Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 17:42, дипломная работа
Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі көптік форма оның тілдегі қызметіне
арналған. Көптік жалғаудың қызметін саралау барысында, қазақ тіліндегі
қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні
қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста
Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, С.Исаев
секілді және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.
Кіріспе .....................................................................................................4
1.Қосымшалардың зерттелуі
1.1 Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі ...........................6
1.2 Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар ..................................12
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың мағыналық реңктері .....................................24
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі ...................39
2.3. Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық
қызметі ..................................................................................................44
2.4. Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі ...............................48
Қорытынды ..........................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер ......................
Өлеңдерін, Мағжаншылдар деген екі сөз сандылық категорияның көптік тұлғасында қолданылған. Бұл сөздердің құрамында көптік мағынасын білдіретін көптік жалғауы бар.
Яғни сан-мөлшер категориясы –лар көрсеткіші арқылы жасалған көптік формасы және оған қарама-қарасы жекелік немесе нөлдік форма арқылы жасалады.[12,96]
Біз –лар қосымшасы зат есімге жалғанғанда төмендегідей мағыналық реңктерді білдіретіндігін анықтадық:
Қазақ тілінде зат есімнің көптік -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшасымен қатар басқа сөз таптарына жалғанып, көптік мағына білдіретін қосымшалардың қатарына –ыз, -із, -з жұрнағыда жатқызылады.
Тіліміздегі көз, егіз т.б. сөздердің құрамындығы соңғы -з қосымшасыда көптіктің тарихи тұрғыдан көптік жұрнақтары деп айтылып жүр. Ғалымдар бұл қосымша сан-мөлшер категориясының тіліміздің көне тарихындағы екілік тұлғасы болуы мүмкін деген пікірде. Ал А.М.Щербак бұл пікірге қарсы шығып, көне түркі тілінде де, түркілік ататілде де екілік немесе көпше түрдің -з қосымшасы болғанын дәлелдейтін ешқандай негіз жоқ деп қорытады: біріншіден, -з қосымшасының жұп нәрселерді білдіретін заттардан гөрі мұндай мағына білдірмейтін атауларына көп кездеседі деп, оған біраз мысал келтіреді; екіншіден, жекеше түрдің І және ІІ жақ есімдіктерінің көпше түрдің І және ІІ жағындағы есімдіктерімен түбірлері ортақ деп нық сеніммен айтуға болмайды, өйткені олар әртүрлі дауыстылармен айтылады: татар: мін, біз, сін; тува: мэн, біс, сэн, сіс; ұйғыр: мен, біз, сен, сіз; хакас: мін, піс, сін, сірэр, т.б.;
Тілімізде -з формасы, І, ІІ жақ жіктік және тәуелдік жалғауларының көпше түріндегі -мы-з, -мі-з, -ңы-з, -ңі-з деген формалардың құрамында қолданып, жекеше түрдегі –м, -ң жалғауларына қарама-қарсы қойылады:
Қазақ тілінде көптік мағына І жақ көпше түрдің –қ жұрнағы арқылы да білдіреді. Мысалы, Біз кеше кешке Семейден шықтық (Д.Әбілев); Той болса, тон киелік, жүр баралық (Абай).
-қ формасы және оның –к,-(а)-йық, -(е)йік фонетикалық варианттары тек етістікке жалғанады:
а) өткен шақ тұлғалы етістікке жалғанғанда, көп қимыл иелерінің өткен шақтағы іс-әрекетін білдіреді: Бәрімізде ауылда туып, ауылда өстік (Ш.Мұртаза);
ә) формасы қалау райдың –са, -се тұлғалы етістікке жалғағанда іс-ірекеттің көп адамдар арқылы жасалғанын, не жасалатынын білдіреді: Жаңа каналды қазсақ, жүз мың гектар күріш еге аламыз. (С.Мұқанов);
б) –алық, -елік бұйрық рай тұлғасы да көптік мағына береді: Мысалы, баралық, келелік. Мұнда бұл жұрнақ іс-іркеттің көп субъекті жасайтындығын білдіріп, көбінесе қалаулық мағына білдіреді. Мысалы: Бәріміз қайталық. (Ғ.Мұстафин)[13,70].
Сонымен көптік категориясының көрсеткіштерінің негізгі мағыналары мынадай: а) заттың көптік мағынасын білдіреді (балалар, үйлер); б) іс-әркеттің атқарушысының көптігін білдіреді (біз барамыз, біз бардық, біз баралық); б) заттың көптеген қимыл иелеріне (субъект) тәуелділігін білдіреді (біздің кітабымыз, біздің үйіміз).
