Рим құқығы пәнін ЖОО міндетті курс ретінде оқытудың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 21:57, статья

Краткое описание

Құқықтық мемлекет болуына бәріміз өте көп жұмыс істеуіміз керек. Алдымен еліміздің жастары құқықты жақсы білсе, оны дұрыс пайдаланса, білімін бүкіл халыққа түсіндіріп таратса, жас мемлекеттің қиын жағдайлары тез тарайды деп ойлаймын. Осы кәсіп сіздердің – жас заңгерлердің қолында. Әсіресе, құқық туған қазақ тілінде оқыған мамандарда. Казақ тілі әділетті, мемлекет қызметте өзінің заңды орнын табатын уақыты өте жақын, тіпті келді деп айтуға болады. Сондықтан Қазақстанның құқықтық мемлекетінің кілті сіздің қолыңызда.

Прикрепленные файлы: 1 файл

RIMKYK~1.DOC

— 889.00 Кб (Скачать документ)

(3) Егерде қарызданушының жағдайы болмаса, несие берушілердің арыздары бір көлемде қайтарылады.

6.5. Преторлық қорғаудың  ерекше тәсілдері.

Преторлар өз атқарғаң қызметіңде талапты қорғаудан басқа ерекше қорғау тәсілдермен пайдаланатың. Олар әкімшілік билігінің құрастыру түрлерге қатысқан. Осындай тәсілдердің төрт тұрің қарастырайық. 1)-интердикттер, 2)-стипуляция, 4)-иеленуге кіргізу(integrum) және 4)-реституция.

Интердикт (Interdictum)-  преторлардан шығатың тыйым салатын бүйрықтары.Алдымен тарих бойынша, претор осындай тыйымдарды жеке түлғаларға беретің, мысалы: Азамат Павел,сіз Марк азаматтың жеріне тиіспеңіз, ол жерді мирас бойынша алғаң болыпты. Бара-бара интердикттер көпшілікке жарияланатын,мысалы: Азаматтар,көшелерге пайдаланғаң суды төкпендер.Көше қоғамдық меншігінде т.б. Интердикттердің бір-неше түрлері шыққан.

Стипуляция (Stipulatio)-салтанатты түрде уәде беру.Әр-түрлі жағдайларда міндеттемелерді атқару үшін, әлде әр-түрлі келісімдерді бекіту үшің румдықтар уәде беретің. Ал соңдай уәде претор алдында берілсе-тіпті нағыз заң болып шығатын. Стипуляцияны орындамаған азаматттар Рум қаласынан көштіретің,олардың құқықтары түгел жойылатын ,ал сол адамның есімі және үрпақтары да арамды болып жүртқа көрінетің.

Иеленуге кіргізу(Integrum)-Бұл тәсіл азаматтарға өр-түрлі жағдайларда пайда болған мүлікті(табылған,өсиет бойынша пайда болған т.б.) заң ретіңе келестіру үшін жүзеге асыратын. Осындай иеленуге кіргізу тәртіпті претор өзі атқаратың.

Реституция (Restitutio)-Бұрыңғы қалпына келтіру.Кейде румдықтар білмей ,әлде түсіңбей, жастықтаң әлде кәріліктен өздеріңе пайдасыз әлде тіпті зиянды келісімдерге келетің, қорқындықтан да болатың.Ал келісім-шартты орындау керек.Осыңдай жағдайлармен өтініш жасап,преторға жолығатын. Претор оларды тыңдап,егер айтқан сөздері дұрыс болып шықса,осыңдай адамдарды кейде міндеттемеден босататын. Олардың шарттарды болмағандай түріңде есептейтың. Бұны бұрыңғы қалпына келтіру деп орыңдаған.

 

In medius res-Заттардың ішіне қара. (Латын мақалы.)

 

7 тарау.  Рум құқығындағы заттардың ұғымы.

7.1. Заттардың  ұғымы және зат түрлері.

7.2. Зат құқығы және иелену.

 

7.1. Заттардың ұғымы және зат  түрлері.

