Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 21:57, статья
Құқықтық мемлекет болуына бәріміз өте көп жұмыс істеуіміз керек. Алдымен еліміздің жастары құқықты жақсы білсе, оны дұрыс пайдаланса, білімін бүкіл халыққа түсіндіріп таратса, жас мемлекеттің қиын жағдайлары тез тарайды деп ойлаймын. Осы кәсіп сіздердің – жас заңгерлердің қолында. Әсіресе, құқық туған қазақ тілінде оқыған мамандарда. Казақ тілі әділетті, мемлекет қызметте өзінің заңды орнын табатын уақыты өте жақын, тіпті келді деп айтуға болады. Сондықтан Қазақстанның құқықтық мемлекетінің кілті сіздің қолыңызда.
1.4. Рум мемлекеті және құқығы туралы тарихи шолу.
Рум құқығын Рум тарихсыз түсіндіруге болмайды. Өйткені құқық бір мерзіммен шыққан жоқ, оның шығуы, дамуы және жоюлуға бұрылатын кездер болған. Сондықтан ру мемлекетінің және Рум құқығының тарихын қысқаша болса да жақсы білуіміз қажет.
Әдет бойынша
(өйткені көп уақыт
Республика мемлекеті тез нығая бастады. Біздің заманымызға дейін ІІІ ғасырда Рум мемлекеті бүкіл Италияны қол астына алған, одан кейін Карфаген мемлекетімен көп соғысып б.з.д. 146 жылға қарай бүкіл Жерорта теңіздің жағасын басқан. Тарихтың да заңдары болады. Сондай бір заң бойынша әрбір республикада халыққа қарамайтын бүкіл билікті бір қолыма алайын дейтін кісілер табылады. Румда да осындай кісілер болған Сулла, Марий, Помпей тағы басқалар. Олардың ішінде б.з.д. 49-45 ж.ж. Гай Юлий Цезарь деген Принцепс / сенаттың төрағасы Сенатқа қарсы шығып, өзім жалғыз патша боламын деп тырысқан. Бірақ б.з.д. 45 ж. Республикашылар оны өлтірді. Сол кезден бастап әрбір Принцепс сенатты өз қолына алатын болыпты. Бұл заман б.з. д. 27 ж. - б.з. 193 ж. дейін созылған. Оңы Принципат кезеңі /Принцепс сөзінен/ аталған. 193 ж. Юлий Цезарьдаң немересі Октавиан Август өз өзіні император атағымен атап, таққа шыққан. Осыдан Рум тарихында императорлық әлде Доминат кезеңі басталады. /Доминат – Dominio басамын сөзінен шықты/ Империя жай мемлекет емес, бірнеше мемлекеттерді басқан, олардың жерлерін және халықтарын өз билігіне қосқан ел. Б.з. І, ІІ ғасырларда Рум империясы бүкіл Еуропаны басып, Шығыстың Армениядан, Батыстың Испанияға дейін созылған. Осы кезеңде І ғасырда Рум провинциясы (билік астындағы ел) Палестинада Иса пайғамбардың діні пайда болған. Бірнеше жыл румдықтар сол діннің абыздарын қаштыртып, кейде өлтіріп та жатқан. Исаға дейін румдықтар бірнеше құдайларға сенген (Юпитер, Марс, Венера т.б.). Ал б.з. ІІІ ғасырдан бастап румдықтар да бір құдайға сенетін болды. Исаны Иисус деп атап, Алланың баласы ретінде санап Христиан дінін мемлекет діні ғылып жариялаған.
Содан соң айтылған: Румдықтар бүкіл әлемді (бізше тек қана Еуропаны) үш рет қолына алған - бірінші семсермен, екінші Христиан дінімен, ал үшінші - өз құқығымен.
Тарихтың тағы бір заңы бойынша әрбір империя ерте әлде кеш болса да быт-шыт болып құлайды. Құмнан қаланған үй сияқты бірнеше егеменді мемлекеттерге (бұрын бастырылған елдер) бөлінеді. Ол тек Рум ғана емес, Монғол, Ұлы Британия, Ресей т.б. империялардың тағдыры.
Император Октавианнан бастап Цезарь есімі саяси атақ болып шықты. Әрбір император енді өзінің есіміне Цезарь атағын қосатын болды. Бұл атақ әлем тарихында кең тараған. Орыстар Цезарьды кесарь, қысқаша царь деп атаған, немістер – кайзер, ал Шығыс тілдерде қайсар түрінде сақталған.
Рум империясы алдымен екіге бөлінген. Батыс империя Рум астанасымен қалды, Шығыс империясы Кіші Азияда орналысқан, Визант қаласында астанасын құрды. Сондықтан Рум Шығыс империясы тарихта көбінде Византия аталады. Батыс империяны Еуропаның варварлар (сақалды деген сөз) б.з. 426 жылы жойған. Сол империяның ең соңғы императоры жас бала болған Ромул Августул өлтірілген.
Рим тарихы енді тек Шығыста жалғастырылуға айналған. Император Константиннің кезінде Визант қаласы Константинополь атағына ие болды.
Рим империясы екіге бөлінгенде оның діні және тілі де бөлінген. Батыста католиктер латын тілімен, Шығыста православ діні грек тілімен. Рум құқығы да енді Шығыста нығая бастады. Шығыс империясы Батысы құлаған соң тағы бір мың жылдай болатын. Оның тарихы өте қызықты, бірақта, бізге десек, оның ішінде император Юстинианның кезеңі ең маңызды болып шықты. Юстиниан, басқа императорларға қарасақ, өте ақылды, білімді және мәдиниетті кісі болған. Оның жұбайы да Феодора өз күйеуіне көп көмек көрсетті. Жақсы әйел ерді ер қылады, ал жаманы жер кылады деп осыған айтқандай болды. Император Юстиниан өзіннен кейін көп ескерткіштер қалдырды. Оның біреуі – Константинопольдің Әулие Софияның діни ғимараты, ал екіншісі – Corpus Juris Civilis – Юстинианның кодексі, Рум құқығының ең толық және ыңғайлы заңдар жинағы. Осы екі Юстинианның ескірткіштері әлі де тұр.
Юстиниан және оның ұрпақтарынан тағы біздерге өте қызықты кодекс қалған. Ол Кодекс Куманикус – ең бірінші латын-қыпшақ сөздігі.
Арғын-қыпшақтарды румдықтар кумани деп атаған. Византияда арығын-қыпшақтар тұрған екені де тарихта сақталған.
Бірақта, Византия да империя болғаннан соң оның өмірінің жылдары саналған. Көне орыстар, қыпшақтар тағы басқа нығая бастаған елдер Византияға көп шабуыл жасаған. Бара-бара қыпшақтардың туыстары Осман түріктер бұл империяны жойып қалдырды. Осы жағдай б.з. 1453 жылда болыпты. Византия-Шығыс Рум орнана жаңадай Османдар өз империясын құрды, Константинополь енді Ыстанбұл аталатын болды. Осман империясы да өз кезеңінде құлаған.
Рум мемлекетінің тарихы төрт кезеңге (Патшалық, Республикалық, Принципат, Доминат) бөлінсе рум құқығының тарихы да кезеңдерге бөлінеді. Біріншісі – ежелгі кезеңі б.з.д VІІІ-ІІІ ғасырларға созылған. Екіншісі – классикаға дейін кезеңі б.з.д. ІІІ ғасырдан б.з. І ғасырға дейін. Үшіншісі –классикалық кезеңі б.з. І-ІІІ ғасырлар. Төртіншісі – классикадан кейін кезеңі б.з. ІІІ-V ғасырлар. Классика деген сөз – оқуға ең керек, ең жарамды, пайдалы мағынасын білдіреді. Ал VІ ғасырдан бастап, Юстинианнан кейін десек те рум құқығы Румда (Византияда) аса нығайған жоқ.
Алдымызда айтқандай 18-19 ғасырларда Еуропада, ХХ ғасырдың соңында Совет Одағынан босаған мемлекеттерде (Қазақстаңда да) рум құқығы рецепцияға (қайта туған жағдайға) айналған.
Ab Jove principium-Бастасақ,Юпитерден бастайық.
(Латын мақалы)
2 тарау. Рум құқығының шығу көздері (деректері)
2.2. Рум құқықығының құрастыру түрлері (формалары).
2.3. Ежелгі Румның белгілі заңгерлері.
2.4. Рум құқығының кодификациясы (заң жинақтарының құрылуы).
Әрбір ғалым тарауларының ішінде дерек не шығу көздері деген ұғымдар болады. Ал, ғылыми дерек деген ұғым үш анықтамадан тұрады. Осы анықтамалардың бәрін біз өзімізге түсіндіруіміз керек.
Біріншісі. Не болса да бір жерден шығу керек. Мәселен, өсімдіктер тұқымнан, балапан жұмыртқадан шығады. Румдықтар Ab Оvo деген. Осында тұқым, жұмыртқа өсімдікке, балапанға дерек болады. Ал, құқық деген неден шығады? Мемлекет пен құқық теориясы бойынша құқықтың дерегі, тамыры десек те болады, әрбір мемлекеттің экономикалық жағдайынан шығады. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың тарихпен айналысуынан пайда болады. Ал, Рум құқығы өзінің негізін, қайнар бұлағын Рум құл иелену мемлекеттік экономикалық қатынастарынан табады. Бұл бірінші анықтамасы.
Екіншісі. Тағы да мемлекет пен құқықтың теориясы бойынша құқық өзінің формасына (құрастыру түріне) ие болады. Мәселен, заң, шешім, шарт, қаулы десек, бұлардың бәрінің формалары, құрастыру түрлері болады. Рум мемлекетінің тарихы бойынша құқықтың ерекше құрастыру түрлері болған. (Республиканың заңдары, сенатусконсульттер, преторлық эдиктер, тағы басқалар). Бұл деректің екінші анықтамасы болады.
Үшіншісі. Үшіншіден, тарихта қандай жағдайлар, қандай соғыстар, патшалар, батырлар болғанын біз қайдан білеміз? Оны біз кітаптардан, археологиялық мәліметтерден не болмаса басқа да деректерден табамыз. Қзіргі заманның кітаптарында Рум құқығы туралы көптеген тарихи деректер бар. Бұл деректің үшінші анықтамасы болып шығады. Мәселен, осы деректердің ішінде нумизматика, папирология, тағыда басқа ерекше ғылымдар бар. Нумизматика ескі ақшаларды зерттейді. Рум мемлекетінде асс, сестерций, динарий деген ақшалар тараған. Сол ақшалармен румдықтар мүліктік қатынастарды шешкен. Оны біз нумизматикадан білеміз. Ал, папирология Мысыр (Египет) көне жазбаларды қарайды. Өйткені, Мысыр бір тарихи заманда Рум мемлекетіне қараған. Папирустер (сондай өсімдіктен істеген қағаз) ішінде заң, құқық туралы мағлұматтарды сақтаған. Құқық туралы мағлұматтар антик авторлардың театр пьесаларынан (оны драматургия дейміз), көркем шығармаларынан да табуға болады. Бұның бәрін де үшінші түрдегі, үшінші анықтамасындағы құқықтың деректері деп есептеуге болады.
Ал құқықтың қайнар көздері, бұлақтары, деректер, тамырлар бәрі де синонимдер (тең ұғымдар). Бізше бастаулар десек, бұл ең ыңғайлы және дұрыс сөз болып шығады.
Алдымен келіскендей құрастыру түрлері рум құқығының деректерінің екінші түрі (анықтамасы) деп есептейміз. Сол деректер, құрастыру түрлері рум құқығының тарихы бойынша алты түрге бөлінеді. Оларды әдет құқығы (1), республиканың заңдары (2), сенатусконсульттер (3), преторлардың эдикттері (4), императорлардың конституциялары (5), заңгерлердің жауаптары (6) деп санаймыз.
Әдет құқығы халықтың әдеттерінен шықты. Бірақ, жай әдеттерді құқықтық әдеттер деп есептеуге болмайды. Тек қана халық әдеттеріне патшалар немесе республиканың сенаты қорғау жасаса (заңмен, заңсыз болса да) сол әдеттерге келісім берсе, олар құқықтық әдеттер болады.
Мысалы, бұрынғы заманда екі кісі некемен қосылса, ол жай халық әдеті болған. Одан кейін некені мемлекет заң ғұрпына қосты. Бүны құқықтық әдет деп есептейміз.
Екінші
мысал мейрамдардан. Наурыз мейрамы
бұрын тек
қана халық ішінде аталған. Ал қазір Наурыз
мейрамы
мемлекеттік мейрам болып шықты. Енді
оны құқықтық әдет деп
есептеуге болады. Айтпақшы, тарих бізге
тағы бір қуанышты ескерткішті қалдырды.
Білмесеңіз – біз бәріміз әрбір аптада
бір мейрамды тойлаймыз. Бұл мейрам - жексенбі,
орысша воскресение (қайта тірілу). Осы
мейрам да рум құқығынан шықты, өйткені
Рум императоры Константин Иса пайғамбардың
тіріліуін әр жұма сайын тойлап демалыңыз
деп заң шығарған. Осы заң ұмытылса да,
біз оны білмей де орындаймыз.
Әрбір халықтың тарихында өзінің әдет құқығы болатын. Орыс әдет құқығы, қазақ әдет құқығы. Сонымен Рум халқының да өз әдет құқығы болған. Мемлекет нығайып, күшін көбейткен заманда әдет құқығының орнына заң құқығы келеді. Ал, тарихта сол әдеттерден құқықтық ескерткіштер қалады. Рум әдет құқығының ең белгілі ескерткіші «Он екі тақтадағы заңдары» қалған. Мәселен, қазақ халқында сондай-ақ ескерткіш - «Жеті жарғы» деген әдет-ғұрып жинағы.
Румдықтар әдет құқығын mores majorum (ата-ағалардың мұрасы) деп атаған Commentarii pontificum (абыздар жариясы), commentarii magistratum (бастықтар жариясы) деген ескерткіштер де әдет құқығына жатады.
Алдымен заңдар патшаның қолынан шығатын. Ал, Румда республика мемлекет құрылғанда, сол мемлекеттің ең жоғарғы билігі сенат деген халық кеңесінің қолыңда болатын. Сенат қолынан шыққан заңдар lege деп аталған (Заңдар — leges әлде lех деген). Осы атақтан легитимді, легистратура деген заңдық атақтар шықты. Легетимді — заңға сәйкес, заң негізінде деген мағынада, легистратура — заң жинайтын кеңсе орны.
Рум сенаты (біздің тарихта оған ұқсайтын құрылтай деген халық кеңесі болған) заңдарды үш сатымен шығарған. Алдымен сенат мүшелері заң жобасын шығаратын (1 саты). Одан кейін сол жобаны халық талқылауына жіберетін (2 саты). Талқылау біткенде дайын заң бүкіл сенат сайлауы арқылы бекітілетін (3 саты).
Республика заңдары үш бөлімнен тұратын. Олардың латын тіліндегі атаулары: а) praescriptio, Ь) rogatio, с) sanctio. Оларды қазақшаласақ: а) алдыңғы сөзі, b) мазмұны, с) жазасы деп айтуға болады. Praescriptio мен rogatio басқа тілдерде аса тараған жоқ; sanctio (санкция) өте белгілі сөз.
Тарихта қалған ең белгілі заңдар: Lex Poetelia (Пателийдің заңы) — қарыздарды жоюға немесе құлдыққа сатуға тыйым салған б.ж.д. IV ғ.; Lех Аguilia (Аквилийдің заңы) б.ж.д. III ғ. — басқа кісінің нәрсесін жою немесе бұзу үшін жаза жарияланған; Lех Falcidia (Фальцидийдің заңы) — мұрагерлік құқығын, бірнеше ережелерді орнатқан. Бұл заң бойынша мұрагерге қайтқан кісі мұрасы міндеттелген. Б.ж.д. I ғ.
Үшіншісі (Сенатусконсульттер). – Қазақша айтсақ, сенат келісімдері деп айтуға болады. Латынша senatus consultes дейді, (senatus — кеңес, consuliere — ақылдасу). Бұлар принципат кезінде сенат атынан шыққан заңдар. Бірақ сенат оларды өзі шешкен жоқ, халықтың оған ешбір қатынасы болмаған. Қысқаша айтсақ, осы түрлі заңдарды принцепстердің жеке ережесі деуге болады. Сенат тек қана оған атағын беретін. (Принцепс деген әлі император емес, бірақ сенатты өз білейтін сенаттың бірінші мүшесі). Сенатусконсульттердің көбі тарихта сақталған. Мысалы, Senatus consultum Macedonium (Македонийдің сенатусконсульты) — бағынышты үлдарға қарыз алуға тыйым салған. I ғ. Senatus consultum Vellelianum (Веллелианның сенатусконсульты) - әйелдерге де қарызға ақша алуға тыйым салған.
Төртіншісі (Преторлардың эдикттері). «Эдикт», edictum, «заңды түрде жария», «dісо»-«айтамын» деген сөзден шықты. Осыдан – диктатор, дикция деген халықаралық сөздер пайда болған. Бірақ эдикт заң емес. Өйткені, ол не сенаттан, не патшадан шыққан жоқ. Солай бола тұра преторлардың эдикттері заңның күшін сақтайтын. Әрбір претор сайлағаннан кейін жұмысқа кіріскен соң, осындай эдикттер шығарған. Эдиктте претор қандай арыздарды сот қарауына беретінін, қандай істерді шешімсіз қалдыратынын жариялаған. Әдет бойынша претор бір жылға сайланатын, сондықтан эдикттердің де бір жылдық күші болатың. Бірақ кейбір эдикттердің ішінде болған ережелер жаңадан шыққан эдикттерге кіретін. Император Адриан белгілі заңгер Юлианаға 100 жылға ең жақсы, қолайлы эдикттерді жинап, салыстырып, мәңгілік эдикт шығар деп тапсырма берген. Тарих бойынша оны Ediktum perprtuum деп атаған. Регрtuum — мәңгілік деген сөз. Мысалы, регреtuum mobile — мәңгілік қозғаушы, қозғалтқыш дейміз. Преторлардың эдикттерінен преторлық құқық шыққан.
Информация о работе Рим құқығы пәнін ЖОО міндетті курс ретінде оқытудың маңызы