Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.
Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер алынып отыр:
Ұлы Жібек жолы тақырыбын жан жақты зерттеу барысында ғылыми деректерді және бұхаралық хабарлама құралдары мен баспасөз материалдарын барынша тиімді қолдану.
Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау
Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді құралы болуы ықтимал «Ұлы Жібек жолының» қыр-сырын жан-жақты зерттеу

Содержание

Кіріспе .................................................................................3-4

І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі ..............5-32
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы .................................5-7
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы
Ұлы Жібек Жолының рөлі ......................................................8-11
1.3. Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдары ..............12-18
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары ..................................................................................19-32
ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы пайда болған
ортағасырлық қалалар .......................................................33-52
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы ......................................................33-42
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы ..........................43-49
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары ......................................50-52
ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан
территориясындағы қалалар .........................................53-69
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және
Шымкент қалалары ...........................................................53-58
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы ......................................................................54-69
Қорытынды ......................................................................70-72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................73-74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Ұлы-Жібек-жолындағы-ортағасырлық-қалалар.doc

— 321.50 Кб (Скачать документ)

Таразға жақынырақ  тұрған Адахкент қаласын Тоймакентпен, ал дех Нуджикесті – Оххум қаласымен, тепе—теңдестіру керек. Бірақ жаңа археологиялық материалдарға негізделген  басқа да пікір бар. Адахкент пен Дех Нуджикестің қоныстанылған жері Жамбылдан 30 шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Асса аңғарындағы Қаракемір көне қала қалдығының орнында болуы мүмкін. Аэрофотосуреттер мен көз көрерлік зерттеулердің нәтижелерін үйлестіре талдау Қаракемір-1 және Қаракемір-2 қалдықтарының айналасында бүкіл ауылшаруашылық аймақты қоршап тұрған ұзын қабырға бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сонда бүкіл бұл ерекше Кевакиб жерімен тепе-теңестірілуіне болады, ал сонда қалалар сол жердегі екі қала қалдықтарына сәйкес келеді.

«Кенджак-Сеңгір – Тараздың жанындағы қала»[24],- деп бірінші рет Қашқарлық Махмұд атаған. ХІІІ ғасырда қала Кенджақ атауымен әлі өмір сүрген. Деректердің мәлімдеуінше: «Янгі-ол төрт қала. Олардың әр қайсысының бір-бірінен ара қашықтығы бір фарсах, әр қайсысының өз атауы бар. Біреуі – Янгі, екіншісі-Янгі-Балық, үшіншісі-Кенджак, соңғысы-Тараз». ХҮ ғасырдың бірінші жартысының авторы Арабшахта Испиджабқа төрт күндік жол қашықтығында орналасқан Янгі-Талас қаласы аталған.

1253 жылы Рубрук саяхатының суреттемесінде Кинчат атты қала аталған, ал бұдан Кенждақ атауын оңай тануға болады. Қаратаудан асқан соң Рубрук былай деп жазған: «...Жетінші күні біздің оңтүстік жағымыздан өте биік таулар көріне бастады да, біз бау-бақша сияқты суарылатын жазыққа шығып, өңделген жерлерді таптық. БІз Кинчат атты сары-үйсін қаласына кірдік... Таудан сол жердің бәрін суғарып жатқан үлкен өзен аққан... Ол ешбір теңізге құйылмайды да, жерге сіңіп, шалшық су, батпақтарға айналады екен... Мен Буридің неміс құлдары бар Талас қаласы туралы сұрадым».

Рубруктың суреттемесі  бойынша Кинчат Таластың  төменгі  ағысында орналасқан. Бұл жерде ХІІІ-ХІҮғғ. қабаттары бар екі ескі қала қалдықтары белгілі: біреуі-Шаруашылық /Шарвашылық/, екіншісі – Оххум. Оның көзқарасы бойынша, Кинчатқа Шарвашылық көне қаласы сәйкес, ол Рубруктың келесі күні жеткен қонысы Оххум көне қала қалдығы болған.

