Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуының тарихи жағдайыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 18:41, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Магистрлік зерттеу еңбегі Қазақстан тарихындағы бетбұрысты тарихи кезең 1924-1926 жылдарғы ұлттық мемлекеттік үшін күрестің жай-жапсарына соның ішінде Қазақстанның территориясының жиналақталуы мәселесіне арналған.

Содержание

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР...........................................................................5

КІРІСПЕ....................................................................................................................15

I ТАРАУ. ОРТА АЗИЯ РЕСПУБЛИКАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ МЕЖЕЛЕУДІҢ БАРЫСЫ.............................................24

ІІ ТАРАУ. СЫРДАРИЯ ЖӘНЕ Жетісу ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ХАЛҚЫ МЕН АУМАҒЫ .......................................................................................................27

ІІІ ТАРАУ. Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуының тарихи жағдайы............................51

IV Тарау. 1924 жылғы Қазақ революциялық комитеттің Сырдария және Жетісу облыстарын Қазақстанға қосу әрекеттері............................................................................................................60

V Тарау. Кеңес дәуірі кезінде ұлттық мемлекеттік межелеуден кейінгі Қазақстан шекарасындағы кейбір өзгерістер............................................................................................................67

Қорытынды........................................................................................................69

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-1924-1926-жылдарғы-ұлттық-мемлекеттік-үшін-күрес.doc

— 499.50 Кб (Скачать документ)

С.Меңдешевтің баяндамасында Қазақ  АКСР-на өтетін аумақтың көлемі де келтірілді. Қазақстанға өтетін аумақ алғашқы қаулы бойынша 900000 кв верст болуы тиіс еді, кейінгі қаулы бойынша 600000 кв.верстті құрады. ҚазАКСР-на өтуге тиіс халық алғашқы қаулы бойынша 2.5 млн адам болуы тиіс болса, соңғысы бойынша 1.6 млн адам болды.

Қазақ комиссиясы Бұқар республикасында  тұратын қазақтардың тағдырына байланысты мәселені РК(б)П Орталық Комитетінің, оның Орта Азия бюросының алдына қойды. Мұнда тарихи тұрғыдан мекендеп келе жатқан 300000 қазақтар тұрды. Ондағы қазақтар Өзбек республикасы құрамындағы Қазақ автономиялы облысын құруды сұрады. Қазақ комиссиясының өтініші бойынша РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросы бұл мәселені зерттеу туралы арнайы тапсырма берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
IV Тарау. 1924 жылғы Қазақ революциялық комитеттің  

                      Сырдария және Жетісу облыстары Қазақстанға                   

                                                қосу әрекеттері

 

Қазақ ОАК-тің 1924 жылғы 13 қарашадағы қаулысына сәйкес Қазақ АКСР-ы құрамына Түркістан АКСР-нан өткен Сырдария және Жетісу облыстарын уақытша басқару, бұл облыстарды Қазақстан жағына толық қабылдап алып, олардағы үкімет органдарының жұмысын ұйымдастырып және үйлестіріп отыру, ең бастысы жаңа шекараны анықтау үшін арнайы орган "Түркістан АКСР-нан бөлінген аудандарды басқару жөніндегі революциялық комитет" құрылды. 1924 жылы 21 қарашада Қазақ ОАК-тің төралқасы осы Ревком туралы ережені бекітті. Ревкомның қызметі 1925 жылдың ортасына дейін созылды. Қазақ ОАК-тің хатшылығының 1925 жылы 25 маусымдағы "Орта Азиядағы межелеуге байланысты негізгі жұмыстардың аяқталуына және Қазақ АКСР-ның орталығының Қызылорда қаласына көшуіне байланысты Түркістан АКСР-нан бөлінген аудандарды басқару жөніндегі революциялық комитеттің онан әрі қызмет етуінің маңызы жоқ және ол жойылсын", — деген қаулысымен таратылды. Сонда бұл Ревком 7 айға жуық қызмет етті.

Кеңес Одағында бұған дейін революциялық комитеттер құру жөнінде үлкен тәжірибе қалыптасқан болатын.

1919-1920 жылдары қызмет еткен Қазақ Революциялық комитетінің қызметі С.Зиманов, Т. Дәулетова және М.Исмагуловтардың кітабында жан-жақты көрсетілген. [29. 196] Кеңес одағының әр түрлі аймақтарындағы Революциялық комитеттердің бай тәжірибесі, олардың қызметінің теориялық және методологиялық негіздері, жұмыстарының әдістері мен түрлері және тарихи рөлі туралы бұл мәселені арнайы зерттеген тарихшы Н.И.Бугайдің кітабы мол мәліметтер береді. [30. 318]

Ревкомдар революциялық кезеңнің уақыт  талабынан туындаған төтенше  уақытша билік органдары болды. Ревкомдар кеңестермен қатар өмір сүре отырып, төтенше билік органдары ретінде кеңестердің қызметіне ыңғайлы тарихи жағдай туғанша қызмет етіп, негізгі заңды билік органдары кеңестерге өз функцияларын өткізіп, тарих сахнасынан кетіп отырды.

