Наполеон бонапарттың дипломатисы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:23, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты осы өр тұлғалы Наполеон билік құрған Франция кезеңінің тарихын пайымдау болып табылады.
Курстық жұмыста мынадай міндеттер қарастырылады:
1. 1799 ж. 18 брюмер төңкерісі.
2. Маренго. Диктатураның нығайюы. Бірінші консулдың заң реормалары. 1800-1803 жж.
3. Англиямен қайтадан соғысу. Наполеонның коронациясы.
1803-1804 жж.
4. Тильзиттен Ваграмға дейін.
1807-1809 жж.
5. Наполеонның Ресеймен соғысы және тақтан түсуі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Наполеон диктатурасының тарихы тереңдете зерттеуді қажет ететін, әлі де болса саралай түсіп дәйектеуді талап ететін күрделі тақырып. Сондықтан осы тақырыпқа бойлап ене түсудің өзектілігі өз мәнін жоғалта қоймайды деп ойлаймын.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................ 3
1-тарау.НАПОЛЕОННЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ
1.1 Наполеон Бонапарттың өмірбаяны
1.2 Дипломатиялық неке
2-тарау. ЕУРОПА ЖӘНЕ ТЕРМИДОРЛЫҚ КОНВЕНТ
2.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары6
2.2 Бонапарттың Италияға жорығы7
2.3 Египет пен Сирияға жорығы………………….. 9
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІС ЖӘНЕ НАПОЛЕОН БОНАПАРТТЫҢ КОНСУЛДЫҚ КЕЗЕҢІ .....................................11
3.1 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс……………………….. 11
3.2 Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Наполеон кодексі................ 12
3.3 Императорлық Франция……………………... 15
3.4 Наполеон Бонапарттың сыртқы саясаты. Европалық саяси картасының өзгерісі.
3.5 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық блокада………… 18
3.6 Коалициялармен соғыс. 1807 ж. Тильзит бейбіт бітімі
3.7 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі ............ 19
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………….................... 23
СІЛТЕМЕЛЕР............................................................................................24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой.doc

— 211.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОНМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Халықаралық қатынастардың жаңа заман тарихы пәні бойынша

Тақырыбы: «Наполеон Бонапарттың дипломатиясы»

Орындаған: МО-21к топ

 студенті         Даниялқызы М.

Ғылыми жетекшісі:      ф.ғ.к.,Егизбаев С.Қ.

Қарағанды-2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Тарих – халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалады да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетеді.

Ал  біздер қалам тартып отырған Францияның кезеңі бүгіндері француздар аңсап  еске алатын, ардақтайтын кезеңі деп  айтуымызға болатын кезең. Бұл кезеңде  тарихтың желкеніне өзінің атын жазып, мәңгілікке құлаш ұрған Наполеон Бонапарттың билік еткені бәрімізге мәлім. Бонапартты біреулер диктатор, енді біреулері антихрист атандырса, француздар үшін әлемді жаулауға талпыныс жасаған, әрі бүкіл Европаны өз солдаттарының табанына таптатқан Наполеон Бонапарт ұлт мақтанышы деуге болады. Оның өз мемлекеті үшін сіңірген еңбегі де ұшан теңіз десек жаңылыса қоймаймыз. Наполеон тұлғасы атақты Шыңғыс хан, Әмір Темір, Александр Македонский, Юлий Цезарь тәрізді әлемді жалғыз адам билеу керек деп ойлаған, саналы өмірлерін осы идея үшін сарп еткен тарихи тұлғалармен иық тіресіп тең тұрғанын байқаймыз.

Ақсүйектер  отбасынан шыққан. 1785 жылға дейін Бриен және Париж[1] әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 – 94 ж. революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жасар Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 ж. Италияғажорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Египетке жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 ж. 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемл. төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж. 18 мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 ж. француз банкін құрды. Мемлкеттің қуатты арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді. Әскери өнер саласында рев. Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана білді. Оның әскери қағидасы: “сан жағынан әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру” болды. 1804 жылға дейін республика атын жамылып келген диктаторлық өкіметті буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған ұлттық уәкілдікті сайланып қойылатын басқару жүйесін жойды.

