Ұлы Отан соғысы, кезіндегі қазақ батырларынын ерліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 15:43, курсовая работа

Краткое описание

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған «шығыс майдан» деген ұғымға жақын).

Содержание

1. Соғыстың басталуы, оның сипаты. 3 1.1. Майдандағы қазақстандықтар. 11
1.2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру. 16

2.Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерліктері. 25 2.2. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде
(1944-1945 жж.) 27
2.3. Ұлы Отан соғыс жылдарындағы әскери өнеркәсіптер 31

3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 35

Прикрепленные файлы: 1 файл

батырлар жана курсовая.docx

— 79.72 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

АКАДЕМИЯ КӨКШЕ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ДЕПАРТАМЕНТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСЫ. 
Тақырыбы: “Ұлы Отан соғысы, кезіндегі қазақ батырларынын ерліктері”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Оқытушы: Калиева Б.К.  

Көкшетау 2013 жыл 

Мазмұны.

                
1. Соғыстың басталуы, оның сипаты.                                                     3                  1.1. Майдандағы қазақстандықтар.                                                         11

1.2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.               16

 

2.Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерліктері.                       25               2.2. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде

(1944-1945 жж.)                                                                                         27  

2.3. Ұлы Отан соғыс жылдарындағы әскери өнеркәсіптер                       31        

 

3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.                                                                             35

 

 

                                                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соғыстың басталуы, оның сипаты.

 

«Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы  шілденің 3-інде Сталиннің радио  арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда  болды. Сталин өз сөзінде «ұлы» және «отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. «Ұлы Отан соғысы» сөз тіркесі  көптеген басқа тілдерде де қолданылады (орыс. Вели́кая Оте́чественная война́, ағылш. Great Patriotic War, нем. Großer Vaterländischer Krieg), кейбір авторлар «Екінші Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы» деген сөз  тіркесін қолданады (бұл Германия қолданған  «шығыс майдан» деген ұғымға жақын). 
Соғыстың алғышарттары: Германия1929 жылы басталған бүкілдүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарынан 1933 жылы Германияда билік басына NSDAP («Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы») келді. Германияда Бірінші Дүниежүзілік соғыста жіберіп алған есесін қайтаруға дайындыққа кірісіп кетті.Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) жүргізген араласпау саясатының арқасында Германия өзіне Версаль келісімінде қойылған талаптарды орындауды мүлдем тоқтатты. Оның үстіне АҚШ-тың компаниялары Германияның қарулануына қолайлы жағдай жасаған қаржы және материалдарды жіберіп отырды. 1926-33 жылдары Кеңес Одағын Липецк және Қазан қалаларындағы полигондарда герман қарулы күштерінің офицерлерін дайындауға атсалысты.1936 жылы Германия Версаль келісімінің бір бабын бұзып, Рейн аймағына әскерлерін кіргізді. Сол жылы ол Испаниядағы азамат соғысына араласып, бүлік шығарған Франконың әскерлеріне әскери қолдау көрсете бастады.1933 жылы билік басына ұлтшыл-социалистер келгеннен кейін Германияда антикоммунистік және антикеңестік көзқарастар күшейе бастады. 30-шы жылдардың ортасынан бастап герман үкіметі міндетті түрде жақын арада КСРО-мен соғыс болатыны туралы жариялай бастады. Германияның әскери доктринасы Кеңестер Одағын ықтимал қарсылас ретінде қарастыра бастады. 1938 жылы герман армиясында ЖШҚӘ-нің («Жұмысшы және шаруалардың Қызыл Әскері») әскери техникасы, әскери қызметкерлерініңайырым белгілері және тактикасы зерттеле бастады.1938 жылдың наурыз айында Австрияда референдум өткізіліп, Германия оны өзіне қосып алды (қараңыз: Аншлюс). 1938 жылы Германия, Италия, Англия мен Франция арасында жасалған Мюнхен келісімі бойынша Германияға Чехословакияның Судет аймағында тұратын немістерді қорғау мақсатымен сол аймақты өзіне қосып алуға рұқсат берді. Кейін Германия Чехословакияның қалған бөлігін де оккупациялады (Польшаның қатысуымен).1939 жылдың қысында Германия Польшаға «Данциг мәселесін» шешуді ұсынды. Польша бас тартты. Һитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды.1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасаспау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар аймағына бөлісіп алды.1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастады. Бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. Герман әскерлері 2 аптаның ішінде поляк қарулы күштерін талқандап, поляктар қоныстанған шығыс шекарасы Керзон сызығына дейін жетті.1940 жылы Германия Дания мен Норвегияны (Дания-Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Недерланд, Люксембургті және Францияның жартысын жаулап алды. Франция тізе бүгуге мәжбүр болды (Франция жорығы).Францияның тізе бүгуінен кейін Ұлыбритания Германияның жалғыз қарсыласы болып қалды. Германия оған бітім жасасуға ұсынды, бірақ Ұлыбритания бұл ұсынысты қабылдамай тастады. 1940 жылғы шілденің 16-сында Һитлер Ұлыбританияның жеріне басып кіруді ұйымдастыру туралы директиваға қол қойды («Теңіз арыстаны операциясы»). Бірақ герман Әскери теңіз күштерінің басшылығы британиялық теңіз күштерінің қуатының зор екендігіне және вермахтта десанттық операциялар тәжірибесінің жоқтығын тілге тиек етіп, Әскери әуе күштерінің әуеде басымдылыққа ие болуын талап етеді. Ұлыбританияның әскери-экономикалық әлеуетін әлсірету үшін, халқының сағын сындыру үшін, басып кіруге дайындық үшін және британиялықтардың қарсыласуға деген еркін жою үшін 1940 жылдың тамызынан бастап немістер британиялық қалаларды әуеден бомбылау науқанын бастайды (Британия шайқасы).Ағылшындар бомбылаудың нәтижесінде бейбіт тұрғындардың арасында көп адам шығынын бастан кешіруге мәжбүр болса да, олар неміс әскери әуе күштерін көп шығынға ұшыратып, «Британия шайқасынан» жеңімпаз болып шықты. 