Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2012 в 21:48, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы – Қытайдағы мәдени төңкеріс. «Мәдени төңкеріс» жылдарындағы (1966-1976жж) Мао Цзедунның ҚХР-да өзінің жеке билігін орнату мақсатындағы іске асырған идеологиялық саясаты және оның салдары – осы тақырыптың негізгі өзектілігі болып отыр.
І. Кіріспе: "Мәдени төңкерістің" өзектілігі, курстық жұмыстың мақсаты
мен міндеттері.
ІІ. Негізгі бөлім: 1."Мәдени төңкерістің" бірінші сатысы – студенттер мен
жұмысшылардың жаппай көтерілуі (1966-1969).
2. Екінші сатысы – 7 мамыр кадрлер мектебі, ҚБҰА-ң
күшеюі.
3. "Мәдени төңкерістің" аяқталу сатысындағы (1971-1976)
саяси қақтығыс.
4. Мао Цзедунның «Цитаталар жинағы».
ІІІ. Қорытынды: "Мәдени төңкерістің" нәтижесі.
"Мәдени төңкерістің" аяқталу сатысындағы (1971-1976) саяси қақтығыс. Мао Цзедун мен Лин Бяо арасындағы араздықты қарсыластары прагматиктер мен "мәдени төңкеріс" фракциясы пайдаланды. Олар әскерилерге қарсы шығу үшін өздерінің күштерін уақытша біріктірді. ІІ пленумнен кейін, Цзян Цин, Джоу Энлай сияқтылар Мао Цзэдунды әскери төңкеріс жасауға иетрмеледі, және төңкерістің басшысы етіп Лин Бяоны тағайындауды ұсынды.
1971 жылы қыркүйекте Лин Бяо мен оның жанұясы ұшақ апатына ұшырап, қаза тапты. Ресми ақпараттарға сәйкес Лин Бяо әскери төңкерісті ұйымдастырғалы жатқанынын қарсыластары біліп қойып, оған қастандық жасаған.
Қыркүйек айындағы жағдайлардың нәтижесі Лин Бяо тобына кірген әскери қызметкерлердің репрессияға ұшырауымен аяқталды. Әскерилердің партияда ықпалының әлсіреуі қалған екі фракцияның күшеюіне жол ашты.
"Прагматиктер" партия ішінде анархизмге және «ультрасолшылдарға» қарсы науқанын бастады. Ал Мао Цзедун бастаған «солшылдар» 1972 жылы күзде, "прагматиктердің" әрекетіне жауап ретінде «ультраоңшылды» әшкерелеу қозғалысын ұйымдастырды.
1973 жылы тамызда өткен
Х съезд - "прагматиктер"
мен «солшылдар арасындағы
Ван Хунвен Чен Бода
Партияның жаңа басшылығында "мәдени төңкеріс" топтарының ықпалы нығайды. ҚКП ОК саяси бюросында Цзян Цин «төрттік тобын» құрды. Топқа: Цзян Цин, Ван Хунвен, Чжан Чунцяо, Яо Венюан кірді. Ал Мао Цзедунның партиядағы ізбасарлары Чжоу Энлай мен қорғаныс министрі Е Цзянин болды.
1975 жылы БКҰП-ң (бүкілқытайлық-
Сессияда Чжоу Энлай «4 модернизация» (өндіріс, ауылшаруашылық, ғылым, армия) бағдарламасын ұсынды. Съездің нәтижесінде ҚХР-ң жаңа конституциясы қабылданды.
Мао Цзедунның «Цитаталар жинағы».
Мао Цзедунның «Цитаталар жинағы».(Máo zhǔxí yǔlù), 1966 жылдан бастап қытай үкіметі шығара бастаған кітап. Ол Мао Цзедунның сөйлеген сөздерінен алынған үзінділерден тұрады. Бұл кітап маошылдық саяси бағытының иманшарты және оны зерттеудегі маңызды дерек көзі болып саналады.Осы кітаптың көптеген тілдерде шамамен 1 миллиардқа жуық данасы жарық көрген. Ол Қытайда 1966-1976 жылдар аралығында болған Мәдени төңкеріс кезінде зор маңызға ие болған. Оны әрбір қытай азаматы әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болған.
