Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.
Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер алынып отыр:
Ұлы Жібек жолы тақырыбын жан жақты зерттеу барысында ғылыми деректерді және бұхаралық хабарлама құралдары мен баспасөз материалдарын барынша тиімді қолдану.
Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау
Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді құралы болуы ықтимал «Ұлы Жібек жолының» қыр-сырын жан-жақты зерттеу

Содержание

Кіріспе .................................................................................3-4

І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі ..............5-32
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы .................................5-7
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы
Ұлы Жібек Жолының рөлі ......................................................8-11
1.3. Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдары ..............12-18
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары ..................................................................................19-32
ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы пайда болған
ортағасырлық қалалар .......................................................33-52
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы ......................................................33-42
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы ..........................43-49
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары ......................................50-52
ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан
территориясындағы қалалар .........................................53-69
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және
Шымкент қалалары ...........................................................53-58
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы ......................................................................54-69
Қорытынды ......................................................................70-72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................73-74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Ұлы-Жібек-жолындағы-ортағасырлық-қалалар.doc

— 321.50 Кб (Скачать документ)

ХІІІ ғасырдағы  ХҮ ғасырдың бас кезінде Қазақстан қалалары құрылыстарының дәстүрлі санаттары құрамында, одан бұрынғы уақыттағыдай, монашалар да болды. ХІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХҮ ғасырдың басындағы кезеңге жататын бір монша Отырардан қазып ашылды. Ал оңтүстік кіреберістен батысқа таман 200м жерде, су қоймасы жағасында, ХІ-ХІІ ғасырлық монша орнына салынған.

Жоғарыда айтылғандарды  қорыта келіп, Отырарда археологиялық зерттеу жұмыстары одан әрі жалғастырылып жатқанын және әрбір далалық маусым осы бір Орта Азия мен Қазақстанның ортағасырлық саяси, экономикалық және мәдени ірі орталығының дамуы жөніндегі біздің түсініктерімізге қыруар жаңалықтар енгізе түсетінін айрықша атап айтқан жөн.

Түркістан алқабы ҮІІІ ғасырда Шавгар өлкесі атауымен белгілі болған. Астанасы басында  өзіне аттас шаһар екен, ал кейінірек  аты ХІІ ғасырдан белгілі Яссы қаласы болғаны мәлім. Орта ғасырлардың аяқ шенінде Яссы – Түркістан Оңүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және Талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белі мен Қаратау баурайын түгел қамтитын үлкен айқаптың орталығына айналған.

Қазіргі Түркістан  қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан Шүйтөбе атты бұзылған көне қала сол бұрынғы Шавғар шаһары деген болжамға саюшылық бар. Біздің ойымызша ол Түркістан қаласының өз территориясында жатқан Күлтөбе атты көне қала қалдығының орнында қонысталынған. ХІІІ ғасырдың онжылдығының басында Қазақстанның оңтүстігін иемдеп алған хорезмшах Мұхаммед ибн Текеш дәл осы жерде ақша соққызған. Ақшаның нақ осы Яссада соғылып шығарылуының саяси, идеологиялық әр-түрлі себептері бар болуы әбден айғақ.

Бұл қаланың  моңғол шапқыншылығы кезіндегі тағдыры белгісіз, алайда ол Асон атауымен ХІІІ ғасырдың орта шенінде Гетум жол бағдарламасында аталған. ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында сопы шейхы Ахмед Ясави молдасына орасан зор бейіт құрылуына байланысты қала атағы жұртқа жайылып, Орта Азия мен Қазақстанның үлкен идеологиялық және саяси орталығына айнала бастады.

Ясы – Түркістан  ірі сауда орталығы болған. Рузбихан бұл жерде қыр-даланың, Орта Азияның, Қытайдың сауда жолдары түйіскен деп мәлімдеген. «Солтүстік жағындағы өзбек жерлерінен Андижанға жүретін жолдарменен Қытайдың шегарасына дейін... Иасыға заттар мен сирек бұйымдар жеткізіледі. Мұнда саудаға түседі. Бұл саудагерлері мен жолаушыларының аялдайтын жері» Түркістан үлкен диқаншылық аймақтың да орталығы болған, құқықтық куәліктерде Ходжа-Тұмасы құдығы,Қара-бұлақ, Сарай-бұлақ т.б. арықтар айналасындағы суармалы  жерлер аталған.

Көне қала жобасы жазбаша деректермен ұласа келе қала топографиясын былайша сипаттауға мүмкіндік береді. Ходжа Ахмед  Яссави бейіті түрған мешіт қаланың солтүстік-батыс жағында орналасқан. Жобасында бұл бес бұрыш төбе, оның оңтүстік-шығыс жағы-13м, солтүстік-шығысы-80м., солтүстігі-90м., солтүстік батысы – 130м., оңтүстік батысы-200м.

Мешітті қоршай шикі кірпіштен мұнаралары бар бекініс  қабырға салынған. Жақсы сақталып қалған қаланың тек батыс қабырғасы, оның ұзындығы 350м., мешіттің ортасына дейінгі қашықтығы да дәл осындай.ХҮІІІ ғасырдың бас шеніндегі сурет бойынша,  қаланың шығыс бағытындағы ұзындығы батыс жағына қарағанда екі есе артық және қабырғадан 700м қашық. Қайта жасау жобасы бойынша көне қаланың алып отырған орны 35га-дан кем емес. Қақпалардың санына келсек, суретте олар төртеу болған. Қаланы төрт қақпаны қосатын 3 негізгі көше кесіп өткен. Оңтүстік бөлігінде керуен-сарай орналасқан және оның қасында қала қабырғасының сырт жағында-базар. Бұзылған ескі қала  өзінің орта ғасырлардың аяқ кезіндегі өлшемдерімен монғол басқыншыларына дейінгі Яссы қаласының өлшемдерін қайталайтын тәрізді. Қала орнының барлық жерінде ІХ-ХІІ ғасырлардың материалдарының табылуы оған айғақ. Қазба жұмыстарының көрсетуі бойынша қаланың өзі ХІХ ғасырға дейін өмір сүрген.

Түркістан қаласында  өзінің атауын әлі күнге дейін  сақтап келген Иқан қаласы болған. Түркістанға  қарасты жер ретінде Иқан Хафиз  Таныштың шығармасында Абдолла ханның 1582 жылғы Түркістанға жорығы туралы жазған жерінде аталған.

Сол сияқты, Сури туралы да Хафиз Таныш шығармаларынан белгілі. Ол Абдолла хан әскерлері «Түркістанның қарамағындағы жер-Суриға келіп лагерь болып орналасты», - деп мәлімдейді.

Сури Түркістанның шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан және ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Материалдарын берген Сортөбе атты бұзылған ескі қаламен тепе-теңдестіріледі.

Жазбаша деректер Хғ. авторы Аль-Макдиси Испиджат аймағындағы қалалардың тізіміне кіргізген алқаптың тағы бір қаласы – Шагильджаны атайды. Зерттеушілердің пікірі бойынша Шагильджан Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жердегі өзіне аттас селоның шетінде жатқан Шаға атты бұзылған ескі қалаға сәйкес келеді.

Мұнда бір-біріне жақын жерде біздің дәуірдің бірінші ғасырларындағы қоныстардан бастап, ҮІ-ХҮІІІғғ. қаласына дейінгі қалалық өмірдің біртіндеп дамуын беретін Шаға І, Шаға ІІ және Шаға ІІІ деген үш төбе жатыр. Қаланың қалыптасуының басы ҮІ-ҮІІІ ғасырларға жатады. Осы кезеңге науыстармен жерленген зираттар да жатады. ҮІ-ҮІІІ ғасырларға материалдарын берген олардың біразы, оның ішінде тиындар да қазылып алынған.

Түркістан алқабының  қалалары мен қоныстары туралы бұл  қысқаша баяндаманың өзінен де, оның Ұлы ЖІбек Жолы бойындағы зор  мәдени және экономикалық орталық болғаны айқын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Сырдария  өңіріндегі Сауран қаласы мен  Оғыз және және Қыпшақ қалалары

Сауранның жеті қабырғасы. Сырдария белінде белгілі қалалардың бірі – Сауран. Өз атауын сақтап қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер Х ғасырдан әйгілі. Х ғасырдың белгілі араб географы қаланы былай деп сипаттаған: «Сауран бірінен кейін бірі 7 қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан. Ол гүздер мен қыпшақтарға қарсы құрылған шегаралық бекініс қамал».

Кейінірек ол туралы Ибн-аль-Асир мен Якут Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі мәдени және сауда -өнеркәсіптік орталық ретінде жазған. ХІІІғ. ортасында Сауран Савран атауымен армян патшасы Гетумның жол бағдарламасында Сығанақ /Сгнах/, Қарашық /Карачук/ және Асон /Яссы/ қалаларымен бір қатарда аталған.

ХҮ ғасырдың бірінші жартысында джучидтер кезінде  Сауран тіпті Ақ-Орданың астаналық  ортасы болған.Қалада 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың патшасы Сасы-бұқа жерленген. Оның ұлы Эрзен Сауран және басқа қалаларда медресе, хапака, мешіттер салған.[6] Аcтаналық орталық ролін Сауран кейінгі кезде де сақтап келген. ХҮ ғ. 80-ші жылдары қаланы алғашқы қазақ хандарының бірі Жәнібектің ұлы Иренші-сұлтан билеген.[7] ХҮІ ғасырлық Сауранды Рузбихан толық сипаттаған. Ол оны «аса жайлы» тамаша қала, өте сауықшыл, жарқын, жанға шипа болып, бойды сергітетін жұмсақ ауасы бар ... бүкіл аймағында әр түрлі әдемі ағаштар өскен және көрінген. Қаланың өзі биік қабырғамен қоршалған... ал оның айналасында - ор». [8]

Қала туралы құнды деректер мұнда 1514-1515 жылдары  тұрған ақын және жазушы Басифидің  мемуарында бар. Ол қаланың аса көрнекті ғимараттарының бірі теңселмелі екі  мұнарасы бар медресе туралы мәлімдейді: «Оның айванының иықтарына орасан зор және аса келіскен екі биік мұнара қойылған. Ол мұнарлардың «гүлдастына» екі шынжыр бекітілген, ал әр мұнараның күмбезінің астына бөренені қатты күшпен қозғалысқа келтірсе, шынжыр тербеледі де, қарама-қарсы мұнарада тұрған адамға мұнара құлап кететін сияқты көрінеді, ал бұл - әлем ғажаптарының бірі».

Васифи Қазақстан  үшін әдеттен тыс кяриздер – жерасты  суларды сыртқа шығаратын жерасты  галереялар көмегімен қаланың сумен  қамтамасыздандырылғанын да сипаттайды. Васифидің айтуынша, «олар сияқтыны бүкіл әлемдегі жер мен суды шарлап шыққан адамдар да көрмеген». Олардың құрылысында 20 индиялық құлдар жұмыс істеген. Кяриздердің бастауы Саураннан бір фарсах жердегі қашықтықта болған, оның үстінде қамал салынған, қамалдың ішінде терең құдық қазылған, 200 гяз, жер бетінен суға дейін 50 гяз, құдықтағы су діңгегі 150 гяз болған, суды шығыр арқылы көтерген. Шығыр бұқамен қозғалысқа келтірілген. Кяриздердің басында су қоймасы орналасқан. Кяриздердің біреуінің суымен суғарылатын жер участогінде бағы, жүзім бақшасы және шаруашылық қора-қопсылары бар шарбақ орнатылған.

Кезінде Сауран мықты қамал болған, қала бекіністері  туралы айта кетуді замандастары өздеріне борыш тұтқан. Мысалы, Хафиз Таныш  қаланың қорғаныс биналарының және сумен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыздандырылуының арқасында бірнеше ай бойы жау қамауына төтеп бере алатындығын мәліметтейді. Сауранның бекініс жүйесінің ішінде ол мұнаралары және кіріп шығатын есіктері бар қамал қабырғаларын, қорған дуалын, орын атаған. «Сауран бекінісінің күші мен мықтылығы соншалықты, тіпті құйты тағдыр қолы оның дуалының кенересіне де жетпеген».

Сауранды археологиялық  жағынан бақылау  бұдан 100 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Ол туралы П.И. Лерхтың шығармаларында, П.И. Пашиноның жол жазбаларында, А.И.Федченконың   берген есебінде айтылған. Олардың бәрі ескі қала қалдықтарының, оның қабырғаларының жақсы сақталғандығы туралы, медресенің қаусырықтары туралы жазған. [9]

Көне қала қалдықтарының  бірінші археологиялық зерттеулерін біздің жүзжылдықтың 40-жылдарында А.Н.Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Ескерткіштің көрнекі сырт пішіні жобаға түсіріліп, Алынған материалдар негізінде кезеңдеме ұсынылған. [10]

Қала тарихы жайында айтыс туғызған мәселелердің бірі болған оның қоныстанылу мәселесі. Егер ХІІІ-ХҮІІІғғ. Сауранның орналасқан жері күмән туғызған болса және оған Сауран атты ескі қала қалдығы сәйкес келсе, моңғолдарға дейінгі қаланың қонысы тура тауып көрсетілмеген болатын. Мәселе көне Сауран қаласының ХІІІғ. дейінгі материалдары бар қабаттарының жоқтығында, яғни бұл қала ХІІІ ғасырда пайда болып, ХҮІІІғ. дейін өмір сүрген.

Тек Қаз.ССР  ҒА АЭҒЗИ-нің ескерткіштер жинағы археологиялық  экспедициясының ескі Сауран қаласының  микроауданында жасаған тиянақты зерттеулері моңғолдарға дейінгі Сауранның орналасқан жері жөніндегі сұраққа сенімді жауап беруге мүмкіндік туғызды. Сауран-төбе атты ескі қала қалдығы жатыр. Онда әлденеше рет зерттеушілер болып, қаланы б.д. бірінші-ҮІғғ. - мен кезеңделген.

