Наполеон бонапарттың дипломатисы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты осы өр тұлғалы Наполеон билік құрған Франция кезеңінің тарихын пайымдау болып табылады.
Курстық жұмыста мынадай міндеттер қарастырылады:
1. 1799 ж. 18 брюмер төңкерісі.
2. Маренго. Диктатураның нығайюы. Бірінші консулдың заң реормалары. 1800-1803 жж.
3. Англиямен қайтадан соғысу. Наполеонның коронациясы.
1803-1804 жж.
4. Тильзиттен Ваграмға дейін.
1807-1809 жж.
5. Наполеонның Ресеймен соғысы және тақтан түсуі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Наполеон диктатурасының тарихы тереңдете зерттеуді қажет ететін, әлі де болса саралай түсіп дәйектеуді талап ететін күрделі тақырып. Сондықтан осы тақырыпқа бойлап ене түсудің өзектілігі өз мәнін жоғалта қоймайды деп ойлаймын.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................ 3
1-тарау.НАПОЛЕОННЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ
1.1 Наполеон Бонапарттың өмірбаяны
1.2 Дипломатиялық неке
2-тарау. ЕУРОПА ЖӘНЕ ТЕРМИДОРЛЫҚ КОНВЕНТ
2.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары6
2.2 Бонапарттың Италияға жорығы7
2.3 Египет пен Сирияға жорығы………………….. 9
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІС ЖӘНЕ НАПОЛЕОН БОНАПАРТТЫҢ КОНСУЛДЫҚ КЕЗЕҢІ .....................................11
3.1 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс……………………….. 11
3.2 Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Наполеон кодексі................ 12
3.3 Императорлық Франция……………………... 15
3.4 Наполеон Бонапарттың сыртқы саясаты. Европалық саяси картасының өзгерісі.
3.5 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық блокада………… 18
3.6 Коалициялармен соғыс. 1807 ж. Тильзит бейбіт бітімі
3.7 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі ............ 19
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………….................... 23
СІЛТЕМЕЛЕР............................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 211.00 Кб (Скачать документ)

Наполеонның француз буржуазиясының езгісіне бағындырмақ  болған халықтардың, әсіресе Испания  мен Ресей халықтарының, француз әскерлеріне көрсеткен тегеуріні Наполеон империясына аса күшті соққы болып тиді.

Француз жаулап алушыларының басып кіруіне қарсы халық қозғалыстары. XV—XVI ғасырлардағы күшті Испания XIX ғасырдың басында Англия мен Франциядан едәуір артта қалған еді. Испанияда абсолюттік монархия болды. Елді король мен оған жаққан бір топ сарай маңындағы қызметкерлер басқарды. Дін басыларының ықпалы аса күшті болды, халықты күйзелту есебінен бұлардың байлығы арта берді. Елде инквизиция қаһарын төгіп тұрды.

1808 жылы Наполеон әскерлері Испанияға  баса-көктеп кірді. Француз әскерлері Испания жеріне кірген күннен-ақ, онда халық соғысы — герилья — басталды. Испания партизан отрядтарын ұйымдастырып, шетел басқыншыларына қарсы күресті. 180 мың әскерді бастап, Наполеонның өзі Испанияға басып кірді, қылышын жарқылдатып, жолындағының бәрін қырып-жоя отырып, Мадридке кірді. Бірақ партизан соғысының өрті бүкіл Испанияда қаулай түсті.

Көтеріліс жасаған Сарагосаны 1808 жылы француз  әскерлері қоршап алды. Олар сегіз  ай бойы Сарагосаны ала алмады. Қаланың  тұрғын халқы подвалдарға тығылды, қала түгел дерлік өртеніп кетті, ал артиллерия снарядтары түскен үйлердің қабырғаларынан табанда жауынгерлер мылтығын кезеп атты. Әйелдер жауға қарсы әкелерімен, ағаларымен, ерлерімен бірге шайқасты.

Сонымен бірге шаруалардың көтерілістерінен зәресі ұшқан помещиктер интервент француздарды жақтады.

Испан халқының шетел жаулап алушыларына көрсеткен қарсылығы революцияға ұласты. Революциялық жолмен жиналған кортестер (парламент) 1812 жылы Испанияда конституция қабылдады. Король өкіметі сақталып қалды, бірақ ол заңдарды кортестердің келісімі бойынша шығара алатын болды.

Испан революциясы туралы хабар теңіздің ар жағындағы отарларға да жетті, бұл Орталық және Оңтүстік Америкадағы испан отарларының көтеріліс жасауына себеп болды.

1812 жылы Ресейге жасалған жорық. Наполеон Ресейге жорық жасаған жолы, толық апатқа ұшырады. Француз буржуазиясы дүние жүзіне үстемдік етуге тырысып бақты. Ол қуатты Ресейден қауіптенді, сөйтіп Ресейдің күшін Англияға қарсы күреске пайдалану үшін, оны жеңіп алмақ болды. 640 мың адамы бар армияны қаруландырып, Наполеон Ресей жеріне баса-көктеп кірді. Ресейге қарсы соғысуға зорлап жиналған бұл армияда француздардан басқа, неміс, итальян, поляк солдаттары болды.

Соғыстың алғашқы кезінде Ресейдің батыс шекарасында орыс әскерлері аз болды, оның үстіне олар бүкіл шекараның бойына бытырап орналасып жатты. Сондықтан шегінуге тура келді.

Можайскіге  жақын Бородино селосының түбінде  орыс армиясы Наполеонның ңегізгі  күшімен шайқасқа шықты. Бородино шайқасы (1812 жылғы 7 сентябрь) ұзаққа созылған, табан тірескен, шайқастардың бірі болды, бұл Наполеонның басты шайқастарының ішінде тұңғыш рет жеңіліске ұшырағаны еді. Бірақ орыс әскерлерінің резервтері болмады. Сондай-ақ Наполеон бір гвардияны ұрысқа қоспай сақтады және әскерін қосымша күшпен нығайтып отырды, Кутузовка, Москваны жауға қалдырып, шегінуге тура келді. Француз әскерлері Москваны басып алған күннің ертеңінде қалада үлкен өрт басталды. Азық-түлік іздеп, Москвадан сыртқа шықпақ болған француздарға орыс әскерлері бас көтертпей, соққы берді. Француз әскерлерінің Москвадан шегінуіне тура келді.

Наполеон  Ресейдің Оңтүстігіндегі азық түлігі мол облыстарға карай Калуга жолымен шегінбек болды. Бірақ орыс әскерлері Малоярославец түбінде Наполеон әскерлерінің алдынан шығып, жолын бөгеді. Малоярославец сегіз рет қолдан-қолға көшті, ең ақырында Наполеон Калуга жолын Кутузов бастаған 80 мың солдаты бар орыс армиясы бітеп тастағанын білді. Наполеонға Смоленскіге карай француз әскерлері тып-типыл етіп, түк қалдырмай тонап кеткен жол бойымен шегінуге тура келді. Француздардың соңына түсе отырып, орыс армиясы мен партизандар оларға өлтіре соққы берді. Қыс түсіп, аяздың қысуы Наполеонның армиясының қалғанының қырылуын тездетті.

Наполеон  соғыстан ұтылғанын көріп, қырылып  жатқан армиясының қалғанын тастады да, күймемен Германияны басып өтіп, 12 күнде Парижге жетті. «Армия қайда?»—деп сұрады одан жұрт. «Армия жоқ», — деп жауап берді ол, Наполеонның зор армиясын орыс халқы, ұлы колбасшы, тамаша патриот М.И. Кутузов бастаған қаһарман армия түгелімен құртып жіберді.

Француз әскерлерінің Ресейде жеңілуі француз империясының күш-қуатын талқандауда зор роль атқарды.

1812 жылғы шетел шапқыншылығына қарсы  жүргізілген соғыс тарихқа әділетті, Отан соғысы болып енді. Шаруалар  армия қатарында ерлікпен күресті,  партизан отрядтарына қосылды.  Бірақ халық шетел жаулап алушыларынан  отанды азат ету үшін құрбан болып жатқан кезде, патша мен помещиктер өз өкіметін аман сақтап қалып, оны күшейте беруге ұмтылды. Кутузов партизан қозғалысын қуаттаса, патша мен помещиктер оның өрістей түсуіне бөгет жасады.

Орыс  әскерлерінің шетелдік жорығы. Өз өкіметін сақтап қалмақ болып, Наполеон жаңадан жиналған, үйретілмеген адамдардан жаңа армияны әзер дегенде құрды. Бұл кезде Германияны Наполеон езгісінен азат еткен орыс армиясы Берлинге кірді, бұларды халық құшақ жайып қарсы алды. Наполеонның Ресейде жеңілуімен және орыс армиясының Берлинге кіруімен байланысты, онда француз басқыншыларына қарсы ұлттық қозғалыс күшейе бастады. Француздардың асығыс жиналған жаңа армиясы 1813 жылы Лейпциг түбіндегі төрт күнге созылған «халықтар шайқасында» тағы жеңілді. Мұнда француз әскеріне қарсы Ресейдің, Пруссияның, Австрияның, Швецияның әскерлері шайқасты. Шегінген француздар ұзамай-ақ қашуға айналды. Лейпциг түбінде 100 мыңнан астам адам өлді, оның 60 мыңы француздар еді.

1814 жылдың 1 январына қараған түні одақтастар армиясы Францияның шекарасынан өтті, сонан соң марттың аяғында Парижге барып кірді.

Наполеонды  еріксіз тағынан тайдырды. Ол Корсика  мен Апеннин түбегінің аралығындағы 223 шаршы километрлік кішкентай Эльба аралына жер аударылды. Наполеонды Эльба аралының билеушісі етті, тіпті оған мың солдат қалдырды.

Францияда Бурбондардың өкіметін қайта орнату. Одақтастардың қаруының күші арқасында Францияда революциядан бұрын патшалық құрған Бурбондар династиясының өкіметі қайта орнады. Өлтірілген король XVI Людовиктің інісі XVIII Людовик король болды. Одақтастардың талабы бойынша Франция шамамен революциядан бұрынғы шекарасына қайтарылды. Помещиктер мен поптар жаппай террор жасады. Францияға оралғаннан кейін, дворяндар мен шіркеу қожалары Бурбондарға революция кезінде кәмпескеленген жерлерін қайтарып беру туралы сөз ете бастады. Бұған жаңа меншік иелері — шаруалар мен буржуазия — наразы болды.

Бурбондарға деген өшпенділіктің күштілігі  соншалық, Наполеон өкімет билігін тағы да басып алды. Ол Францияның оңтүстігіне келіп түсіп, Парижге шұғыл бет алды. Қарсы жіберілген әскерлер Наполеон жағына өтіп жатты. XVIII Людовик семьясымен Бельгия шекарасына қарай қаша жөнелді. 1815 жылы 20 мартта Наполеон Парижге келіп кірді.

Өкімет  билігін екінші рет қолына алған  Наполеон оны бар болғаны жүз-ақ күн ұстап тұра алды. Наполеон империясының қайта орнауынан үрейленген одақтастар оған қарсы тағы да армия аттандырды. Брюссельге жақын жердегі Ватерлоо түбіндегі ең соңғы үлкен шайқаста, ағылшын-пруссия әскерлері 1815 жылы 18 июньде Наполеон әскерлерін біржолата күйретті.

Буржуазияның кейбір саяси қайраткерлері Наполеонға халық бұқарасын жәрдемге шақыруды, шаруаларға «1793 жылғы якобиншілдердің етігін кигізіп», революцияшыл, якобин ұрандарымен күреске көтеруді ұсынды, бірақ Наполеон одан бас тартты. Наполеон тұтқын ретінде оңтүстіктегі алыс жатқан әулие Елена аралына жөнелтілді. Сонда ол 1821 жылы өлді.

Францияға тағы да өкімет басына Бурбондар династиясынан  король келді. Европада реакция дәуірі, дворяндар өкіметі мен олардың  артықшылығының қайта орнау дәуірі, алдыңғы қатардағы қоғамдық қозғалыстар мен идеяларды тұншықтыру дәуірі орнады. 

