Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 18:41, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Магистрлік зерттеу еңбегі Қазақстан тарихындағы бетбұрысты тарихи кезең 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жай-жапсарына соның ішінде Қазақстанның территориясының жиналақталуы мәселесіне арналған.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5
КІРІСПЕ....................................................................................................................15
I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24
ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ Жетісу ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27
ІІІ ТАРАУ. Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуының тарихи жағдайы............................51
IV Тарау. 1924 жылғы Қазақ революциялық комитеттің Сырдария және Жетісу облыстарын Қазақстанға қосу әрекеттері............................................................................................................60
V Тарау. Кеңес дәуірі кезінде ұлттық мемлекеттік межелеуден кейінгі Қазақстан шекарасындағы кейбір өзгерістер............................................................................................................67
Қорытынды........................................................................................................69
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................72
Екінші талас тудырған мәселе – Мырзашөл уезі болды. Бұл уездің барлық территориясы көшпелі қазақ елін суландыруға бағытталған бір арнаның жүйесімен шектелді. Қазақ делегациясы 3 өзбек болыстарынан басқа уездің барлық территориясын Қазақстанға қосуды ұсынды, ал өзбек делегациясы, керісінше, мүлде қарама-қайшы ұсыныстар жасады. Комиссия бұл мәселені қарастыра келе, қазақ делегациясының ұсынысын қабылдады. Қазақтар мен түркмендер арасындағы шекара сол қалпында қалдырылды. Экономикалық межелеуге қатысты жұмыс бұл кезде әлі жүріп жатты. Комиссия межелеу бойынша барлық дайындық жұмыстары 15 қыркүйекке дейін, ал 20 қазанда межелеу белгіленген тәртіппен толық аяқталуы тиіс деген шешім шығарды. Межелеу туралы ереже қабылдау мақсатында қыркүйек айында Орталық Азия республикалары Орталық Атқару Комитеттерінің кезектен тыс сессиялары шақырылсын деген қаулы қабылдайды. РК(б)П Киробкомы Төралқасы мәжілісінде Меңдешевтің жасаған баяндамасы негізгі алынсын деп, мәжіліс Ташкент қаласының айналасы қазақтармен қоршалған, сондықтан Орталық комитеттен оны Өзбек республикасына жатқызу жөніндегі шешімін қайта қарау жөнінде өтініш білдіру керек деген қаулы қабылдайды.
С. Қожанов “Түркістан” газетінің 1924 жылғы 18 тамыздағы санында жариялаған мақаласында Орталық Азияда сол тұста жүргізіліп жатқан ұлттық-территориялық межелеу саясатына өз көзқарасын білдірді [17, 59 б.]. “Біріктіру үрдістері, −деп жазды ол, ұлттық-территориялық межелеудің маңызын төмендете алмайды, оның үстіне олар қайта құрылған республикалар тарихында оңтайлы рөл атқаруға негізделген, келешекте олар Кеңестік республикалар одағының толыққанды мүшелігіне өтетін болады. Мұның өзі Кеңестердің ұлт саясатының іс жүзіндегі шынайы сипатын куәландыратын болды...”.
Егер С.Қожановтың айтқандай, бірігу үрдісі жүргізілсе, онда Ембінің мұнайы, Каспийдің балығы, Риддер мен Екібастұздың көмірі, алтыны, Қазақстан мен Орталық Азияның табиғи байлықтары Түркістан-Сібір шойын жолы арқылы Ресейдің алақанына түспес еді.
Ал С.Сәдуақасов 1924 жылы “Қызыл Қазақстан” журналының № 7,8,9, сандарына “Қазақстанды қалай құрған жөн? Орта Азияда ұлтаралық шекара жүргізу және Қазақстан Республикасының құрылуы” атты мақаласын жариялайды [24, 81 б.]. Мақалада С. Сәдуақасов: “Осы күнгі алдымызда тұрған мәселенің үлкені: Орта Азиядағы республикалардың шекарасын бөлу туралы. Бұл мәселе жөнінде жұрттың көбі қараңғы. Қазақстан Республикасы да бұл әңгімеге жуырда ғана кірісті. Орта Азия деген қай жер? Онда қандай халықтар, қандай мемлекеттер бар? Қазақстан Республикасында болып жатқан әңгіменің қаншалықты қажеттілігі бар? Орта Азия ұлттарының шекараларын бөлу Қазақстан өміріне қандай өзгерістер әкеледі? Қандай жаңалық бар?” деген сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап тапқан жағдайда ғана біз оны іс жүзеге асыруға кіріскеніміз абзал деп жазады.