Рум жеке құқығының негiзi алдымен меншiк  құқығында тұрады. Бұл ежелгi Румда  ен толық және ең жақсы қарастырылған құқықтың түрi. Рум мемлекетiнде осындай меншiк құқығы болмаса бiздiң заманымызда нарықтық экономикалық кезеңде Рум құқығының ешбiр пайдасы болған жоқ едi, тек қана тарих жағынан қарамасақ.

Меншiк  құқығы тағы да ең құрмалас құқығы болып шыққан. Содан соң меншiк құқығының ал мында иелену құқығының және зат құқығының ұғымдарын түсунуiмiз керек. Ал заттың құқығының ұғымы заттардың ұғымынан шығады.

Сонда заттар заттық құқықтың объектiсi болып  шығады. Заттың иесi құқық бойынша  талапты қорғаумен пайдаланады. Талап қоғауы осы жағдайда заттың талаптарынан шығатын.

Румдықтар заттарды бiрнеше түрлерге айырған. Алдымен заттар денелi және денесiз болатын. Денелi - сезуге болатын заттар. Ал сезiлмейтiн заттарға кейбiр қатынастар және құқықтың түрлерi саналған. Мәселен мiндеттiлiктер, пайдалану құқықтар. Оларды қолмен ұстап сезуге болмайды, бiрақ сатуға, мұраға қалдыруға болады. Сезуге болатын заттарды - qune tungi possunt, сезiлмейтiндердi qune tungi nonpossunt деген.

Екiншiден, заттар қозғалмайтын және қозғалатындарға бөлiнген (жылжымалы және жылжымалы емес). Қозғалмайтын жер бөлiмдерi, және жерде құрылған үйлер, тағы жерден айырылмайтын басқалар. Оларды res soli деп атаған. Жерден айрылатын, қозғалатып заттарды res mobili деген.

Үшiншiден тек қана Рум құқығында болатын заттардың айырмашылығы res mancipi және res non mancipi болған. Res mancipi бойынша Ульпиан осылай деген: «Манципий заттарға Италиядағы жер бөлiмдерi, қандай үй болса, сондай жер бөлiмдерi және олардың құқықтары. Қандай жер болса, сондай құлдар мен жануарлар. Мысалы бұқа, жылқы, ешкiлер. Басқалар манциний заттар емес». Осы ұғымды анықтасақ келетiн заттар ең қымбат, шаруашылыққа келетiн заттар болған. Екiншiден, осындай қымбат заттарды сатып алу үшін ерекше

Төртiншiден, заттар бөлiнетiн және бөлiнбейтiн заттарға айырылған. Одан әрi жұмсалатын және жұмсалынбайтын, жай және күрделi, тектi және негiзгi және көмекшi заттар түрлерi болатын.

Бұлар бәрi де айналымдағы заттар болған - яғни осындай заттарда сатып алуға, сатуға, айырбастауға және мұраға қалдыруға болатын. Бiрақ та айналымда болмайтын да заттар болған. Бұл ауа, теңiздiң суы және көпшiлiктiң заттары: жолдар, көпiрлер, қаланың қабырғалары аландар моншалар, т.б. Шiркеудiң заттары да осындай айналдымда болмайды заттарға жатқан. Көпшiлiк заттарды res publica деген. Осыдан кеңеспен (көпшiлiкпен) биленетiн мемлекеттi республика деп атаған.

Бiр  иенiң құқық бойынша жиналған заттары мүлiк ретiнде аталған. Жоғарыда айтқандайғ мүлiктiң иесi тек paterfamilias болған. Балалар, әйелдер, басқа familia мүшелерi мүлiкке ие болуға құқығы болған жоқ.

Заттарға  немесе мүлiкке ие болу бұл заттың құқығының бiр түрi. Зат құқығының  түрлерi иелiк құқығы, меншiктi құқығы және бөтен заттарға құқықтары болған.

 

7.2. Зат  құқығы және иелену.