"Революциялық комитеттер ұйымдық  және функционалдық жағынан күрделі  соғыс жағдайына және күрделі  бейбіт жағдайға да көбірек  ыңғайланып құрылған органдар  болды".

Соғыс жағдайында Ревкомдар өз қызметінде әскери-әкімшілік әдістерді көбірек  қолданды. Ол түсінікті де еді. Оның шешімдері, қаулылары, бұйрықтары мен кез-келген нұсқаулары сөзсіз орындауға жатты. Ревкомдар көбірек революциялық заңдылық пен мақсаттылықты басшылыққа алды. Революциялық трибуналдар ревкомдардың негізгі қаруларының бірі болды.

Сондай-ақ соғыс жағдайында да ревкомдар әскери билікпен қатар әкімшілік, азаматтық, шаруашылық билікті де қатар жүргізіп отырды. Ревкомдардың төтенше әрі уақытша билік органдары ретіндегі ерекшелігі де осында еді.

Түркістан АКСР-нан өткен аудандарды басқарушы ревком құрамы жағынан шағын ұйым болды. Алғашында ол 5 ревком мүшесінен, 1 іс басқарушыдан (ол әрі заң кеңесшісі болды), 2 іс жүргізушіден, 1 есепшіден, 2 машинисткадан, 1 тіркеуші, 1 хат тасушы, 1 ат айдаушы және 1 еден жуушыдан тұрды. Сонда барлығы 16 адам ғана болған. Кейінірек ревком мүшелерінін саны көбею бағытында өзгеріп отырды.

Бұл ревкомды толық атымен "Түркістан АКСР-нан бөлінген қазақ аудандарын басқару жөніндегі революциялық комитет" , "Ревком" , кейде "Кирревком" деп те атап жүрді.

Ревкомның құрамына Орымбаев, С.Есқараев, Ларионов, Тоқтыбаев, Күзембаев т.б. кірді. Ревкомның төрағасы алдымен Орымбаев болды. Хатшысы болып Ларионов тағайындалды. 1925 жылы қаңтардың 22-нен ревкомның төрағасы болып Ә.Досов тағайындалды.

Қазақ ОАК-нің өзі нұсқаулықтарының бірінде оны "Кирревком" (Қазревком) деп атаған. Ә.Досов "Облыстық қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің төрағасы" деп қол қойған біршама құжаттарға.

Қазақ ОАК-ті 1924 жылғы 21 қарашада бекіткен ревком туралы ереже былай деп  аталады: "Түркістан Кеңестік Социалистік Республикасынан (ТКСР) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрамына бөлінген аудандарды басқару жөніндегі Революцнялық комитет туралы ереже". Бұл ереже мынадай 12 тармақтан тұрады:

1. ТКСР  құрамынан  бөлініп,   ҚКСР  құрамына  өтетін аумақтарды басқару үшін революциялық комитет құрылады.

2.       Революциялық комитетті Қазақ АКСР ОАК-і өзі белгілеген құрамда тағайындайды.

3. Революциялық комитет өз қызметінде тікелей Қазақ АКСР ОАК-ке және Халком кеңесіне бағынады.

4. Революциялық комитеттің міндеттері:

а) Қазақ аудандарының бөлінуінен және олардың Қазақ АКСР-на қосылуы фактісінен  туындайтын аумақтық,  сондай-ақ экономикалық сипаттағы мәселелерді алдын ала дайындау және шешу;

б) Орта Азия республикалары мен ТАКСР-нан бөлінген қазақ аудандары арасында пайда болатын мәселелерді реттеу;

в) қайта қосылған аумақтарда Қазақ АКСР-ы орталық үкімет орындарының барлық қаулыларын жүзеге асыру;

г) таза жергілікті маңызы бар барлық мәселелерді шешу;

д) Кеңестердің Бүкіл қазақтың 5 съезіне қайта сайлауды дайындау және жүргізу;

е) қосылған аумақтардағы әрекет етуші барлық үкімет органдарының әкімшілік және шаруашылық болсын қызметін біріктіру және жұмыстарын ұштастыру;

5. Революциялық комитетке мына құқықтар беріледі:

а) облыстық,  губерниялық,  уездік,   болыстық атқару комитеттерінің, сондай-ақ ауылдық  және селолық кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің таза жергілікті маңызы бар қаулылары  мен  өкімдерін  жоюға    және  ондай жоюдың маңыздылары туралы Қазақ АКСР ОАК-не хабарлап отыруға;

б) Орталық Атқару Комитеті алдына қосылған аумақтарда жалпы мемлекеттік мәні бар шаралар өткізуге ұсыныс жасау, сондай-ақ қазір әрекет етушілеріне қорытындылар беруге, қажет болған жағдайда оларды жою туралы мәселе қоюға;

в) облыстық,  губерниялық,  уездік,   болыстық атқару комитеттерінің және ауылдық және селолық кеңестердің, сондай-ақ олардың атқару комитеттерінің жеке құрамдарын қайта қарауға;

Ревкомның қарауы бойынша олардың мүшелерін ауыстыруға, бірақ облыстық, губерниялық атқару комитеттерінің мүшелерін ауыстыру тек Қазақ ОАК-тің алдын ала рұқсат етуімен болады.

6. Қазақ АКСР-на қосылған аудандарда әрекет етуші барлық кеңес мекемелері мен ұйымдары Қазақ ОАК-ке Революциялық комитет арқылы бағынады.

7. Революциялық комитеттің барлық қаулылары Қазақ АКСР-на қосылған аумақтарда әрекет етуші жергілікті үкімет органдары және оларда тұратын халықтар үшін орындауға және жүзеге асыруға міндетті.

8. Революциялық комитеттің өзінің ведомстволық бөлімдері болмайды:

- соңғылары Революциялық комитетке бағынышты Қазақ АКСР-ның орталық органдарының тиісті уәкілдерімен ауыстырылады.

9. Революциялық комитет мезгіл-мезгіл Қазақ ОАК-і мен Халком кеңесіне есеп беріп тұрады.

10. Революциялық комитетке өзінің мемлекеттік мөрі мен мөр-табанын жасау құқығы беріледі.

11. Революциялық комитет өзінің жұмысын Қазақ ОАК-тінің немесе оның төралқасының қаулысымен тоқтатады.

12. Революциялық комитеттің қызметіне байланысты барлық шығындар Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің сметасы бойынша өтеді. [27. 150-155]

1924 жыл 21 қараша. Орынбор қаласы.

Соңына Қазақ Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С.Мендешевтің және Қазақ ОАК-тің хатшысы О. Исаевтың қолы қойылған.

Ереженің толық мәтіні кезінде "Советская Киргизия" журналында жарияланған.

Революциялық комитеттің алғашқы құрамы туралы оның 1924 жылы 28 қарашадағы N2 бұйрығынан біле аламыз. Онда былай деп көрсетілген:

§1. Қазақ Орталық Атқару Комитетінің осы жылдың 13 қарашасындағы N5 және 19 қарашасындағы N2 қаулысымен ТАКСР-нан бөлінген аудандарды басқару жөніндегі революциялық комитет мына құрамда: төраға — жолдас Орымбаев, төраға орынбасары — жолдас Есқараев, жауапты хатшы-жолдас Ларионов, және мүшелері: Құрамысов, Ізбасаров, Каучуковский, Розыбакиев және Ромин енген құрамында түпкілікті құрылып Сырдария және Жетісу облыстарын басқаруға кіріскенін хабарлайды".

Революциялық комитет уақытша  Ташкент қаласындағы Қазақ АКСР-ның Түркістан республикасындағы өкілдігінде орналасты. Өкілдік Энгельс көшесіндегі 39 үйде орналасқан болатын.

Сырдария губерниялық ревкомына және Жетісу губерниялық атқару комитетіне осы бұйрықты көпшілік халыққа жеткізіп таныстыру тапсырылды.

Жоғарыдағы ережеден көрініп тұрғандай ревкомның өкілеттіктері жеткілікті дәрежеде болатын. Ревкомның басты міндеті Түркістан республикасы құрамынан енетін қазақ жерлерін мал-мүлкімен қоса толық қабылдап алу, шекараны  белгілеу, ол жерде Қазақстан өкімет органдарының саясатын жүргізу, Қазақстанның орталық билік органдарының шешімдерін жүзеге асыру, жергілікті билікке басшылық жасау, кеңестердің қайта сайлауларын өткізу, жергілікті мәселелерді шешіп отыру, барлық дәрежедегі билік органдарының жұмыстарын бағыттап, үйлестіріп отыру, жергілікті халықты кеңес билігіне тарту, қажетті уақытта жергілікті кеңестерді таратып жіберу. Ревкомның алдында толып жатқан ағымдағы жұмыстар, жиындар мен жиналыстар, кездесулер, т.б. өткізіп отыру міндеттелді.

Ревком тез арада өз міндетін орындауға кірісіп кетті. Ревкомның мәжілістері жиі өткізіліп, онда қажетті шешімдер шығарылып отырды.

Ревкомның 1924 жылғы 29 қарашада өткен мәжілісінде 15-ке жуық мәселелер қаралды. Солардың ішінде Ревкомның қаржысы туралы, ол қаржыны үнемдеп жұмсау туралы мәселе қаралды, соған байланысты ревкомның жанында 3 адамнан тұратын қаржы комитетін құрып, қаржыға байланысты мәселенің барлығын осы комитет арқылы шешілу керектігі жөнінде қаулы алынды.

Ревкомның 3 адамнан тұратын аппараты құрылды, оның облыстық бөлімдері болмады. Ережеде көрсетілген талапқа сай Сырдария және Жетісу облыстарының жұмысшы аппараттарын ревкомның басшылығымен алғашқы күндері бірден жүргізіп жіберу қиынға түсті. Сырдария облысының орталығы болып келген Ташкент қаласы Өзбек КСР-ы құрамында қалған соң, облыстың (бұған дейін ол губернияға айналған) орталығын және ревкомның өзін де Шымкент қаласына көшіру міндеті күн тәртібіне қойылды.

Ревком бұл мәселені Камаловқа тапсырып, губерниялық және облыстық мекемелердің Шымкентке көшірілуінің нақты жоспарын жасап, көшіп-қонуға бөлінген 100000 сом ақшаны ұтымды пайдалану туралы тапсырма берді.

Осы мәжілісте ревком Орта Азиядағы Еңбек және Қорғаныс Кеңесіне өкілетті өкіл етіп А.Серғазиевті тағайындады, сондай-ақ Түркістан республикасындағы Жер халық комиссариаты мен оқу ағарту халық комиссариатындағы өкілдерін тағайындау мәселесін талқылады. Ревком Қазақстанға өтуге тиісті мекемелердің жұмыс істеу ережесін де бекітіп отырды.

Ревком саяси ұйымдастыру жұмысымен қатар күнделікті шаруашылық мәселелерімен де айналысып отырды. Ревкомның қаулысымен Арал теңізінде болған дауылдан қираған қазақ ауылдарына тез жәрдем беру мәселесі қаралды. Ол туралы ТүркОАК-мен хабарласып, оның қаржы бөлуіне қол жеткізді. Дауылдан зардап шеккендерге жәрдем көрсету туралы Казақ ОАК-тің шешімін шығарту туралы хабарлама жіберілді. Ол кезде отынның ерекше түрінің бірі сексеуіл болатын. Сексеуіл дайындау үлкен шаруашылық науқан түрінде жүретін. Ревкомның қаулыларының бірінде сексеуіл дайындауды жалғастыру, оған көпшілікті ұйымдастыру туралы айтылды.

Ревкомның алдында тұрған міндеттің  бірі өзінің басшылығымен жұмыс атқаратын  аппарат жұмысын жолға қою  болды.

Ревкомның 1924 жылғы 9 желтоқсандағы  қаулысымен Сырдария губревкомының бөлім бастықтарын ревкомның уәкілдері ретінде бекітіп, оларға Сырдария және Жетісу губернияларының мекемелерін ведомстволық басқару құқығы берілді. Осы күні ревкомның қаулысымен, одан кейін арнайы бұйрығымен ревкомның уәкілі міндеттерін атқару құқығымен Сырдария және Жетісу губернияларының мекемелерін ведомстволық басқару үшін мына қызмет орындары бекітілді. Губерниялык, прокурор болып Гришенков, оның көмекшісі болып Мамбеев; губерниялық сауда бөлімінің бастығы болып Хрщанович; губерниялық жергілікті шаруашылық бөлімінің бастығы болып Ромин; губерниялық насихат бөлімінің бастығы болып Әбдразақов; қаржы бөлімінің бастығы болып Наумов; жұмысшы-шаруа бөлімінің бастығы болып Көбенов; кооператив бюро төрағасы болып Оспанов тағайындалды.

Тағайындалған лауазым иелері Сырдария губревкомының бөлім бастықтары әрі ревкомның уәкілдері ретінде Сырдария және Жетісу губернияларындағы мекемелерді қоса басқарды.

Информация о работе Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға қосылуының тарихи жағдайыс