Жалпы –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формаларының сөз таптарына жалғану ерекшелігіне қарай түрлі мағыналық реңке ие болатынын байқадық. Зат есімнен өзге сөз таптарына жалғанған көптік жалғаудың мағынаның үстіне мағынасын заттандырушы қызмет атқаратындығы байқалады.
Қазақ тілінде, көптік мағына болсада, көптік жалғаудың жалғанбайтын орындары бар. Көптік жалғау бірығай мүшелердің кейде соңғы сөзіне ғана жалғанады: қалам, қағаздарыңды алыңдар. Жекеше, көпше мағынаға талғауынсыз қарайтын абстракт, дерексіз зат атауларына да көптік жалғау жалғанбайды. Егер ондай сөздерге көптік жалғау жалғанса, онда көптік жалғау сол сөз білдіретін заттың көптігін емес, басқа стильдік мән үстейді: айталық, заттың әр түрлілігін немесе соған қатысты екінші бір басқа затттардың көптігін білдіреді: достық-тары, күлкі-лері, адамгершілік-тері, т.б. Бұл жерде көптік жалғау достықтың, күлкінің әр түрлілігін немесе достыққа, күлкіге, адамгершілікке қатысты адамдардың көптігін білдіреді.
Көптік мағына аналитикалық жолмен берілгенде (сан есімдер, көп, көптеген, талай, біраз сияқты көптік ұғымды білдіретін сөздер, қайталама қос сөздер зат атауына анықтауыш болып, ол заттың көптігін білдіргенде), зат атауына көбінесе көптік жалғау жалғанбайды: көп адам (адамдар емес), жүз елу кітап (кітаптар емес), талай заман (замандар емес), мая-мая шөп (шөптер емес), тау-тау астық (асықтар –тар емес), т.б. Кейде ондай анықтауышы бар зат есімдер көптік жалғауын үстеп қолданылса, ондай жағдайда көптік жалғау көптік мағынадан гөрі басқа мәнде, стильдік сипатта қолданылады: түрлі-түрлі бастар бар, көп күн-дер өтті, т.б.
2.2.Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі
Қазақ тілінде жалғаулардың қолдану өрісі өте кең екені белгілі. «Жұрнақтар белгілі бір сөз табына ғана, оның белгілі бір тобына немесе оның бір ішкі категориясына ғана тиісті болып, соған жалғанса, жалғаулар бір сөз табының аясына тұйықталып қалмай, бірнеше сөз табын тұтас қамтып, кең шеңберде қолданыла береді» .
Қазақ тілінің грамматикасында жалғауар сөз жалғастыратын қосымшалар деп қаралып келеді. Олар сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады да, олардың араларындағы жалпы қарым-қатынасты білдіреді. «Бұл қарым-қатынастың нәтижесінде туатын мағыналар жалғанатын сөзге қосымша лексикалық мағына үстейтін жұрнақтардың мағыналарындай емес, сөздердің ара қатынастарынан туатын қызметтерімен байланысты тым жалпы грамматикалық мағыналар» [4,179].
Жалғаулардың сөз бен сөзді байланыстыру қызметінен басқа да ерекшеліктері, атап айтқанда сөйлемде түсіп қалып жасырын қолдану, нөлдік форма қасиеті бар. Бүгінгі күні ғалымдар осы жалғаудың ішінде қарастырылып жүрген көптік жалғаудың барлық жағдайда сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқара алмайтынын айтады.
Бұл жөнінде алғаш сөз қозғаған Ы.Е.Маманов болған болатын. Ол 1975 жылы «Қазақстан мектебі» журналында «Қосымшалардың топтастырылу принциптері» деген мақаласын жариялап, онда көптік жалғауын сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқармайды, өзі жалғанған сөзге көптік ұғым үстейді деп, оған мынадай мысал келтірген болатын:
бала отыр, балалар отыр, жақсы бала, жақсы балалар
осы мысалдардағы бала сөзіндегі көптік –лар тұлғасының сөз байланыстыруға ешбір қатысы жоқ деген болатын[14,151].
Сол сияқты С.Исаевтың «Қазақ тілі жайында ойлар» деген кітабында да «зат есімнің көптік категориясының негізгі көрсеткіші деп танылып жүрген көптік жалғауды жалғау деп тану қиын-ақ» - деп, оның сөз бен сөзді байланыстырмайтындығын айтады[9,47].