Алайда жаңа зерттеулер Қаратөбе өмірі кезеңін қайта қарастырып, оны б.д. бірінші ХІІ ғасырларына жатқызуға мүмкіндік берді.

Көне қала орнына ақ ангобаның үстінде ХІ-ХІІ ғасырларға тән мөлдір жалатпасы бар және жасыл, қызыл, қоңыр бояулармен көркем суреттелген су құятын тостаған сынақтарының бай коллекциясы жиналып алынған.

Сонымен, ҮІ-ХІІ  ғасырлардың Саураны Қаратөбе көне қалашығының орнында болған, ал ХІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Сауран жаңа жерде орналасқан және оған өзіне аттас ескерткіш сәйкес.

Соңғы жылдардың  зерттеулерінде бұл көне қала қалдықтарының сипаты туралы жаңа мәліметтер алынған, ал археологиялық-топографиялық байқаулар мен жазбаша деректерді салыстыру орта ғасырлардың аяқ шеніндегі Сауранның көрінісін толығырақ елестетді мүмкін етеді.

Көне қаланың  аэрофотосуреттерінің мәнін ашу, топожобаларды талдау-көрнекті зерттеулермен қосыла келе – қаусырықтарды былайша сипаттауға мүмкіндік береді.

Сауран қалдықтары жобасында құлап шөккен бөліктері 3-тен 6м., дейінгі биіктігінде сақталған  қабырғамен қоршалған сопақ алаң. Ол солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 800м және солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 550м-ге созылған. Қала ауданы төңірегіндегі жерлерден 2-2,5м көтеріңкі. Қала қабырғасы биіктігі 2-3м, стилобаттың үстіне тұрғызылған. Оның сыртқы бөлігі берма болып келген. Қабырға шикі кірпіш пен пахсадан жасалған, оның бойында екі қабатты, дөңгелек, қабырғадан жуандау 4 мұнара орналасқан. Жоғарғы қабаты күмбезбен жабылған, Ал күмбездің тіректерінің қалдығы осы күнге дейін сақталған. Мұнараның жазықтығында зеңбірек атуға арналған жіңішке саңыраулар ойылған. Қаланың 2 қақапасы болған. Бас қақпасы қабырғаның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және ол екі жағынан сыртқа қарай шығыңқы тұрғызылған 2 қабатты қорғаныс мұнараларымен бекітілген мықты фортификациялық бина болған. Кіретін жері – қабырғаның шығып тұрған кесінділерінен құралған 20-метрлік коридор тәріздес өткел. Екінші қақпасы қала қабырғасының оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған. Шығыс жағында мұнараның ішінде тағы да бір қалаға кіретін, құпия болу керек, ені 1,2м биіктігі 1,7 м есік болған.

Қабырғаның  сыртын айналдыра тереңдігі 1-3м дейін, ені 15-20м ор қазылған. Одан шығарылып  тасталған топырақтан биіктігі 1-1,5м, ені 5м үйінді-дуал қалған. Солтүстік-шығыстағы  қақпадан басталған орталық көше қала территориясын солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай қақ бөлген. Қабырғаның оңтүстік батыс бөлігіне 150м жетпей ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған төте көшеге келіп тіреледі. Бұл көшенің бір бөлігі оңтүстік-шығыс қақпасына шығады. Екі үлкен орталық көшеден басқа көне қала топографиясында шиеленісе тармақталған жол торабын құрайтын көптеген кішігірім көшелер мен мұқалмалар байқалады. Солтүстік-шығыс жағындағы қақпадан 210м жерде орталық көшенің сол жағында күйдірілген кірпіштен жасалған үлкен бина қалдықтары жатыр. Бұл үстін күйдірілген кірпіш пен қыр сынықтары жауып қалған төбе қалдықтары. Төбе жобасында өлшемдері 100х100 м үшбұрыш формалы, ал көптеген глазурь жалатқан сылақтың бөлшектеріне қарағанда, дәл осы жерде жазбаша деректер мәлімдейтін медресе тұрған.

Орталық қаусырықтардың радиусы 1400-1600м айналасында тығыздығы  әртүрлі болып салынған қора-жайлы, бау-бақшалы жеке қоныс қалдықтары жатыр.

Әр-бір қоныстың үй-жайы мен жері айнала қабырғамен қоршалған. Жерінде бақша дақылдары, жүзім, жеміс –жидек және дәнді дақылдары өсірілген. Әсіресе бақша дақылдары егілген жерлер анық байқалады.

Информация о работе Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар