Ұлы Отан соғысы, кезіндегі қазақ батырларынын ерліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 15:43, курсовая работа

Краткое описание

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).

Содержание

1. Соғыстың басталуы, оның сипаты. 3 1.1. Майдандағы қазақстандықтар. 11
1.2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру. 16

2.Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерліктері. 25 2.2. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде
(1944-1945 жж.) 27
2.3. Ұлы Отан соғыс жылдарындағы әскери өнеркәсіптер 31

3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 35

Прикрепленные файлы: 1 файл

батырлар жана курсовая.docx

— 79.72 Кб (Скачать документ)

 

2.2. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде  (1944-1945 жж.)

 

   Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.

1-Украин майданы учаскелерінің  бірінде біздің жауынгерлік қатарымызға  фашистік танкілер лап қойды.  Жаудың біраз танкісі қиратылды,  бірақ фашистік танкілер ілгері  ұмтылуын тоқтатпады. «Жолбарыс»  танкісінің қарсы алдынан сапер  Абдолла Усенов қарсы жүріп,  кеудесіне танкіге қолданылатын  минаны қысып, қаймықпай шынжыр  табан астына құлады, сұмдық жарылыс  жер сілкіндірді.

Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік  ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз  фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес  Одағының Батыры атағы берілді.

Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен  және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ  қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.

1945 жылдың қысқы операцияларда  кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік»,  «Орталық», «Висла», «Оңтүстік»  армиларының ірі топтарын талқандады. Қызыл Армия Польшаны азат  етуді аяқтап, Венгрияны және  Чехословакияның едәуір бөлігін  азат етті, Венаны алып, Шығыс  Пруссияға кірді, Одер және  Нейсе өзендеріне шығып, Померанияға,  Брандербург пен Силезияға тереңдеп  енді.

1945 жылғы сәуірдің 16-ында Берлин  операциясы басталды. Оған 3,5 млн.-ға  жуық адам, 52 мың зеңбірек пен миномет, 7750 танкпен өздігінен жүретін зенбірек, 10800 ұрыс ұшағы қатысты. Балтық теңізінен Судет тауларына дейінгі 700 км-лік өңірде ұрыс қимылдары жүргізілді. Батыл қимылдар жасап, Кеңес әскерлері мамырдың 2-інде Германияның астанасы Берлинді толық бақылауына алды. Берлин операциясы барысында Кеңес жауынгерлері ержүректілік, ерлік және жоғары шеберлік көрсетті.

Кеңес Одағының батыры, Қазақстан  республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.

Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор қүрметке ие болды.

-1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 
-1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды. 
-1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.

1945 жылғы 9 тамыз-одақтастық міндеттемелерге  сәйкес КСРО соғыстың соңғы  ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапониянияға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды. Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі,көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастэллоның ерлігін қайталады.

Жапонияға қарсы шайқастарға Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизияның жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды. Забайкалье сонан соң 1-Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсеткені үшін 2027-жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды.

Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды.

1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері  үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 
1.Барлығы-11600 адам; 
2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97; 
3.Қазақ қыздары-2.

Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.

Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.

Солдат ерлігі орденінің толық иегері-142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар-96638.

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы  жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.

Тарихи маңызы. 1) Гитлерлік Германия мен империяліктік Жапонияны жеңуде негізгі еңбек сіңірген Кеңес халқы. 2) Кеңес халқы өз Отанының бастандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалды. 3) Кеңес халқы өзінің ерлік күресімен Европаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалды.

                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Ұлы Отан соғыс жылдарындағы әскери өнеркәсіптер. 

40-50 жылдардың  басы - сталинизм идеологиясы шырқау  шегіне жетті. Социализм құру ісінің аяқталуына байланысты коммунистік коғам кұруға көшу басталады деген кағида (1939 ж. БК (б) П XVIII съезінде айтылған) жал ғастырылды. 
1941 жылғы 16 тамыздағы «Тұтқынға түскендер қашқын болып санасып, олардың отбасы тұтқынға алынатындығы туралы» бұйрыққа байланысты, әскери тұтқындар сталиндік қуғын-сүргіннің машинасынан өтулеріне тура келді. Кейбір жұмысшылардың кәсіби мамандығының төмендігінен өндірісте болған апаттар "халық жауларының"әрекеттері деп бағаланды. Жақсартылдық. МТС-тер кызметі: 1946 ж. - 76%, 1950 ж - 95%-ға өсті. 
Соғыстың бірінші күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының бірі болды.( Арсенал - күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы). Мұның езі жалпы Одақтық экономикада, өндірістің бар саласында, сол сияқты жаңадан жасауға тура келген әскери экономика саласың да оның үлесін арттыруды талап етті. 
Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етігі, төрт жыл ішінде олар 34 млн. тонна І көмір шығарды, бұл өндіріс орнының бүкіл ем ір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал - Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 пайыз арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті. 
1941 -1945 жылдары барлығы 480 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына кешіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды. Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 пайызға өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімнен 2 пайыз жоғары болды. Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері ездерінің отан сүйгіштік және еңбек парызын етеді. 1941-1945 жж. олар майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түліктер, енер кәсіп үшін шикізат берді. 
Экономиканы басқару соғыс мүддесіне бағынды, азық-түлік, өнімді карточкалық жүйе түрінде енімді бөлу, өкілетті институт енгізілді. Көп күш, қайғы-қасіретпен жоқшылықтың нәтижесінде Қазақстан КСРО-ның II дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуіне көмек етті. 
2. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды. Совет үкіметі Германиямен арадағы келісімге сәйкесе Польшаның шығыс бөлігіне әскерін енгізді. 1939-1940 жылдары Совет үкіметі Финляндияға қарсы басқыншылық соғас жүргізді. КСРО құрамындағы елдер үшін соғыс ауыртпашылығы осылай басталды. Қазақстанға қатысты Германия жоспары екі ойлы болмады. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистерде Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхкомиссаритын құру, ал Қазақстанның Орталық, Солтүстік Шығыс аудандарын Қарағанды, Новосибирск және Кузнецк « Индустриялды облыстарын құру жоспары болды». Мұнда белорустарды, поляктарды, украиндықтарды, венгрлерді және Шығыс Европаның т.б халықтарын қоныс аудару жоспарланды. Жылдам жаулап алу (блиц-криг) жоспарының күйрегені белгілі болған кезде, фашистерге өздерінің мақсаттарын қайта қарауға тура кенді, сонымен бірге олар КСРО-ның орыс емес халықтарын Москваға қарсы күресте пайдалану үшін оларға өзін - өзін басқаруды уәде етті, бірақ бұл жоспар жүзеге аспады. 
Соғыста жеңілу қауіпі күшейгенде Сталин мен оны қоршаған большевиктер казармалық социализм идеологиясынан бас тарту, халықтың патриоттық сезіміне амал жоқғықған қолдау жасады. 
Ұлы Отан сошсы қазақтардың ұлттық рухын кетеру үшін батырлық эпостарды басып шығарып, майдангерлерге жазылған хаттарда қазақ хандарының аттары аталына бастады. 1943 жылы Ташкентте Орта Азиялық мұсылман басқармасы құрылысы, муфти сайланды. Барлық әдеби туындылар, немесе көркем қойылымдар ұлттық және отансүйгіштік құндылықтарды үгіттеу үшін қайта жасалды, ұлт-азаттық көтеріліс тарихы мен оның батырлары зерттеле бастады. Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарына І млн.200 мыңнан аса қазақстандықтар шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомобильдері, 1,5 мың шынжыр табанды трактор, 110,4 мың жылқы жіберілді. 
Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін ордендермен және медальдермен марапатталып, қазақстандық 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батырлары атағын алды, оның ішінде екі қыз - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болды. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының батыр атағына ие болды - Талғат Бигелдинов, С. Луганский, ИЛавлов, Л.Беда. Рейхстагта Р.Қошқарбаев жеңіс туын тікті. Соғыстан кейін Батыр жұлдызы көрнекті әскер басшысы Б.Момышұлына берілді. Ұлы Отан соғысына қазақтардың ішінен 97 адам батыр атағын алды. Түркістан легионы жайлы жағдайды да айтпай өтуге болмайды. Соғыстың басталған уақытында жүздеген мың Кеңес солдаттары тұтқынға түсті. Оның ішінде қазақ, қырғыз, өзбек және т.б халық өкілдері көп болды. Орта Азиялық түркі тілді солдаттардың 80 пайызға жуық фашистік концлагерьлерде адам төзгісіз хайуандықпен қаза тапты. Қалғандарынан гитлерліктер Кеңес армиясына қарсы күресу үшін әскери бөлімдер ұйымдастыруға тырысты. Қазақстан мен Орта Азиядан шыққан солдаттардан бірнеше батальоннан тұратын Түркістан легионы ұйымдастырды, бірақ оны фашистер соғыста қолдана алмады. Көптеген легионерлер қару алған соң майдан шебінен етіп, Кеңес Армия қатарына оралды, олардың бір бөлігі партизандар қатарына өтіп кетігі. Нәтижесінде легион таратылды. 
Ұлы Отан соғысындағы совет халқының жеңісіне Қазақстан да лайықты үлес қосты. 1941 жылдың шілдесі — 1942 жылдың қазанында Қазақстанға Батыстан 150-ден астам кәсіпорын, 50 мың жұмысшы және инеженер-техник қызметкер келді. Қазақстан өнеркәсібі жедел қарқынмен соғыс жағдайына бейімдедді. Салынып жатқан Ақтөбе ферросқорытпа заводы Запорожье ферросқорытпа заводының, көмірлі Қарағанды А.Я.Пархоменко атыңдағы заводтың жабдықтарымен толықтырыдды. Кольчугино түсті прокат заводы іске қосылғаннан кейін Балқаш мыс комплексінің қуаты бұрынғысынан едәуір артгы. Жаңадан түсті металлургия, отынэнергетика, өнеркәсіп орындары салына бастады. Республикаға эвакуацияланған 1 млннан астам адам (оның 19 мыңы балалар үйінен) қабылдады. 1941-1942 жылдары екпінді қарқынмен 25 рудник, 11 кен байыту фабрикасы, 17 көмір шахтасы салынып, қуатты көмір разрезі, 3 мұнай кәсіпшілігі қатарға қосылды. Қазақстан еңбекшілері "Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!" девизімен майдандық еңбек вахтасына тұрды, қорғаныс кәсіпорындары коллективтері қару-жарақ пен оқ дәрінің жаңа үлгілерін шығара бастады. 
Партия қысқа мерзім ішінде елді біртұтас соғыс лагеріне айналдырды. Совет мемлекетінің бүкіл экономикасын қайта құрып, оны соғыс мүдделеріне бейімдеді. Социалистік шауашылық системасының орасан зор артықшьшығы бұл істе де айқын көрінді. 1941 жыддың шілде-қараша айларында 1523 кәсіпорын, оның ішінде 1360 ірі негізінен соғыс құрал-жабдықтарын шығаратын заводтар Оралға, Сібірге, Еділ бойына және Қазақстанға көшіріліп, орналастырылды. Қазақстан территориясына орналастырылған 142 көсіпорынның 60-сы ірі кәсіпорын еді. 
Қазақстанның халық шаруашылығы соғыс жағдайына бейімделіп қайта құрылды, соғыс қажетіне керекті өнім шығаруға күш салды. 

Соғыстан  кейінгі кезеңде, соғыс кезінде  Гитлер лагерлері мен партизан отрядтарында болған жүз мыңдаған кеңестік соғыс  тұтқындары қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақ  жауынгерлерін жігерлендіру үшін соғыс  уақытында жариялана бастаған тарихи шығармаларға қайтадан тыйым салынып, тарихшы және әдебиетші ғалымдарды қуғындау басталды. Соғыстың қиын қыстау кезеңінде елдің тылында аса маңызды өнеркәсіптік база болған Қазақстанның индустриалды жүрегі - Қарағанды облысына үлкен маңыз берілді.

Соғыстың алғашқы  күнінде - ақ Қарағандының шахталарында, өнеркәсіп орындарында, мекемелерде  жұмысшылар мен қызметшілердің жиналыстары  болып өтті. №44/45 шахтаның бастығы, байырғы кенші Т.Күзембаев митингіде  сөз сөйлеп былай деді: "Біздің әрқайсысымыз өз жұмыс орнымызда жақсы жұмыс істеп, көмірді бұрынғыдан да көп беруіміз керек. Егер қажет болса біз қолымызға қару алып, жауға қарсы аттануға әрқашан дайын болуға тиіспіз". Қарағанды еңбекшілері ортақ Отанның абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалуға әзір екендігін білдірді. "Біреуіміз үш адам үшін жұмыс істейік! Көмір де қару. Еңбекте де ұрыстағыдай болайық!" Қарағандылықтардың ұрандары осындай болатын.

Ортақ Отанды қорғаушылар  қатарына алынған кеншілердің лавадағы орнын әкелері, ұлдары мен қыздары  басты. Зейнеткерлер забойға қайтып оралды, шахтада жұмыс істеуді жастар мен әйелдер жедел үйрене бастады.

Орталық Қазақстан  еңбекшілері алдына қойылған басты  мақсат - көмір мен түсті металл өндіруді арттырумен бірге қарағандылықтардың іс-мақсаттары майданға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталды. Соғыс жылдары астық және басқа негізгі ауылшаруашылық өнімдерін тапсыру жоспары толық орындалды. Егіс алқаптары 28 процент артты.

Қарағандылықтар арасында қорғаныс қорына қаржы жинау жөніндегі  патриоттық қозғалыс қызу қолдау тапты. Соғыстың алғашқы 5 айында Қарағанды  қаласы бойынша 1904955 сом қаржы жиналды  және майдан үшін жылы киім жинауға зор ынтамен қатынасты. Екі жарым жыл ішінде 37 мың шолақ тон, күрте, бөкебайлар, 24 мың пима, 10543 дана іш киім мен 100 мыңға жуық құлақшын, биялай, шұлық даярланды. Ленинград майданы мен Нева бойындағы қаланың жауынгерлері үшін азық-түлік жинау айлығы кезінде (1942 жылғы мамыр-маусым) 20 вагон азық-түлік жөнелтілді. 1944 жылы тағыда 10 вагон азық-түлік пен сыйлық жіберілді. 1942-1943 жылдары аралығында майданға сыйлық тиелген 94 вагон жөнелтілді.

 

 

 

 

 

 

 

3.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.                                                                        1.Қазақстан тарихы 3том. Алматы 2002.  
2.Қазақ ССР тарихы Алматы. 1982.  
3.Қазақстан тарихы очерктер.  
4.М.Мусин. Қазақстан тарихы Алматы.2003.  
5.Х.Маданов. Қазақтың арғы бергі тарихы Алматы. 1995.  
6.Асфандияров С. Қазақстан тарихының очерктері Алматы. 1994.  
7.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. Алматы. 1957.  
8.Қайназаров Е.К., Қайназаров А.Е. История Казахстана.  
(учеб. пособия) Алматы. 1992.  
9. Қойшығара Салғараұлы. Қазақтың қилы тарихы. 
10. Казахско-русские отношение в ХVІІІ-ХІХ в.в. Алматы. 
11. Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін) 
Алматы.1980-84.  
12. Савоско В.К., Шамшатов И. « Колхозное 
Казахстане» (1846-1970г.г) Алма-Ата 1974.  
13. Толыбеков С. « ХVІІғ.- ХХғ басына 
қоғамы» Алматы.1971.  
14. Анчиков Г.В. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхамедов. Алматы; 
1992.  
15. Бекмаханов Е. ХІХ ғ. 20-40 ж.ж. 
16. Востров В. В. Муканов М.С. Родоплеменной состав 
казахов /конец ХІХ-начало ХХ в.в./ Алм. 1968.  
17. Қасымбаев М.Қ. Қазақстан тарихы. /ХVІІІ ғ. – 
18. Қозыбаев М.К., Бекмаханова Н.Е. История Казахстана. 
19. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы 
20. Қазақ ССР тарихы «Көне заманнан бүгінге дейін» 
Алм., 1994.  
21. Нығмет Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы». А., 1994. 

 


Информация о работе Ұлы Отан соғысы, кезіндегі қазақ батырларынын ерліктері