Мәдени төңкеріс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2012 в 21:48, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың тақырыбы – Қытайдағы мәдени төңкеріс. «Мәдени төңкеріс» жылдарындағы (1966-1976жж) Мао Цзедунның ҚХР-да өзінің жеке билігін орнату мақсатындағы іске асырған идеологиялық саясаты және оның салдары – осы тақырыптың негізгі өзектілігі болып отыр.

Содержание

І. Кіріспе: "Мәдени төңкерістің" өзектілігі, курстық жұмыстың мақсаты
мен міндеттері.
ІІ. Негізгі бөлім: 1."Мәдени төңкерістің" бірінші сатысы – студенттер мен
жұмысшылардың жаппай көтерілуі (1966-1969).
2. Екінші сатысы – 7 мамыр кадрлер мектебі, ҚБҰА-ң
күшеюі.
3. "Мәдени төңкерістің" аяқталу сатысындағы (1971-1976)
саяси қақтығыс.
4. Мао Цзедунның «Цитаталар жинағы».
ІІІ. Қорытынды: "Мәдени төңкерістің" нәтижесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қытайдағы «Мәдени төңкеріс».doc

— 492.00 Кб (Скачать документ)

 

                                     

                      Пэн де Хуай                                             Пен де Хуайды жазалау

 

1967 жылдың басында  қалыптасқан жағдай құбылмалы  болды. Бір жағынан, «солшылдар» жоғарғы партиялық органдарда билік орнатуға қол жеткізе алса, екінші жағынан, Мао Цзедунның бағытына қарсылық аймақтық деңгейде әлі әлсірей қойған жоқ. Қалай дегенмен, "мәдени төңкеріске" қарсы ешкім шыққан жоқ, барлығы «Мао Цзедунның идеясына» адал болуға ант берді. Алайда, мемлекеттік-партиялық құрылысты түп-тамырымен өзгерту қолдан келмеді. Осы жағдайда «солшылдар» бұрынғы мемлекеттік-партиялық жүйені жою үшін жастар қозғалысын пайдалануды ұйғарды.

Саяси науқанның орталығы қайтадан Шаңхайға ауыстырылды. Осы  жерде «хуңвейбиндер» мен «цзаофандарды» қаланың тігін фабрика қызметкері басқарды. Оларға жергілікті партиялық органдардың ұйымдастырған «қызыл гвардиясы» қарсы шықты.

Қаңтар айында «цзаофандарды» Лин Бяоның бұйрығын орындап отырған  армияға ара сүйеп, «билікті қолға  түсіру» мақсатында әрекет бастады. Алдымен, олар Шаңхайдың үлкен газеттерінің редакциясын бақылауға алды, кейін қаланың партиялық комитетін де қолға түсірді. Осы оқиғалар барысында «билікті қолға түсіру» үрдісі басқа провинциялар мен қалаларында да орын алды.

«Билікті қолға түсіру» Мао  Цзедун ұсынған «Париждік коммуна  түрінде биліктің жаңа органдарын тағайындау» атты үндеудің желісімен өтті. Алайда, «цзаофандардың» әскердің көмегінсіз жоспарын іске асыра алмайтындары белгілі болды. Қозғалыс нәтижесінде ел ішінде бейберекетсіздіктің басталу қаупі төнді.

Осы жағдайдың салдарынан мемлекетте әскери бақылаудың орнайтындығы анық болды. Осылайша, Қытайда шексіз демократияны жариялаудың орнына, қоғамдағы жалғыз жүйелі күш – ҚБҰА (НОАК) бақылауындағы Мао Цзедунның әскери-бюрократиялық диктатурасы тамыр жайды.

«Солшылдар» болған жайттарды бағалай отырып, 1967 жылы қаңтарда саяси шешім қабылдады. Олар билік органдарын «Париж коммунасының желісімен қалыптастыру» үндеуін «‘үш жақтың бірігуіне’ негізделген ‘ревкомдар’ құру» үндеуімен алмастырды. Аталған ‘үш жаққа’: ‘революциялық солшыл топтар’ («хуңвейбиндер» мен «цзаофандар»), ‘әскерилер’ (ревкомдарды құрудағы негізгі рөл атқарғандар), репрессиядан құтылып кеткен ‘бұрынғы мемлекеттік-партиялық аппараттың қызметкерлері’ кірді. Осылайша, елдің бүкіл мемлекеттік билігіне ие болған «солшылдар» мен армияға қарсылық көрсетуді жалғастырып отырған «ескі кадрлер» арасында ымыраға жол ашылды. Ревкомдардың құрылуы ҚХР-ң саяси механизмінде айтулы өзгерістер енгізетіні және қоғамдық өмірдің осы сферасында маошылдық «коммунизм моделінің» орнығуына ықпал ететіні хақ болды.