1940 жылдың желтоқсан айынан бастап ауа райының күрт нашарлауынан герман ӘӘК (Лүфтваффенің) шабуылдарының қарқыны қатты бәсеңсіді. Немістер өздерінің басты мақсаттары — Ұлыбританияны бітімге келуге мәжбүр етуге қол жеткізе алмады.1940 жылғы шілденің 31-нде жоғарғы әскери басшылықпен өткізген кеңесінде Һитлер Ресейді 1941 жылдың көктемінде талқандау керек, себебі егер Ресей талқандалса, онда Ұлыбританияның соңғы үміті өшеді, сөйтіп ол да тізе бүгуге мәжбүр болады деп жариялады[1]. 1940 жылдың шілде-желтоқсан айларында КСРО-мен соғыстың бірнеше жоспары қарастырыла бастады, соның ішінде ОКҺ-ның (әскердің бас штабы), генерал Э. Маркстың, Зоденштерннің жоспарлары және тағы басқа жоспарлар қарастырыла бастады. Көп талқылаудың, әскери-штабтық ойындардың және Һитлердің өз кеңсесінде, құрлық әскерінің штабында және басқа да штабтарда өткізілген талқыласулардың нәтижесінде 1940 жылғы желтоқсанның 5-інде генерал-полковник Ф. Гальдер ұсынған жоспардың («Отто жоспары») түбегейлі жобасы мақұлданды.1940 жылғы қыркүйектің 27-сінде Германия, Италия мен Жапония «Үштік пакт» деп аталатын келісімге қол қойды. Ол келісім бойынша осы елдер ықпал жүргізу аймақтарын бөлісіп алып, өзара әскери көмек көрсетуге келісті. 1940 жылдың қараша айында өткізілген кеңес-герман келіссөздерінде неміс дипломаттары осы пактқа қосылуды Кеңестер Одағына да ұсынды. Кеңе үкіметі егер Германия Кеңестер Одағының өз әскерлерін Румыния, Болгария, Финляндия және Түркияға енгізуге келіссе, онда қосылуға дайынбыз деп жауап берді. Немістер бұл шартқа келіспеді.Осыдан кейін Һитлер КСРО-ға шабуылдың жоспарын бекітті. 1940 жылғы желтоқсанның 18-нде қарулы күштердің (ОКВ-ның) бас қолбасшылығы Һитлердің өзі қол қойған, КСРО-мен болайын деп жатқан соғыстың негізгі мағынасы және стратегиялық бағыт-бағдары баяндалған № 21 директиваны жіберді («Барбаросса» жоспары). КСРО-мен соғыстың жоспары 1941 жылғы қаңтардың 31-інде шығарылған «Әскерлерді стратегиялық топтау мен орналастыру туралы директива» деген директивада егжей-тегжейлі баяндалды. Оған қол қойған құрлық әскерінің бас қолбасшысы В.Браухич болды.1940 жылдың аяғында неміс әскерлерін басып алынған Польшаның жеріне жылжыту басталды. Сонымен бірге осы әскерді жылжыту Ұлыбританияға басып кіруді бүркемелеуге арналған операция ғана деп Кеңес үкіметін алдап-арбауға бағытталған дезинформация науқаны басталды.Қарашаның 20-сында Үштік одаққа Венгрия, қарашаның 23інде — Румыния, қарашаның 24-інде — Словакия, 1941 жылы — Болгария, Финляндия және Испания қосылды.1941 жылғы наурыздың 25-інде одаққа Югославия да қосылған болатын, бірақ наурыздың 27-сінде британиялық жансыздардың түрткісімен Белградта әскери төңкеріс орын алып, билік басына Симовичтың үкіметі келді. Ол үкімет жас ІІ-ші Пётрді патша деп жариялап, Югославияның бейтараптығын жариялады. сәуірдің 5-інде Югославия КСРО-мен достық және шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қояды. Германия соны болдырмау үшін Югославияда әскери жорық өткізіп, Грекияда жеңіліске ұшырап жатқан Италия әскерлеріне көмектесуді шешеді. Сол себепті КСРО-ға шабуыл кейінге ысырылды.1941 жылғы сәуірдің 6-сында ірі қалаларды, темір жол желілерін және аэродромдарды жойқын бомбылағаннан кейін Германия мен Венгрия Югославияға басып кірді. Осы кезде италиян әскерлері немістердің қолдауымен Грекияда шабуылға көшті. Югослав әскері сәуірдің 17-сінде тізе бүкті.Югославияны талқандағаннан кейін немістер мен италияндықтар бар күштерін Грекияға тастады. Афины қаласы сәуірдің 27-сінде жау қолына түсті.1941 жылғы мамырдың 1-інде Һитлер КСРО-ға шабуыл маусымның 22-сінде бастауды түбегейлі шешті.Негізі, бар орыс әскері біздің шекараларымызда шоғырланып тұр. Ауа райы жылыған кезден бері көп жерлерде қорғаныс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жағдайлардың қысымымен мен неміс авиациясын Англияға қарсы жібере қалатындай болсам, онда Ресей оңтүстік пен солтүстіктен бізге қысым жасай бастайды деген қауіп бар. Солай бола қалған жағдайда әуеде басымдық бізде жоқ болғандықтан мен тек үндемей шегіне беруге ғана мәжбүр боламын. Авиацияның жеткілікті қолдауынсыз мен Шығыстағы дивизиялардың көмегімен орыстардың қорғаныс бекіністеріне шабуылды жасай алмас едім. Осы қауіпке назар аудармаса, онда біз бүкіл 1941 жылды жоғалтып алуымыз ықтимал, соның өзінде де жағдай жақсыға қарай өзгермес еді. Керісінше, Англия өзінің орыс серіктесіне сеніп, бітімге келуге одан бетер қарсыласатын болады. Оның үстіне олардың осы үміттері орыс қарулы күштерінің дайындығы артқан сайын күшей беретін болады. Ал 1942 жылдан бастап америкалықтардың соғыс материалдарын жаппай жөнелтуі басталатынын алыңыз…Ақыр соңында мен сізге тағы бірдеңені айтқым келіп еді… Мен осы шешімге келгелі бері өзімді іштей азат сезініп отырмын. Мен осы шиеленісті шешуге қаншалықты талпынсам да, Кеңестер Одағымен ынтымақтас болу менің өзімді зәрде қылатын еді. Себебі бұл менің бүкіл өткен өміріме, менің дүниетанымыма, өзімнің бұрынғы барлық борыштарыма қарама-қайшы келетін. Осы ауыр жүктен енді құтылғаныма бақыттымын.Германияның экономикасы мен бар тіршілігінің милитаризациясы, жаулап алған елдерінің өнеркісібі мен стратегиялық қорларының немістердің қолына түсуі, жаулап алынған және одақтас елдердің арзан жұмыс күшін қолдану Германияның әскери-экономикалық қуатының елеулі түрде артуына әкелді.Ұлы Отан соғысының қарсаңында Германияның өзінде және жаулап алынған елдер мен одақтас елдерде жылына 439 млн тонна көмір, 31.8 млн тонна болат өндіріліп, 11 мың зеңбірек пен миномет, 11 мың ұшақ шығарылатын, ал 1941 жылдың 1-ші жартысында 1 621 танк пен өздігінен қозғалатын артиллерия қондырғысы шығарылды. Бұл деректерден Германияның өнеркәсіп қуаты жағынан КСРО-ның үстінен басымдылыққа ие болғандығы анық көрінеді. 
Соғыстың алғышарттары: КСРО 
КСРО-ның жалпы жағдайыКСРО болашақта болатын жойқын соғысқа 30-шы жылдардың басынан бастап дайындала бастаған болатын. Тек ауыр өнеркәсіп қана емес, өмірдің түрлі-түрлі жақтары, идеология, бұқаралық ақпарат құралдары, тіпті орта білім беру салалары да милитаризацияланды.Жеделтелген индустриализацияның арқасында 30-шы жылдары КСРО-да қуатты ауыр өнеркәсіп пайда болды. Ол жедел түрде қару-жарақ өндірісіне ауыса алатындай етіп ұйымдастырылды. Бірақ соған қарамастан болат, шойын қорыту, көмір, электр энергиясын, химиялық өндіріс сияқты салаларда Кеңес Одағы Германиядан артта қалып отыр еді. Үшінші Рейхтың қолына бүкіл Батыс және Орталық Еуропаның өнеркәсібі түскен соң бұл артта қалу тереңдей түсті. Кейбір техникалық бағыттарда да Кеңес Одағы Германиядан артта қалған еді. Әсіресе байланыс құралдарын және автомобиль көліктерін жасап шығару жағынан. Кеңес халқының басым көпшілігі (66 пайызы) білім деңгейі төмен дәрежедегі шаруалар болатын, ал Германия әлдеқайда урбанизацияланған, индустриализацияланған ел еді. Көптеген өнім түрлерін жасап шығарудан Кеңес Одағы Германияны артта қалдырған болатын (танкілер, ұшақтар, артиллериялық қару-жарақ, минометтер, оқ атар қару сияқтылар). Кеңес Одағының осал жағы — әскердің байланыс және басқару құралдарымен жарақтануы төмен деңгейде болды. Бұл жағынан Германиядан артта қалу елеулі болатын.Бір айта кетерлігі — КСРО-да негізгі өндірістік қорлары мемлекеттік меншікте болғаны себебінен және КСРО экономикасы мемлекеттің қатаң қадағалауында болғандықтан өнеркәсіптің милитаризация деңгейі мен соғыс жағдайында жұмыс атқаруға қабілеті Германия экономикасына қарағанда әлдеқайда жоғары болатын. Ал Германияның экономикасы жұмылу деңгейі жағынан 1944 жылы «тотал соғыс» жарияланғаннан кейін ғана кеңес экономикасына жақындай алды. Сондықтан соғыстың басында КСРО экономикасының тиімділігі жоғарырақ деңгейде болды.КСРО-ның партиялық жетекшілігінің Азаматтық соғыс кезінде қалыптасып, төтенше жағдайларда шаруашылық және әскери басқарудың мол тәжірибесіне ие болғанын да естен шығармау керек. Экономикасы қатаң орталықтандырылған, жетекшілігі «төтенше» шаралар арқылы іске асырылатын, жеке меншік атымен жоқ КСРО соғысқа Германияға қарағанда әлдеқайда ұтымды жағдайда болды. Осы себептер КСРО-ның сол соғыста жеңіске жеткенінің себептерінің бірі болды.Соған қарамастан ЖШҚӘ өзінің жерінде ірі қорғаныс соғысын жүргізуге дайын еместігін көрсетіп алды. Кейінірек кеңестік тарихнамада бұл «әскери құрылыста, соғыстың басталу уақытын анықтауда жіберілген қателік, әскерді мемлекеттік шекараның маңында орналастыруды кешеуілдету» деп аталды.1937-1938 жылдары орын алған жаппай қуғын-сүргіннің нәтижесінде ЖШҚӘ-нің басқару буыны ауыр шығынға ұщыраған болатын. 5 маршалдың 3-еуі, 15 армия генералының 13-і, 9адмиралдың 8-і, 57 комкордың 50-і, 186 комдивтің 154-і, 16 әскер комиссарының 16-сы, 28 корпус комиссарының 25-і атылу жазасына кесілді. Әскери округтар мен әскери құрамалардың басына жас, тәжірибесіз басқарушылар тағайындалды. Мысалы, соғыс басталған кезде 17 әскери округ басшыларының 7-еуі, 17 округ штаб басшыларының 4-еуі өз қызметтеріне тағайындалғандарына жарты жыл толмаған еді. 20 армия қолбасшыларынан 13-інің тағайындалғандарына жарты жыл толмай, тек 2-еуі ғана жылдан астам уақыт бұрын тағайындалды. Командирлердің 70%-ының (полк командирінен жоғары) және сол деңгейдегі саяси жұмысшылардың 75%-ының жұмыс стажы (өтілі) жылға жетпеген еді.Зерттеушілердің пікірінше, қуғын-сүргін әскердің қорғаныс қабілетіне кері әсерін тигізді. Олардың пікірінше кадр «тазалаулары» әскердің моралдық жағдайына кері әсер етіп, кейбір азаматтардың Ұлы Отан соғысы кезінде жау жағына өтулерін қуғын-сүргінмен жуып-шаюларын мүмкін етті.30-шы жылдардың жаппай қуғындарына тікелей қатысқан Молотовтың пікірінше, егер 30-шы жылдардың оқиғалары орын алмағанда соғыстың кезінде сатқындар мен коллаборационистердің саны әлдеқайда көп болар еді.30-шы жылдардың аяғында өткізілген ЖШҚӘ-нің инспекторлық тексерістерінің нәтижесінде ондағы әскери тәртіп пен әскери дайындықтың өте төмен деңгейде болғаны анықталды. ЖШҚӘ-нің басқарушы буынының білім деңгейі де төмен болғандығы анық болды. Кеңес өнеркәсібі қамтамасыз еткен қуатты әскери техниканың көптігі де осы кемшіліктердің орнын толтыра алмады. Қару-жарақтың, әсіресе танк және ұшақ соққы қосындарындағы қару-жарақ мөлшері бойынша КСРО 30-шы жылдардың ортасында-ақ барлық басқа елдердің әскерлерінен де көп еді. Бірақ соғыстың басында ЖШҚӘ-нің әскери дайындығы оның қару-жарағының молдығына сай келмеді. 
КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы кеңеюі 
Германия мен Кеңестер Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісім бойынша Орталық Еуропаның бөлінуі. Сол жағында — 23 тамыздағы протоколдар бойынша болжалғаны, оң жағында — іс жүзінде болған бөлініс. Сарғыш түспен КСРО-ға кететін жерлер, көк түспен Германияның үлесіне тиген жерлер, күлгін түспен Германия басып алған жерлер боялған (Варшава генерал-губернаторлығы мен Богемия және Моравия протектораты)17 қыркүйекке қараған түні КСРО Германия мен Кеңес Одағының арасындағы өзара шабуыл жасаспау туралы келісімнің құпия протоколдары бойынша Кеңес Одағының ықпалы жүретін аймағыболып белгіленген Польшаның құрамындағы Батыс Украина мен Батыс Белоруссияға басып кірді. 1939 жылғы қыркүйектің 28-інде КСРО Германиямен Достық және шекара туралы келісім жасасты. Ол келісім бойынша екі елдің арасындағы шекара «бұрынғы поляк мемлекетінің жеріндегі екі жақтың мемлекеттік мүдделері түйісетін» сызық, яғни бұрынғы Керзон сызығы бойынша белгіленді. 1939 жылдың қазан айында Батыс Украина мен Батыс Белоруссия ресми түрде Кеңестер Одағының құрамына қабылданды.1939 жылдың қыркүйегінің аяғы — қазанның басында Германия мен Кеңес Одағының арасындағы шабуыл жасаспау туралы келісімнің құпия протоколы бойынша КСРО-ның ықпал аймағына жатқызылған Эстония, Латвия және Литва елдерімен келісімдер жасалып, сол келісімдердің негізінде олардың жерлеріне кеңес әскерлері орналастырылды.1939 жылғы қазанның 5-інде сол қосымша құпия протокол бойынша Кеңестер Одағының ықпалы жүретін айиаққа жатқызылған Финляндияға КСРО өзара көмек туралы келісім жасасу туралы ұсыныс жасады. Келіссөздер қазанның 11-інде басталды, бірақ Финляндия өзара КСРО-ның көмек туралы ұсынысын да, жер алмасу және арендаға беру туралы ұсынысын қабылдамай тастады. 1939 жылғы қарашаның 30-ында КСРО Финляндияға қарсы соғыс бастады. Бұл соғыс 1940 жылғы наурыздың 12-сінде Мәскеу бітіміне қол қоюмен аяқталды. Ол бітімде Финляндия бірқатар аймақтарын Кеңестер Одағына беруге келісті. Алайда Кеңестер Одағы өзінің бастапқы мақсаты — Финляндияның толық бағындыру мақсатына қол жеткізе алмады. Басында Финляндия әскері тез уақытта және аз шығынмен талқандалады деп жоспарланса да, кеңес әскерінің іс жүзіндегі шығыны орасан зор болды. Қызыл Әскердің қуатына басқа елдер күмәнмен қарай бастады. КСРО-дағы сияқты, басқа елдерде де фин армиясын төмен бағалап, қарсыласуға дәрмені жетпейді деп қарастыратын. Сондықтан Қызыл Әскердің фин әскерін соншама ұзақ уақыт жеңе алмауы оның әлсіздігі және соғысқа дайындығының төмен деңгейін көрсетеді деп қарастырыла бастады.1940 жылғы маусымның 14-інде кеңес үкіметі Литваға, ал маусымның 16-сында Латвия мен Эстонияға ультиматум жариялады. Олардың басты талаптары — бұл мемлекеттер КСРО-ға дос үкіметтерді билік басына келтіріп, өз жерлеріне кеңес әскерлерінің қосымша қосындарын кіргізуге тиістігі болды. Бұл талаптар қабылданды. Маусымның 15-інде кеңес әскерлері Литваға, 17-сінде Латвия мен Эстонияға кіргізілді. Жаңа үкіметтер коммунистік партиялардың жұмысына салынған тыйымдарды алып тастап, кезектен тыс парламенттік сайлаулар өткізді. Үш мемлекеттегі сайлауларда сайлау тізімдеріне енгізілген жалғыз партиялар — коммунистік Жұмысшы халық блоктары (одақтары) жеңіске жетті.