Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:23, курсовая работа
Краткое описание
Курстық жұмыстың мақсаты осы өр тұлғалы Наполеон билік құрған Франция кезеңінің тарихын пайымдау болып табылады. Курстық жұмыста мынадай міндеттер қарастырылады: 1. 1799 ж. 18 брюмер төңкерісі. 2. Маренго. Диктатураның нығайюы. Бірінші консулдың заң реормалары. 1800-1803 жж. 3. Англиямен қайтадан соғысу. Наполеонның коронациясы. 1803-1804 жж. 4. Тильзиттен Ваграмға дейін. 1807-1809 жж. 5. Наполеонның Ресеймен соғысы және тақтан түсуі. Курстық жұмыстың өзектілігі: Наполеон диктатурасының тарихы тереңдете зерттеуді қажет ететін, әлі де болса саралай түсіп дәйектеуді талап ететін күрделі тақырып. Сондықтан осы тақырыпқа бойлап ене түсудің өзектілігі өз мәнін жоғалта қоймайды деп ойлаймын.
Содержание
КІРІСПЕ................................................................................................ 3 1-тарау.НАПОЛЕОННЫҢ БИЛІККЕ КЕЛУІ 1.1 Наполеон Бонапарттың өмірбаяны 1.2 Дипломатиялық неке 2-тарау. ЕУРОПА ЖӘНЕ ТЕРМИДОРЛЫҚ КОНВЕНТ 2.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары6 2.2 Бонапарттың Италияға жорығы7 2.3 Египет пен Сирияға жорығы………………….. 9 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ТӨҢКЕРІС ЖӘНЕ НАПОЛЕОН БОНАПАРТТЫҢ КОНСУЛДЫҚ КЕЗЕҢІ .....................................11 3.1 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс……………………….. 11 3.2 Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Наполеон кодексі................ 12 3.3 Императорлық Франция……………………... 15 3.4 Наполеон Бонапарттың сыртқы саясаты. Европалық саяси картасының өзгерісі. 3.5 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық блокада………… 18 3.6 Коалициялармен соғыс. 1807 ж. Тильзит бейбіт бітімі 3.7 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі ............ 19 ҚОРЫТЫНДЫ…………………………….................... 23 СІЛТЕМЕЛЕР............................................................................................24 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................25
Бонапарт
Австрия шекарасына өтті, сөйтіп ол
өзіне қарсы жіберілген Австрия
әскерлерін талқандап,
Венаға дейін жетті. 1797 жылы Австриямен
жасасқан бітім бойынша Рейннің сол жақ
жағалауы Францияда қалды. Италия «кішігірім»
деп аталған бірнеше республикаларға
бөлінгенімен, іс жүзінде олар Францияға
тәуелді болды. Швейцария мен Голландия
да Францияға тәуелді республикалар болып
саналды. Бірақ Англияға ешкімнің тісі
батпады.
Қалй
дегенмен де 1796—97 жылдардағы Италиядағы
науқан, Кампоформия бітімі (1797) Наполеон
Бонапарттың әскери дарындылығымен қатар оның соғыстың
әлеуметтік мәнін жете білетіндігін, дипломаттық
алғырлығын танытты.
2.3 Египет пен Сирияға
жорық.
Француз
буржуазиясы Англияның неғұрлым осал жеріне
соққы бере отырып, онымен айқасуға бел
байлады. Бонапарт Үндістанға жорық жасауды
ұсынды, ондағы ойы Англиядан «ағылшын
тажының асыл меруерті» болып тұрған Үндістанды
тартып алу болды (1763 жылдан кейін Үндістанда
Францияға тиесілі азғана иелік қалған
болатын). Жорықты Египетті жаулап алудан
бастауды ұйғарылды. «Египетке кім ие
болса, Үндістанға да сол ие болады», —
деді Бонапарт. Бонапарт 1798 жылы майда
30 мың адамы бар армиясымен және артиллериясымен
350 кемеге отырып, Египетке қарай жүріп
кетті.
