СӨЖ
Н.Назарбаев Тарих толқынында
Қоғамдағы
болып жатқан терең өзгерістерге
байланысты бізді қайтадан тарихқа
үңіліп, сол уақыттан бүгінгі күннің
мәселесінен шығу жолын іздеп
және болашаққа сабақ алуға итермелейді.
Либералдық-демократиялық идеялар
қоғамдық-саяси өмірде елеулі орынға
ие болып отыр. Осыған байланысты қазіргі
таңда тарихтағы отандық либерализмге
және парламентаризмге деген қызығушылық
өте жоғары. Қазақ халқының демократия
идеясының, либерализмнің айнасы ретінде
Қазақстанда ұлттық саяси элитасын
һәм зиялы қауымды танимыз. Бірақ
тағдырдың қаталдығына байланысты
бұл адамдар өз елінің азат болу
және бақытты өмір сүру қалауы, тілегі
немесе үміті үзіліп қалды. «Халық жауы»
деп айыпталып 70 жылға тарих қойнауына
кетті.
Еліміз
алдымен егемендігін жариялап,одан
кейін тәуелсіздікке қол жеткізгеннен
кейін бұрынғы идеялық шырмаулардан
толықтай арылғаннан соң тарихымыздың
«ақтандақ беттерін» қайтадан қарастыру
мүмкіндігі туды. Бұл мәселені зерттеу
біздің ойымызша өзіне белгілі бір
жүелікті және жан-жақтылықты талап
етеді.
Ресей монархиясы
ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап
елде орын алған үздіксіз саяси дағдарыстың
нәтижесінде құлады. Ақпан революциясының
жеңісі саяси жүенің жоғары сатысы-
республикалық құрылысқа көшуге
жағдай туғызып, ұлттық езгінің күш-қуатын
әлсіретуге мүмкіндіктер берді. Осы
кезде жаңа бір билік жүйесі қалыптасып
келе жатқанын сезінді. Билік басына
бірінен соң бірі ауысып, түрлі
ұйымдар ашылып жатты. Әр біруі өзіндік
даму жолын ұсынды. Күрделі саяси
жағдайда немесе саяси орманда адасып
қалмау басты міндетке айналды.
Осындай арпалыс уақытында саяси
күрес аренасына шыққан зиялы
топтардың іс-әрекеттеріне тоқталуды
жөн көрдік, өйткені олардың жасаған
жұмыстарына қарап сол кездің
толық тарихи суретін жасауға
мүмкіндік бар. Әрине зиялы қауып
болып аталуына белгілі себептер
бар; көкірегі ояу, көзі ашық, жоғары-орта
білімдері бар, саяси көз-қарастары
қалыптасқан азаматтар болды. Бұл
төңіректе Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында»
атты кітабында келесідей көрсетеді:
«ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті
нығайту идеясын алға тартқан
рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың
ұлттық идеясые жасау міндетін өз
мойынына алды. Олар қоғамның түрлі
тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен
дәстүрлі дала ақсүектерінің өкілдері
еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында
зиялы қауым қалыптасуының ұрпақттар
эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап
айтқан абзал. Ол тұста ой еңбегімен кәнігі
түрде шұғылдану атадан балаға жұғысты
болып отырған.
Ұлт-азаттық
қозғалысының басшылары Әлихан Бөкейханов
(оқымысты-ғалым, Ресей Конституциялық
демокатиялық партиясы Орталық Комитетінің
мүшесі, І және ІІ Мемлекеттік Думаның
депутаты), Ахмет Байтұрсынов ( ақын,
аудармашы, лингвист, «Қазақ» газетінің
редакторы), Міржақып Дулатов, Жақып
Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев,
Бахытжан Қаратаев, Халел және Жанша
Досмухамедовтер және басқалары
– негізінен Петербург, Мәскеу, Варшава,
Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу
орындары, училищелерінің түлектері»[1.
156 б.].