Ревкомдарды құру барысында бұрынғы  конституциялық органдарды (партиялық  комитеттерді қоса) төменнен жоғарыға қарай ауыстырылу керек болды. Дегенмен, бұл процесс наразылықтардың  салдарынан бір жарым жылға созылып, 1968 жылдың күзінде ғана аяқталды.

"Мәдени төңкеріске" қарсы  «билікті қолға түсіру» үрдісінің  жалғасу барысында 1967 жылы ақпанда ҚКП қызметкерлерінің тобы ашық наразылық көрсетті. Пекинде өткен жиналыста ОК саяси бюросының мүшесі Таң Чженмин "мәдени төңкерісті" партияның құлдырауына, елде экономикалық дағдарыстың туындауына әкелетін бағыт деп бағалады. Сонымен қатар, Лю Шаоци, Ден Сяопин және басқа да  "прагматиктер" өкілдерінен кінәні алып тастауды талап етті. Кейін, ол "мәдени төңкеріс істері жөніндегі топтар" өкілдерін контрреволюциялық төңкеріс жасады деп айыптады. Бұл ауыр жала болатын және ешкімнен қолдау тапқан жоқ. Себебі бұл топтар өкілдерінің басында Мао Цзедунның өзі тұрған еді.

«Ақпандық наразылықтың» нәтижесі барлық лауазымдағы қызметкерлерді репрессияға ұшыраумен аяқталды.

Осыған қарамастан, оппозиция Мао  Цзедунге қарсы саясатын жүргізуді  тоқтатқан емес. Оппозицияның басты  мақсаты: Пекинде "мәдени төңкеріс істері жөніндегі топтардың" бақылауында  жұмыс жүргізген белсенді хуңвейбиндерді басып-жаныштау болды. Мао Цзедунның «ауыл – қалаларды қоршауда» атты үндеуі арқылы жергілікті билікке көмек көрсету үшін ауылдары қарулы шаруалар отрядтары құрыла бастады.

Мао Цзедунның жақтастары мен оппозиция арасындағы ең ірі қақтығыс 1967 жылы Уханда болды. Осы жерде әскери округ басшысы, ҚБҰА ардагері Чжен Цзайдао ашық түрде провинциялық партия басшылығының жағына өтіп, оларды хуңвейбиндердің қудалауынан жасырып қалды. Оған қоса, әскерилер Пекиннен бағыт алған хуңвейбиндерді репрессияға ұшыратты.Барлығы 50 мың адам сотталды. Жергілікті партия басшылығы өздерінің «миллион батырлар» атты хуңвейбиндік бірлестігін құрды. Олардың қатарында шынымен миллионға жуық адам болды. Қоғамдық қауіпсіздік министрі, астанадан жіберілген өзге басшылар сотқа тартылды. Осы қиын жағдайда Лин Бяо Мао Цзедунның бұйрығымен Уханға әуе десанттарын жіберді, және қалаға қарай өзен флотилиясының кемелері де бет алды. Ухандағы дағдарыс елде азаматтық соғыстың басталып кетуіне қауіп төндірді. Алайда, азаматтық соғыс Қытайда баяғыда-ақ құлаш жайған еді. Ухандағы көтеріліс басып-жанышталып, әскерилер де, партия басшылары да репрессияға ұшырады.

1967 жылы күзде, ОК-ң бүкіл аймақтық  бюросы және провинциялық, қалалық,  уездік партия комитеттері өз  жұмыстарын тоқтатты. Партиялық  құрылыстың өндірістегі істері  де шектелді. Тек армиядағы партиялық бірлестіктер өз жұмыстарын атқаруда болды. ҚКП ОК саяси бюросы бұрыннан-ақ "мәдени төңкеріс істері жөніндегі топтармен" ауыстырылған болатын. Мемлекеттік билік органдарында да бірқатар өзгерістер орын алды.

1967 жылы күзде Мао  Цзедун партия қызметін қайта құру керек деп жариялады. ІХ съездің өткізілуіне дайындық жүргізді. Екі жылға созылған "мәдени төңкерістен" кейін Мао Цзедун ҚКП-н қалпына келтіріп, оны өзінің билігін ғана жүзеге асыратын негізгі күш етуді жоспарлады. Партиялық құрылысты қайта құруды ревкомдардың өкілдері басқаруы тиіс болды. Ал олардың жұмысын бақылау «солшылдардың» үлесіне бұйырды. Бірақ, 1968 жылдың өзінде-ақ, «қайта құру» процесі тоқтап қалды. Бұған ревкомдардағы бұрынғы кадрлар билігінің күшеюі себеп болды. Олар қоғамдағы саяси тұрақтылықты қалаған ҚБҰА-нан қолдау тапты. Дәл осы жағдай 1968 жылы болған саяси дүрбелеңнің асқынуына ықпал етті. Сол дүрбелең уақытында хуңвейбиндердің билігін шектеуге тырысқан ҚБҰА өкілдері де жапа шекті. Күрделі жағдай әсіресе, оңтүстік провинцияларда орын алды: темір жол байланысы бұзылды, Въетнамға жіберілген жүктер ұрланды, ҚБҰА-ның бөлімдері мен мекемелеріне шабуыл жасалды, қарулар тоналды. Бұл келеңсіз оқиғалар «солшыл» революциялық бірлестіктердің бақылаудан тыс қалғандығын дәлелдеді.Мао Цзедун енді қиын таңдау жасауға тиіс болды. Ол өзінің утопиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін оппозицияның көзін мүлдем жойып, «көтерілісшілерді» қолдау керек болды, немесе осы жеткен жетістігімен қанағаттанып, қоғамда саяси тұрақтылықты қалпына келтіруі тиіс болды.

1968 жылы шілдеде, Мао  Цзедун Пекиннің хуңвейбиндік  бірлестік басшыларымен кездесуде  «күш қолдану арқылы соғысты»  жүргізуді тоқтату керектігін  айтты, және бұйрыққа бағынбағандарды  жазаға тартатынын хабарлады.  Кейін, «жұмысшы тап барлығын билеуі тиіс» деген үндеу ұсынылды. Бұл үндеудің астарында хуңвейбиндер қозғалысын біржола тоқтату жоспары болған. Осы жоспарды жүзеге асыру үшін «агитбригадалар» құрылып, тапсырма әскерилерге жүктелді. Нәтижесінде, бүкіл ел әскерилердің қол астында қалды. Кейіннен, жастарды қаладан алуға жаппай жіберу басталды: «Солшыл революциялық бірлестіктердің» 10 млн-ға жуық өкілі және кадрлы қызметкерлердің 6 млн-ға жуығы ауылдарға жер аударылды.

Былайша айтқанда, "мәдени төңкерістің" халықтың әлеуметтік жағдайына тигізген әсері «үлкен секірістің» әкелген кері ықпалынан кем болмады. Өндіріс өнімінің төмендегені төмендегені (1967 жылы өндіріс өнімі 20%-ға төмендеді) байқалды. Елдің мәдени өміріне, оқу ағарту ісіне де үлкен зиян келтірді. Әйгілі әлемдік классикалық әдебиеттер өртеліп, Мао Цзедунның «цитаталар» жинақшасы ең басты кітап болды. Жоғарғы және орта оқу орындары осы жылдары жұмыс істемеді, нәтижесінде мемлекетте сауатсыздар саны көбейіп, халық шаруашылығындағы білімді мамандар саны миллионға да жетпеді.

Екінші сатысы – 7 мамыр кадрлер мектебі, ҚБҰА-ң күшеюі. "Мәдени төңкерістің" екінші сатысы 1969 жылдың мамыр айынан бастап, 1971 жылдың қыркүйегіне дейін созылды. Алғашқы 7 мамыр кадрлер мектебі 1968 жылдың аяғында қалыптасты. Олар, 1966 жылғы 7 мамырда Мао Цзедунның жасаған ұсыныстарына байланысты осылай аталды.  Ұсыныс бойынша, зиялылар мен кадолы қызметкерлер жұмыс тәжірибелерін парктикалық сабақтар арқылы дамытуы тиіс болды. Жоғарғы шенеуніктерге елдің 18 провинциясында 7 мамыр кадрлерінің 106 мектебі ашылды. Ден Сяопинмен қатар, 100 мың шенеуніктер және олардың 30 мың жанұя мүшелері сол мектептерге оқуға жіберілді. Деңгейлері төмен шенеуніктерге де арналған мыңдаған мектептер ашылды. Мысалы, 1969 жылы 10 қаңтарда Гуандун провинциясында 7 мамыр кадрлерінің 300-ге жуық мектептері ашылып, ол жерде 100 мың маман оқыды.