|
Кітаптың неміс тіліндегі
басылымының мұқабасы,
Бейжің, 1972
Алғысөзі: Мао Цзедунның
«Цитаталар жинағы» үлкен секіріс
науқанынан кейін қорғаныс министрі
Лин Бяо халық-азаттық
Лин Бяоның екінші басылымға жазған алғысөзінен үзінді:
«Мао Цзедун жолдас – біздің заманымыздың ең көрнекті марксист-ленинисі. Мао Цзедун жолдас марксизм-ленинизмді кемеңгерлік, творчестволық және жан-жақты түрде мұра ретінде қабылдап алып, оны қорғап, одан әрі дамытты. Ол марксизм-ленинизмді жаңа сатыға көтерді. Мао Цзедун ілімі – имперализм өзінің толық күйреуіне бет алып, социализм бүкілдүниежүзілік салтанат құрып жатқан заманның марксизм-ленинизмі. Мао Цзедун ілімі – имперализмге қарсы күресте қолданатын қуатты идеологиялық қару, әрі ол ревизионизм мен догматизмге қарсы күресте қолданатын қуатты идеологиялық қару. Мао Цзедун ілімі – бүкіл партияның, бүкіл армияның, бүкіл елдің бірлесе еңбек етуіндегі басты қағида...»
Мазмұны: бұл кітапша 33 бөлімге бөлінген, солардың әрқайсысында Мао Цзедунның шығармалары мен сөздерінен алынған 25 шақты үзінді топтастырылған.
Дәйексөздер 40 жыл аралығында айтылған сөздер мен жазылған шығармалардан алынған. Олардың басты тақырыптары – ҚКП, соғыс жүргізу өнері, Революциялық тәрбие, тәртіп, өзін-өзі сынау, мәдениет және басқа да тақырыптар. Ол дәйексөздер бір ортақ тақырыппен біріктірілген және ешбір түсініктемелерсіз бір-біріне тізілген.
Кітапта келтірілген дәйексөздердің ұзын саны 427, тақырып бойынша кітап 33 тарауға бөлінген.
Әсері: Басып шығарылған даналарының саны 900 миллионнан астам. Кітаптың мұншалықты кең тарауының себебі, Мао билігінің соңғы он жылында Қытайдың әрбір азаматы оны иемденіп, оқып, әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болатын. Коммунист партиясы күдікті деп санайтын адамдар сол кітапты қалтасынан алып көрсете алмаған кезде оларды қызыл сақшылар дәл сол жерде ұрып-соғып, тіпті бірнеше жылға дейін еңбекпен түзеуге жібере алатын.
Мәдени төңкеріс кезінде кітапты мектептерде ғана емес, жұмыс орнында да зерттеу міндетті болып саналған. Өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, әкімшілік және әскери салаларда барлық қызметшілер жұмыс кезінде жиналып, осы кітапты оқып-зерттеуге уақыт бөлінетін. Мао Цзедунның «Цитататлар жинағы» кітабынан алынған үзінділерді барлық шығармалар, тіпті ғылыми шығармалар да келтіруге тиіс болған.
1960-шы жылдары осы
кітап бүкіл Қытай Халық
1976 жылы мәдени төңкеріс
біткен соң және 1978 жылы Ден
Сяопин билік басына келген
соң Мао Цзедунның «Цитаталар
жинағы» кітабының маңызы
Қорытынды
«Мао Цзедунның идеясын» елдегі жалғыз ұлттық идеологияға айналдыру мақсатында өткен "мәдени төңкеріс" күткен нәтижесін ақтамады. Менің ойымша, бұған негізгі себеп – Маошылдардың Қытайдағы бір күштерді екінші күштерге қарсы қою арқылы әртүрлі әлеуметтік топтар мен партиялық бірлестіктер арасындағы «таптық қақтығысты» жандандыру тактикасының нәтижесінде, ҚХР-да таптық келіспеушілік пен дағдарысқа жол ашылуы болып табылады.
Партия мен профсоюз бірлестіктерін талқандау, жұмысшы таптың мүддесін қорғау мақсатында ең төменгі деңгейдегі жұмысшыларды пайдалану – таптық күресті күшейтіп, оның саяси позициясының одан әрі әлсіреуіне ықпал етті.
Мао Цзедун өзінің Дачжай тәжірибесін халық арасында іске асыру нәтижесінде шаруалардың наразылығына ие болды.
Жастарды партияны жоюдағы
негізгі құрал ретінде
Сонымен, қорыта айтқанда, Мао Цзедунның өз идеясын халық арасында жаппай енгізуге тырысуына қарамастан, елдң дамуындағы жүйелі бағдарламаның болмауы, «көсемнің құбылмалы» бұйрықтарының орын алуы Қытай халық Республикасының мәдени, экономикалық және саяси артта қалушылығының бірден-бір себебі болды.
Пайдаланылған әдебиеттер: