Көптік жалғаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 17:42, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі көптік форма оның тілдегі қызметіне
арналған. Көптік жалғаудың қызметін саралау барысында, қазақ тіліндегі
қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні
қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста
Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, С.Исаев
секілді және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................4
1.Қосымшалардың зерттелуі
1.1 Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі ...........................6
1.2 Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар ..................................12
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың мағыналық реңктері .....................................24
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі ...................39
2.3. Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық
қызметі ..................................................................................................44
2.4. Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі ...............................48
Қорытынды ..........................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер ......................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тоқпан Құндызай КЯЛ-11.doc

— 330.50 Кб (Скачать документ)

Сөйлемнің бастауышы жіктеу есімдігінің екінші жағындағы анайы, сыпайы түрлерінің көпше формаларында және жалпылау есімдігінің екінші жағында тұрса, етістіктің жіктелетін формаларының екінші жағында тұратын баяндауыштарда көптік формада бастауыштармен қиысып жұмсалады. Мысалы: Сендер қайраттаныңдар, жігеррленіңдер, әрқайсысыларың алып күштеріңді шығарыңдар.(Ғ.М); Сендер ауылдың қарасын көрмегенде тоқтаңдар.(М.Ә); Сіздер ертең келесіздер ме? (Ә.Ә) Бәрің де келіңдер.(Ә.Ә);

Бір сөзде бірнеше жалғау қабаттасып келгенде, әдетте, орын жағынан өзге жалғаулардың бәрінен де (септік, тәуелдік, жіктік) бұрын, тікелей түбірден я негізден (туынды түбірден) соң жалғанады. Мысалы: Абай ұлыларша шапан, бөркін айналдырып киіпті.(М.Ә); Жауынгерлер етпеттерінен жата қалысты; Өздеріңдей, өздеріңше, өз әлдерімізше; сендердей, біздердей; олардыкі, колхоздардағы т.б.

Көптік жалғаудың семантикалық мағынасы, грамматикалық қызметі, стилистикалық бояуы мен реңі өзара тығыз байланысып, бір-бірімен ұштасып жатады. Сондықтан кейде оларды саралау аса қиын да болады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қосымша морфемалар түбір морфемасыз өз алдына дербес жұмсалмай, түбір морфемаға үстеме мағына жамап отырады. Осы тұрғыдан алғанда-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формаларының орны ерекше. Жұмыста қазақ тіліндегі қосымшаларды жіктеу мәселесін қарастыра отырып, көптік жалғаудың тілдегі қызметіне тоқтадық. Соның барысында көптік жалғаудың тілде бірнеше қызмет атқара алатындығын байқадық.

Біріншіден, көптік жалғау деп қарастырылып жүрген -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшалары сөзге жалғанғанда ол сөзге қосымша мағына үстейді, яғни сөздің мағынасына өзгеріс енгізбесе де, сөзді түрлендіреді.

Екіншіден, адам есімдеріне жалғанғанда «және тағы басқа» секілді көмекші сөздің қызметін атқара алады.

Үшіншіден, көптік форма ІІ жақтағы жіктік жалғауымен қабаттасып келгенде ғана сөз бен сөзді байланыстыруға қатысатыны аңғарылады.

Төртіншіден, қазақ тіліндегі көптік форманың термин жасауға қатысы бар екені анықталды. Бұны Қ.Күдеринованың терминімен «ұластырғыш қызмет» деп бердік. Бұл қызмет көптік форманың да жаңа сөз жасауға қатысатынын дәлелдей түседі. Негізінен, көптік форманың бұл қызметі оларды сөзжасам қосымшаларымен жақындастырады.

Көптік жалғауының жоғарыда аталған ерекшеліктерін ескере отырып, оны таза жұрнақ қатарына да, таза жалғау қатарына да жатқызуға болмайтын секілді. Бұл жалғаудың да, жұрнақтың да белгілерін бойына жинақтаған, сондықтан оны аралық категория деп санаған  әлде қайда дұрыс болар еді. Әрі тілімізде осы уақытқа дейін дау туғызып жүрген біраз мәселелер шешімін табар еді деген  ойдамыз.

Көптік жалғау (-лар) бір сөйлемде біріне-бірі қатысты бірнеше сөзге жалғана береді. Ондайда көптік жалғау, бір жағынан, сөздерді бір-бірімен қиыстыру үшін қолданылса, екінші жағынан, оларды сараландырып, айқын, ашық етіп ажыратып айту үшін де қолданылады.

Көптік жалғаудың семантикалық мағынасы, тілдегі қызметі өзара тығыз байланыста, бір-бірлеп ұштасып жатады.

-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формаларының әлі толық ашыла қоймаған қызметтері бар секілді. Сондықтан оның талай зерттеулердің нысанына айналары сөзсіз.

Бұл жоғарыда аталған ерекшеліктерін көптік форманың қолдану аяясының әлде қайда кең екендігін және оның табиғаты тек көптік мағына беру ғана емес екендігін дәлелдей түседі. 

 

                  

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.Ғылыми әдебиет

 

  1. Томанов М.  Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1981.
  2. Жолдасаова А.Б «Диуани хикмет» ескерткіші тілінің грамматикалық ерекшеліктері (тәуелдік, жіктік және көптік жалғауларынің қолданылуы) 10.02.06 түркі тілдері ф.ғ.к ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, - 2009 ж
  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: «Ана тілі»,1991.
  4. Қазақ тілінің грамматикасы. – Астана, 2002.
  5. Момынова Б., Сәткенова Ж. Қазақ тілі морфологиясы. Есімдер. - Алматы: «Арыс» , 2007.
  6. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: «Ата тілі», 1994.
  7. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі негізігі грамматикалық ұғымдар: - Алматы, «Ана тілі», 1992.
  8. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты: - Алматы, «Рауан», 1998.
  9. Исаев С.М. Қазақ тілі жайында ойлар. – Алматы, 1997
  10. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері.  – Алматы, 2006.
  11. Кестелі грамматика. Қазақ тілі грамматикасы бойынша оқу құралы: С.Хасенова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасбекова, Б.Шалабаев.- Көкшетау: «Келешек-2030», 2009Қазіргі қазақ тілі: Оқулық. - Алматы: Print-S, 2005.
  12. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы: - Алматы, 2007.
  13. Қабылдина Л.М. Көптік категориясының морфологиялық көрсеткіштері. ҚР ҰҒА хабарлары. Филология сериясы. №4 – Алматы, 2006.
  14. Маманов Ы.Е  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. – Алматы: «Арыс», 2007.
  15. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: «Ғылым», 1997.
  16. Қалыбаева А.Қ., Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфология жүйесі.-Алматы: «Ғылым» 1986.
  17. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы: Print-S,2005.
  18. Күдеринова Қ. Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы.  – Алматы, 2005.
  19. Д. А.Әлкебаева. көптік жалғауының стилистикалық қызметі – Қаз ҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №9 (71). – Алматы: Қазақ уинверситеті, 2003.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Көркем әдебиеттер

 

 

  1. Әуезов М. Абай жолы. – Алматы: «Жазушы», 1989.
  2. Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы: «Білім», 1996.
  3. Кекілбаев Ә. Шыңырау: Роман және повестер.- Алматы: «Жазушы», 1982.
  4. Мағауин М. Жармақ:роман.- Прага: «ArtFocus», 2007.
  5. Cәукетаев Т. Айқараңғысы.-Алматы:«ҚазАқпарат», 2011.
  6. Қ.А.Яссауи. Диуани хикмет.- Астана: «Фолиант», 2007.

 

 

 

 


Информация о работе Көптік жалғаулары