Олар
өз қызметінің басты мұраты қазақ
халқының ұлттық төлтумалығын сақтау,
сонымен бірге тарихи өткенін
қалпына келтіріп, ұлттық санасын
шыңдау деп санаған[1. 157 б.].Басқа
сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері
сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына
жауап беруге тырысты.
Ә.Бөкейхановтың
төңірегіне жиналған азаматтар
патша үкіметіне оппазицияда
болған кадеттерді үлгі тұтқан.
Бұл екі топтың саяси-қоғамдық,
әлеуметтік-экономикалық көз қарастары
бастапқы уақытта бір-біріне сәйкес
келіп отырды.
Сонымен
1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске
жеткен буржуазиялық-демократиялық
революция нәтижесінде ұлттың өзі-өзі
билеу проблемасын шешу мәселесін
қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық
дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды.
Бірден қазақ зиялылары Уақытша
Үкіметімен тығыз байланыс жасап, сол
арқылы түп мақсаттарын жүзеге асырмақшы
болды. Бұл үкіметке тиген сенімдерінің
негізінде, оның демократиялық бағытта
жасаған қадамдары болды. Мәселен,
сөз бостандығы саяси партиялар
құру, бапасөз бостандығы, халықтың
өз еркін білдіру құқұқтары т.с.с.[2.
25 б.]. Уақытша үкіметтің жергілікті
органдарының әр түрлі дәрежедегі басқару
жүйесінің чиновниктері болып Ғалиасқар
Қуанышев, Балға Құрметов, Біләл
Молдыбаев, Айдархан Тұрлыбаев, Мұхтар
Саматов және басқалары тағайындалды.
Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев
пен Мұстафа Шоқайұлы қазақ халғқының
либералдық-демократиялық оптарының
өкілдері ретінде танылды.[3. 89 б.]. Айта
кететін бір жәйт, дәл осы үш
қайраткер Ақпан революциясы
жеңіске жетісімен қазақ интелегенциясы
өкілдерінен кімдерді, қай орындарға тағайындауды
ұсынып отырды.
1917 жылғы
7 сәуірде кадет Н.Щепкин басқарған
Уақытша Үкіметтің Түркістан
комитеті құрылды. Оның құрамына
басқалармен бірге Ә.Бөкейханов
пен Мұхаметжан Тынышбаев енді.
Көп кешікпей Ә.Бөкейханов Торғай
облысындағы, ал халықшыл О.Шкапский
мен М.Тынышбаев Жетісу облысындағы
Уақытша Үкіметтің комиссарлары
болып тағайындалды. Ал М.Шоқаев,
А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты
қазақ зиялылары Түркістан мен
Қазақстандағы Уқытша Үкіметтің
органдарында жауапты қызметтерге
ие болды[4]. Ә.Бөкейханов өзі басқарған
Торғай өңірінде Уақытша Үкіметтің
шығарған заңдарының орындалуын
талап етті. М.Тыншбаев пен Мұстафа
Шоқайұлы бүкіл Түркістан өлкесіндегі
барлық басқару жүйесінің жұмысын
жолға қойып, оны үйлестіру
ісімен тікелей шұғылданды[4]. Барлық
жұмыстар бір сарынды, ешбір
кедергісіз өтті деп айтсақ
қателесерміз. Өйткені жергілікті
болыстар мен ауылнайлар орнығып
алған жағдайдан айырылғысы келмеді
(бұл заңды құбылыс), сол себепті
қалыптасып келе жатқан жаңа
билік жүйесіне өздерінің қарсылықтарын
білдірді. Соған қарамастан Уақытша
Үкіметтің әкімшілік органдары
1917 жылдың көктем мен жаз айларында
қалыптасу фазасынан өтіп, қалыпты
жұмысын жасау жалғастырды.