 Қозғалыс Қытайдың сыртқы саясатына да кесірін тигізді. Сыртқы істер министрлігі талқандалды, шетел дипломаттарына қарсы арандатушылықтар пайдаланылды. Кеңес Қытайлық қатынастар суи түсті. Нәтижесі шекарадағы қақтығыстарға әкеліп соқты. 1969 жылы наурызда Даманск аралында көптеген шығынға әкелген қақтығыс болды. 1969 жылы шекараның Ортаазиялық аймағында (Жалаңашкөл) соғыс болды. Бұл әскери қозғалыстар 1969 жылы қарашада екі ел арасындағы шекарар мәселелері жөніндегі келіссөзге қол қоюының нәтижесінде тоқтатылды.

"Мәдени төңкерістің"  нәтижесі сыртқы саяси стратегияның  түбегейлі өзгеруіне алып келді.  КОКП мен КСРО арасындағы саяси  байланыстарының үзілуі Маошылдардың  өздерінің сыртқы саяси бағытын  ұсынуға септігін тигізді: әлемдік империализмге (АҚШ-қа қарсы) қарсы және әлемдік ревизионизм мен социал-империализмге (КОКП және КСРО) қарсы саясат болды. Алайда, бұл насихаттаушылықтың астарында Мао Цзедун АҚШ-пен қарым-қатынасты қайта жандандырудың жоспарын іске асыруды ойлаған. Себебі, Даманскіде болған қантөгістік жағдай екі жақты да өзара қатынастарын қайта қарастыруға мәжбүрледі. 1970 жылы екі ел өкілдерінің арасындағы алғашқы құпия байланыстары басталды. 1970 жылы АҚШ президенті Қытай басшылығына құрия хат жіберді. Бір жылдан кейін мемлекеттік хатшы Г.Киссинджер Пекинге келіп, Америка президенті Р.Никсонның Қытайға келуіне дайындық жасайды. Осылайша, 1972 жылғы АҚШ президентінің ҚХР-ға ресми сапары – Қытай-Америка қатынастарында үлкен өзгеріс туғызды. Никсон мен Чжоу Энлай Шанхайда ресми мәлімдемеге қол қояды. Бұл мәлімдеме екі жақты достық қатынасқа жол ашты.

 

                       

  Мао және Чжоу Энлай АҚШ хатшысы                        Чжоу Энлай

       Генри Киссинджермен  кездесу үстінде. 1972 ж.

 

                                     

Мао Цзедунның АҚШ президенті Ричард                 Мао Цзедун. 1946 ж.

        Никсонмен  кездесуі. Бейжиң 1972 ж.

 

Алайда, сыртқы саясаттағы осындай бетбұрыс билік басындағылардың  көбісінің көңілінен шықпады. Нәтижесінде  фракциялар арасында билікке тартыс басталды.

Сәуір айында ҚКП ІХ съезі  өтті. Бұл съезд "мәдени төңкерістің" нәтижелерін бекітті. Съездің ерекшелігі, оның делегаттары сайлауға түспей (партия комитеттерінің жұмысы тоқтатылған соң, сайлау ұйымдастыру мүмкін емес болды), "мәдени төңкеріс" белсенділерінің таңдауымен қабылданды. Съезд жұмысында бұрынғы ОК мен ОК хатшылығы құрамындағы өкілдерінің 2/3 бөлігі қатыспады, олар репрессияға ұшыраған болатын. Олардың орнын армия өкілдері мен «солшыл революциялық ұйым» басшылары алды. Съездің негізгі шешімі "мәдени төңкерістің" нәтижелерін құптау болды. Бұнда ҚКП-ның жаңа ережесі қабылданды. Ережеге сәйкес ҚКП ОК төрағасының жеке және шексіз билік жүйесі орнады. Мао Цзедунның қолында бүкіл билік (партия, армия, мемлекеттік билік) шоғырланды. ҚКП басшылығында Мао Цзедунның орынбасары болып Лин Бяо тағайындалды. Шындығына келсе, ҚКП-ның жаңа ережесі саяси қатынастар аймағында «шығыс деспотизм» дәстүрінің қайта жаңғырғандығын көрсетті.