Иелену деген тұлғаның заттарға иелiк етуi, және оның заттарға қатынасы. Иелену Рум құқығы бойынша екi элементтен құрылады:

Бiрiншiсi - шындықтан  затты ұстау.

Екiншiсi - ие болуға тұлғаның ниетi. Бiрiншiсiн corpus, ал екiншiсiн animus деген. Animus немесе ниетi болмаса иелену да болмайды, тек қана ұстау қалады.

Иелену латын  тiлiнде posessio делiнiп аталған. Осы түсiнiк ең алдымен жер жайында пайда болды. Posessio sedero (отыру) деген сөзден шыққан.

Румдықтар иеленудi ұстаудан ажыратқан. Алдымен айтқандай  зат ұстайтын тұлға әлi де сол затқа ие болмайды.

Сонымен тек  қана заттың иесi өзінің заттарын қорғау үшiн пайдаланған, ал ұстаушы сондай қорғауды пайдаланған жоқ.

Иелену құқығы меншiк құқығымен ұқсас, бiрақ  бiрдей емес. Меншiк құқығы үш элементтен құрылады. Оның бiреуі - иелену құқығы. Екiншiсi - пайдалану құқығы, үшiншiсi - қолдану құқығы. Заттың иесi иелiкке пайдалану және қолданалуын қосса меншiк құқығына толық ие болады. Ал кейде заттың иесi сол затпен пайдалану құқығын, әлде қолданау құқығын, басқа жеке тұлғаға берсе, меншiк құқығы толық болмайды. Бiр затта үш түрлi құқықтық субъект болу мүмкiн.

Мысалы үйдiң  иесi өз үйiн басқа кiсiге пайдалануға  жалдап бередi, ал ол үйдi сатып беруге немесе басқа ретпен қолдануға құқығын  әйелiне берсе, онда сол үйдiң иесi бiр кiсi болады, пайдаланатын - екiншiсi, ал сатып беретiн - үшiншiсi. Сонымен иелену құқығын меншiк құқығының бiр жағы, белгiсi ғана деп айтуға болады.

 

Suum cuique - Әрбірге  - Өзінікі.
(Латын  мақалы.)
8 ТАРАУ.  Меншiк құқығының ұғымы және  мазмұны.

8.1.Меншік құқығының ұғымы.

8.2.Меншiк құқығының  түрлерi.

8.3Меншiк құқығын  алу және жою. 

8.4.Меншiк құқығының  қорғауы.

8.1. Меншiк құқығының ұғымы.

Зат құқықтарының негiзiнен меншiк құқығы болатын. Меншiк құқығы әрбiр құқықтың жүйесiнде  орталық орында тұрады. Сонымен ол құқықтың басқа тақырыптарға анықтайтын көзi болып шығады. Ежелгi Рум заманынан бастап бiздiң нарықтық экономикалық заманымызда бүкiл қоғамдық-экономикалық қатынастар меншiк қатынастарға негiзделедi.

Ежелгi Румда  меншiк құқығы алдымен иелену құқығынан  шыққан. Бiраз уақыттың iшiнде осы екi ұғымның айырмашылығы болған жоқ. Меншiк Рум мемлекетiнде жер меншiгiмен басталған. Әрбiр Рум азаматына мемлекет пайдалануға екi Югер жер беретiн. (Югер – жердi өлшейтiн өлшемi. Ол 120 х 240 футтан шыққан. Сонда фут (табан) – 29, 63 см болған. Футты румдықтар Рез деп атаған). Сонда осы екi югерге рум азаматы ие болған. Одан кейiн иелену құқығы меншiк құқығы болып жерде құрылған, қозғалмайтын заттарға да тараған.

Меншiк құқығына румдықтар Dominium деген термин пайдаланған. Dominium - үстемдiк, үстемшiлдiк мағынасында. Меншiк құқығының румдағы толық атағы “Dominium ex juris Quritum” болатын. Квириттердiң құқығы бойынша үстемдiгi. Сонда әрбiр зат бiреудiң билiгiнде болса dominium - да болады деп айтқан. Квириттердiң меншiгi сонда тек қана байырғы рум азаматтарына тараған. Меншiк құқығы dominium-нан басқа proprietas деген сөзбен белгiленген.

