1960 жылы Днепродзержинск техникалық
училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия
комбинатына қарасты жоғары техникалық
оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне
қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия
комбинатында қатардағы жұмысшы болып
бастап, домна пешінің аға газдаушылығына
дейінгі жолдан өтті.
- 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
- 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
- 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
- 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
- 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
- 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
- 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
- 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
- 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
- 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
- 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
- 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
- 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]
Оппозиция Назарбаевті келіспеушілікті
басты деп айыптады. Ол жеңген президенттік
сайлауды Қазақ оппозициясы және
батыс бақылаушылары қатты сынға
алып, сайлау демократиялық стандартарға
сәйкес келмеді деді.[2]
Жаңа тәуелсіз мемлекет –
Қазақстан Республикасының (16.12.1991)
– дамуы, барлық атрибуттары –
ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару
және биліктің бүкіл тармақтарының
өзара әрекет ету жүйесі – бар
ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Назарбаев
есімімен тығыз байланысты. Назарбаев
басшылығымен конституциялық құрылыс
процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында
еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған
бүкілхалықтық референдуммен аяқталды.
Қазақстанда демократиялық институттарды
құру Назарбаевтың аса зор еңбегі
болып табылады. Сөз бен баспасөз
бостандығы, сайлау және сайлану құқығы, партиялар
мен қоғамдық бірлестіктер құру құқығы, дін бостандығы сияқты азаматтық
қоғамның мызғымас құндылықтары нақ соның
тұсында ғана конституциялық нормаларға
айналды. Назарбаев басшылығымен кеңестік
өкімшіл-жоспарлы әкімшілік жүйе бұзылғаннан
және бірегей халық шаруашылық кешені
күйрегеннен кейін алапат дағдарысқа
тап болған қазақстандық экономиканы
өзгертуге бағытталған аса ауқымды шаралар
әзірленіп, іске асырылды. Экономикалық
саясатты және демократиялық өзгерістерді ойдағыдай жүзеге
асыруға мемлекеттік құрылымның президенттік
республика ретіндегі халық таңдаған
үлгісі көп септігін тигізді. Түбегейлі
экономикалық ырықтандыру мен саяси реформалар
белгіленген өзгертулерді пәрменді жүргізуге
асыруға көмектесті.[5]
- 1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.
- Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
- Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.
- Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялық және инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.
2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау
оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша
бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы
оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың
16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында
мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы
демонстрацияғы шыққандар мен полиция
қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды.
Қарулы күштер қару қолдану салдарынан
15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.[6]
1. Еуразиядағы
кең көлемдегі қарым-қатынастар. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
- 2000 жылғы 10 қазанда
Астана қаласында халықаралық экономикалық
ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы
мемлекеттердің басшылары қол қойған
ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа сәйкес құрылды.
ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында
(Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде
өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан
мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас
Экономикалық кеңістікті құру туралы
қабылданған шешіммен байланысты.
ТМД шеңберінде Еуразиялық
экономикалық қоғамдастықтың қалыптасуы
Достастық елдерінің ықпалдастықтың
жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті.
Сонымен қатар ТМД-ның ішкі мәселелері
де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет
етті.
Бұл ұйымға Қазақстан,
Белоруссия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы,
Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова
республикалары мүше, ал Украина бақылаушы
мемлекет болып табылады. ЕурАзЭҚ құру
негізіне «Кедендік Одақты және Біртұтас
Экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру»
мақсатында қалыптастырылған сауда-экономикалық
ынтымақтастық тұжырымы алынды. Мемлекетаралық
Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық
Ассамблея және Қоғамдастықтың Соты ЕурАзЭҚ-тың
басқару органдары болып белгіленді.
2003 жылы мамыр айында БҰҰ
ЕурАзЭҚ-ты халықаралық ұйым ретінде мойындады.
ЕурАзЭҚ-тың 2003 жылдың 27 сәуірде Душанбе
қаласында өткен Мемлекетаралық Кеңесінде
Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы
іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты
жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы»
баяндамасы тыңдалды. Аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жолындағы келесі қадам
– Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы
(ҰҚШҰ). Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің
ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту
мақсатында құрылғандығы белгілі. Ұжымдық
қауіпсіздік туралы шартқа ресми түрде
1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында қол
қойылды. Келісімге ТМД-ның алты мемлекеті:
Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей,
Тәжікстан, Өзбекстан қол қойды. Кейіннен
Белоруссия қосылды. Ұйымның жоғарғы органы
– Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Сонымен
бірге, өкілетті өкілдерден тұратын Тұрақты
Кеңес, Сыртқы істер министрлері кеңесі,
Қорғаныс министрлері кеңесі, Қауіпсіздік
кеңестер хатшылық комитеті, ұйымның бас
хатшысы, ұйым хатшылығы қызмет жасайды.
Тәуелсіз Қазақстан кеңестік
жүйеден кейінгі кеңістікте орналасқан
елдермен ТМД, ЕурАзЭҚ ұйымдары шеңберінде
экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды
қалыптастырды. Бүгінгі күні бұл
ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастың
басым бағыттарының бірі көші-қон
мәселесін шешу болып отыр. Ал аймақтағы
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін
қалыптастыруда ҰҚШҰ-ның маңызы зор.
Қазақстан тек Орталық
Азия аймағында ғана емес, Еуразия
аймағында да ықпалдастыққа ұмтылуда.
Әсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымының
алатын орны ерекше. Ол бүгінгі күні
қол жеткізген нәтижелерімен
ерекшеленеді. Олар: аумақтық мәселені
шешу; лаңкестікке қарсы күрестегі
жетістіктер; әскери саладағы тығыз
ынтымақтастық; басқа халықаралық
ұйымдармен байланыс орнату; экономикалық
ынтымақтастықты тереңдету жолындағы
нақты жобалар. 1996 жылы 26 сәуірде
Шанхайда бес мемлекет – Қазақстан,
Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан
«Шекара аймағында әскери салада
сенімді бекіту туралы келісім шартқа»
қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымының негізін қалады.
Сол кезде ұйым «Шанхай бестігі» деп аталғанымен,
кейін 2001 жылғы саммитте «Шанхай бестігіне»
Өзбекстанның қабылдануымен Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымы деп аталды. Саммиттен кейін «Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымының құру туралы»
Декларация жарияланды. Сонымен бірге
«Лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге
қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы»
деп аталатын тағы бір маңызды құжат қабылданды.
Сөйтіп, аймақтық саясатта алғаш рет лаңкестік,
сепаратизм және экстремизм ұғымдарына
анықтама берілді. Бір қызығы, бұл құжат
АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына
3 ай қалған уақытта қабылданған еді. Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымы әскери одақ емес,
ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы
ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы
ықпалдастыққа ұмтылатын ұйым болып табылады.
Азиядағы өзара іс-қимыл
және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі,
АӨСШК) АӨСШК құру
туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев
1992 жылы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының
47-ші сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі
мақсаты Азия аймағындағы бейбітшілік,
қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз
етуге қатысты көп жақты қарым-қатынастарды
орнату және осы мәселелерді шешу барысында
ынтымақтастықты нығайту.
І Саммитте
екі маңызды құжатқа: Алматы
актісі мен АӨСШК Терроризмді
жою және өркениеттер арасындағы
диалогқа қолдау көрсету туралы
Декларацияға қол қойылды. Осы
құжаттар негізінде АӨСШК Азиядағы
дау-жанжалдар мен қақтығыстарды
реттеу мақсатындағы форумға
айналды.
2004 жылы қазан айындағы
АӨСШК мүше елдерінің ІІ кездесуінде
Сенім шаралар каталогы қабылданды.
Бұл әскери-саяси, экономикалық,
гуманитарлық және басқа салалардағы
шаралар жиынтығынан тұрды. АӨСШК-ке
мүше мемлекеттер басшыларының
шешімімен Қазақстан Республикасы
Президентінің 1992 жылы БҰҰ 47-сессиясында
кеңесті құру туралы идеясын
қолдау ретінде 5 қазан Азия
кеңесі күні болып жарияланды.
АӨСШК аймақтық және жаһандық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
факторына айналды.
ІІ Саммит 2006 жылы маусым
айында өтті. 2007 жылғы желтоқсан
айынан бастап Азия кеңесі
БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы
бақылаушы мәртебесіне ие болды.
Қазақстан АӨСШК құру туралы идеяны
ұсынушы ғана емес, осы идеяны іс-жүзіне
асырушы мемлекет. Бұл еліміздің ұйым
төрағалығына екі мерзімге яғни 2002-2006
жылдардағы (бірінші мерзім) және 2006-2010
жылдардағы (екінші мерзім) сайлануынан
да көрінеді. Бүгінгі күні еліміз АӨСШК-тің
2010 жылы өткізілетін ІІІ Саммитіне дайындық
үстінде.
ШЫҰ мен АӨСШК тұрақтылық
пен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз
ету жағынан мақсаттары мен міндеттері
ұқсас құрылымдар. Бірақ бұл екі
ұйым бірін-бірі қайталамайды, әрі бір-біріне
қайшы келмейді. Керісінше Азиядағы
қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесін
толықтырып отыр. Егер Шанхай ынтымақтастық
ұйымы оған мүше мемлекеттердің нақты
құқықтары мен міндеттемелеріне
негізделген бірлестік болса, АӨСШК
өзекті де өткір мәселелерді еркін
талқылауға және оны шешу жолдарын
іздеуге арналған кеңейтілген форум
болып табылады. ШЫҰ мен АӨСШК
Азия құрлығындағы қазіргі заманғы
халықаралық қатынастардағы маңызды
фактор ретінде танылып отыр.
2003 жылғы 19 қыркүйекте
Беларусь, Қазақстан, Ресей және
Украина президенттері Біртұтас
экономикалық кеңістікті ( мұнан
әрі - БЭК) құру туралы келісімге
қол қойды. БЭК Достастық кеңістігіндегі
экономикалық ықпалдастықты жүзеге
асырудың бір жолы. ТМД құрамына
кіретін төрт мемлекет ықпалдастықтың
жаңа деңгейіне көшу туралы
шешім қабылдады. БЭК қызметіне
экономикалық сипат тән. 2004 жылы
20 мамырда БЭК құру туралы заң
күшіне енді. 2004 жылы 24 мамырда Ялтада
БЭК-тың дамуының басым бағыттарын
анықтаған мүше мемлекет басшыларының
кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасының
сыртқы саясат доктринасы және еуразияшылдық
идеясы. Президент Н.Ә. Назарбаевтың
Еуразия идеясының ерекшелігі Елбасының
көрегендігінде – ол жаңа еуразиялық
ықпалдасушылыққа жете зерттелген теория
қажеттілігін де көре білді. Сондықтан
да, 1996 жылы, Еуразия университетін құрар
алдында, Қазақстан Президенті қазіргі
заманға сай «ықпалдастықтың біртұтас
үлгісін» құру үшін халықаралық «Ықпалдастық
– 2000» жобасын іске асыруда ТМД елдерінің
оқымысты-ғалымдарына ұсынды. Таңқаларлығы,
Н.Ә. Назарбаев 2000 жылы дәл есептеп шығарған,
нақ осы жылы іс жүзінде ықпалдастық үдерісінде
айтарлықтай ілгері басушылық байқалды.
ТМД елдеріндегі ахуал 1996-1997
жылдары қарама-қайшылықтарға толы
болды. Соған қарамастан, нақ 1997 жыл
Қазақстанның ұлттық- мемлекеттік болашағын,
өзіндік стратегиясын ұғынуда табысты
жыл болды, сондықтан да – еуразиялық
тұжырымдаманы зерттеп білуде жаңа
қадам жасалынды.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан-2030» Жолдауында көрсетілгеніндей:
еліміздің мүмкіндіктерін пайдалануымыз
қажет, сондай мүмкіндіктердің бірі
«біздің еуразия аймағындағы
тоғыз жолдың торабында орналасқан
жағрафиялық жағдайымыздан шығады»,
және бұны «ғаламдану үдерісі... шешуші
факторлардың бірі ретінде алға шығарды».
Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы
сауда-саттық Жібек Жолы арқылы жүргізілген
болса, тағы бір басы ашық мәселе, «болашақта
да сауда, қаржы ағымы жүйелері және
Еуропа мен Азия арасындағы көші-қон
барған сайын күшейе түспек. Тек
осы себепке байланысты, - деп
атап көрсетті Қазақстан Президенті,
– басқа да көптеген саяси тұрақтандырушы
факторларды айтпағанда, мен еуразия
идеясын алға шығардым, оның стратегиялық
болашағына сенімдімін».
Маңызды мәселе, Н.Ә.
Назарбаев еуразиялықтың мән-мәтінін
кеңейте түсті – енді еуразияның
келелі мәселелер жиынтығы ТМД
елдерін қамтып қоймай, Еуропа
мен Азияның өзара әрекеттестігін
де қамтыды. Қазақстан Президенті
«Еуразия құрлығында түгелдей
тату көршілік, сенім арту қатынастары»
орнатылуы қажеттілігі туралы
мәлімдеме жасады. Қорытындысында,
Қазақстан «әлемдік оқиғалардың
көш соңында қалып қоймайды»,
керісінше, Қазақстан «Еуразияның
белортасында тұрып, тез дами
келе үш аймақтың – Қытай,
Ресей және Мұсылман әлемдерінің
арасындағы экономикалық және
мәдени байланыстарға дәнекершілік
ролді атқарады». Еуразиялықтың
мән-мағынасын түсіндіруде аса
маңызды – приципті және жаңашыл
– қадам, яғни, Қазақстанның XXI ғасырда
жүретін жолына сәйкестігі туралы
1997 жылғы Жолдауында айтылды.
Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей
әр түрлі жол бар: батысеуропалық,
шығыс азиялық, ресейлік, жаңатүркілік.
Осы тұста Қазақстан Президенті
терең қорытынды жасайды: «Біз
– еуразиялық елміз, өзіміздің
тарихымыз, өзіміздің болашағымыз
бар. Сондықтан да, біздің моделіміз
басқалардың ешқайсысына ұқсамайды.
Ол әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін
бойына сіңіреді». Бұл тезистің
тарихи маңызы сонда, бірінші
рет Мемлекет басшысы осындай
жоғары дәрежелі бағдарламалық
құжатта, Қазақстанның еуразиялық
сапасы мен еуразиялық «табиғаты»
туралы қорытынды жасады. Шындығында
да егер тереңдеп келсек, біздің
еліміздің еуразиялық болуы ықпалдастық
шарттарға отырғандықтан емес, еуразиялық
тарихи, геосаяси, экономикалық және мәдени
ерекшеліктерді де бойына сіңірген, бірыңғай
азиялық та емес, еуропалық та емес ел
болғандықтан.