Түрік
сұлтанына тәуелді
болған Египет пен Сирияға жасалған жорық
сәтті болмады. Арабтар мен копталар (Египеттің
ежелгі халқының ұрпағы) жан ұшыра қарсылық
көрсетті. Осы қарсылық көрсетудің жазасы
ретінде Яффаның бүкіл халқын Наполеонның
бұйрығы бойынша түк қалдырмай қырып салды.
Яффаның түбінде тұтқынға алынған төрт
мың түрік солдатын теңіз жағасына айдап
апарып, бәрін де атып өлтіруге бұйрық
берді. Үздіксіз жүргізілген ұрыстардан,
қатты ыстықтан, оба ауруынан Бонапарт
армиясы әлсіреді. Франциямен байланыс
үзілді. Ағылшындар Абукир түбінде болған
шайқаста француз флотын қирата жеңіп,
француз армиясының Египетке мініп өткен
флотын жойып жіберді.
Осы
кезде Наполеон, Суворов бастаған
орыс әскерлері Италияда француздарды қирата жеңді деген
хабар алды. Франция үкіметінің өз ел ішіндегі
жағдайы да жақсы емес деген хабарлар
келді. Осыдан кейін Наполеон өзінің армиясын
Египетке қалдырып, Директория армиясының
жеңілісі мен А.В. Суворовтың жеңісін сылтауратып,
Египетті қоршап тұрған ағылшын кемелерінің
тізбегін әрең дегенде бұзып өтіп, 1799 жылдың
октябрінде Францияға оралды.
В Италияда
атақты А.В. Суворов басқарған орыс-австрия
әскерлері Наполеонның жеңіп алған
жерлерін қайтарып, тіпті Францияға қауіп
төндірді.
13 октябрде (21 вандемьерде)
1799 ж. Директория Бесжүздік кеңесті генерал
Бонапарт Франциға қайта оралып Фрежюс
маңында кемеден түсті деп хабардар етті.
Бұл хабарды естіген депутаттар ду қол
шапалақтап тұрып алды, мәжіліс үзіліп,
бұл хабарды көшеге шыққан депутаттар
бүкіл Париж халқына жайды. Театрларда,
салондарда, Париж көшелерінде Бонопарт
есімі қайта-қайта айтылып жатты.
16 октябрьде (24 вандемьерде)
генерал Бонапарт Парижге табан тіреді.
Директорияға көп болса үш аптадай әлі
де билік етуге болатындай уақыт қалды.
Бірақ Баррас та, директориалдық режим
әлі де болса әскери диктатураның күні
келгенін байқамаған еді.
Бонопарттың
Францияда Фрежюстен Парижге
дейін жүріп өткені оның тұлғасынан халық «құтқарушының»
бейнесін көргендей болғанын анық байқатты.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК
ТӨҢКЕРІС ЖӘНЕ НАПОЛЕОН БОНАПАРТТЫҢ КОНСУЛДЫҚ
КЕЗЕҢІ
3.1 1799 жылғы мемлекеттік
төңкеріс
Бұл кезде арам ниетті
жылпос саудагерлер мен қазына ұрлаушылар
билеп-төстеген француз буржуазиялық
үкіметі буржуазия арасында беделден
жұрдай болған еді. Буржуазия болат қолын
батырып, монархистерді де, якобиншілдерді
де тұншықтыра алатын, феодалдық коалиция
мен Англияға қарсы соғысты ойдағыдай
жүргізе алатын күшті өкімет орнының болуын
талап етті. Буржуазияға «үміт семсері»
керек болды. Буржуазияның назары Бонапартқа
ауды да, Бонапарт төңкеріс жасауды мақұл
көрді. Париж банкирлері оны ақшамен қамтамасыз
етті.