Заттың иесi тек қана иелену емес пайдалану және иемдену құқығымен пайдаланған. Сонда меншiктiң мазмұны иелену мазмұнынан кем болып шыққан. (Рум классикалық құқықтану бойынша меншiк құқығы тұлғаның заттарға толық, шектелмеген және толық, қорғау төтенше үстемдiгi болды.

Мқұқығының  иесi заттарға толық билiгiнде болса, сол заттармен не iстесе де заңды бұзбай iстеуге құқықта болатын. (Сатып алу, сатып беру, айырбастау, тастау, жою т.б.). Бiрақта шектелмеу деген құқықта ешқашан толық болмайды. Өйткенi бiр азамат өзiнiң құқығымен пайдаланса, заң бойынша оның құқығы басқа азаматтардың құқығына зиян келтiрмеуі керек. Мәселен, жер бөлімінің иесi сол бөлiмде көпшiлiктiң жолы болса, басқа азаматтарға сол жолмен пайдалану рұқсат берілу мiндеттi етілген. Сол сияқты шектер меншiк құқықты заң бойынша көп келтiрiлген.

Меншiк құқығы жоғарыда айтылғандай иелену, пайдалану  және иемдену құқықтарынан құралған. Оларды jus posessio (иелену құқығы), jus utendi (пайдалану құқығы) және jus abutendi (иемдену құқығы) деп атаған. Осы үшеуіне төртiншiнi қоссақ рум құқығы бойынша меншiк құқығының мазұмын табамыз. Төртiншiсi - jus fruendi болған. Jus fruendi рум құқығында құқықтардың ерекше түрi, содан соң бiр сөзбен осы терминдi аударуға болмайды. Қысқаша айтқанда jus fruendi заттардың пайдалану, иемдену, құқыққа ие бола отырып жемiсті пайдалану. Мәселен, жер біреудің заты болса сол жерден шыққан өсiмдiктерді пайдалану, мал болса малдың төлiн пайдалану.

Сонда өсiмдіктің  жемiсiн, малдың төлiн румдықтар fruit деп атаған. Осыдан jus fruendi – жемiсті пайдалану құқығы болып шықты, ал жемiс “фрукт” түрiнде бiздiң тiлiмiзге де кiрген.

Меншiк құқығының  ұғымын, әсiресе мазмұны бойынша тағы бiр анықтамасын беруiмiз керек. Ежелгi румдiк классикалық заңгерлер осы ұғымға бiрдей қараған жоқ. Мәселен Павел меншiктік құқықтан пайдалану құқығын және жемiсті пайдалану құқығын бөлiп шығарса Ульпиан оған қарсы болатын, меншiк құқығы ешқашан бөлiнбейдi деп айтқан.

 

8.2. Меншiк құқығының түрлерi

Меншiк  құқығының түрлерге бөлінуi рум құқығының  жүйелерге бөлінуімен байланысты. Рум  құқығы үш жүйеге (цивилдiк, преторлық, халықтар) бөлiнгенiн ескертейiн. Сонымен тарих бойынша меншiк құқығы да үш түрлi болатын. Алдымен цивил құқығы бойынша цивил меншiгiнiң ұғымы шыққан. Оны квиритердiң меншiк құқығы деп атаған. Dominium ex iure Quritum алдында аталды. Бұл меншiк құқығымен түрi басқа түрлерден бiрнеше белгiлермен ажыраған. Бiрiншiсi квирит меншiгiне тек қана квирит (Рум қаласының ерiктi және ius commercii-ге қатысқан байырғы азаматы) ие болуы мүмкiн.

Екiншiсi - квирит меншiгi тек қана манципация бойынша сатып алынып берiлетiн.

