Мәдени төңкеріс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2012 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың тақырыбы – Қытайдағы мәдени төңкеріс. «Мәдени төңкеріс» жылдарындағы (1966-1976жж) Мао Цзедунның ҚХР-да өзінің жеке билігін орнату мақсатындағы іске асырған идеологиялық саясаты және оның салдары – осы тақырыптың негізгі өзектілігі болып отыр.

Содержание

І. Кіріспе: "Мәдени төңкерістің" өзектілігі, курстық жұмыстың мақсаты
мен міндеттері.
ІІ. Негізгі бөлім: 1."Мәдени төңкерістің" бірінші сатысы – студенттер мен
жұмысшылардың жаппай көтерілуі (1966-1969).
2. Екінші сатысы – 7 мамыр кадрлер мектебі, ҚБҰА-ң
күшеюі.
3. "Мәдени төңкерістің" аяқталу сатысындағы (1971-1976)
саяси қақтығыс.
4. Мао Цзедунның «Цитаталар жинағы».
ІІІ. Қорытынды: "Мәдени төңкерістің" нәтижесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қытайдағы «Мәдени төңкеріс».doc

— 492.00 Кб (Скачать документ)

Жоспары:

 

 І. Кіріспе: "Мәдени төңкерістің" өзектілігі, курстық жұмыстың мақсаты

                    мен міндеттері.

ІІ. Негізгі бөлім: 1."Мәдени төңкерістің" бірінші сатысы – студенттер мен

                             жұмысшылардың жаппай көтерілуі (1966-1969).

                             2. Екінші сатысы – 7 мамыр кадрлер мектебі, ҚБҰА-ң

                             күшеюі.

                             3. "Мәдени төңкерістің" аяқталу сатысындағы (1971-1976)

                             саяси қақтығыс.

                            4.  Мао Цзедунның «Цитаталар жинағы».

ІІІ. Қорытынды: "Мәдени төңкерістің" нәтижесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Кіріспе:

 

Курстық жұмыстың тақырыбы – Қытайдағы мәдени төңкеріс. «Мәдени  төңкеріс» жылдарындағы (1966-1976жж) Мао Цзедунның ҚХР-да өзінің жеке билігін орнату мақсатындағы іске асырған идеологиялық саясаты және оның салдары – осы тақырыптың негізгі өзектілігі болып отыр.

1966 жылдың басында  Мао Цзедунның бастаған авантюристік  саясаты Қытай қоғамында орын алған бейберекетсіздік пен келеңсіздіктердің қалыптасуына бірден-бір себеп болды. ҚХР төрағасы «Ұлы пролетарлық мәдени төңкеріс» атты науқанының негізгі қозғаушысы болды. Алайда, бұл науқанның пролетариатқа да, мәдениетке де еш қатысы жоқ болатын. Сонымен қатар, ҚКП (Қытай коммунистік партиясы) басшылығындағы бірнеше жылға созылған дағдарыстың басталуына әсер еткен ең басты оқиға болды. «Мәдени төңкерістің « тікелей мағынасы – антипартиялық және антиконституциялық сипаттағы әскери-саяси төңкеріс. Ал, Қытайдағы болған төңкерістің ерекшелігі – оның Мао Цзедун бастаған әскери-бюрократиялық топтың басшылығымен жүзеге асуы болды. 

«Мәдени төңкеріс» барсында  Мао Цзедун және оның тобы тәжірибесі жоқ, аңғал студенттерді және армия  мен қорғаныс органдарын пайдалану арқылы партиялық және комсомолдық бірлестіктерді талқандап, олардың идеясымен келіспеген комсомолдарды жойып тастайды.

Негізінен, мен «мәдени  төңкерістің» барысын 3 сатыға бөліп  қарастырдым: Бірінші сатысы – студенттер мен жұмысшылардың жаппай көтерілуі (1966-1969жж.). Екінші сатысы – 7 мамыр кадрлер мектебі, ҚБҰА-ң күшеюі .»Мәдени төңкерістің» аяқталу сатысы (1971-1976) – партия ішіндегі саяси қақтығыс, Чжоу Энлай мен Цзян Цин бастаған «төрттік топтың» билігі. 

Курстық жұмыстың мақсаты: «мәдени төңкерістің» барысында Мао Цзедун және оның жақтастары жүргізген «халықты қайта тәрбиелеу» саясатының тоқырауға ұшырау себептерін анықтау.

Курстық жұмысты жазу алдында, мен, мынадай міндеттерді алға қойдым:

а) «мәдени төңкерісті» жүйелі түрде  баяндау;

ә) «мәдени төңкеріс» кезіндегі  Қытайдың сыртқы саясаты жөнінде  мағұлмат беру;

б) «мәдени төңкеріс» нәтижесінде  қалыптасқан елдің ішкі саяси- әлеуметтік жағдайын бейнелеу;

в) Мао Цзедунның шығармашылығына  қатысты қосымша деректер енгізу;

Мен, осы жұмысты жазу барысында «История Китая» және Л.П.Делюсиннің «Культурная революция в Китае» атты негізгі дерек көздеріне сүйендім.

 

Мәдени төңкеріс.

 

"Мәдени төңкерістің"  бірінші сатысы – студенттер  мен жұмысшылардың жаппай көтерілуі  (1966-1969). ХХ ғасырдың 60-жылдарында «прагматиктердің» күшімен экономикадағы «үлкен секірістің» салдары жойылды десе болады. Қытай ауылшаруашылық және өндіріс көрсеткіштері бойынша 1957-ші жылдың деңгейіне жетті. 1963-1964 жылдар аралығында Қытай дамуының шарықтаған шағы болды. Ауылшаруашылық өнімі жыл сайын 10%-ға, ал өндіріс өнімі 20%-ға өсіп отырды. 1965 жылы Мао Цзедун құпия түрде өзінің қарсыластарымен ашық күрес жүргізуге дайындығын бастады. Осы уақытта «прагматиктер» өз қолдарында үлкен билікті жұмылдыра алды. Олар партияның орталық органдарында зор ықпалға ие болды. ҚХР-ң төрағасы және ҚКП (Қытай коммунистік партиясы) ОК (Орталық комитет) төрағасының орынбасары – Лю Шаоци,  ҚКП ОК-ң бас хатшысы қызметін атқарған Ден Сяопин сияқты ірі  "прагматиктер" ҚКП ОК-ң насихат бөлімінің меңгерушісі Лу Динъидің күшіне, сонымен қатар, мемлекеттің орталық партия басылымы «Жынмиң жыбао» газетіне сүйене отырып, насихат жүйесін бақылап отырды. Оларды ҚБҰА-ң (Қытайдың біріккен ұлттық армиясы (НОАК)) қызметкері Чжу Де және ҚБҰА бас штабының меңгерушісі Лу Жуйцин қолдады. Мао Цзедун қарсыластарының Пекинде де өз жақтастары болды. Әсіресе, астана әкімінің орынбасары, әдебиетші, партия қайраткері, Миң дәуірінің шенеунігі Хай Жуй туралы жазған шығармашылығымен даңқы шыққан У Хан Пен Чженнің жақын досы болды.

 

                    

              Лю Шаоци                                                  Ден Сяопин

 

 Бұл тартыста Мао Цзедун тек елдің харизматикалық көшбасшысы деген өзінің шаң жұқпас беделіне және ҚХР-ң негізін салушы деген атағына ғана сүйене алды. Әрине, оның қорғаныс министрі – Лин Бяо және ҚКП басшылары – Чен Бода, Кан Шен сияқты адал жақтастары да болды. Алайда, «үлкен секіріс» нәтижесінде, партияның орталық органдарында оның беделі әлсіреді. Осылайша, Мао Цзедун үшін бұл қақтығыс «Қытай коммунизмі» түсінігін ел ішінде қалыптастыру мақсатында ғана емес, қолдан кетіп бара жатқан билік үшін күрес болды.

Мао Цзедунның партия құрылымында  ықпалының әлсіреуі партия қызметкерлерінің азаюына байланысты болды. Сол себепті  ол өзінің осы уақытқа дейін саяси  істерге араласпаған әйелі Цзян Цинді  "прагматиктерге" қарсы пайдаланды.

 

                         

        Цзян Цин – кино әртісі.                               Цзян Цин

 

Мао Цзедун Пекинді соғыс  ошағына айналдыра алмайтынын түсініп, Шаңхай провинциясында өзінің жақтастарын  жинай бастады. Ол Шаңхайда қалалық комитет хатшысы – Ке Цинши, қалалық комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі – Чжан Чунцао, ҚКП қалалық газеті «Цзенфан жыбао-ң» бас редакторы әрі публицист – Яо ВенЮан сияқтыларға сүйенді.

Осы аталғандармен Цзян Цин құпия жиналыс өткізіп, У  Ханнің пьесасын сынайтын мақала дайындатты.Мақала 1965 жылы 10 қарашада жарыққа шықты. Мао  Цзедун сол күні Шаңхайға келіп, провинцияда 1966 жылдың күзіне дейін болды. Яо ВенЮаннің «Хай жуйдің шенін төмендету» атты мақыласының шығуы жаңа саяси науқанның басталуына жол ашты. Себебі У Ханға қарсы шабуылдың басталуы Мао Цзедунның утопиялық ойларын іске асыруға кедергі келтірген Пен Чжен мен Лю Шаоциге де қарсылық көрсетудің амалы болды. Ло Жуйцин ең бірінші болып жапа шекті. Ол 1965 жылы қараша айында сотталып, бүкіл партиялық және әскери лауазымдарынан айрылды. Оны «...армия билігін басып алып, партияға қарсы шықпақшы болды», - деп кінәлады.

Мао Цзедунның талаптарына қарамастан, жергілікті және орталық баспа орындары Яо Вен Юаннің мақаласын қараша айының соңында ғана жарыққа шығарды. Бұл, орталық және жергілікті басшылықтардың биліктегі өзара тартыстың күшейіп кетуін қаламайтынын, сонымен қатар, Мао Цзедунның алған бағытына қарсы оппозицияның нығайғандығын көрсетті. Ал мақалаға Мао Цзедун қалаған бағасын беру «Цзефан цзюн бао» атты газеттің ғана үлесіне иді. Газет пьесаны «үлкен улы шөп» - деп атады.

"Мәдени төңкеріске" шақыру ең алғаш 1966 жылы 18-сәуірде армиялық газеттің негізгі беттерінде көрініс тапты. Осы уақытқа қарай, Мао Цзедунның төңкеріс мақсаттары жөніндегі негізгі түсініктері қалыптасты. Ол "мәдени төңкерістің" басты тапсырмасы ретінде өзіне қарсы шыққан саяси бүлікшілерге (крамолы), яғни зиялы қауымға қарсы күресті алға қойды. Бұдан әрі қарай, ол партиялық мемлекет аппаратының құрылымындағы  "прагматиктерді" жою жоспарын жүзеге асыруды ойлады.

7-мамырда Лин Бяоға жазған  хатында Мао Цзедун "мәдени төңкерісті" күшіне ендірудегі социалды-экономикалық бағдарламаны мазмұндаған болатын. Мазмұндамасында: «ел ішінде жабық ауылшаруышылық өндіріс орындарын ашу керек», - деп хабарлады. Бұл оның «үлкен секіріс» кезіндегі ойларын іске асырудың жалғасы болды. Бағдарламаның жаңа элементі – ҚБҰА-ң «Мао Цзедун идеяларының ұлы мектебіне» айналуы болды.

Мао Цзедун 1966 жылы Пекинде өткен  ҚКП ОК саяси бюросының кеңейтілген  отырысында "мәдени төңкерістің" мақсаттарын жариялады. Отырыс нәтижесінде, «...капиталистік жолмен кеткен партия басындағыларға» қарсы күрестің басталғандығы хабарланды. Жиналыс аяқталған соң, жаңадан «мәдени төңкеріс істері жөніндегі топтар» құрылды. Оның құрамына Мао Цзедунның ең сенімді адамдары Цзян Цин, Чжан Чунцяо, Яо ВенЮан, Кан Шен кірді. Топты Чен Бода басқарды. Ал тамыз айының аяғынан бастап, бұл қызметті Цзян Цин атқаратын болды.

 

                      Чен Бода, Чжоу Энлай, Мао Цзедун, Лин Бяо, Кан Шен, Цзян Цин. 1966 ж.

 

Мао Цзедунның жиналыстағы жеңісі оған қиынға түсті. Жиналыс нәтижесінде партия басшылығының көп бөлігі оның идеяларына қарсы болатындығына көзі жетті.

Осы жағдайда Мао Цзедун негізгі  оппозицияны құраған партияларға  қарсы күресте пайдаланатын күш  іздеуге тура келді. Бұл күшті  жастар құрады. Жастардың шыдамсыздығын, өмірлік тәжірибесін пайдалану тікелей саяси есеп болған.

Ең алғашқы «қызыл сақшылар» (хуңвейбиндер) 1966 жылы астананың жоғарғы және орта оқу орындарында пайда болды.Жастар қозғалысы олардың ҚКП ОК төрағасының идеологиясына наразы болған зиялы қауым мен партиялық комитет басшыларына қарсы ерікті қозғалыс тәріздес болып көрінгенімен, шын мәнісінде бұл науқанды Мао Цзедун жақтастары ұйымдастырған болатын. Мамыр айының соңында Пекин университетінің ректоры – Лу Пинге қарсы мақала әзірленіп, Кан Шеннің әйелінің көмегімен Пекиндік басылымда жарыққа шықты. Осылайша, хуңвейбиндік қозғалыс барлық жоғарғы оқу орындарын қамтыды.

1966 жыл - "мәдени төңкерістің"  құлаш жайған кезеңі болды:  Оқу орындарында көпшілік алдында соттаулар ұйымдастырылды, әйгілі профессорларды сынға алмақ түгіл, істемеген қылмыстарын мойындауға мәжбүрледі, сайқымазақ баскиімдерді кигізіп, әжуалады және соққыға жықты. Қаза тапқандар да болды. Қозғалыстың кеселін тек партиялық комитеттер ғана емес, Қытай комсомол органдары да тартты.

Хуңвейбиндер қозғалысы басынан-ақ әскери сипатқа ие болды. Армия қозғалыстың  өршуіне қалтқысыз әсер етті. Олар хуңвейбиндерді байланыс орталықтарымен, транспорт жүйесімен, қаржымен қамтамасыз етіп отырды. Әр топқа 20-30 шақты әскери қызметкерлер бөлінді, олар хуңвейбиндерді әскеи дисциплинаға үйретіп отырды. Жұмыстарын жүзеге асыру үшін «қызыл сақшыларға» мемлекет тарапынан барлық транспорт түрлері арқылы жүріп-тұруға рұқсат берілді. 1966 жылдың күзінен 1967 жылдың көктемі аралығында астанадан 20 млн хуңвейбиндер жеткізілді, бұған теміржол транспортының 30% -ы пайдаланылды.

1966 жылы тамызда ҚКП ОК-ң ХІ  пленумы өтті. Пленумға ОК мүшелері  қатыспады, олардың орнын «ревкомдық  ұйымдар» өкілдері алмастырды. Пленум барысында «штаттарға қарсы оқ жаудыру» атты баяндама оқылды. Ақырында, Лю Шаоци, Чжоу Энлай, Чжу Де, Чен Юн сияқтылар партия төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды. Өз орнын Лин Бяо ғана сақтап қалды. Қабылданған шешімдердің нәтижесінде, Ден Сяопин басқарған ОК хатшылығы өз жұмысын тоқтатып, бүкіл билік Мао Цзедун және оның жақтастарының қол астына өтті.

1966 жылы күзде Пекинде елдің  әр түкпірінен жиналған хуңвейбиндер  демонстрацияға шықты. 10 млн-ға жуық  қозғалыс иелерінің алдында Мао  Цзедун: «Мен сендерді үзілді-кесілді қолдаймын», - деп жариялады.

1966 жылы желтоқсанда қалаларда «көтерісшілер» (цзаофандар) топтары құрыла бастады. Олардың арасына жұмысшы жастар кірді. Жұмысшылар "мәдени төңкерісті" оқу орындарынан тыс мекемелерге таратуға тиіс болды.

Мао Цзедун әрекетіне қарсы қимылдарында  "прагматиктер" 1966 жылдың көктемі мен жаз айының басында-ақ, оқу орындарына «жұмысшы топтар» жіберіп, қозғалысты Лю Шаоци жақтастарының бақылауына өткізуді тырысты.  «Жұмысшы топтардың» мүшелері орталыққа төңкерістің табысты дамуы жөнінде ақпарат бере отырып, партиялық комитеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылды.

Солшылдардың «жұмысшы топтарды»  соттауға қол жеткізген соң, оппозиция  өздерінің хуңвейбиндік топтарын құра бастады. Олардың әрекеттері Цзян Цин  бастаған "мәдени төңкеріс істері жөніндегі топтарға" қарсы бағытталды. 1966 жылдың күзінде оппозиция «қызыл гардия» топтарын құрды. Олардың құрамына жергілікті билікті қолдаған қала өндіріс орындарының қызметкерлері кірді. Сол уақытта аймақтық басқарма тарапынан «экономизм» қозғалысы басталды: елдегі экономикалық жағдайды қалпына келтіруін, жалақының төленуін талап еткен жұмысшы делегаттары түкпір-түкпірінен астанаға бағыт алды.  "Прагматиктерге" ескі ережелер бойынша ойнауға тура келді. Олар сөз жүзінде «Ұлы асыраушыға» адалдық таныта отырып, іс жүзінде кері әрекетке талпынды. Бұл қауіпті ойында олардың жеңіп шығуы екіталай еді.  

1966 жылы желтоқсанда  хуңвейбиндер Пен Чженді қолға  түсіру жоспарын іске асырды. Ал Пен де Хуайды ұстау үшін  арнайы жасақталған полк Цзян  циннің бұйрығымен оны Сычуан  провинциясынан астанаға әкелді. Осы жерде қорғаныс министрі қамауға алынды. Кейін Лю Шаоци мен Ден Сяопин де репрессияға ұшырады. 1967 жылы 5-тамызда Мао Цзедунның «штабтарға қарай оқ жаудыру» атты дацзыбаосының жазылғанына бір жыл толған кезде, Пекинде Ден Сяопин мен Лю Шаоциді соттау үрдісі басталды. ҚХР төрағасын әйелі мен төрт баласының алдында Мао Цзедунның «цитаталар жинақшасымен» басынан ұрып, қатты соққыға жықты.

Информация о работе Мәдени төңкеріс