Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 17:42, дипломная работа
Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі көптік форма оның тілдегі қызметіне
арналған. Көптік жалғаудың қызметін саралау барысында, қазақ тіліндегі
қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні
қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста
Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, С.Исаев
секілді және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.
Кіріспе .....................................................................................................4
1.Қосымшалардың зерттелуі
1.1 Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі ...........................6
1.2 Қазіргі қазақ тіл біліміндегі қосымшалар ..................................12
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың мағыналық реңктері .....................................24
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі ...................39
2.3. Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық
қызметі ..................................................................................................44
2.4. Көптік жалғаудың стилистикалық қызметі ...............................48
Қорытынды ..........................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер ......................
Мазмұны
Кіріспе ..............................
1.Қосымшалардың зерттелуі
1.1 Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі ...........................6
1.2 Қазіргі
қазақ тіл біліміндегі
2.Көптік жалғаулардың қызметі
2.1. Көптік жалғаудың
мағыналық реңктері ..............................
2.2. Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі ...................39
2.3. Көптік жалғаудың
сөзбен сөзді
қызметі ..............................
2.4. Көптік жалғаудың
стилистикалық қызметі ..............................
Қорытынды ..............................
Пайдаланған әдебиеттер ..............................
Кіріспе
Зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі көптік форма оның тілдегі қызметіне арналған. Көптік жалғаудың қызметін саралау барысында, қазақ тіліндегі қосымшаларды жіктеу мәселесін де қамтуға тырыстық. Өйткені бүгінгі күні қазақ тіл білімінде қосымшаларды жіктеуде біржақты пікір жоқ. Жұмыста Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, Ы.Маманов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева, С.Исаев секілді және тағы басқа ғалымдардың бірнеше зерттеу еңбектері арқау болды.
Тақырыптың өзектілігі. Тілде жалғаудың алатын орны ерекше екені белгілі. Оның ішінде көптік жалғауының рөлі ерекше. Қазақ тіл білімінде көптік форма мәселесі зерттеліп жүргенімен, осы уақытқа дейін олардың қызметі сараланып, арнайы зерттеу нысаны болмаған. Әрі тілдегі –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер формалары жалғау қатарына қосылу керек пе, әлде сөз түрлендіруші жұрнақтардың қатарында қарастырылу керек пе деген сауалдар әлі шешімін таппаған мәселелердің қатарына жатады. Осы тұрғыдан тілдегі көптік жалғаудың қызметін талдаудың маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты. Қазақ тіліндегі көптік форманың қызметін саралау. Осы мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттерді шешуді көздедік:
Жұмыстың зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшалары, оның негізгі қызметі негізгі зерттеу нысаны болып табылады.
Жұмыстың әдістері. Сипаттама, талдау, баяндау, түсіндіру секілді әдістер пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыста көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырудағы қызметі, сөз түрлендірушілік қызметі көмекші сөз есебінде қолданылу ерекшеліктері жан-жақты сөз болды. Бұл мәселе қазақ тіл білімінде ғылыми мақалалар деңгейінде ғана қарастырылғаны белгілі. Сондықтан бұл жұмыстың жаңалығы болып табылады.
Жұмыстың теориялық мәні. Зерттеу жұмысындағы морфологияның теориялық мәселелері туралы ой-пікірлер қазақ тіл біліміндегі осы мәселелердің дамуы мен қалыптасуына жәрдемін тигізеді деп ойлаймыз.
Жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, 2 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1.Қазақ тіліндегі қосымшалардың зерттелу мәселесі
1.1.Қосымшалардың түркі тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіл білімінде қосымшалар морфеманың бір түрі ретінде мағыналық ерекшеліктері мен қызметі жағынан жалғау мен жұрнақ болып екіге бөлініп жүргені белгілі. Сөздің морфологиялық құрамды бір бөлігі ретінде, ішкі категориялық мағыналары мен қызметтеріне қарап «қосымшаларды» сөз туындыратын формалар, сөз түрлендіретін (форма тудырушы) формалар және сөз жалғастыратын формалар деп үлкен үш салаға саралау дәстүрі де бар.
Түркі тілдерінде көне дәуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік мәнді білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мәлім. Көптік мән арнайы жалғаулар немесе сөздің лексикалық мағынасы және сөз тіркестері арқылы да берілген.
Көптік мағынаны тудырудың негізігі жолы – көптік жалғаулары. Орхон-Енисей жазбаларының тілінде көптік жалғауларының екі түрі кездеседі: -лар, -т, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі, сондықтан ескерткіштер тілінде бұл жалғау бастан аяқ қолданылады. Мысалы, беглер (бектер), күнчилер (әйелдер, ханымдар) т.б. Жинақтық мән беретін сөздер көбіне -лар жалғауынсыз қолданылғанға ұқсайды. Мысалы: тоқуз оғуз беглері будуну бу сабымен егүті есід қатығды тынла деген сөйлем құрамында бег (бек) сөзі көптік жалғаумен келсе, жинақтық мән беретін будун (халық) сөзіне жалғанбаған. Кейінгі дәуір жазбаларында да -лар көптік мән берудің басты тәсілі есебінде қолданылған: Білге кетік кішілер менім сөзүм ешідіңлер (К.К). Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуымен салыстырғанда, көне түркі жазбаларында бұл ретте кейбір ерекшеліктер кездеседі. Олар мына төмендегідей: сан есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде –лар жалғауын қабылдайды: маңа төрт йеклер йақын келті (З.Б). Кейде алдында сан есім айтылған бірыңғай мүшелердің әр қайсысына –лар жалғанып қолданылады: төрт атларым, йылқыларым (З.Б). Әрине, бұл жерде алдыңғы сан есім бірыңғай мүшелерінің әр қайсысына жеке-жеке қатысты деп те ойлауға болар еді. Қос сөздердің әр сыңарларына жалғанады: куртлар – қоңызлар (З.Б). Кейде жинақтық мән беретін сөздерге де –лар жалғанып келеді: Қар, буз қамуғ ерішді. Тағлар суғы ақышты. Көкшін бұлт өршүді. Қайғұқ болуб егіршүр (МҚ). Ал осы тәрізді сөздер ыңғайына қарай жекелік тұлғада қолданылады: Құлан түгел құмурты, арқар, соқпақ йумутты (М.Қ). (Құландарды түгелімен аудырды. Арқар, киіктерді жиды). Қолданылу мәні тұрғысынан соңғы сөйлем құрамындағы арқар, құлан сөздерінің алдыңғы тау сөзінен айырмашылығы жоқ. Сірә, бұл ретте –лар аффиксінің стильдік қолданылуын ғана байқауға болар.
А.М.Шербак -лар аффиксінің Х-ХІІІ ғасырлар жазбаларында былайша қолданылғанын көрсетеді: -лар жалғауы изафеттің бірінші сыңарына ғана жалғанып келеді: Талғар сувы (МҚ). Кейде -лар изафеттің екі сыңарына бірдей жалғанып келеді: көб кушлар авлағулары. Кейде -лар изафеттік соңғы басыңқы сыңарына ғана жалғанады: Ашур улу йазлықлы турмен менің йаман ішлерімден, йаман сағынчымдан. (Менің жаман істерімнен, жаман сезімімнен аса жазықты болып тұрмын). -лар афииксінің изафеттің құрамында осы қолданысы қазіргі қазақ тілінің кейбір заңдылықтарын барлап қарауға мүмкіндік береді. Изафеттің алғашқы сығары көптік жалғаулы болып келуі қазақ тілінде тек мынандай ыңғайларда ғана мүмкін: Кісілердің келісі, үйлердің төбесі т.б. Екінші сөзбен, изафеттік тіркестің бірінші сыңарларының көптік жалғаулы болып не көп нәрсеге заттың ортақтығын, не көп затқа көп заттың тәндігін білдіруімен байланысты. Бірақ соңғы ыңғайда сөз жинақтылығы мақсатымен екінші сыңары жалғаусыз айтылады. Изафеттің сыңарына бірдей көптік жалғау жалғану қазақ тілінде стильдік мақсатпен ұштасып жатады. -лар аффиксінің қолданылуының үшінші түрі қазақ тілінде бір затқа көп нәрсенің тәндігін білдіру тәсілі есебінде жиі кездесетіні мәлім.
Қысқасы, -лар аффиксі өзінің мәні мен қолданылуы тұрғысынан көне түркі тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған, -лар аффиксінің этимологиясы жайлы көп пікірлер айтылды. Поляк ғалымы Т.Ковальский өзінің осы мәселеге арналған зерттеуінде өзінен бұрынғы пікір – жорамалдардың барлығына талдау жасай келіп, -лар аффиксінің арғы төркіні болжалды санды (бірнеше, көп сөздері тәрізді) білдірген сөз болу керек деп есептейді. В.А.Богородицкий бұл аффикстің қалыптасуын ІІІ жақ жіктеу есімдігі мен -ар жұрнағының арасындағы ығысудың нәтижесі деп қарайды. Н.А.Баскаковтың зерттеулерінде -лар аффиксі құранды есебінде қаралады. Есім түбірлерден етістік жасайтын -ла (балта-ла, қылыш-та, тас-та т.б.) істің қайталанатындығын, дүркінділігін білдіреді. Мұның өзі, Баскаковтың ойынша, келер шақ есімшесінің тұлғасы -р -мен бірігіп барып, ішкі семантикалық өзгерістің нәтижесінде көптік мән берудің қосымшасы есебінде қалыптасуға мүмкіндік береді.
-т қосымшасы Орхон-Енисей жазбаларында атақ-дәрежені білдіретін азын-аулақ сөздердің ғана құрамында кездеседі: тарқан-тарқат, шад-апыт, тігін-тігіт т.б. Зерттеушілер бұл қосымшаны монғол тілінен ауысқан деп есептейді. Солай екендігі –т қосымшасының сөзге жалғану тәртібі де дәлелдейтін сияқты. Бұл қосымша жалғанғанда сөздің жеке түріндегі соңғы дыбысы мүлдем түсіп қалады: тарқан-тарқат. Бұл қосымша Орхон-Енисей жазбаларынан кейінгі дәуірден кейін қалған ескерткіштердің ешқайсында да көптік мән туғызудың өнімді тәсілі ретінде ұшыраспайды. Х-ХІІ ғасыр жазбаларында -т аффиксімен келген бірен-саран сөздер ұшырасқанмен, сол сөздердің өзі кейде көптік жалғаудың өнімді түрі -лар-ды қабылдайды. П.М.Мелиоранский Күлтегін ескерткішінде кейбір сөздер құрамында кездесетін -т қосымшасын түбірден бөліп алып қарауға болмайды дейтін пікір айтады. Бірсыпыра зерттеушілер сүт, алпауыт сөздерінің құрамындағы -т -ны да көптік жалғау деп қарайды. Осы ізбен кете берсек, қазақ тіліндегі сәлем-сауқат дегендегі -т да осы жалғау деп қаралу қажет. Өйткені, қазақ тілінде оның сауға дейтін -т-сыз айтылатын да вариянты бар.
Қазіргі түркі тілдерінің ішінде бұл қосымша якут тілінде айтылды. А.Н.Кононов якут тілінде -лар көптік жалғауы есімдерге -т арқылы жалғанатындығын айтады: уол-аттар. Мұндай ерекше жалғаныс, әрине -т қосымшасының өзінің бұрынғы мәнінен ажырап қалуының салдары. -т қосымшасының ескіруі, сөйтіп өз мағынасынан ажырауы орта ғасырлардың соңғы кезеңдеріне қатысты болса керек. «Бабурнама» тілінде де жаңағы якут тіліндегідей ерекшелік ұшырасады: бекетлер: бек есіміне әуелі -т одан соң ғана -лар жалғанған.