1799
жылы 18 брюмерде Директория мүшелерін
отставкаға кетуге мәжбүр етті.
Келесі күні ол Заң шығару
корпусын өзіне сенімді әскерлермен
қоршап алды. Депутаттарға өкімет
билігін Бонапарт бастаған үш
консулға беру жөнінде талап
қойылды. Бес жүздік Кеңесі өздерінің мәжілісін
басқа қалада өткізуге құқығы бар болатын.
Осыны сылтау етін, Наполеон Люсьен деген
інісінің сол кеңестің төрағасы болып
тұрғанын пайдаланды да, Сен Клу сарайында
мәжілісін өткізді. Жанындағы төрт гренадермен
бес жүздіктер Кеңесінің мәжілісіне кірді,
депутаттар оған қарсылық көрсетіп, айкайлай
бастады. Наполеон күтпеген реакциядан
есінен танып, құлады. Бірақ жағдайдың
бәрін Люсьен өз қолына алды да, дұрыстап
жіберді, ол Наполеонның әскерлерін залға
шақырды, сөйтіп олар қару қолданып, бес
жүздік Кеңесті таратты.
Кеште
62 депутатгы депутаттық корпустан
шығарды. Өкімет 3 консулдың: Бонапарттың,
Сиестің, Роже Дюконың қолына берілді.
Сөйтіп, 1799 жылы өкімет
билігі ірі буржуазия қойған адамның —
Бонапарттың қолына көшті, ол армияға
арқа сүйеп, ірі буржуазияның мүддесін
қорғайтын әскери диктатура орнатты.
Француз
шаруаларының меншік иесі болып табылатын
бөлігі, феодалдық коалицияға қарсы
соғыста атағы жеңіспен әйгілі болған
Бонапарт, Францияны сыртқы жаулар мен
эмигранттардан қорғайды және революция
кезінде қолға тиген жерді иемденуді қорғай
алады деп үміттенді.
Наполеон
билік басына келген тұста Франция
Автрия және Англиямен соғыс жағдайында
болатын. Жаңа Конститутция бойынша
заң шығару билігі Мемлекеттік кеңес,
Трибунат, Заң шығарушы корпус және Сенат араларында
бөлінген еді, сондықтан бұл қолайсыз
әрі жағдайға тез бейімделе алмайтындай
болатын. Ал Атқарушы билік бірінші консул,
яғни Н. Бонопарттың қолына шоғырланған
еді, ал екінші және үшінші консулдар тек
қана мәжілістік дауысқа ие еді.
3.2 Наполеон үкіметінің
ішкі саясаты. Наполеон кодексі
Жаңа
саяси режимді 1799 жылғы Конституция
бекітті. Бұл Конституцияға өте
қызық сайлау енгізілді. Ол келесі тәртіппеп
өтетін: округ өзінің сайлаушыларының
10-нан 1-ін ғана Коммунаға жіберетін,
Коммуна 10-нан 1-ін Департаментке,
ал Департамент 10нан 1-ін ұлттық тізімге
кіргізетін. Сол тізімге мемлекеттің негізгі
маңызды орындарына сайланатын адамдар
кіретін. Ценздердің арасында тек тұрақтылық
цензі сақталды. Сайлауға қатысу үшін
бір жерде кемінде 1 жыл тұру шарт.
Сенат
25 адамнан тұратын. Олар өмір бойы қызмет
істейді. Сенатор болып 40 жасқа толған
еркек адам тағайындалады. Сенатқа
кандидаттарды үш мемлекеттік орган:
Заң шығаратын Корпус, Трибунат,
бірінші консул беретін.
Сенат
Заң шығару корпусының мүшелерін, трибунат
пен консулдарды сайлады және алынған
заңдарды бекітті.
Заң
шығару корпусы. 300 адамнан тұратын,
олардың бестен бірі жыл сайын
қайтадан сайланып отырды. Заң шығару
процесі өте шиеленіскен және
күрделі жолмен жүргізілетін. Алдымен
заңның жобасын мемлекеттік
Кеңес жазады, содан кейін заң жобасын
трибунат талқылайды, ең соңында заңды
Заң шығаратын корпус қабылдайды.
Атқару билігі
3 консулдың қолына жиналған: 1 консул
заңдарды жариялайды, мемлекеттік Кеңестің
мүшелерін тағайындайды, министрлерді,
өкілдерді, әскер мен флоттың жоғарғы
офицерлерін, жергілікті әкімшілік мүшелерін,
соттағы іс комиссарларын, қылмыстық және
азаматтық сот қызметкерлерін, бітістіруші
сот және кассациялық сот қызметкерлерін
тағайындайды.
Бірінші консул
болып Наполеон тағайындалды, 1802 жылы
Францияда өткен плебисцитге халық оны
өмір бойлы консул етіп сайлады. Ал 1804
жылдан бастап ол Францияның императоры
ретінде таққа отырды. Наполеонның абыройы
Францияда өте жоғары еді. Ол халықтың
революциядан бастап он жыл бойы көрген
өзгерістерден шаршағанын түсінді.
Халық
төңкеріс кезінде алған жерлерін,
ақшаларын, байлықтың басқа түрлерін
феодалдар қайтадан тартып ала ма
деген қауіпте еді. Төңкерістен
шаруалар жер алып, енді оны жоғалтқысы
келген жоқ. Наполеон қалыптасқан жағдайды
терең түсініп жер кадастрлерін
енгізді де, жер иеленушілерге сертификаттар
берді.
Наполеон
құрған мемлекеттік аппарат Францияда
бір ғасыр бойы сақталды. Бұл аппараттың
негізгі принципі мемлекеттік аппаратты
бір орталыққа бағындыру. Наполеон Францияның
әскеріне де көп ықыласын салды. Тәртіп
тірегі император ең жақсы көретін гвардиясы
ветерандардан тұратын. Жарты миллион
қызметкер, жарты миллион солдат осы қорқынышты
организм, бүкіл Франция қоғамының денесін
құшақтан, оны буындырып, оның бүкіл саңылауын
бітеп тастады. Әскерге тек дворяндар
ғана емес, басқа топтардың өкілдері де
алынды, Наполеон солдаттарға жақсы жалақы
төлегені үшін шаруалардың да әскерге
барғысы келді. Басқарудың бәрі бір орталыққа
бағынды, департаменттер округтерге және
коммуналарға бөлінетін. Оларды префект,
супрефект және мэр басқарды. Наполеон
төңкеріс табыстарының бәрін сақтағандай
болды. Бірақ бұл көзқарас Францияны терең
танысқанда басқаша екені анық көрініп
тұрды. Наполеонның басқару әдістері сыртынан
демократиялық сияқты көрінеді, ал негізінде
ол мықты диктатура режимі. Француздар
Он алтыншы Людовикті, оның Мария Антуанетта
деген әйелін гильотинаға жіберіп, өмірінен
айырса, Наполеон өзін император деп жариялады
да, Мария Антуанеттаның Мария Луиза деген
жиеніне үйленді.
Наполеон Бонапарттың ішкі
саясат саласындағы шаралары Наполеон
үкіметінің буржуазия үстемдігін нығайтқанын
толық айқындап берді.
Наполеон
кезінде кіргізілген мемлекет басқару
ісіндегі жаңалықтар күні бүгінге дейін
сақталып қалды. Сол кезеңнен бастап
орта мектептер жүйесі – лицейлер
мен жоғарғы оқу орындары –
Нормальдық және Политехникалық мектептер (университеттер
деуге болады) құрылды, олар бүгігі таңдағы
Францияда ең көрнекті оқу орындары болып
қалып отыр. Наполеон кезінде өте қуатты
полицияның және көп тармақты құпия қызметтің
негізі қаланды.
Төңкерістен
кейін кеп ұзамай-ақ генерал Бонапарт
жаңа конституцияның тексін өзі айтып
жаздырды. Бұл конституция бойынша өкілдік
мекемелер іс жүзінде барлық мағынасын
жойды.
3.3 Императорлық
Франция
Барлық
билікті қолына алған бірінші
консул өзін-өзі мәңгі консул
деп, ал 1804 жылдан бастап «француздардың
императоры» деп жариялады. Францияда
іс жүзінде тағы да монархия қайта орнады,
бірақ енді ол феодалдық монархия емес,
буржуазия билігін жүргізетін буржуазиялық
монархия болды.
Наполеон
Рим папасымен конкордат (келісім)
жасады. Бұл конкордат бойынша
католик шіркеуі Наполеон
үкіметін қолдауға міндетті болды, шіркеулерде:
«О тәңірім, консулдарға (1804 жылдан бастап
— императорға) амандық бере гөр» дейтін
ерекше дұға оқылатын болды. «Менің жандармдарым
мен дін басыларымның арқасында қолымнан
бәрі де келеді»,— деп мәлімдеді Наполеон.
Эмигрант
дворяндарға амнистия (кешірім) берілді,
олардың Францияға қайтуына
рұқсат етілді, оларға сатылып кетпеген
имениелері қайтарылды, бірақ оларға өкімет
тарапынан бақылау қойылды. Аман қалған
якобиншілдерді қатал қуғынға салды, оларды
тұтқынға алды, Франциядан басқа жаққа
жер аударды.
Өз
басқаруының алғашқы қадамынан
бастап-ақ Наполеон буржуазияның мүддесін
көздеп, өнеркәсіпті барынша қолдады.
«Ұлттық өнеркәсіпті мадақтайтын қоғам»
құрылды. Бұл қоғамның ең ірі жарнашылары
Бонапарттың езі, оның чиновниктері мен
генералдары болды. Өнеркәсіп көрмелері
ашылып тұрды. Француз өнеркәсібінің дамуының
Англиямен күресте маңызы зор болды.
1804
жылғы француздық азаматтық кодекс
(Наполеон кодексі).
1804 жылы «Азаматтық
кодексті» құрастыру аяқталды. «Азаматтық
кодекс» заңдардың жүйелі жинағы болды,
мұның ең негізгі міндеті буржуазияның
өз меншігін пайдалануды қамтамасыз ету
болды.
Кодекс
жобасын дайындаумен айналысқан
комисияның құрамына Тронше, Порталис,
Малльвиль, Биго-Преамке сияқты Францияның ұлы заңгерлері
енді. Жоба төрт айдың ішінде жасалды.
1804 жылғы 21 наурыздағы заң барлық 36 титулды
(тарауларды) біртұтас Азаматтық Кодекстің
құрамына біріктірді. 1807 жылдан бастап
ол Наполеон Кодексі деп аталды. Бұл акт
1789 жылғы “Адам және азамат құқықтары
декларациясында” бекітілген келесі
азаматтық-құқықтық қағидаларды одан
әрі дамытқан: заңды теңдік, заңдылық,
құқықтар мен бостандықтардың тұтастығы.
Кодекстің құрылымына рим құқығы әсер
еткен. Ол институциялық жүйе бойынша
құрастырылған.
Кодекс
кіріспелік титулдан және үш кітаптан
тұрған. Кіріспелік титулда заңдарды
жариялау, қолдану және олардың күші
туралы айтылған. Бірінші кітап тұлғаларға,
екінші кітап мүліктер мен меншіктің
түрлеріне, үшінші кітап
меншікті иелену тәсілдеріне арналған.
Наполеон
кодексінің атақты 544-статьясында былай
делінді: «Меншік дегеніміз—мүлікті пайдалану
мен оған билік жүргізудің неғұрлым шексіз
правосы...».
Буржуазиялық семьяның негізін
баянды етуді көздеген кодекстің басқа
бір статьясында: «Ері өзінің зайыбын
қорғауға міндетті. Әйелі өзінің еріне
мүлтіксіз бағынуға міндетті. Ері мен
зайыбы бірге тұруға, қайда жүрсе де ерімен
бірге болуға міндетті». Бұл заңдар Францияда,
сондай-ақ басқа да буржуазиялық елдерде
осы күнге дейін қолданылып келеді.
Кодекс
революция кезінде алынған меншікті
жаңа иелерінің меншігі етіп бекітті
және барлық азаматтың заң алдында
теңдігін жариялады.
Алайда 1802 жылдың өзінде-ақ Наполеон француз
отарларында якобиншілдер жойған құлдықты
қайта орнатты.
Наполеон
Құрылтай жиналысының жұмысшыларға қарсы
шығарған заңын бекітті. Жұмысшылар одақтарына
бұрынғысынша тыйым салынды, стачка жасаушылар
қатаң жазаланды.
Жаулап
алынған көптеген елдерде ішкі межелер
мен кедендік алымдар
жойылды, бірқатар мемлекеттерде конституция
енгізілді, өнеркәсіп пен сауда дамыды.
Бірақ бұл қайта өзгерістердің бәрі бұл
елдерді француз буржуазиясының қанап
езуімен жүргізілді.
3.4 Наполеон Бонапарттың
сыртқы саясаты. Европалық саяси картасының
өзгерісі.
Еуропалық
монархиялар тарапынан
француз буржуазиялық революциясының
басталуы билікке келген буржуазияның
әсіресе революциялық күрестің шарықтаған
кезі - якобиндік Конвенттің қызметі кезеңіндегі
кейінгі әрекеттері сияқты айтарлықтай
деңгейдегі қызығушылық пен үрей туғызбады.
Француз
буржуазиялық революциясы елдің
тек экономикалық, саяси, әлеуметтік
дамуына ғана емес, Францияның дипломатиялық
қызметін ұйымдастыру жүйесіне де өзгерістер
енгізді. Монарх билігінің
шектелуі революция басталысымен оның
сыртқы саяси өкілеттілігіне де көшеді.
Революцияға дейін сыртқы істер министрі
монархпен тағайындалып, тек соның алдында
ғана жауапты болған. Елшілер мен министрлер
әдетте король сарайымен тығыз байланыстағы
аристократиялық әулеттерден тағайындалған
болатын. Сыртқы істер министрлігі территориалдық
белгісі бойынша бөлінген екі басқармадан
тұрды. Біріншісі Батыс және Орталық Еуропа,
Америка мемлекеттерімен, ал екіншісі
Шығыс және Оңтүстік Еуропа, Скандинавия
мемлекеттерімен қатынастар жүргізді.
Осы екі басқармадан басқа қосымша бөлімдер
де болды.
Ұлттық
жиналыстың бейбітсүйгіштігіне қарамастан,
феодалдық алымдарды алып тастау
Франция мен феодалдық-монархиялық
Еуропа арасындағы кейбір қарама-қайшылықтарға
алып келді. Францияда, Эльзаста герман
имперлік князьдерінің бірқатар ұсақ
иеліктері болды. Революция
ондағы феодалдық алымдарды жойған соң,
өз артықшылықтарын қалпына келтіру үшін
Австрия, Пруссия, Ресей және Швецияның
араласуын күткен князьдер герман имперлік
сейміне арызданды. Ұлттық жиналыс неміс
князьдеріне жеке тұлғалар ретінде сый
беруге шешімге келді. Алайда бұл жайт
мәселені шешпеді, революциялық рухтың
Еуропа жеріне таралуынан қорыққан Австрия,
Ресей және Пруссия неміс князьдерін Францияға
қарсы шығуына итермелеп отырды.