Әдебиетте Янгі-Талас  және Янгі-Балық атаулары Садыр-Қорған атты ескі қала қалдығына сәйкес келетін  бір қалаға жатады деген болжам пікір  айтылған. Алайда деректер 4 қала туралы мәлімдейді. Оның ішінде Талас Таразға сәйкес келеді, ал Кенджек-Шарвашылық Янгі-Балық пен Янгіні Орта ғасырлардың соңғы кезеңінің қабаты бар қала қалдықтарымен салыстыру керек. Мұндай ескерткіштерге Садыр-Қорған мен Талас жанындағы Ақтөбе жатады. Кейінгісі осы жерде сақталған ХІҮғ. тамаша архитектуралық ескерткіші «Манас күмбезіне» қарағанда, сол аңғардың жаңа саяси орталығы болған қалаға сәйкес келеді. Бұл Ибн – Арабшахтың Темірдің тұсында наиб дәл осы Янги-Таласта тағайындалатындығы туралы мәліметтерімен үйлеседі. Сонымен, Янги-Талас көрінісіне қарағанда, Ақтөбе көне қала қалдығына, ал Янгі-Балық Садыр-Қорғанға сәйкес.

Тараздың солтүстік-батыс  жағында Хатухчин және Берукет қалалары болған. Біріншісі Х ғасырдан белгілі. Армян патшасы Гетумның жол бағдарламасында Берукет Пергант ретінде белгілі. Тараздан шығып, Гетум Хуттухчин, пергантты басып өтеді де, Сүгулханға жүріп кетеді.

Хуттухчин Майтөбе атты ескі қала қалдығының орнында болған, ал Беркент – Тамды атты көне қала қалдығының орнында. Бұлар Тараздан Қартаудың солтүстік баурайындағы қалаларға жүретін ескі керуен жолында орналасқан. Бұл жол Билікөлдің тұсынан өтіп, Сүгұл – хан қоныс тепкен қазіргі Байқадамға қарай созылып жатқан.

Жібек жолы трассасында  шығыс бағыттағы келесі қала ретінде деректер Төменгі Барсханды атайды. Ибн Хордадбех пен Құдаманың жол бағдарламалары бойынша Төменгі Барсхан Тараздан 3фарсах жерде орналасқан. Ол туралы былай делінген: «Барсхан – Тараздан шығысқа қарай екі адам дауыс қашықтықтағы қала, оның айналасында қабырға, ол қирап та қалыпты. Алқалы мешіт базарлардың ішінде».

Төменгі Барсхан Талас теміржол станциясы жанындағы Тараз қаусырықтарынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Төрткөл-төбе атты ескі қала қалдығымен тепе-теңдестіріледі. Қала топографиясында ішкі қамал мен шахристан ажыратылады. Көне қаланың жобасындағы түрі екі қабатты, жақтарымен жердің бөлімдеріне бет қойған тік бұрыш төбе. Төбенің түп кенересінің өлшемдері 140х140м., биіктігі 4-5м. Солтүстік-батыс бұрышында ішкі қамал орналасқан. Оның орнындағы төбенің биіктігі 10м., өлшемдері 30х30м. Шахристан барлық жағынан бұрыштары мен периметрі бойында мұнаралардан қалған төбешіктері бар шөккен дуалмен қоршалған. Ішкі қамалмен ұласып жатқан ең биік қабырғасы солтүстік жақта-8м. Шахристан территориясына кіретін жерлері екеу, орнында шығыс пен батыс жақтарында байқалады. Кіретін жерлері екі жағынан мұнаралармен мықталған. Қала қақпалары тұрған жақтарына екі алаң жанасқан – шығыс жағында, өлшемдері 70х70м. Және батыс жағында, өлшемдері 100х100м. Бұл рабад қалдықтары. Алаңдарынан территориясында ойдым жерлердің ізі байқалады – хауздардың қалдықтары.

Қаладан шығыстау жерде бөлек-бөлек төбешік болып қалған құрылыс іздері байқалады. Бұл қаланың ауыл шаруашылық аймағына кіретін жеке қоныс қалдықтары. Үлкен масштабты кварталдың аэрофотосуреттерінің мәнін ашып талдау бізге орталық қаусырықтардың айналасынан олардан 1,5-2км. Қашықтықтағы территорияны қоршап тұрған ұзын қабырғаның қалдықтарын табуға мүмкіндік береді.