Мао Цзедун партиялық басшылығындағы ең ірі қарсыластарынан құтылды. Лю Шаоци, Пен Дехуай және партияның өзге де 100 шақты қызметкерлері абақтыда қайтыс болды, Ден Сяопин, Чен Юн және миллионға жуық басқалар сияқты  "прагматиктер" репрессияға ұшырады. "Мәдени төңкеріс" жылдарында репрессияланғандардың жалпы саны 5 млн-ға жетеді. Мао Цзедун елде бұрынғы саяси механизмді жойып, өзінің «Қытай коммунизмінің моделі» туралы идеясына сай келетін жаңа саяси механизм орнатты. Бұл механизмнің негізін «ревкомдар» құрады. Алайда, Мао Цзедунның алдынан жаңа мәселелер туындады. Олардың ең күрделісі – елдің саяси өміріне ықпалы зор әскерилердің күшеюі. Ревкомдар толығымен дерлік солардың қолында болды (29 провинциялық ревкомдардың 20-сын әскерилер бақылады), олар провинциялардың астана ревкомдарының, автономды аймақ уездері ревкомдарының 80 пайызын басқарды. Провинциялар аумағындағы жоғарғы билік партия комитеттерінің 11 әскери округтерінің қолында болды. ҚКП ОК орындарының жартысынан көбі әскерилерге тиесілі болды. Тіпті, ең жоғарғы армиялық шен – қорғаныс министрі Лин Бяо Мао Цзедунның ресми түрде орынбасары ретінде тағайындалды.

"Мәдени төңкерістің"  бірінші «белсенді» кезеңінен кейін КХР-да жаңадан күштерді орналастыру басталды. Мао Цзедун – елдің жалғыз билеушісі болып қала берді. Фракциялардың ішіндегі ең ықпалдылары - әскерилер болды. Себебі, олар орталық пен жергілікті жерлердегі жағдайларды басқарып отырды. Олар 1966-1969 жылдар арасында саяси тәжірибе жинап үлгерген Цзян Цин бастаған топтармен бәсекеге түсті. Бұдан басқа "мәдени төңкеріс" фракциясына Чжан Чунцяо және Яо Венюан кірген. "Мәдени төңкерісті" қозғаушы миллиондаған күштер олардың ізімен жүрді. Ал, үшінші, сол кезеңде әлсіреген фракция – «ескі кадрлер» болды. Олар Чжоу Энлайдың көмегіне сүйенді. Сол кезде Чжоу Энлай репрессиядан құтылып, ҚХР мемлекеттік кеңестегі төрағалық қызметін сақтап қалған.

ІХ съездің шақырылуына  қарамастан партиялық құрылымдар ешбір деңгейде (ҚКП ОК саяси бюросынан басқа) қалыптасқан жоқ. ҚКП-ны қайта құру науқанында әрбір топ өзінің мүддесін қорғауды көздеді. Партия комитеттерін барлық деңгейде қайта құру процесі ұзақ уақытты талап етті және 70-ші жылдардың басында аяқталды. Нәтижесінде алдыңғы орындарды әскерилер иеленді. Ал «кадрлер» бірлестігі "мәдени төңкеріс" топтарын ығыстырып, партияда ықпалды орындарға қол жеткізді. 1971 жылдың басында партия комитеттерінде провинциялық деңгейдегі хатшылық қызметтерінің 60 пайызын әскерилер алды, 34 пайызын «кадрлер» иеленді және 60 пайызы ғана "мәдени төңкерістің" қозғаушыларына тиесілі болды.

Лин Бяо Лю Шаоцидің КХР  төрағалық қызметін тартып алуды  көздеуі фракциялар арасындағы қақтығысты күшейтті. Қорғаныс министрінің өзі  бұл орынды Мао Цзедунға ұсынған болатын алайда ҚКП ОК төрағасы бұл ұсыныстан бас тартып, мұндай қызметтің біржола жойылуын талап етті. 1970 жылы тамыз-қыркүйек айларындағы ІХ шақырудың ІІ пленумында Лин Бяо ҚБҰА басшылығына сүйене отырып  ҚХР төрағалық қызметіне отыруға тырысты. ҚКП ОК саяси бюросының мүшесі Е Цюн (Лин Бяоның әйелі) пленумның жұмысы барысында Лин Бяоның қарсыластарының көзін жоюды көздеді. Осының бәрі Мао Цзедунның назарынан тыс қалмады. Ол бұл жағдайларды әскери министрінің оған қарсы шыққаны деп бағалады. Бұл пленумде сыртқы саясат мәселелері туралы да келіспеушіліктер болды. Кейбір ақпараттарға сәйкес, Лин Бяо Мао Цзедунмен Чжоу Энлайдың ҚХР сыртқы саясатындағы АҚШ-қа қатысты көзқарастарына наразы болған. Осылайша, Мао Цзэдун және оның орынбасары арасындағы байланыс суи бастады.

Информация о работе Мәдени төңкеріс