Үшiншiсi – квирит меншiгiнде сол манципация бойынша алынған манциний заттар ғана болатын. Квирит меншiгiнiң қатынастары XII тақтадағы заңдармен бекiтiлген. Сонымен осы меншiк құқығын латиндер, перегриндер пайдаланған жоқ.

Рум қаласы, сонымен рум мемлекетi өскен  соң квирит меншiгi, сол меншiктің құқығын пайдалану өте қиын болып шықты. Рум құқығы цивил құқығынан претор құқығына айналған соң, меншiк құқығы да квирит меншiгiнен преторлық меншiгiне айналды.

Преторлық меншiктің басқа атағы – бонитарлық меншiк. Бонитарлық bonus – мүлiк, әлде bona - жақсы деген сөзден шықты.

Преторлар азаматтың iстерін шешкенде тек қана қатал құқыққа қарамай кейбiр iстерге жақсы ниетпен (bona fidei) қарастырып меншiкке басқаша қараған. Ендi преторлық құқық бойынша мүлiктi тек қана манципация бойынша емес, басқа тәсiлдермен – traditio жай (әдет) бойынша сатып алуға болатын. Традиция бойынша алынбаған заттар талапты қорғаумен пайдаланбаса да преторлық басқа қорғау тәсiлдермен пайдаланған, әсiресе интердиктермин. Манципий емес, заттар тұтас мүлiкке, манципий заттарына қосылатын. Сонда bonus жай мүлiк емес тұтас мүлiк (манципий және манципий емес, заттары бiрге) деп есептелген. Бiрте-бiрте Румда квирит және преторлық меншiктiң түрлерi араласып бiр түрге айналған, оған бонитарлық меншiк атағы қойылған. Бiрақ олай айтсақ та, квирит және преторлық меншiк құқықтарына тек қана Румдiк ерiктi азаматтар ие болған.

Латиндер  және перегриндер, жоғарыда айтылғандай, халықтардың құқығын (jus gentium) пайдаланған. Халықтар құқығында меншiк құқығының екi түрi болатын. Сонда оның бiреуi- провинциялық меншiгi, екiншiсi - перегриндердiң меншiгi. Провинциялар дегенiмiз Италия елiндегi аймақтар. Солардың iшiнде Лациум, Сицилия, Генуя, Этруссия, тағы басқалары.

Провинциялардағы  жер бөлiмдерi жеке меншiкте емес. Рум халқының меншiгiнде есептелген. Осы жер бөлiмдерi латиндерге тек пайдалану құқығымен берiлетiн. Содан соң пайдалану үшiн латиндер және басқа провинциялдар Рум қазынасына ерекше төлеу төлеген. Сол төлеудiң атағы stipendium әлде tributium болған. Жер бойынша келiсiмдер цивиль құқығымен емес, халықтардың құқығымен өткiзiлетiн. Ал провинциялар Рум азаматтығына жетсе, олар әрине, цивиль әлде квирит құқығымен пайдаланылатын (Mancipatio, traditio).

Бiрте-бiрте  тарих бойынша меншiк түрлерiнің  бар айырмашылықтары жойылған. Квирит преторлық провинциядан және перегриндердiң меншiктерi бiр түрге бiрлескен. Сондай бiрлесу III ғасырдан басталып, IV ғасырда Юстиннiң Кодикстiң шығуымен аяқталған.

Юстиннан  кодексі бойынша меншiк баяғы Dominium ex jure Quiritum атағын қайтарып алған. Сонда сатып алу және сатып беру келiсiмдері маниципалциялысыз жай традициясымен бекiтiлуге рұқсатталған. Заттар да манципий және манципий емес заттарға бөлiнбейтiн. Бүкiл Рум мемлекетiнде жер бөлiмдерi мiндеттi түрде тiркелген. Сондай тiркелу transcriptio атағын алды. Тiркелген жер бөлiмдерiн иелерi жер салығын төлеуге мiндеттелген.

Информация о работе Рим құқығы пәнін ЖОО міндетті курс ретінде оқытудың маңызы