Ішкі қамалда  жасалған қазбалардың нәтижесінде жобасында тікбұрыш және шаршы болып келген бөлмелер тобы ашылды. Едендеріндегі жер-ошақтар мен олардың жанындағы тас төселген орындар тазартылды. Бөлмелердің бірінде күлгін қырдан жасалған өлшемдері 2,5х3,7 м. кішкене алаң болған. Оның жанында жерге қазып орнатылған биіктігі 1м., тұлғасының диаметрі 70см., хум табылған. Бұл құрылыс шарап жасайтын жердің қалдықтары болып шықты.

Ішкі қамалдың жоғарғы құрылыс қабаты Х-ХІІ  ғасырлармен даталанған. Шахристанда  жасалған қазбалар ошақтары мен тандырлары бар бірнеше үй-жай қора-қопсы құрылыстарды ашқан. Олар ҮІІІ-ІХ ғасырлармен даталанады.

Пахса қабаттарынан таспа техникасымен жасалған бекініс  қабырғасының бір бөлігін тазалай  алдық. Қабырғаның түп қалыңдығы 5,5м  сақталған биіктігі 5м. [27]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Жеңіл де шапшаң жүріп тұруға, кең ауқымды байланыстар жасауға дағдыланған ХХ ғасырдың адамдары өткен дәуірлердегі қарым – қатынастарды толық түсіне бермейді, я болмаса болымсыз ғана нәрсе деп қабылдайды. Және де ғасырлар тізбегінің тереңіне қарай жылжыған сайын адамға тән байланыстар да қиындай түсетін сияқты көрінеді.

Дегенмен, бүгіндегі  саяхат жасау, сауда қылу, дипломатиялық  сапарлар, адамдардың алыс-қиырларға  қоныс аударуы сонау көне дәуірлерде жиі болып тұрғаны барған сайын  айқындай түсуде. Ертедегі дәуірде, әсіресе орта ғасырларда қоғам дамуына қозғалыс күшті болған, адамдар мәдени байланыстар мен алыс-беріс жасауға ұмтылған. Солардың бір айғағы - «Ұлы Жібек Жолы» болып табылады. Бұл дипломдық жұмыста оның Қазақ даласын, шөлді өлкелері мен тау асуларын басып өтетін бір саласы туралы сөз болды. Онда ең негізгі сауда желілерінің және де шалғайда жатқан аудандарды аса ірі мәдени және экономикалық орталықтармен жалғастырған орасан мол тармақтарының бағыттары жайында әңгімелейді.

Тірлік істеп бар жапанды шарлайды,

Ақыл есін бір  құдайға арнайды.

Туардан-батар  беттеп кезеді

Тауып сенің  тілегіңді келеді.

Дүниенің таңсық қымбат нәрсесі 

Көп оларда ей, Ер, биік еңсесі – 

деп Жүсіп Баласағұн  айтқандай, олардың бойымен іскер, көпестер жасақтаған керуендер ағылып жатты.

Сан тарау жолдар Сырдария мен Таластың, Арыс пен  Ертістің жағасында, тау шатқалдарына кіре берісте, асулар мен өткелдер маңында, таулар мен далаларда қоныс тепкен үлкенді-кішілі қалаларға барып  тіреліп жатты. Бұл қалалардың кейбіреулерінің аттары барлық өлкелерге әйгілі болды, олар туралы еңбектерде, сөз болады, аңыздар сыр ақтарады. Олар – Отырар мен Тараз, Түркістан мен Баласағұн, Испиджаб пен Суяб. Өзгелері түгелдей халықаралық сауда-саттық ісіне тәуелді аралық  сауда бекеттері ретінде белгілі болды. Далалық өлкелермен шектес аймақта орналасып, шекаралық сауда-саттық байланыстары арқылы байып, гүлденген Сауран немесе Дех Нуджикес сияқты қалалар да болды. Дегенмен қалай болған күнде де қалалардың қай-қайсысы да сан қырлы, алуан үнді және олардың мұндай қасиеттерінде шек жоқ. Олар белгілі бір дәрежеде халықтың қозғаушысы, көптеген оқиғалардың кейіпкері әрі куәгері болып табылады. Кейбір қалалар тұтас дәуірлер мен мемлекеттерден де ұзақ өмір сүрді, жойылып кетіп, қайта жанданды, енді біреулерін соғыстар мен жойқын шабуылдар тып-типыл етіп, жер бетінен жойып жібереді, олардың ізін табу да қиын. «Ең қиын нәрсе - өзің тұратын қала болса да әйтеуір бір қала туралы әңгіме қозғау. Әрдайым өзің қалаған нәрселеріңнің жүзден бірін көре алмайтыныңды сезіп тұрасың. Қалалар – біздің планетамыздағы кішкентай әлемдер, қалалар - әрі сонау көне дәуірлер, әрі бүгінгі өмір, әрі ертеңгі болашақ». [26]

Сонымен қорыта келгенде Ұлы Жібек жолы – Еуразия  құрлығындағы сауда, керуен жолдарының жалпы атауы, біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдан ХҮІ ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Чжан Цяньның жасаған саяхаты нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырда ашылды. «Ұлы Жібек жолы» Сианьнан Ланьчжоу арқылы Дунхуанға апарады, бұл жерден жол екі торапқа бөлінеді: солтүстік жол Тұрфан, Қашқар, Самарқан, Ферғана алабын, ал оңтүстік жол Хотан, Жаркент, Балх  және Мервті басып өтіп, Памирдің тау жоталары арқылы Үндістанға, сондай-ақ, Таяу Шығысқа апарады. Мервте оңтүстік және солтүстік жолдар қосылып, одан әрі батыстағы «Ұлы Жібек жолы» Ниса, Гекатомпил, Экбатана, Бағдад арқылы Жерорта теңізінің шығыс жағасындағы порттарға, Тир мен Антиохияға дейін созылып жатыр. Қытай жібегі негізгі сауда тауары болды. «Ұлы Жібек жолы» І – ІІ ғасырлар аралығында жақсы дамыды. 97 жылы қытай саяхатшысы Гань Ин Парсы шығанағына дейін, ал македониялық Май Тициан 100 жылы Ланьчжоуға дейін жеткенімен, жол қатынасының қиындығы Қытай мен Рим арасында тікелей байланыс жасауға мүмкіндік бермеді. ҮІІ – Х ғасырларда «Ұлы Жібек жолының» халықаралық маңызы арта түсті. ХҮ ғасырдан Алдыңғы Азия мен Орталық Азия және Қытай халықтары арасында экономикалық және мәдени байланысты дамытуда «Ұлы Жібек жолының» рөлі зор болды. «Ұлы Жібек жолының» ұзындығы 7 мың шақырымнан асты». ХХ ғасырда «Ұлы Жібек жолы» Шығыс пен Батыс халықатарының арасындағы қалыптасқан бейбіт қарым-қатынасты әрі қарай дамытуда маңызды роль атқаруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Зуев Ю.А. Китайские сведения о Суябе /Известия АН Каз.ССР.Серия истории, археологии и этнографии. Вып.3,1960г. С.87-89
  2. Лубо - Лесниченко Е.И. Великий Шелковый путь 372-373
  3. Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. Соч. Т.П.4.2М 1963г. С.31
  4. Байпақов К.М. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың  орта ғасырдағы қалалық мәдениеті.-Алматы:1986,9-92б.
  5. Горячев В.Д. Город золотого верблюда. Фрунзе,1988с.62-68
  6. Байпақов К.М. Ерте Орта ғасырдағы Отырар қаласының кейбір тарихи этнографиялық мәселелері. 1985 68-65б.
  7. Алтын Орда тарихына жататын материалдардың жинағы, ІІт., М-Л,1941ж. 129б.
  8. Пищулина К.А. СЫРДАРИЯ өңіріндегі қалалар және олардың қазақ хандықтары тарихындағы маңызы. Алматы,1969, 17б.
  9. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфагани. Михман-наме-йн Бухара. Аудармасы алғысөз және ескертулері Р.П. Джалалилованікі М.,1976, 116б.
  10. Лерх П.И. Түркістан өлкесіне 1867 жылғы археологиялық сапар. СПб,1870,14,21,31б.
  11. Бернштам А.Н. Ертедегі тарих және оңтүстік Қазақстан халықтарының шығу проблемалары, ҚазССР ҒА хабарлары,  археолог.сериясы, 1950ж. 82б.
  12. Андрианов Б. Арал өңіріндегі ежелгі суарту жүйесі. М.,1969, 41-б. 10-сурет
  13. Акишев К.А. Байпақов К.М. Сауранның кариздері. Қаз.ССР. ҒА хабаршысы, 1973, 76-78бб.
  14. Акишев К.А. Сауранның кяриздері. Қаз.ССР. ҒА хабаршысы, 1973, 76-78бб.
  15. Балдырев А.Н. Зайнаддин Васифи. 335-б.253-ескерту

            Қазақ ССР тарихы. ІІт. Алматы, 1979, 64-68бб.

  1. Толстов С.П. Оғыз қалалары С.Э., 1947, 58-62бб.
  2. Зуев Ю.А. Китайские известия о Суябе. ИАН Каз.ССР, сер.ист.археол.и этнограф. Вып.3, 1960г. 91с.
  3. Волин С.Л.Сведения арабских источников о долине р.Талас и смежных районах. ТИИАЭ АН Каз.ССР. Т.8 1960 с.78-80
  4. Валин С. Сведения арабских источников. ТИИАЭ, АН. Каз.ССР, Т.8 1960г. с.82
  5. Валин С. Сведения арабских источников... с.78
  6. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Соч. Т.Т. М-Л.: 1963г. с. 518
  7. Бартольд В.В. К истории о решения Туркестана. Соч.т.Ш.М.1965, с.223
  8. Ф.Назаров Записики о некоторых народах и землях средней части Азии М.1968г. с.33
  9. Лаврентьев В. Әулиеата қаласының шеңберінде жатқан төбелердің қысқаша тізімі. Ташкент, 1900ж. 39-45бб.
  10. Каллаур В.Әулие атадан батысқа қарай Шымкент уезінің шекарасына жүрген ескі Керуен жолындағы Әулие-ата уезінің ежелгі қоныстары. ПТКЛА ІҮ том, 1899, 53б.
  11. Сенигова Т. Орта ғасырлық Тараз. Алматы, 1972, 71-76бб.
  12. Волин С.Л. Талас өзені аңғары мен оған жанама алқаптар туралы араб деректерінен мағлұматтар, 84бет.
  13. Акимжанов С.М. Кыпчаки в историй средневекового Казахстана Алма-Ата,1989
  14. Баласағұн Ж. Құтты Білік Алматы,1986, 414б.
  15. Айтматов Ч. Мой Чудо-город «Огонек», 1966, №11
  16. Агаджанов С.Г., Очерки истории огузов и туркмен Средней Азии ІХ-ХІІІ вв. Ашхабад, 1969 с.122-125
  17. Ежелгі Қазақстан А.Сәрсенбаев «Аруна» баспасы, Алматы,2002
  18. Қазақстан тарихы ССР, Алма-ата, 1977 Іт. 287-291бб.
  19. Орбели И.А. Баня и скоморох ХІІв. В кн. Помятники эпохи Руставлли Л.: 1938г. С.159
  20. Толстов С.П. Оғыз қалалары С.Э.1947 №3, 58-62бб.
  21. Кляшторный С.Г. Древнетюрские руднические памятники с.164
  22. ҚазақССр тарихы ІІт.  Алматы,1979, 64-68бб.
  23. Каллаур В. Уәлие атадан батысқа қарай Шымкент уездінің шекарасына жүрген ескі керуен жолындағы Әулиеата уездінің ежелгі қоныстары. ПТКЛА ІҮт. 1899,53б.
  24. Большаков О.Г. Ислам тыйым салады. Ғылым және дін 1967ж., №7, 41б.
  25. Мец А. Мұсылмандық қайта өрлеу 129б.

 


Информация о работе Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар