-жақты терең зерттеу қажеттілігі бүгінгі
өмірден туындап отыр.
Этика кәсіби моральдың құрылымын зерттейтін
ғылым десек, журналистке моральдық нормаларды
ұстану – ең бір қажетті қасиет. Журналистердің
жазған еңбектері, ең бастысы одан шыққан
қорытындылары көптеген бұқара халықтың
мүддесіне тиісті болып табылады. Себебі
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның
көзқарасы, оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп
отырады. Журналистке қойылатын моральдық
талаптың қиындығы жоқ, тек талапты дұрыс
пайдалана білу қажет. Тіпті, егжей-тегжейлі
қабылданған кодекстің өзі журналистің
аяқ-асты тап болған оқиғасына түсінік
бере алмауы мүмкін. Бұл кезде тек журналистің
кәсіби этикасы мен ар-ұяты ғана маңызды
рөл атқаруы мүмкін.
Журналист этикасы – қоғамда, әлеуметтік
ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен,
сондай-ақ, белгілі тұлғалар, ұжымдық топтармен
арадағы қарым-қатынастармен тікелей
байланысатындықтан оның кәсіби шеберлігіне
де ықпал етуші негізгі фактор бола алады.
Қоғам және халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің
өзі журналистке моральдық-этикалық және
имани игі қасиеттерді игеруін талап етеді.
Журналист этикасының қалыптасу негізіне
келсек, ол өз халқының озық дәстүрінен
нәр ала отырып, имандылыққа бой түзеп,
қоғамдық мейірбанды да салауатты ортада
тәлім-тәрбие алып, өсіп-жетілуге тиіс.
Журналисттің кәсіби ерекшелігі оған көптеген әлеуметтік жауапкершілікті жүктейді. Этика деген адамгершілік келбетті айқындайтын моральді тәртіпті талап ететін ғылым салаларының бірі болып табылады. Этика мәселелері адамдардың мінез- құлқы мен олардың сана –сезім ерекшеліктерімен, қоғамдағы ережелері, формалары, заңдары , талаптарды орындау өзгешелігімен сондай-ақ қоғам пікірімен айқындалады. Журналистік этика қазіргі кездегі журналистік маманды игерген әрбір азаматқа өзіндік кәсіби талап тілектерді қояды. Журналистік этика ұғымында басты екі мағынасы бар:
Журналистік этика - журналистік қызметтің көптеген жағдайларда көрініс тауып отырады. Объектілерді зерттеу , адамдармен әңгімеселу барысында болмашы, елеусіз дөрекіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін.Журналист мұндай жағдайда туғызбау керек. Этика тұрғысынан объектілерді зерттеуді, факт , мәлімет жинаудың екі түрі бар:
Материалдарды ашық түрде жинау тәсілінде журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуға тиіс. Көптеген жағдайда шындық ашылмай жатады. Ондайда журналист олардың тілін тауып, алған мәлімет, деректерге басымен жауап беретініне сөз арасында әдеппен еске салуы тиіс. Ал, объектіні зерттеудің жасырын түрі немесе құпия түрін адамдар білмейді. Мұндайда журналист такси жүргізуші, сатушы жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ ,қандай жағдайда болмасын , кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда болмасын салт- дәстүрін ескеріп , жеке басының кемшілігін көзге шұқымай , керісінше оны мұқият тыңдауға , дауыс көтермеуге , денсаулық жағдайын ескеру керек. Бұл журналисттің міндетін ғана емес , оның кәсіби әдептілігін көрсетеді.
Әдепті журналист мәлімет
алу барысында адамдарды қалтырмау
үшін қай жерде , қай уақытта әңгімелескні
дұрыс болатынын олардың