Қазақстанда
Уақытша үкіметтің әкімшілік-мемлекеттік
құрылымдары және алғашқы ұлттық
қоғамдық-саяси ұйым қазақ комитеттері
құрыла бастады. Қазақ комитеттерінің
құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен
жаңалық болды. Аталған үкіметтің
өлкедегі ұлттық тірегі болған. Түпкі
мақсаты – ұлттық мақстат-мүддені
қорғайтын, автономиялық мемлекеттік
құрылымға жету жолында қазақ
халқының ұлттық ұйымы ретінде қарастыру
еді[2. 23 б.]. Бұл комитет болашақ
Алаш қозғалысының қайраткерлерінің,
соның ішінде тікелей ұсыныс жасаған,
ұлттық интелегенциясының көпшілік
тыныған жетекшісі Ә.Бөкейханов
және қазақ қоғамының белсенді азаматтарының
бірлескен еңбектерінің нәтижесінде
құрылған. Қазақ комитеттері 1917 жылдың
наурыз айының екінші жартысынан бастап
облыстық, уездік және болыстық деңгейде
құрыла бастады. Қазақ комитеттері
барлық дерлік аймақтарында құрылған[5].
Қазақ комитеттерінің пайда болуын
ғалым М.Қойгелдиев орынды түсіндіреді:
«...Қазақ комитеттері ұлт-азаттық
қозғалыстың ақпан революциясынан
кейінгі кезеңдегі даму нәтижесі,
оның өзінің түпкі, негізгі мақсаты-
мемлекеттік еркіндікке ұмтылысының
табиғи көрінісі, ұлттық мемлекет болуға
жасалған алғашқы қадамдары.»[6. 219 б.]
Түртіп, айта кетсек, барлық облыстарда
Қазақ комитеттері жоғарыдан төмен қарай
құрыла бастайды. Құрылу процесін туралы
хабарларды «Қазақ» газеті таратты. 1917
ж. 17 наурызда Орал қаласында облыстық
комитет құрылды. Алғашқы төрағасы Ғ.Әлібеков
болды. Мүшелері ретінде Д.Көсемғалиев
пен Б.Қаратаевтар аталды[2. 24 б.]. Сол секілді
Семей облыстық Қазақ комитеті 7 наурызда
өлкеде қалыптасқан саяси хал-ахуалға
байланысты шұғыл түрде құрылды. Комитеттің
төрағасына Р.Мәрсеков, төраға серіктері
болып Х.Ғабасов пен И.Тарабаев, қазынашылыққа
Ә.Молдабаев және хатшылыққа Ә.Ермеков
тұрды.[2. 24 б]. Бұдан басқа Ақмола облыстық
Қазақ комитеті (төрағасы алғашқы да Е.Итбаев,
кейін А.Тұрлыбаев), Жетісу облыстық
Қазақ комитеті (төрағасы И.Жайнақов),
Сырдария облыстық Қазақ комитеті
(төрағасы Ә.Көтібаров). 1917 жылдың көктем
айынан бастап Қазақ комитеттері араласпаған
істер болмады десек артық айтпаймыз.
Бұл жағдай, саналы түрде саяси элита қалыптасып,
нақты іс-шараларға көшкенін аңғартады.
Жаңа
билік жүйесін жергілікте жерлерде
орындау, оның даму перспективаларымен
таныстыру тағы да, қазақ зиялы
қауымының мойынына түсті. Ең басты
іс-шара съездер ұйымдастыру. Ә.Бөкейхановтың
тікелей бастамасымен 1917 жылғы көктемде
шақырылған ауылдық, селолық, болыстық
және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің
съезі Торғай облысындағы аса
маңызды оқиға болды. Съезд аяқталғаннан
кейін ауылдық азаматтық комитеттерді
құру ісіне жетекшілік жасау үшін
облыстық басқарма құрған комиссия Ә.Бөкейхановпен
келісе отырып Ахмет Қадырғалиевты
белгіледі[3. 91 б.]. Сонымен қатар, Оралда,
Орынборда, Ақтөбеде, Ташкентте өткен
өазақ съездерінде аграрлық және
ұлттық мәселелер баса назар аударылса,
А.Тұрлыбаев, Е.Итбаев және М.Дулатовтың
басшылығымен Омбыда өткен қазақ
ұйымдарының облыстық съезінде оқу-ағарту,
қаражат (финанс), дін, әйелдер теңдігі
мен земство қызметі жөніндегі
кеңінен талқыланды. Ж.Ақпаев, Ә.Ермеков,
Х.Ғаббасов жетекшілік еткен Семей
облыстық қазақ съезінде әлеуметтік-саяси
мәселелер сөзге тиек етілді[3. 92
б.]. Аталған съездер қабылдаған қаралардың
барлығында дерлік Уақытша Үкіметке
сенім білдіріп, оның «соғысты толық
жеңіске жеткенше» жүргізу жөнінде
саясаты қолдау тапты. Ерекше аталып,
қарастырған мәселелер ауқымды
болған съезд- Орынбор қаласында 1917
сәуірдің 2-8 аралығында өткен съезд.
Бұл съезді дайындап, оны басқаруға
сол жылғы шілдеде құрылған «Алаш»
партиясының жетекшілерінің бірі болған
Ахмет Байтұрсынов белсенді түрде араласты;
съездің жұмысы А.Байтұрсынов, Сейітәзім
Қадырбаев, Уәлихан Танашев, Омар Алмасов
сияқты Алашорда қозғалысының белсенді
қайраткерлерінің ықпалымен өтті және
онда келешектегі «Алаш» партиясының
кейбір бағдарнамалық тұжырымдары оған
қатынасушылардың талқысына түсті, бұл
біріншіден. Екіншіден, бұл съезд қабылдаған
қарарлардың бір ған Торғай облысына қатысты
болған жоқ, олар бүкіл Қазақстандық мәнге
ие болды. Съезге жалпы алғанда 300-ден астам
адам қатысты[3. 93 б.]. Сондықтан да Торғай
оьлыстық қазақтар съезі қабылдаған қарарлар
басқа өңірлеріндегі осындай бас қосулар
үшін белгілі дәрежеде үлгі болды.
Халықты
тыныштандырып, белгілі бір саяси
тұрақтылыққа жұмыс істеген қазақтың
либералдық-демократиялық қозғалысының
жетекшілері 1917 жылдың жазына қарай
Уақытша Үкіметке деген сенімі әлсіреді
Өйткені сайып келгенде Уақытша
Үкімет Қазақстандағы жүргізген
әлеуметтік-саяси мәселелер шешу
саясаты, патша үкіметі кезіндегі
саясатымен пара-пар болды.Мысал
келтіре кетсек, басқа езілген
халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі
билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық
автомия болуы жөніндегі мәселені
мемлекеттік дәреже деңгейіне көтеру
деген үмітті Уақыттша Үкімет аяқ
асты етті[3. 115 б.].
Осы жағдайды
ұлт элитасы дер кезінде түсініп,
жаңа әрекеттер жасауға көшті. Ә.Бөкейхановтың
Кадет корпусына деген көз-қарасы
күрт өзгеріп, партиядан шығып кетеді.
Себептерін Ә.Бөкейханов өзі «Қазақ»
газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсанындағы
256 нөмірінде жарияланған «Мен кадет
партиясынын неге шықтым» атты мақаласында
көрсетеді. Нәтижесінде, Бірінші Бүкілқазақтық
съезді ұйымдастырып, оны 1917 жылы 26 шілдеде
Орынбор қаласында өткізді. Халел
Досмұхамбетовтың төрағалымен, Ахмет
Байтұрсыновтың, Әлмұхамбет Көтібаровтың,
Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың
хатшылығымен өткен съезде 14 мәселе
қарастырылды[4]. Осы мәселелердің ішінен
ең маңызды деп ұлттық автономия,
жер, құрылтай съезіне дайындық және
қазақтың саяси партиясын құры деп
санады. Сонымен толық элитамыз қалыптасып
тәуелсіздік жолына түсіп, азаттық
үшін күресін бастады. Тарих беттерінде
Алаш арыстары деп аталып, Алаш һәм
Алаш орда қозғалысын құрды. Өзгермелі қоғамдық-саяси өмірде
Алашорда қайраткерлері саяси тарих сахнасына
бірінен соң бірі көтерілген Сібір облыстық
советі(Сібір автономиясы, желтоқсан 1917
ж.-қаңтар 1918ж.), Самара құрылтай жиналысы
мүшелерінің комитеті (колуч, маучым-тамыз
1918 ж.), Уфа дерикториясы (қыркүйек-қараша
1918 ж.), Колчак үкіметі(қараша 1918 ж.-желтоқсан
1919 ж.), Кеңес үкіметі(наурыз-сәуір 1918 ж.
және 1919 ж.- наурыз 1920) сияқты ресейлік
саяси күштермен байланыстарында Алаш
автономиясы мен Алашорда үкіметін ресми
мойындатуға алдыңғы кезектегі міндет
етіп қойды.
Осы кезде қазақ зиялылары
басқа да партиялар мен ұйымдарға
бірігіп жатты. 1917 ж. қараша айында Омбыда
«Үш жүз» атты социалистік партия ашылды.
Сонымен қатар жалпы жергілікті жерде
мәдени ағарту жұмыстарымен (сауық кештерін
қою, жазба газет шығару, т.с.) айналысқан
ұйымдарды атап кетсек: Омбыда «Бірлік»,
Қызылжарда «Талап», Ақтөбеде «Жас тілек»,
Павлодарда «Ғылым», Орынборда «Еркін
дала» тағы басқа.
Уақыт призмасынан
қарасақ шынында да ақпан революциясы
Ресей империясының құрамында болған
қазақтар, титульды ұлтпен тең терезе
принципін заңдастырды, олардың
ресми үкімет органдарында қызмет қылуына
мүмкіндіктер тудырды. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
динамикалық түрде дамыды бірақ, империялистік
құрсаудан босанған Ресейлік саяси күштердің
1918-1919 жылдардағы қызметі алғашқы кезеңде
демократиялық сипатта өрбігенмен бірте-бірте
әскери-саяси сипаттағы диктатураға қарай
бет бұрып кетуі ұлттық аймақтардағы,
соның ішінде қазақ өлкесіндегі саяси
күштердің ұлттық-демократиялық бағытты
дамуына жасаған қызметтерің баянды етуге
кедергі болды.
Бүкіләлемдік саяси жүйеге
өзгеріс әкелген осынау кезеңде
зиялы қауым халқының болашағы үшін
қарулы күрес жолында да батыл
қадамдарымен көзге түсті. Елі мен
жері үшін күрескен қиын саяси жағдайда
таңдаған жолынан тайынбай өзіндік
тән қасиеті отаншылдық рухы бар
– зиялы қауымын Қазақ елінің
жауы мен досы мойындағаг. Бір сөзбен
айтқанда, тарих беттерінде шыңдалып,
елеулі орынға ие болғанына көзіміз
жетіп отыр
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы
облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған
ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында
дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының
баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш
пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында
дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан
деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан
бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс
түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты.
Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала
мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті
немерем екі бірдей есімді алып жүрсін.
Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық
әжелер секілді Мырзабала да немересінің
азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек
сіңірді.
Әкесі
– Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде,
Назарбай бидің шаңырағында өмірге
келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі
адам болды. Ол тек қазақ тілінде
ғана емес, орыс және балқар тілдерінде
де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және
орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен
адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы
кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев
1971 жылы қайтыс болды.
Анасы
Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы
Қасық аулындағы молданың отбасында
дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған
әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен
танысады. Ауыл арасында ән салу мен
суырыпсалмалық өнерден оның алдына
түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын
жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге,
сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге,
ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын
оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс
болды.
Жасөспірім
шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы
ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының
бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен
оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын
білетін ағайын-туыстары әкеп берген
кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен
кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында
жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп
жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында
жанған алау маңына түнеген романтикалық
сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде
ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың
берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы
әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін
әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі
ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені
мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың
осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің
мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол,
әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың
наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын
әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.