Жаңадан сайланған парламенттер маусымның 21-22-лерінде Эстон КСР, Латвия КСР және Литван КСР жариялап, КСРО-ның құрамына ену туралы декларациялар қабылдады. (Тағы қараңыз: Балтық бойы елдерінің КСРО құрамына кіруі (1939-1940)).1941 жылдың жазында герман шабуылы басталған соң Балтық бойы елдерінің тұрғындары кеңес әскерлеріне қарулы шабуылдар ұйымдастырды. Бұл неміс әскерлерінің Ленинградқа жылжуын тездетті.1940 жылғы маусымның 26-сында КСРО Румыниядан Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны өзіне беруді талап етті. Румыния бұл талапқа келісіп, 1940 жылғы маусымның 28-інде Бессарабия мен Солтүстік Буковинаның жеріне кеңес әскерлері енгізілді. 1940 жылғы тамыздың 2-сінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің VII-ші сессиясында Молдаван Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы туралы заң қабылданды. Молдаван КСР-сының құрамына мына аумақтар енгізілді: Кишинев қаласы, Бессарабияның 9 уезінің 6-ы (Бельцы, Бендеры, Кагул, Кишинев, Оргеев, Сорок) және Тирасполь қаласы. Бұрыңғы Молдаван Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының 14 ауданының 6-ы да Молдаван КСР-ының құрамына кірді. МАКСР-дің қалған аудандары және Бессарабияның Аккерман, Измаил және Хотин уездері Украин КСР-ының құрамына кірді. Украин КСР-ының құрамына Солтүстік Буковина да кірді.КСРО-дан кейін Германияның одақтастары Венгрия мен Болгария да Румыниядан жер талап ете бастады. 1940 жылғы тамыз айында Румыния Трансильванияның жартысын дерлік Венгрияға, ал қыркүйек айында Добруджаның оңтүстік бөлігін Болгарияға берді. 
Кеңес барлау мекемелерінің ескертулері1941жылдың бірінші бөлігінде кеңес барлауы немістердің шабуыл дайындап жатқаны туралы хабарлаумен болды. Хабарларда қарама-қайшылықтар кездесіп отырды. Мысалы, шабуыл басталатын күн (мамырдың 1-і, 15-і, маусымның басы, 22-ші маусым), соққылардың бағыттары, соғыс жоспарлары туралы хабарлар әртүрлі болды. Осының бәрі Германияның шынайы ақпаратты жалған ақпаратпен араластырып, түрлі буындар арқылы таратқанының салдары болды.Кеңес жетекшілері барлаушыларға әрқашан сене берген жоқ, себебі кейде олардың берген ақпараттары (мысалы, Рихард Зорге жіберген мәліметтер) расталмай отырды. Кейбір дерек көздері бойынша, Германияның соғыс бастайтыны туралы ескертулер қарама-қайшы (ал қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, кейде тіпті жалған) мәліметтер қамтып отырды. Ақпарат шынайы болған күннің өзінде одан жаңсақ қорытындылар жасалып отырды (мысалы, әскери барлаудың жетекшісі Голиковтың қате қорытындылары). Германиямен жасаспау туралы келісім, неміс әскерилерінің Британия аралдарына дайындалып жатқан шабуыл туралы әңгімелері[12] 1941 жылы соғыс болмайтын шығар деген үміт тудырып отырды[13]. Германия басқа шабуылдарының қарсаңындағыдай, ешқандай саяси талаптар жасамады.Сталин Германияның шабуыл жасауы мүмкін екендігі туралы барлау мәліметтеріне сенбеді.[3] 
Кеңес Одағының соғысқа дайындық ретінде жасаған шаралары1941 жылдың мамыр айында әскерлер ішкі округтардан Днепрдің батысына, шекараға жақынырақ жерге жылжытыла бастады. Шекаралық дивизияларды толықтыру үшін запастан 800 000 адам әскерге шақырылды, маусымның 16-18-дерінде шекаралық округтардың резерв дивизияларын алға жылжыту басталды. Оларға шекараның маңында бекіну туралы бұйрық берілді. Бұл шаралар тым кеш жасалғандығы Германияның шабуылы басталғаннан кейін анық болды. Әскерлер неміс шабуылын жүздеген шақырымға созылған, ұйымдаспаған күйде қарсы алуға мәжбүр болды.1941 жылғы маусымның 18-інде КСРО-ның әскери теңіз флоты мен шекара әскерлері ұрысқа әзірлік жағдайына келтірілді. ЖШҚӘ-ге бұндай бұйрық тек маусымның 21-інде ғанаберілді.Сталиннің 1941 жылдың мамыр-маусым айларындағы әрекеттеріне талдау жасағанда мына жайттарды есте сақтау керек:Мамырдың 5-інде Сталин әскери академиялардың түлектерінің алдында сөз сөйледі, ал содан кейін «сталиндік бейбітшіл сыртқы саясат үшін» жасалған тосқа былай деп жауап берді: «бейбітшіл саясат деген жақсы нәрсе ғой, бірақ біз енді әскерімізді қайта құрып болғаннан кейін, осы заманғы шайқасқа сай келетін техникамен жарақтандырып болғаннан кейін, күшті болып алғаннан кейін, енді біз қорғаныстан шабуылға өтуіміз керек. Еліміздің қорғанысын іске асыра отырып, біз шабуылдайтын болуымыз керек. Қорғаныстан біз шабуылға өтуіміз керек». (документ № 437)

Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар:

Ленинград шайқасы (1941 шілденің 10-ы  — 1944 тамыздың 9-ы) 
Мәскеу түбіндегі шайқас (1941 қыркүйектің 30-ы — 1942 сәуірдің 20-сы) 
Сталинград шайқасы (1942 шілденің 17-сі — 1943 ақпанның 2-сі) 
Курск шайқасы (1943 жылғы шілденің 5-сі — тамыздың 23-і): 
Берлин шайқасы (1945 жылғы сәуірдің 16-сы — мамырдың 8-і)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Майдандағы қазақстандықтар.   

  Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», — деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан  шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі  генерал М. В. Панфилов болды. Армия  қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

Қазақстанда еңбек армиясы  құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап  шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу  орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте  орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі  түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе  Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы  бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында  мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың  арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында  алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар  жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар  еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді.Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды. Берлин операциясына қазақстандық 118-, 313- атқыштар дивизиялары жэне 209- атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118- атқыштар дивизиясыныц взвод лейтенанты К.Маденов, ал коше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Согыстан кейін Нақыповтыц танкі қала алацына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.

Қазақ қыздары да соғыс  ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сүранып, эскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте  көп болды. Мысалы, Қарағандының эскери комиссариатына соғысқа сүранып  өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі эскери қүрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жүлдыздары — Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы — Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының қүрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мэрте әуеге көтерілді. 2004- жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда қүрылған 34-жеке әйелдер ротасыныц 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.

Қазақстандықтар жау тылындағы  партизан қозғалысына да белсе- не қатысты. 1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-ніц 1941 жылдыц 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған аумақтарда жау  армияларыныц бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын қүру көзделді. Осы  жылдыц 18 шілдесінде БКП(б) ОК “Германия  эскерініц тылында күрес үйымдастыру” туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын үйымдастырды. 1941 жылдыц жазынан бастап жау тылындажабдықтала бастаған партизан үйымдары қүрамындағы жауынгерлер  саны 1943 жылдыц соцында 1 миллионға  жетті. 1942 жылдыц мамырында Қызыл  Армия мен партизан қозғалысыныц үштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек  республикалық жэне облыстық партизан қозғалысы штабтары қүрылды.

Енді партизан қозғалысы  қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар  қүрамына тоқталайық. Украина аумағындағы  партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтыц партизан отряды қүрамында 79 қазақ, ¥лы Отан соғысыныц Батыры СА.Ковпактыц партизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы аумагындагы партизан бірліктері қүрамында 220, ал Белоруссия аумагында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жа- умен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы қүрылады. Бүл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов коммунистік жолда- мамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындагы партизан отрядтарының командирі сайланып, Украина аумагында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина аумагында Қараганды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорган облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан — Байдаулетов, Шымкент облысынан — Ж.Омаров, алматылық — А.С.Егоров жэне т.б. қазақстандықтар эртүрлі партизан қүрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қоргаудагы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атагы берілді.

Белоруссия аумагын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындагы Ста- росельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты. Белоруссия аумагында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Ф.Озмитель, ЕОмаров, Н.Қайсеитова, Н.Салықов, Х.Исмагүлов, Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров, И.А.Ере- щенко, К.Темірханов, Е.Балабеков, Т.Жүмабаева жэне т.б. Смоленск облысында қүрылган партизан бірлестіктерінің қүрамы 45 үлт өкілінен түрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан брига- дасында 19, С.Лазо атындагы партизан полкінде 40, ерекше партизан бірлестігі “Тринадцать” қүрамында 48 қазақстандық болды. Смоленск облысында қазақстандық партизандар А.Шарипов, Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мүқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов жэне т.б ерлікпен көзге түсті.

Жаумен шайқаста көрсеткен  ерліктері үшін қазақстандық партизандар эртүрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одагының Батыры атагы берілді.

Согыстан кейінгі жылдары  орталық партизан штабының шешімімен  тәжірибелі партизандарды шетел  мемлекеттері аумагын аттандырды. Оларга партизан отрядтарын үйымдастыру тапсырыл- ды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния  мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин — Польшаны жаудан азат етуге  ат салысты. Жүздеген қазақстандық согыс  түтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югос- лавия, Греция жэне т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек  Франция, Бельгия, Италия аумақтарындағы партизан қүрылымдары қатарында 180 қазақстандық болган.

Согыстың алдында Розенберг  идеясы бойынша, Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Ауганстан аумақтарын біріктіріп ислам пан- түріктік “Гросс Туркестан” немесе “Пантуркестан” мемлекетін қүру көзделеді. Бірақ та “Гросс Туркестан” идеясы жүзеге аспа- ды. Оныц орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота жэне жүк тасу- шылар колоннасынан түратын Түркістан  легионын қүруды жо- спарлады. 1942 жылы қүрылган Түркістан легионы қүрамында неміс эдебиеттерінде 1 миллион, тарихшы Раух 650 ООО адам, ал қазақстандық мамандар 180 000 — 250 000 адам болган деген мәлімет береді. Түркістан легионын қолдаушы қазақ зиялысы — М.Шоқай Түркістан легионы қүрамындагы эскери қүрылымдарды қажет деп таппаган. М.Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды қайтадан майданга жіберу адамгершілікке жатпайды, керісінше, оларды Германия зауыт-фабрикаларына жіберіп, болашақ Түркістан мемлекетіне маман-кадрларды даярлау идеясын үсынады. Өкінішке орай, М.Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болып, бүл идеясы жүзеге аспайды. Фашистер Түркістан легионы қүрамындагы бір батальонды 1942 жылы алғаш рет Воронеж майданы маңында қызыл Армияга қарсы согысқа қатыстырады. 193 легионер согыспай Қызыл Армия жагына шыгып кетеді, ал батальон басшысы Бақыт Байжановты фашистер түтқындайды. Өйткені, легион қүрамына эскери түтқындардың басым бөлігі фашистік концлагерьлерден шыгу мақсатымен гана кірген. Олардың көбі жергілікті парти- зандармен байланысып, фашистерге қарсы партизан қозгалысы қүрамында согысады. Майданга түскен жагдайда Қызыл Армия жагына өткен. Өкінішке орай, бүл жагдай ескерілмеген. Отанында олар “РКФСР Қылмыстық істер кодексінің” 58-1 б, 58-3, 58-9, 59-10, 58-11 баптарымен жазаланып, “сатқын” деген лақапқа ие болып, үрім-бүтақтарына дейін қудаланды. Француз тарихшысы Клод Дельпла түркістандықтар партизандық қозгалыстарга көптеп тартылып, үлкен ерліктер танытты дейді. Ал, неміс тарихшысы Патрик фон Мюллер олардыц қиын тагдырын аяп, свастика мен қызыл жүлдыз арасында қалгандар деген сипат береді.

Қорыта келе, ¥лы Отан согысына тартылган қазақстандықтар санына тоқталайық. Согыстыц алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам түрды. Согыс жылдары  қолына қару алып, майданга 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тэртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжіри- бесін пайдаланып, арнайы қүрылыс батальондарын да қүрды. Бүл батальондар Орта Азия жэне Қазақстанның жергілікті халқынан жэне қуғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан эскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша эрбір төртінші қазақстандық қорғаныс жэне майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50—60% қазақ үлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жүмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан түрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды.

¥лы Отан соғысы майдандарында  қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі  жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бүл қолға қару алып, үрыс даласында қаза тапқандардың саны. Егер осы түстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағүрлым жоғары. Бүл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі. 2,    8, 5- эуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқа- стардагы ерлігі үшін С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков согыстан кейін Кецес Одагыныц Батыры атагына ие болады. ¥шқыштар: Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский жэне Л.И.Беда 2 мэрте Кецес Одагыныц Батыры атагын иеленді. Олардыц қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдыц 26- маусымында, согыстыц бесінші күні-ақ аты ацызга айналган батырлық капитан Гастелло экипажыныц ерлігі емес, капитан А.Масловтыц экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж қүрамындагы Б.Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атагын алып, толықтырылды.

Кеңестер Одағының қүрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар  үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін  жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы — ортақ Отанын қорғауда қазақ  үлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.

Информация о работе Ұлы Отан соғысы, кезіндегі қазақ батырларынын ерліктері