Көптік жалғау қазақ тілінде жалғау деп аталғанымен, тікелей көптік мағынаны білдіргенде, басқа жалғаулар сияқты қосымшаның жалғау деп аталатын түріне тән сөз байланыстырушылық қызмет атқара алмайды. Көптік жалғау бұл жағынан, сөз байланыстырушылық сипатының болмауы жағынан, қосымшаның жалғау түрінен гөрі форма тудыратын жұрнақтар қатарына өте жақын. Мысалы,
Гүл билеп жайқалып,
Бұлбұлдар сайраған. (Шәкәрім)
дегендегі бұлбұлдар сөзіндегі –дар көптік жалғауы ешбір сөздерді байланыстырып тұрған жоқ, тек бұлбұлдың көп екенін білдіріп тұр. Осы сөйлемді Гүл билеп жайқалып, бұлбұл сайраған деп қайта құрсақ, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысына, сөйлем білдіретін ойға еш нұқсан келмейді: бұлбұлдар сайраған және бұлбұл сайраған деген сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылмайды, өйткені –дар қосымшасының бұл жерде сөз байланысына ешбір қатысы жоқ. Сен заттарыңды тастап кет дегендегі заттарыңды (затыңды десек бір ғана атауды білдіреді) сөзі де дәл осындай –тар көптік жалғауы: осы сөйлемдегі не сен, не тастап кет, түсіп қалған өзінің сөзінің ешқайсымен зат сөзін байланыстырып тұрған жоқ, тек заттың көп екенін ғана білдіреді.
Бүгінгі күнге дейін оқулықтардың бәрінде де көптік жалғау деп ешбір күмәнсіз танылып жүрген –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшасы туралы Қ. Жұбановтың –лар тұлғасын жалғау деуден гөрі көмекші сөз деп беру керектігі жайындағы пікірі. Бірыңғай мүшелерден кейін жалғанған –лар, -лер –дар, -дер, -тар, -тер жалғану (приставка) мәнде емес, «және басқа, тағы басқа» мәнінде көмекші сөздердің қызметін атқарады. Мысалы:
Абайлар келе жатыр.(М.Ә)
дегенде, Абайлар сөзі Абай және басқалар дегенді білдіреді.
Жалғауларды жұрнақтар тобынан жеке бөліп алып қарауға таяныш, негіз болып жүрген бір ғана басты белгі – ол жалғаулардың сөз бен сөзді байланыстыруы, жұрнақта ондай қасиеттің болмауы. Егер осы талап тұрғысынан келсек,
Қасында он шақты ғана үлкен кісілер қалған еді.(М.Ә)
Құнанбайлар тақап қалды. Іркілер емес.(М.Ә)
Жоғарыда берілген кісілер, Құнанбайлар деген сөздерде көптік тұлға қандай қызмет атқарып тұр?
Біз бірінші тарауымызда көптік жалғаудың сөз түрленудіруші жұрнақтар қатырына жатқыздық. Яғни, оның қызметі тілдегі реңктік сан есім жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, етіс жұрнақтары, болымсыз етістік жұрнақтарымен тең дәрежеде қарастырылады. Ойымыз дәлелді болу үшін төмендегі мысалдарға көңіл бөліп көрелік:
Бірінші мысалда -тар көптік жалғауы зат есімге жағанып, оған көптік мағынаны үстеп тұрғанын байқауға болады. Екінші мысалда -тар көптік жалғауы сын есімге жалғану негізінде «бұзық адам» мағынасын беріп тұр. Яғни көптік жалғауы арқылы заттану процесінің жүзеге асатыны көрінеді. Бұнда да сөз бен сөзді байланыстыру қызметінен гөрі сөзге заттық мағына үстеу қызметі байқалады. Ал үшінші мысалда -тар көптік формасы есімшеге жалғанып, оған да заттық мағына үстейтіні көрінеді. Контекстегі «талағандар» сөзі -дар көптік жалғауының негізінде «таланған адам» мағынасына ие болып тұр.
Жоғарыда берілген алты мысалда да көптік жалғауы сөз бен сөзді байланыстырмайтынын көріп отырмыз. Көптік жалғауының бұндағы қызметі сөз түрлендіруші жұрнақтарға жақын. Сөз түрлендіруші көптеген ғалымдар сөз тудыратын жұрнақтар мен жалғаулар арасындағы аралық категория деп таниды. Ендеше, осы аралық категория қатарында көптік жалғаулары да қаралуы тиіс секілді. Мәселен: