Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 17:54, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі күні осы жол бойындағы жатқан халықтардың өзара пікір алысуды қайта жаңғырту қажет екендігін ұғынуына, өзара түсінісудің, қатынасудың және өркениетті бірлесе байытудың қолдағы тарихи мән маңызы бар мүмкіндіктерін пайдалануына септігін тигізу.
Зерттеудің мақсатын жүзеге асыру барысында келесі міндеттемелер алынып отыр:
Ұлы Жібек жолы тақырыбын жан жақты зерттеу барысында ғылыми деректерді және бұхаралық хабарлама құралдары мен баспасөз материалдарын барынша тиімді қолдану.
Ұлы Жібек жолының кесіп өтетін негізгі жолдарын анықтау
Келешекте адамгершілік, ынтымақтастықты жолға қоюдың тиімді құралы болуы ықтимал «Ұлы Жібек жолының» қыр-сырын жан-жақты зерттеу

Содержание

Кіріспе .................................................................................3-4

І тарау. Ұлы Жібек Жолы және оның қызметі ..............5-32
1.1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы .................................5-7
1.2.Батыс пен шығысты байланыстырудағы
Ұлы Жібек Жолының рөлі ......................................................8-11
1.3. Ұлы Жібек жолы бойындағы керуен жолдары ..............12-18
1.4. Ұлы Жібек жолымен таратылған діни сенімдер мен дін жолдары ..................................................................................19-32
ІІ тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы пайда болған
ортағасырлық қалалар .......................................................33-52
2.1. Отырар мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі атауымен белгілі
болған Түркістан алқабы ......................................................33-42
2.2. Сырдария өңіріндегі Сауран қаласы ..........................43-49
2.3. Оғыз және қыпшақ қалалары ......................................50-52
ІІІ тарау. Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан
территориясындағы қалалар .........................................53-69
3.1. Шежірелі Сайрам (Испиджаб) және
Шымкент қалалары ...........................................................53-58
3.2. Ұлы Жібек Жолы трассасында маңызды роль атқарған Тараз қаласы ......................................................................54-69
Қорытынды ......................................................................70-72
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ................................73-74

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Ұлы-Жібек-жолындағы-ортағасырлық-қалалар.doc

— 321.50 Кб (Скачать документ)

Қабырғаның  жоғарғы бөлігінде өрнекті жолақтың сақталып, тазартылған тақтайларына бір кезде әлде бір көркем-ойлы идеялық сюжетке байланысты салынған құдайлар мен тіршілік қаракеттер көрінісі бейнеленген. Тақтайлардың бірінде көлемі (122х25см) аң бейнеленді тақта отырған қос құдай жұбы суреттелген. Еркек құдай басына тарам тісті тәж киіп, бастарын бір-біріне бұрып жатқан қанатты қос түйе түріндегі тақ үстінде отыр. Құдай кеудесі тұсына кесе ұстаған, оң қолына ұшында иілген үш айрық тармағы бар асатаяқ ұстаған. Ал кілеммен жабылған аң бейнелі тақтың алдында тізелерін бүгіп тұрған екі адам бейнеленген көрініс осы өрнекті тақтайдың астыңғы бөлігі болса керек. Құдай сол жақ қолына тостаған, әлде жиегі кертпешті құрбандық кесесін ұстаған. Әйел құдай мүйіздері артына доғалана иіліп жатқан екі қой кейпіндегі тақта отыр. Әйел құдайдың басына ортасы бантталып, маңдайында түсіре байланған жемелік, оның екі ұшы иретіле желбіреп тұр. Шынтағы сәл бүгілген оң қолында үш бұрышты бір зат бар.

Құдайлардың осыларға ұқсас бейнелері Педжикент әшекейлерінде  және оңтүстік Соғдыдағы осы маңдық  Сиваз қышлағынан табылған оссуарий көріністерінде де кездеседі.

Орта Азия мен  Қазақстан қалаларында ислам  діні таралған кезеңде пайда болған құрылыстар қатарына көпшілік моншалар да жатады.

Өлікті жерлеу рәсімі ІХ ғасырдың екінші жартысы  мен Х ғасырда өзгереді. Ол мұсылманға тән сипатта және белгілі бір қағидаларға сәйкес жүргізілді: өлік жерден қазылған шұңқырларға, шикі кірпіштен қаланған сағаналарға қойылды. Өлік басын солтүстік-батысқа беріп, бетін оңтүстікке бұрып жатты. Қабірлерде құрал саймандар жоқ. Ең ертеректегі мұсылман мазарларының кешендері Отырар алқабынан табылды, олар ІХ-Х ғасырларға жатады. Соның бірі – Х ғасырлық ескі Боран қаласындағы мазарлар кешені.

ХІ-ХІІ ғасырлардағы зираттар кешендерінде зәулім де сәулетті мазарлар құрылысы бой көтерді. Мұсылман мазарларының ертеректегі бір тобы ескі Боран қаласы жұртынан аршылды.

Тараздың шығыс  бетіндегі 18 шақырым жерде Головочевка  селосы маңында екі мазар –  мавзолей сақталған. Солардың бірі – Бабаджи-хатун-ою-өрнекті қасбеті жоқ және Х ғасырға жататын мавзолей. Екіншісі Айша-бибі мазары. Оның әсемдік бедерлері мен геометриялық ою-өрнектерге толы жапқан жұқа кірпіштерді пайдалана отырып, сыртқы тегіс бетіне бай әшекейлер салынған батыс беттегі қабырғасы ғана сақталған. Бұл мавзолей ХІ-ХІІІ ғасырларға жатады.

Сырдарияның төменгі  ағысындағы Сырлытам мазары – ХІІ  ғасырлық мавзолей. Оның күйдіріліп, оймышталған сары саз тақталармен безендірілген биік қасбеті бар, ХІ-ХІІ ғасырларда салынған.

Жылтыр сыр жалатылған, ою тәрізді арап әріптерімен әшекейленген ыдыстардың көпшілігі қыштан жасалған. Мұндай жазулардың бір бөлігі жазу деуден гөрі әшекейге көп келеді, оқылмайды, дегенмен бірқатарында әр алуан діни мазмұнды оң тілектестіктер мен өсиет сөздер жазылған.

Сәндік үлгілердің таратушысына айналған мыстан, қоладан  жасалған металл бұйымдарға да әлгіндей тілектестік және діни мазмұнды сөздер жазылып, әшекейленген.

Осы бір дүниежүзілік өркениеттің айшықты да айрықша  куәсі - «Жібек жолы» проблемаларына қысқаша шолуды тұйықтай келсем, ұлан – ғайыр қазақ даласы сахараларын, биік таулар мен етектегі құнарлы алқаптарды кәсіп етіп, Европадан Азияға дейін және оған керісінше бағытта созылып жатқан сауда жолдарына сипаттама бере отырып, сондай-ақ сол жолдармен ағылған сан-алуан таңсық тауарлар, ежелгі өнер мен дін жолдары туралы әңгімелей келіп, орта ғасырлық тарих пен рухани өмірдің аса күрделі болғанын атап айтпасақа болмайды. Шығыс пен Батыс, Азия мен Европа тоғысқан Қазақстан қалаларында бір-біріне мүлде ұқсамайтын мәдениеттердің өзара кірігіп, бір-бірін байыта түсулеріне аса қолайлы жағдай, ахуал туды. Өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті алқасында маржандай жарқыраған таңғаларлық мәдениет жасай алады.

 

 

 

 

 

 

ІІ  тарау. Ұлы Жібек Жолы бойындағы  ортағасырлық қалалар

2.1. Отырар  мен ҮІІІ ғасырда Шавғар өлкесі  атауымен белгілі болған Түркістан  алқабы 

Мөлдір сулы Арыстың сары лайсаң Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде талай ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы – Отырар.

Отырар Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айрықша  орын алады.

Егер әлде қандай күн туып, алмас қылыштар айқасып, сұр жебелер суылдаса, егер сарайлар мен күркелер алау өртке оранып, күн көзін қара түтін тұмшалар кез болса, онда далалықтарға да, қалалықтарға да бірдей қатерлі жаулар келгені. Міне, сонда өзінің ұстаханасындағы көрік отын сөндірген ұста мен малын айдалада қалдырған малшы қамал қабырғасында тізе қосып, қанжарларын ауыздарына кесе тістеп, сатымен жоғары өрмелеген елдермен жаудың бетін бірлесіп қайтарады. Одан тағы бейбітшілік, тағы соғыс... Кангюйдің ұзын семсерлері түріктің қиқы қылышына орын береді, қарапайым ағаш соқаларды темір ұшты түрендер алмастырады, ені кең түбі таяз арналар орынына ені енсіз, бірақ түбі терең су сыймдылығы үлкен  арналар қазылады. Отырар өсе түсті, міне енді шағын қыстақ орнынан бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала, дүниеге орта ғасырдың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әль-Фарабиді келтірген, осы өлкенің байырғы астанасына айналған тарихи қала бой көтерді.

Отырар Сырдарияның  орта ағысындағы суармалы құнарлы алқап  орталығы болып табылады. Батысында  оған Қызылқұм шөлі келіп тіреледі, шығысында Қаратаудың жон-жоталарымен  жалғасатын біркелкі жазық дала жатыр.

Отырар алқабы немесе ертеректе аталғанындай Фараб  округі Оңтүстік Қазқстанда тоқсан жолдың тоғысқан торабында тұрады. Отырар орта ғасыр авторларының барлық дерлік географиялық және тарихи шығармаларында ескерілуі тектен-тек емес. Ол Жетісу қалалары санатына да, Испиджаб шеңберіндегі қалалар тізіміне де кіргізіледі. Осыған орай бірнеше Отырар болған ба деген күдік те тууы мүмкін. Дегенмен Отырар біреу ғана еді, ол оның осыншама «мәжшһүрлігін» қаланың географиялық көрінісі әр-алуан алқаптардың тоғысқан жерінде және сантарау керуен жолдарының түйінді қиылысында тұрғандығына байланысты түсіндіруге болады.

Арыс пен  Сырдария құйлысындағы Отырар – үлкен  егіншілік ауданы. Қаратау жоталарының  шалғайын басып жатқан Отырар-көшпенділердің сенімді тірек қамалдарының бірі. Отырардан Арысты өрлей шыққан жолдар Тараз бен Баласағұнды басып өтіп, одан әрі Шығыстан Түркістанға жетеді, Сырдарияны өрлей жоғары кететін ежелгі жол сорабы Шал, Соғды арқылы жалғасып, Мерв пен Нишапурға жеткізеді, төмен кететін жол Арал аймағына, одан Оралға шығады, батысқа Қызылқұм арқылы өтетін жол Хорезмге, одан әрі Қара теңіз бен Кавказға апарады. «Орта Азияда, - деп ескертті белгілі совет археологі А.Н.Бернштам,-бұдан ең қолайлы және ең қауіпті орынды табу қиын».

Қала үстінен қара құйындай соғып өткен мың жылдық басқыншылар соғысы өзінің істерін істеді – бір кезде гүлденген қала орнында қазір үстін шөп басып кеткен үйінді обалар жатыр. Ежелгі елді мекендердің орынына оба болып көтерілген әрбір төбенің өз атаулары бар: Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Пышақтөбе. Бір заманда олар басқаша аталған еді, бірақ ол атаулар ұмтылған, тек аттары жазба деректерден белгілі екі қала атауларын осы күнгі үйінді обалар атауларымен салыстыруға болады. Зерттеушілердің анықтауынша Құйрықтөбе орнына Кедер қаласы болған, ал күйреген ескі Оксус қаласы Весидж қаласына сәйкес келеді. Бір кезде бұлар да басқаша аталған, бірақ жергілікті аңыздар қазіргі атауларды бұрынғы қалалардың Отырармен қарым – қатынаста атқарған өзіндік кәсіптерінің түрлерімен байланыстырылады. Мәселен, Алтынтөбе атауы да зергерлер тұрғандықтан солай аталған. Пышақшытөбе-қару жарақ ұсталарының мекені, Құйрықтөбе /қойдың құйрығы тәрізді жалпақ жота/ - қасапшылар жайлаған орын.

Отырардағы алғашқы қазба жұмыстарын Түркістанның археология әуесқойлары үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А.Черкасов 1904 жылы жүргізген. Олар қазылған ұзынша орлардан керамика, кірпіш түрлерін жинады және бірнеше ондаған мыс теңгелер тапты.

Отырар жұртында тұрғындардың пайда болу кезеңі оның Отырар-Фараб атауы жазба деректерде алғаш рет атала бастаған ІХ ғасырдан көп бұрын, яғни біздің дәуірімізге дейінгі алғашқы ғасырларға жатады.

Сонымен қатар  бұл қаланың тым әріректегі атауын анықтауға мүмкіндік беретін  деректер де бар.

Отырар мен  осы көгал алқаптың қалаларынан жиналған теңгелер санаты жоғарыда аталған дәуірлерге жатады. Бірінші үлгіге жататын теңгелердің оң бетінде  садақ түріндегі түргеш таңбасы, теріс жағында арыстан бейнеленген. Екінші үлгідегі теңгелердің бет жағында Х белгісі таңбаланған. Жетісуда, Шашта және Соғдыда  жасалған орта ғасырлық теңгелермен салыстырып көргенде бұл жергілікті билеушінің әмірі мен шекілген ең жаңа түрлі теңгелер үлгісі болса керек деген ойға келтіреді. Екінші үлгідегі теңгелер Кангу Тарбанның кангар билеушілері қалауымен жасалған болар деген болжам да бар. [5]

Отрардың ерте ортағасырлық қабаттарын жан-жақты  қазып зерттеу – келешектің ісі. Дегенмен, шамасы кангар иеленушілердің қала сыртындағы резиденциясы болған ескі Құйрықтөбе қаласының қамалын зерттеу материалдары бойынша сол кездегі көрнекті архитектура сәулеті жөнінде айтуға болады. Қамалдан айнала галлереялармен және сигмент тәрізді сыртқа шығыңқы мұнаралары бар дуалмен қоршалған тұрғын және шаруашылық жайларынан тұратын сарай кешенінің қалдықтары табылды. Оның қабырғалары күйдірілген балшық блоктар қатарын қалақша қам кірпіштермен араластыра қалау әдісімен салынған. Құрылыстар биіктігі 10,5х15 метрлік салтанат залының қабырғалары оюлармен және тақтайлар бетіне ойып түсірілген тәтілермен әшекейленген. Мұндай өрнекті тақтайлардың қамал өртенген кезде күйген, қазба кезінде табылғандары да осындай күйде. Тақтай-тәті бетерінде аймақ иелерінің тіршілік тынысы және құдайлардың бейнелері суреттелген сюжетпен безендірілген.

ІХ-Х ғасырлардағы деректер Отырарды Испиджаб қалалары құрамында атайды. Испиджабтың алғашында халифатқа, кейін саманидтерге бағынышты болуы нақты бір сипатта болды, өйткені испиджабдықтардың Бұхараға төлеп отырған салығының өзі символикалық сипатта болатын. Деректерде Фараб – Отырар ең алдымен ұзыны мен көледенеңі бір күндік жолға жуық алқапты алып жатқан округ орталығы болғаны сипатталады.

Қала ғимараттары арасында монша тәрізді қоғамдық құрылыстар пайда бола бастайды.

Монша Орта Азия қалаларында  ХІІІ ғасырдан ерте салынған жоқ. Үлкен  қалаларда бірнеше ондаған моншалар болатын. Шығыс қалаларында монша қоғамдық ғимараттар мен қатар көрнекті орынға ие болды.

Отырардың гүлденуі моңғолдар  шапқыншылығынан тоқталып қалды. Сонымен  аз-ақ алдында Отырар Хорезмшах мемлекеті  құрамына кірген болатын. Шыңғысхан 1218 жылы хорезмшах Мұхамеддтің сарайына өзінің сауда керуенін жіберді. Керуен Отырарға келіп кірген кезде, қала мұрагері Иналшық Қайырхан Мұхамеддтің әмірі бойынша керуенді талауға бұйрық берді. Ол мемлекет мүддесін көздеп солай етті, өйткені керуендер көпестерге қарағанда жасырын да, ашық та жансыздар /шпиондар/ көп еді. Бүкіл керуеншілердің ішінен мал айдаушылардың біреуі ғана қашып құтылып сұмдық хабарды Шыңғысханға жеткізді. Ашуланған Шыңғысхан кінәлілерді жазалап, Қайырханды қолына беруді талап етті. Алайда Хорезмшах моңғол елшісін өлтіруге бұйрық етті.

1219 жылы моңғолдар  Отырар дуалы іргесіне жетті.  Олар ең алдымен Отырарға келді.  Қаланы айнала өз шатырларын  құрып алды. Сұлтан Қайырханға  шекаралық әскерден 50 мың адам  берді және оған Қараша Хаджибты 10 мың адамымен көмекке жіберді. Қамал, ішкі бекіністер мен қала дуалы жақсы бекітілді және жауынгерлерге қажетті қару-жарақ өте көп жиналды. Қайырхан өзінің сарбаздарымен бірге қала ішінде соғысудың барлық дайындықтарын жасады, жаяу және атты әскерлерін қақпалардың тұсына бөліп орналастырып, өзі қорған қабырғасына көтерілді, ол алдына көз жіберген кезде күтпеген көріністі көріп, бармағын тістеді, айнала көз жетер жазық жердің бәрі қисапсыз қыбырлаған адамдар нөпірі мен сақадай сай жауынгерлер қарасынан қайнаған теңіздей сапырысып кеткен, оның үстіне аспан асты ызы-қиқу, айқай-шудан, сауыт-сайманға малынып кісінескен аттар мен қышқырған қашырлардың үндерінен азан – қазан болып кеткен. Әскер бекіністі белдеу-белдеу шеңберлермен  қоршай орналасқан. Әскері аяқ-басын жинап алған кезде Шыңғысхан әскербасыларының әрқайсысын әр түрлі бағытқа аттандырды. Өзінің үлкен ұлы /Жошыны/ ол бірнеше түмен ержүрек те епті жауынгерлерімен Жент пен Баршылығкентке, әскербасыларының енді бірқатарын Ходжент пен Фенакентке жұмсады. Отырарды қоршауды одан әрі жалғастыруға Үгедей мен Шағатай бастаған әскерді қалдырып, өзі Бұхараға аттанды.

Осылай, моңғолдың  атты әскері бүкіл Қазақстан жерін қирату мен қайғы-қасірет тасқындай жайпап өтті. Қалалар құлдырап, бұрын гүлденген қоныстар қаңырап өтті. Ойрандалған, өртенген іздер қалдығы ХІІІ ғасырдың бас кезіндегі мәдени орталықтарға тән құбылыстар. Оның үстіне көптеген қалалар қайтып қалпына келе алмады.

Дегенмен Отырар қайтадан еңсе көтере алды. Шыңғысхан өлгеннен кейінгі өзара қырқысулар өршінген бұлыңғыр-бұлдыр жылдарда бұл қала қайтадан Сырдария бойындағы мән-маңызы зор  саяси және экономикалық орталық болды.

Отырарда Ахмет Яссауидің ұстазы Арсылан-Баба бейіті үстіне салынған мавзолей де Темір есімімен тығыз байланысты. Ол сақталған жоқ, дегенмен қазір Темір заманында салынып, қираған ғимараттың орнына, яғни Отырардың батысына таман 3км жердегі қорымға ХІХ  ғасырдың бас кезінде қайта салынған мовзолей зіңкиіп тұр.

Қаланың салыну үлгісі, қала кварталдарының, көпшілік ғимараттардың сипаты, ақыр соңында, тұрған үйлердің жаңа түрлерінің қалыптасуы жөніндегі мәліметтер Отырарды кең  түрде қазу арқылы белгілі болып  отыр.

ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы кварталдардың бірі 2300 шаршы метр алаңнан қазып аршылды. Ол әрқайсысының жерінің ауқымы 30-40тан 250 шаршы метрге дейін жететін 12 жеке үйлер иелігінен тұрады. Кварталдың ХІ-ХІІ ғасырлардағы алып құрылыстар қалдығы құрамында жасалынғанын анықтауға қол жетті: ХІ-ХІІ ғасырлық құрылыстардың бірқатар қабырғалары жаңа жоба құрылымына енгізілгені, алайда іс жүзінде ол жаңаша үлгімен салынғаны байқалады.

Информация о работе Ұлы Жібек жолындағы ортағасырлық қалалар