Сақышымдын муһäндіслäр уйалур- оны тас кеспекке шұғылдандыр. Латіфлар көңлі ізаган тетүк йар – сүйіктілер көңлі іздеген сияқты жар. Мäлік сäвнүб сäкірмäккä тілäді – хан сүйеніп секіргісі келді. Қадғу бахры һäм түнлä батығрағ – қайғы теңізі де түнде қатты батады. Бұл мысалдардағы муһäндіслäр, Латіфлар, Мäлік сөздері жекеше түрде алынған. Тек муһäндіс, латіф сөздеріне -лäр көптік жалғауын жалғап пайдаланған. Ал көпше түрде енген сөзге мысал келтірер болсақ. Кечүргäймäн ош онда бақі äййам – кешіргеймін сонда мәңгі күндер. Бұл сөйлемдегі äййам сөзі иаум – күн сөзінің көпше түрі. Көптік мағынада қолданылып тұр. Көрäр өз жäддіні түшіндä ол түн – көрер өз ата–бабаларын түсінде ол түн. Деген мысалда жäддін сөзі ﺟﺩ араб тіліндегі ата деген сөзді білдіреді, ал мысалда ата–бабалар деген көптік мағынада қолданылып тұр.
Көне түркі тілін зерттеушілердің біразы (Габен т.б.) ол тілде көптік жалғаудың тағы бір түрі -(а) н болған деген жорамал айтады. А.Габен ерен сөзін көптік жалғауда тұрған, көптік білдіретін сөз деп қарайды.
А.Н.Кононов оғлан сөзінің құрамынан да осы аффиксті көреді. Бұған, сірә, көне түркі тілінде оғлан, қазіргі тілдерде ұл тұлғаларының айтылуы себеп болса керек. Қазақ тілінде ерен сөзі тек жекелік мағынада ғана айтылады. Алайда, сыртқы ұқсастығын еске алсақ, үшем (кейде үшен) сөзінің құрамындағы -ем (ен) қосымшасын осыған жатқызуға болар еді. Дегенмен мұнда жалпылама көптікті білдіруден гөрі топтау мәні басым[1,138].
С.Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызған қосымшаның бірі деп біз есімдігінің құрамындағы -з-ны көрсетеді. Бірақ, Орхон-Енисей жазбаларының өзінде -з көптік мән туғызатын еркін аффикс есебінде қолданылмаған. С.Е.Малов бұл аффиксті тек әлгі айтылған есімдіктер құрамынан ғана ажыратады. С.Е.Малов мынандай фактілерді келтіреді: меңіз (бет), көкүз (көкірек), ағуз (ауыз). С.Е.Малов біз, сіз есімдіктерінің құрамын былайша түсіндіреді: бі-з, сі-з. Монғол тілінде «мен» есімдігі «бі», «сен» есімдігі «сі» түрінде айтылады. Сонда түркі тілдеріндегі біз, сіз сөздері жіктеу есімдіктерінің жеке түрі мен -з көптік жалғаудың қосындысынан құралған болады. Ал, А.М.Шербак Х-ХІІ ғасыр жазбалары тілінен мына сөздерді келтіреді: көз, мүйіз, ікіз (егіз), тіз (е) йодаз (тізе – алтайша). Осымен байланысты Қашқаридың мына бір ескерпесін келтіре кетудің артықтығы жоқ: «Сіз – үлкендерді құрметтеу мәнінде сен мағынасында айтылатын сөз». Асылында мұның беретін мағынасы сіздер. Кішілерге сен делінеді» (ІІІ.376).
Бұған қарағанда, сірә Махмут Қашқари дәуірінде сіз есімдігінің сыпайылық мәні мен көптік мәні қатар жүрсе керек. Түркі тілдерін зерттеушілердің кейбірі бұл қосымшаны ескі дәуірдегі екілік категориясының көрінісі деп те қарайды. Айталық, ауыз, көз, егіз сөздері жұп немесе екі бөліктен тұратын заттардың атаулары, сол себептен бұл сөздер з дыбысына, екілік категориясының қосымшасына бітеді деп қаралады. Алайда, түркі тілдерінің бірі қазақ тілінде екі бөліктен тұратын атаулардың бәрі бірдей з-ға аяқталмайды. Мысалы, құлақ, аяқ, қол, бет т.б з-ға аяқталатын атауыш сөздер санаулы: көз, егіз т.б. ғана. Екінші жағынан қазақ тілінде з-ға аяқталатын кей сөздердің р-ға бітетін етістік варианттары бар. Мысалы, көз – көр, семіз – семір т.б. Сол сияқты көне түркі тіліндегі бедіз сөзінің қазақ тіліндегі бедер вариантын салыстырайық. Бұған қарағанда, з қазақ тілінде есім сөздің көрсеткіші тәрізді де, р бір етістік сөздің көрсеткіші. Ал, з- ға аяқталатын әлгі сөздердің ешбір екілік, не көптік мән бермейтіні айқын. Бұған қоса ескеретін бір жайт: түркі тілдері арасында (чуваш тілі мен басқа тілдер арасында) қалыптасқан р-з сәйкестігі. Соның кейбір қалдықтары қазақ тілінде де кездеседі.
Сонымен, -з аффиксінің жіктеу есімдіктерінің құрамында сақтаулы әбден мүмкін жай да, басқа есімдер құрамында сақталуына келгенде, ойлана түсу мақұл. Айталық, қазақ тіліндегі егіз сөзінің құрамынан екі сан есімімен салыстырғанда осыны көруге болады. Сол сияқты А.Н.Кононовтың ізімен жүз, сегіз, отыз, тоғыз сан есімдерінің құрамындағы -з да осы қосымша деуге болады. Бірақ кез келген сөз құрамындағы з-ны осы қосымша деуге болмайтыны белгілі[1,140]. Соның бір үлгісі ретінде «Диуани хикмет» тілінде көптік жалғауларының қолданылуына тоқталсақ.
«Диуани хикмет» - қыпшақ-оғыз тілінде, түркі халықтары жеке ұлт болып қалыптаса қоймаған дәуірлерде жазылған туынды. Хикмет тіліндегі тәуелдік, жіктік және көптік жалғауының жалғануының қолданысын зеттеу нәтежесі туындының орта ғасырлардағы ескерткіштер тілінен, қазіргі түркі тілдерінен өзіндік ерекшеліктерімен ұқсастықтары бар екенін байқатады.
«Диуани хикмет» тілінде көптік жалғауларының қатаң-ұяң варианттары жоқ. Бұл орта ғасырлардағы қыпшақ-оғыз тілдерінде қатаң-ұяңдық оппозициясының әлі белең алмаған кезінің болғанын байқатады. Мысалы, мәні хихмәтләрім – менің хихметтерім, һәмма сөзлер – барлық сөздер, мәні йазуқларым – менің күнәларым т.б.
Айта кететін жайт, «Диуани хикмет» тілінде көптік жалғаулардың -лар, -ләр варианттары ғана қолданылады, қазіргі тіліміздегі -тар, -тер, -дар, -дер формаларының қатаң, ұяң варианттарының әлі қалыптаспағандығынна тағы да бір дәлел. «Диуани хикмет» тіліндегі -лар аффиксі тек ғана көптік мән беріп қоймай, кеңшілік қызметте атқарған. Мәні хихмәтләрім һамма сөзләр ічіндә би бәдәл дүр сөйлеміндегі сөзләр сөзінің беретін мағынасы көп сөз емес, автор ойының жиынтығы дегенді білдіріп тұр. Яғни, -лар аффиксі жалғанғанмен, сөзде көптіктен гөрі, жинақтық мән білінеді. Ал дене мүшелерінің атауларына жалғанғанда, көптік мәнді емес, жұптылықты немесе автордың субъективті көзқарасын білдіріп тұр. Мысалы, Һу дегәндә сүйік+ләр+ің чақмақ чақсун – Алла дегенде сүйектерің зікір салсын (22а.2), Ғайбәт қылған тіл+ләр+імні йүз мың тілсәм – өсек айтқан тілдерімді жүз мың рет кессем (14а.5) т.б.