1793 жылғы төңкерісте өзін таныта алған Бонопарт халықтың алдында беделі күшейіп өзі генерал атағын алды. Ал 1799 жылы буржуазияның көмегіне арқа сүйей отырып сыбайлас жемқорлықтан іріп-шіріген Директорияны қуып шығып өзі билік басына келді.

Бонопарттың маңызды әрі дұрыс саясатының бірі ол революцияның жеңіп алған мүдделерін сақтап қалуы болып табылады. Ол өмірінің соңында Әулие Елена аралында ағылшындардың тұтқыны болған икезінде өзіне біткен турашылдықпен және қысқа да нұсқа былай деген болатын: «Мен революция мүдделерін сақтап қалдым. Бұл менің күшімнің арқауы болды. Мен мүдделерді сақтап қалып және теорияны аластаттым.»

Осы  бір  адамның  ғажайып  тағдыры  туралы талай роман,  өлең-жырлар жазылып, ғылыми  зерттеулер  жүргізілген.

Бұл курстық жұмысты жазу барысында Е.В. Тарленің, А.3.Манфредтің, Н.А. Левицкийдің атақты француз жазушысы Стендальдің Наполеон Бонопарттың өмірі туралы жазған кітаптарын қарап шықтым1. Сонымен қатар бұрын өзім оқыған Л.Н. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпопеясындағы Наполеонның суреттелуіне де назар аудардым2. Францияның осы бір кезеңдегі тарихының әсері көршілес жатқан Ресейге мол болғаны бізге мәлім, сондықтан бұл жайындағы кітаптар ұшан теңіз десе де болады. Әрине, көбінесе Наполоенды бір жақты етіп көрсетуге тырысқан әдебиеттер де аз емес, дегенмен жоғарыда біз атаған класикалық туындылардың өзі де Наполеон бейнесінің сонау кеңес кезінде де дұрыс сомдалғанын байқаймыз.

Курстық жұмыстың мақсаты осы өр тұлғалы Наполеон билік құрған Франция кезеңінің  тарихын пайымдау болып табылады.

Курстық жұмыста мынадай міндеттер қарастырылады:

1. 1799 ж. 18 брюмер төңкерісі.

2. Маренго. Диктатураның нығайюы. Бірінші консулдың заң реормалары. 1800-1803 жж.

3. Англиямен  қайтадан соғысу. Наполеонның коронациясы.  
1803-1804 жж.

4. Тильзиттен  Ваграмға дейін.  
1807-1809 жж.

5. Наполеонның Ресеймен соғысы және тақтан түсуі.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Наполеон диктатурасының тарихы тереңдете зерттеуді қажет ететін, әлі де болса саралай түсіп дәйектеуді талап ететін күрделі тақырып. Сондықтан осы тақырыпқа бойлап ене түсудің өзектілігі өз мәнін жоғалта қоймайды деп ойлаймын. 

1-тарау: НАПОЛЕОННЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ

    1. Наполеон Бонапарттығң өмірбаяны

Наполеон  Бонапарт 1769 ж. 15 тамызда Аяччо (Карсика  аралында) дүниеге келген. Заңгер Карло  Буанопарте мен Летиция Ромалино отбасының екінші ұлы. 1768 ж.  генуэықтар Карсиканы иелену құқығын Францияға сатып жібереді. Карло Буонапарте Паскуале Паоли бастаған аралдың тәуелсізді үшін күреске белсенді қатысты. Бірақ бұл қозғалыстары сәтсіздікке ұшырап Карсика аралы сатылғанна кейін Карло француздық тәртіпті қолдайды. 1771 ж. он бесінші Людовик құрмет ретінде дворндық толық құқығын берді.