ҚОРЫТЫНДЫ

Наполеон  керемет есте сақтау қабылеті және жұмыс істеу қабылеті де жоғары болатын. Ол әскери дарынды және мемлекетті басқарудың данышпаны еді. Осы бір сонау антикалық мүсіндерден қайтадан тірілгендей сымбатты, кішкентай бойлы адам әрі дипломаттық, артистік дарыны болатын. Қазіргі кезде психологтар мен саясаткерлер ондай билік басындағы адамды харизматикалық көшбасшы деп те жүр, иә ол соның тап өзі еді. Осы бір сұр сюртукті және үшбұрышты бас киімді жан тарихта аты қалып өзі билік еткен кезеңге өз атын берді. Францияның бірінші империясы 1812 жылға дейін сақталды. Сол жылы Наполеон көп жеңістерден кейін Ресейден жеңілді. Сөйтіп ол құрған империя тұрақсыздау болып шығып, оның трагедиялық тағдыры өз дәуіріндегі адамдарды терең толғандырып сол кезеңдегі гүлдене түскен романтизм бағытындағы мәдениетке үлкен септігін тигізді. Наполеонның жүргізген ұрыстары әскери оқулықтарға кірді. «Наполеон құқығы» қазіргі заманғы батыстық демократияның азаматтық нормаларының негізін құрайтындығын баса айтып өтуімізге болады. Қайтадан өкімет басына келген Бурбондар монархиясы Наполеон бекіткен революция жеңістерін жойып жібере алмады.

Франция ХVІІ ғасырдың екінші жартысында шексіз монархия бола отырып, Батыс Еуропаның ең қуатты мемлекетіне айналды. Франция аграрлық мемлекет болса да, онда капиталистік тәртіп ХVІ ғасырда пайда болып, ХVІІ ғасырдың аяғында нығайды.

Жаңа  өндірістік қатынастардың қорғаушысы үшінші сословие деп аталатын. Дін  басылары мен дворяндар халықтың 1 пайызын құрайтын. 26 миллион адамның ішінде тек қана 270 000 дворян болатын. Олар Франция жерлерінің бестен үшіндей еді және салық төлеуден босатылған болатын. Мемлекеттік аппараттың жоғарғы қызмет орындары осы екі топтың қолына жинақталды.

Франция елінің ең маңызды  құқықтық құжаты «Адам және азамат құқығы Декларациясы». Кейін 1791, 1795 жылдары екі Конституция қабылданды. 1799 жылы Наполеонның Конституциясы қабылданды, ал оның империясы 1914 жылға дейін сақталғаны белгілі. Ол мемлекетті басқарған кезде Францияның буржуазиялық құрылысы нығайып, күшейе түсті. Заң шығару жұмысына Наполеон көп көңіл аударды. Ол Францияны басқарған кезде 1804 жылы Азаматтық кодекс, 1808 жылы Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1810 жылы Қылмыстық кодекс пен Сауда кодекстері қабылданды. Осы кодекстердің ішінде маңызы күшті нормативтік құжатқа Азаматтық кодекс жатады. Ол римнің конституциялық жүйесі негізінде жасалған. Оның ішкі құрылысы сол институциялар сияқты тұлғалар, заттар, міндеттемелер деп бөлінеді.

 

СІЛТЕМЕЛЕР

 

  1. www.wikipedia.kz
  2. http://kzdocs.docdat.com/
  3. http://ikitap.kz/
  4. drevnijmir.ru/fo/ljudi/7_2/248.php

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ришелье.  Оливер Кромвель. Наполеон I. Князь  Бисмарк: Биогр. очерки. — М.: Республика, 1994.

2. Манфред  А. 3., Наполеон Бонапарт, М., 1971;

3.  Стендаль Наполеон, М., 1963.

4. Тарле Е. В., Наполеон. Соч. т. 7, М., 1959;

5. Левицкий Н. А., Полководческое искусство Наполеона, М., 1938.

6. Толстой Л.Н., Война и мир. В 4-х томах. М., 1972. (қазақша аудармасы Л.Н. Толстой  «Соғыс және бейбітшілік» Алматы, 1963-1967жж.)

7. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., оқу-әдістемелік құрал, Алматы, 2004 ж., 122-154 б

8. Шетелдердің  мемлекет және құқық тарихы. Мұхтарова А.Қ., алматы, 2005 ж., 228-288 б

1 Тарле Е. В., Наполеон. Соч. т. 7, М., 1959; Манфред А. 3., Наполеон Бонапарт, М., 1971; Левицкий Н. А., Полководческое искусство Наполеона, М., 1938. Стендаль Наполеон, М., 1963.

2 Л.Н. Толстой Война и мир. В 4-х томах. М., 1972. (қазақша аудармасы Л.Н. Толстой  «Соғыс және бейбітшілік» Алматы, 1963-1967жж.)




Информация о работе Наполеон бонапарттың дипломатисы