С.Сәдуақасов мақаласында сол кезеңдегі халық арасындағы сауатсыздықтың әлі тым жоғары екенін, халық, әсіресе кедей өзінің ауылынан басқа дүниеден мақұрым, жұрттың бәрі жағрапия, шаруашылық ғылымын оқымағандығын баяндайды. Сондықтан болып жатқан әңгіме жалпы елге ұғымсыз, түсініксіз қалуы мүмкін. Сол себептен Орта Азия, Қазақстанға қатысты жүріп жатқан іс шаралармен жалпы еңбекші табы мен бұқара халық танысып, білуі қажет. Мақалада автор қазақ жерлеріне, соның ішінде Қазақ АКСР-іне қосылатын Жетісу мен Сырдария облыстарына, оның ішінде олардың республикаға қосатын шаруашылық-экономикалық пайдасына шолу жасайды. Сонымен С.Сәдуақасов: «... қай дәлелді алсақта, барлық қазақ жұрты бір республикаға қосылу керек деген пікірге келеміз. Қазақ халқы бірігеді, бір республика туының астына жиналады », - деп тұжырымдайды.
1924 жылы 9-сәуірде РК(б)П ОК-нің
саяси бюросы жергілікті
1924 жылы сәуірдің соңында РК(б)П
ОК-нің Орта Азия бюросы мен
Түркістан компартиясы ОК-нің
бірлескен мәжілісінде Орта
1924 жылы 12 маусымда
РК(б)П ОК Орта Азия да ұлттық-
Территориялық комиссия саяси, экономикалық, статистикалық және бірнеше ұлттық қосалқы комиссиялардан тұрды. Олар саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени бағыттарда жұмыс жасап, ел жағдайын жандандыруға бағытталды.
1924 жылы 24 қыркүйектегі РК(б)П Киробком Төралқасының мәжілісінде қарақалпақ халқы атынан келген делегацияның өтініші тыңдалды. Мәжілісте қарақалпақ делегациясы өкілдері Досназаров пен Бекімбетов баяндама жасады. Баяндамашылар бұрын патша заманында қарақалпақтардың жапа шеккенін және оның кеңес үкіметі орнаған күннің өзінде тоқтамай отырғанын баяндайды. Олар межелеу басталғанға дейін өкіметтің олармен санаспай келгенін өкінішпен еске алып, Орталық Азия ОК бюросы қарақалпақ автономиялы облысын құру жөнінде мәселе көтергенін, бірақ оны қай республикаға бөлетіні жайлы нақты шешім қабылдамағанын айтты. Делегация өкілдерінің негізі көтерген мәселесі жаңа құрылғалы жатқан автономиялы облысын оның көрші өзбек және түркімен республикаларындағы тиісті территорияларын өзіне қаратып алып, географиялық, тілдік, тұрмыстық жағынан жақын Қазақ АКСР-нің құрамына қосу жөніндегі өтініштері еді. Яғни, олар Мәскеу алдында көтермес бұрын, осы ұсынысқа байланысты республика басшылығының пікірін білгісі келді. Бұл ұсыныстарын мәжіліске қатысып отырған Жангелдин, Меңдешев, Қожанов және т.б. бірден қолдап, оны жүзеге асыру жөнінде пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жасады. Осы мәжілісте, сонымен қатар, Бұхара қазақтары делегациясы өкілдері де тыңдалған болатын. Делегация өкілі Наурызбаев баяндама жасады. Олардың ұсыныстары Өзбек республикасы құрамындағы Бұқара қазақтарынан автономиялы облыс құру жөнінде, Орталық Азия межелеу комиссиясында қазақ делегациясын қолдау туралы мәселе көтерді. Делегация өкілдері автономиялық облыс құрудың негізгі себептерін Бұхарадағы қазақ халқы өкілдерінің тұрмыс-тіршілігінің төмендігімен, олардың өзбек халқымен аралысып жойылып бара жатқандығымен және ондағы негізгі ұлт өкілдері тарапынан қазақтарға жасалынып отырған қысымшылық пен қуғын-сүргіннен туындап отырғанымен түсіндірді. Мәжіліс екі делегация өкілдері тарапынан жасалған баяндамаларды қолдап, оның негізінде қаулы қабылдап, тиісті құзырлы органдарға тапсырмалар берді.
1924 жылы Орта
Азия бюросы Орта Азиядағы
ұлттық-мемлекеттік құрылыстың
күрделі мәселелерін шешуге
Ұлттық-территориялық
межелену негізінде ТАКСР-ның бұрынғы
Жетісу және Сырдария облыстарының көптеген
жерлері Қазақ АКСР-іне
Қазақстан және Орта Азия республикалары мен облыстарының партия ұйымдары барлық ұлттардың еңбекшілеріне кеңес мемлекетінің ұлттық саясатында шағын ұлттарды кеміту, олардың мүдделердің тежеу дегенің ешқандай формада мүмкін емес екендігін және территорияны шамадан тыс бөлшектеу ұсақ-ұсақ автономиялы бөлшектерді қолдан жасау шағын ұлттардың өздерін экономикалық әлеуметтік жағынан өркендетуіне теріс әсерін тигізетіндігін түсіндірді. ТАКСР-ін ұлттық территориялық межелеуді бүкіл халық болып талқылау барысында қарақалпақ еңбекшілері Хорезм республикасы Ходжелі облысының қарақалпақтармен қосылуға, Қазақ АКСР –інің құрамында Қарақалпақ автономиясын құруға тілек білдірді. 1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан ОАК-тің ІІІ төтенше сессиясында ТАКСР-ін ұлттық-территориялық межелеу барысында, оның құрамында қазақ облыстарына Қазақ АКСР-і құрамына қосылу құқық берілді.
1924 жылы 11 қазанында
РК(б)П ОК саяси бюросының
1924 жылы 27 қазанда
КСРО Конститутциясына сәйкес
КСРО ОАК-нің екінші сессиясы
қаулы қабылдады. “Ұлттардың өзін-өзі
билеу принципі ” бойынша ТАКСР-і мына
республикаларға: құрамында автономиялы
Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасы
бар Өзбек Кеңестік Социалистік
Республикасына, Түркмен Кеңестік Социалистік
Республикасына, РКФСР құрамына енетін
Қарақырғыз автономиялы облысына бөлінетіндігі
және Түркістанның қазақ бөлігінің РКФСР
құрамына кіретін Қырғыз (Қазақ) Автономилы
Кеңестік Социалистік республикасына
қосылуы туралы қаулысы бекітілді. Ал
қазақ-өзбек шекарасы мәселесіне келетін
болсақ, екі елдің комиссия мүшелерінің
көптеген талас-тартыс мәселелерінен
кейін шекара анықталып, Қазақ КСР-і мен
Өзбек КСР-і арасындағы шекара Ташкент
және Мырзашөл уездері арқылы анықталды.
Ташкент Өзбек КСР-інің құрамына өтіп,
оның астанасы аталды. Жаңа құрылған
автономиялы республикалар мен облыстар
заң жүзінде бекітілді. Осы мәжілісте
КСРО Орталық Атқару комитеті “еңбекші
халықтың өз еркін білдіру жоғарғы заң
болып табылады” деп атап көрсетіп ОАК
Төралқасына талаптарға сай рәсімдеуін
жүзеге асырып тапсырды. Жер-суы, халқы
бірігіп іргесі кеңейген үлкен Қазақ Республикасы
Кеңестерінің съезі Ақмешітте 1925 жылы
сәуірде өтті. “Кеңестердің Бесінші съезі
Қазақ Республикасы ғұмырындағы елеулі
бет-бұрыс болды. Бұл съезді біз бірінші
съезд деп атаймыз”, −деді съезд делегаты,
Қазөлкекомының екінші хатшысы С.Қожанов.
ІІ Тарау. Сырдария және Жетісу облыстарының
құрылуының қысқаша тарихы және олардың
халқы мен аумағы.
Жетісу және Сырдария облыстары "Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы" 1867 ж. 11 шілдедегі уақытша ережеге сәйкес құрылған.
Информация о работе Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуының тарихи жағдайыс