XVI  Людовик кедейленген дворяндық  отбасынан шыққан балаларға тегін  оқу туралы жарлық шығарды.  Карлоның балалары, Наполеон да, бұл мүмкіндікті қалт жібермеді. 1779 ж. Оттен колледжында бірнеше айлардан бойы француз тілін шыңдаумен өткен Наполеон кейін Бриен әскери академиясына түсті. Өзінің ебедейсіздігі үшін қатарластарының арасында күлкі болғанымен ол карсикандық патриотизм мен француздық қуғыншыларға деген жек көрушілігін насихаттады. Басында оны теңіз қызметі қызықтыратын, бірақ кейін артиллерияны таңдады. 1784 ж. Наполеноды Париждық Әскери мектепке ауыстырды. Банопарт өзін орта деңгейдегі оқушы ретінде көосетіп, 130 оқушының арасынан 42-ші болып бітірді. Артилерияның кіші лейтенант атағын алған Наполеон оңтүстік Франциядағы Валанс жеріне жіберілді.

Руссо көзқарасын ұстана отырып, Наполеон өзін ең алдымен аристократ ал содан кейін жауангер деп санады. Кеінгі 10 ішінде Наполеон Карсикада бірде Паолиға қарсы шығып, бірде онымен жақтас болып қызметінде көтерілді. 1793 ж. маусымында барлығы шешілді. Паолисттар ізіне түскен Наполеон Карсикдан кетіп, Францияға адалдығын дәлелдеді.

1792 ж. 10 тамызда  XVI Людовик тақтан кеткен кезде, Француздық түрмелерде көтерілістер басталған уақытта да Наполеон Парижде болды. Контрреволюционерлермен теңіздік базаға айналған Пулон блокадасын жаулап алуға арналған әскердің құрамына шақырылды. 17 желтоқсанда Пулон қолға түсті.

24 жасында  Наполеон бригада генералы болды. Оны Италияда орналасқан әскерге жіберіп, Генуяға құпия мақсатпен аттандырды. Нақты саяси идеологиясы болмаған Наполеон, өздерін Руссоның шәкірттері деп санаған билікте отырған якобиншілермен достық қарым-қатынаста болды. Максимельянның ағасы Огюстен Робеспьермен де дос болды. Тақтан кеткен кезде (1794 ж. 23 маусымында) Наполоне күдіктілер қатарында болып,  тұтқындалды. Бірақ 20 тамызда оны қайта қалпына келтіріп, Ұлыбритания королі ІІІ Георг қарамағында болған Паолиға (Карсика аралы) экспедициға жіберді.

Паолистерді биліктен тайдыруда сәтсіздікке ұшыраған Наполеон, Парижге оралып, Батыс  Францияда орналасқан Вандеядағы көтерілісті  басатын әскерді басқарды. Ол бұл қызметте өзін жоғары көтере алмады және оның жоспарына кірмеді, сондықтан денсаулығының нашарлығын сылтау етіп,  қызметтен кетуге өтініш жазды. Наполеонға әскери бөлімнің типографиялық бөлімшесінен қызмет тауып берді.

Роялистердің  көңілінен шықпаған бұл бұйрық Парижде (1795 ж. 5 қазанында) термидорлықтардың  көтерілісіне алып келді. Көтеріліс басшысы Баррас әскери күшінің жетіспеушілігін түсінді. Әскерлердің үміткерлерін қарастыра отырып, Баррас Наполеонға өзінің ақылдығы мен жылдамдығын көрсетуге жақсы мүмкіндік берді. Наполеон көтерілісшілердің сезімдерін түсінді, бірақ оларлың белгілі бір  мақсаттары жоғын да аңғарды. Қызмет жолының соңына дейін Наполеон «тәртіп» пен «пайданы» ғана көрген орта класс өкілдерінің үміті болды. Бірақ Бонапарт адамзатты қалай жек көрсе, оларды да солай жек көрді. Наполеон ескі қатал тәртіпке емес сол көтерілісшілерге адал болды. Осы уақыттан бастап Наполеое Буонапарте (Napoleone Buanoparte) емес Наполеон Бонапарте (Hapolon Bonoparte) деп жаза бастады. Ол француз болды, кейін өзін Франция  ол –мен деп санады.

Дипломатиялық неке

Наплеон ұзақ уақыт ойланып, ақыры бірінші әйелі Жозефинамен ажырасуға бел буды. Екеуінде ортақ бала болмағандықтан, тақ мұрагерлінің болғанын қалап, ол туралы ой императорды іштей мазалап жүрді. Жаңадан отбасы құру арқылы Наполеон бір оқпен екі қоянды атпақшы болды: басты арманы әке болу және монархтар деңгейіне көтеріліп, олармен теңесу. Сол себепті оның таңдаған жары патша отбасынан «көгілдір» қанды болуы тиіс еді. Наполеон орыс императоры І Александрдың қарындасы Анна Павловнаға сөз айтып көріп еді, бірақ нақты жауап ала алмады. Оның есесіне австриялық император І Франц өзінің қызы 18 жасар ханшайым Мария-Луизаны Наполеонға айттырды және Наполеон өзінің таңдауын осы қызға тоқтатты.

Мария-Луиза  өте қатал тәрбиеленді: ешқандай балдарға, театрларға бармады, қымбат киім-кешек, асыл тастар, бұйымдар да тақпады. Өмір сүру салты да қатты болды. Қыдырып, көңіл көтерудің орнына ол- құстарды бағып, гүл өсірумен айналысты. Оған түрлі тілдерді, музыканы және сурет салуды үйретті, бірақ өз бетімен ойлап, шешім қабылдауды үйретпеді. Себебі, ханшайымның міндеті әкесінің тілін алу, оның айтқанынан шықпау, ал кейін күйеуіне бағынышты болу. Оны басынан-ақ, кішкентайынан тұрмысқа шығуы міндетті түрде мемлекетті пайдасы үшін болатынына моральды түрде дайындай бастады.

1813 ж. Наполеон Мария-Луизаны салтанатты түрде императрица, патшайым және империяның регентшасы деп жариялады. Ендігі жерде оның атынан жарлықтар қабылданды, қайырымдылықтар жасалды, жоғарғы орындарға тағайындалулар жасалды. Әрине, бұл шешімдерде саси көзқарастар да болды. Наполеон бұл жарлығымен өз тағының қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келгендей, Еуропа елдерінің мемлекет басшылары өздерімен шыққан императрицаға қарсы келмес деп ойлады.

2-тарау. БИЛІККЕ БАРАР ЖОЛДА

  2.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары

1795 жылы әскерлері шабуыл жасап келген Франция Пруссиямен бітім жасасты. Бұл бітім бойынша Франция революция кезінде армияның қолы жеткен жеңістерінің жемісіне ие болды. Рейннің сол жақ жағалауындағы француз әскерлері басып алған жерлер Францияда қалды. Солай болғанымен Пруссиямен бітім шарты жасалғаннан кейін де Австрияға, Англияға қарсы соғыс тоқталған жоқ. Бұл соғыста  жас генерал Бонапарт ерекше көзге түсті.

Наполеон  Бонапарт 1769 жылы Корсика аралында туды, бұл арал Наполеон туардан  үш ай ғана бұрын Францияның қарамағына көшкен болатын.

Наполеонның әкесі адвокат, кедейленген дворян еді, ол баласын Францияда оқытпақ болды. Наполеон Бриенна дейтін шағын қаладағы әскери училищеде оқиды. Тұйық, икемсіз, француз тілін жөнді білмейтін кішкентай Наполеонға жолдастарының назары ауды. Оның корсиканша бұрмалап сөйлеуіне күліп, жолдастары оны мазақтайтын еді. Он бес жасқа келгенде ол Париждегі әскери училищеге ауысып, оны үздік бітірді. Әсіресе математикадан, тарихтан ерекше жақсы білім алды. Жас Бонапарт баллистика жөнінде, яғни оқтың ұшу заңдары жөнінде, арнаулы еңбек жазды.

1785 ж. октябрьде  артиллерия кіші лейтенанты шенінде әскер қатарына жіберілді. Француз ағартушыларының озық идеялары рухында тәрбиеленген Наполеон I Ұлы француз революциясын қызу қарсы алды. 1792 ж. Якобиншілдер клубына енді.

1793 жылы Тулонды  қоршауға алған кезде, Бонапарт артиллерияны өзі жасаған схема бойынша орналастырып қойды. Атыс сәтті болып шықты, ағылшын интервенттері талқандалып, Тулон алынды. Монархист бүлікшілер мен ағылшын интервенттерінен Тулонды азат ету жоспарын жасағаны үшін 24 жастағы капитан Бонапартқа Конвент бригада генералы атағын берді. 1795 жылы Бонапарт артиллериядан шүйілте оқ жаудырып, Парижде бүлік шығарған монархистерді талқандады. 1795 ж. Париждегі монархистер бүлігін басуда тапқырлық көрсетіп, көп ұзамай Париж гарнизонының қолбасшысы болып тағайындалды. Осыдан кейін Бонапарт австриялықтарға қарсы жорық жасамақ болған армияның бас қолбасшысы болып тағайындалып 1796 ж. Солтүстік Италияға жіберілді.

 2.2 Бонапарттың Италияға жорығы

Бонапарт  аса зор, алысқа сілтейтін жоспарды ойлап тапты. Ол бүкіл Европа мен  Шығысты француз буржуазиясына  жаулап алып беру үшін Италияны плацдарм жасауға ұйғарды да жоспарды іске асыруды қолға алды.

Жорыққа аттанар алдында, Бонапарт солдаттарға  Италияны сендердің тонауыңа берем деп уәде етті. «Солдаттар! — деп жазды Бонапарт езінің бұйрығында,— сендердің киім-кешектерің жұпыны, аш құрсақ жүрсіңдер. Мен сендерді дүниедегі ең шұрайлы бай елдерге алып барамын». Сонымен бірге Бонапарт екінші бір бұйрығында: мен Италияға, оның халқын австриялықтардан азат ету үшін және оларды феодалдық үкіметтердің езгісінен құтқару үшін бара жатырмын деп жалған айтты.

Бонапарттың әскерлері Италия жеріне екпіндей басакөктеп кірді. Австриялықтар жеңілген үстіне жеңіле берді. Генерал Бонапарт Италия жеріне аттап басқаннан-ақ оның Италия халқын азат ету үшін соғыспақшымын деген сөзінің жалғандығы барша жұртқа айқын болды. Австрия үстемдігінің орнына Франция үстемдігі орнады. Әділетсіз және жаулап алу соғысын жүргізген Бонапарт халыққа әрқашан өшпенділікпен қарады, оны жек көрді. Наполеон Бонапарт итальяндарды талан-таражға салып тонады. Италиядағы халық қозғалысын аяусыз талқандады.

Бұған мысал ретінде мынаны айтуға болады: қаһарына мінген Бонапарт бір қаланың бүкіл халқын бағынбағаны үшін қырып тастауға бұйрық берді, ал оның солдаттары тұрғындарды найзасымен түйреп шықты да қаланы өртеп жіберді. Ал Бонапарт өзінің солдаттарына Италияның басқа бір қаласын 24 сағат бойы талауға берді. Жергілікті тұрғындар өлтірген француз солдаттарының өлігі қай деревняға жақын табылса, сол деревняны Наполеон өртеуге бұйрық берді. Италияда Наполеон Бонапарттың армиясы зеңбіректер мен қару-жарақтарды және толып жатқан азық-түлік пен ат жемін басып алды. Жаулап алынған жерлерінде ақшалай миллиондаған контрибуция төлеуге мәжбүр етті. Бонапарт музейлердегі қымбат мүсіндер мен картиналарды, шіркеу мүліктерін, бриллиант пен алтынды тонап алып, мұның бәрін Парижге жөнелтіп жатты.

Информация о работе Наполеон бонапарттың дипломатисы