Лев Николаевич Гумилев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 19:02, биография

Краткое описание

Лев Николаевич Гумилев (1 қазан 1912, Царское Село, Ресей империясы — 15 маусым 1992 ж., Санкт-Петербург, Ресей) – XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лев Николаевич Гумилев.docx

— 539.83 Кб (Скачать документ)

Осенняя сказка. «Посещение Асмодея». Написал в Норильском лагере в 1942 году.

 

Л.Н. Гумилев мұражайы

 
 

Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). Мұражай-кабинеттің ашылуына зор көмегін тигізген және қолдау көрсеткен ұлы ғалымның асыл жары Наталья Викторовна Гумилева (Симановская). Мұражай экспозициясын құруға ғалым шығармашылығының зерттеушілері - Э. Ділмұхамедов, М. Новгородов, М. Козырев, В. Биличенко, Е. Масловтың сынды белді азаматтар атсалысты.

          2004 жылы Н.В. Гумилева ғалымның Мәскеу жұмыс кабинетiн университетімізге мұра етіп қалдырған болатын. Онда жұмыс үстелі, баспа машинкасы, кресло, кiтап шкафы, кiтап, фотосурет және (мүсінше, құмыра, сиясауыт) әр түрлi мемориал заттары бар.

         Л.Н. Гумилевтiң мұражай экспозициясын кеңейту мен Мәскеуден Астанаға Л.Н. Гумилевтiң Мәскеу кабинетiн тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешімді 2005 жылы университет ректоры, профессор С.Әбдiманапов қабылдаған болатын (2004-2008 жж.). 7 қазан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде немере жиені, профессор Маргарита Иоанновна Новгородованың қатысуымен Л.Н. Гумилевтің мұражай-кабинетінің жаңа экспозициясының тұсаукесері өткен болатын. 2012 жылы Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдығы қарсаңында ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовтың қолдауымен Е.С. Асылхановтың әзірленген және бекітілген дизайны бойынша мұражай-кабинет қайтадан қалпына келтірілді.

Бүгінде Л.Н. Гумилев мұражайы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

          Мұражай нақты, жазбаша, бейнелеу көздерін жинап, сақтап, көрмеге қояды, сондай-ақ, кино -, фото -, тарих және география ғылымдарының докторы, еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі Лев Николаевич Гумилевтің өмірбаяны мен көрнекті тарихшы-этнологтың ғылыми қызметінен сыр шертетін дереккөздерін.

Мұражайдың түпкi мақсаты - Л.Н. Гумилевтің өмірі және қызметімен танысу,еуразияшылдық идеясын кеңінен насихаттау мен тарату,белсендi азаматтық позиция тұрғысынан тәрбиелей отырып, студенттің мәдени, адамгершiлiк-эстетикалық, отаншылдық рухын дамыту, университет абыройын асқақтату.

          Мұражайдың негiзгі міндеті - Л.Н.Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Л.Н. Гумилевтің еңбектері

 

 

 

 

       «Этногенез және жер биосферасы» трактаты (1979 ж.) - Жер шарындағы халықтардың пайда болуы мен олардың Жер планетасы және табиғатпен қарым-қатынасын көрсететін мәселелерді қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         «Шөл дала трилогиясы» - екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы – «Ғұндар». Бұл кітап 1960 жылы басылып шығып, көшпенділердің ұлы мемлекетінің пайда болуы мен құлдырауына арналған болатын. Ал, екіншісі – «Ғұндар Қытайда» кітабы 1974 жылы басылды және көшпенділер мен Қытайда б.з. II-VI ғ.ғ. өмір сүрген халықтардың арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді.

 

   

 «Ежелгі түріктер» - «Шөл дала трилогиясының» екінші бөлімі және ол 1967 жылы басылып шықты. Тарихшы Ұлы түрік державасының пайда болу, даму және құлдырау заңдылықтарын зерттеп, Орталық Азия көшпенділерінің тарихи мәселелері мен географиялық орналасуына көңіл бөлді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       «Қиял патшалығын іздеу» - «Шөл дала трилогиясының» үшінші бөлімі 1970 жылы жарық көрді. Орталық Азияда Иоанн патшалығының билігі аңызын жоққа шығаруын көздейді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 


  «Ежелгі Русь пен Ұлы шөл дала» кітабы. Бұл еңбекте отандық тарихтың шиеленіскен мәселесі: Ежелгі Русь пен оның көршісі – Қазар қағанатының арасындағы қарым-қатынасты бейнелеуге негізделеді.

 

 

 

 

 

 

        «Қазардың ашылуы» (1966 ж.) Еңбек VIII-X ғ.ғ. билік құрған шығыс еуропадағы   ұлы мемлекет - Қазар қағанатында болған археологиялық және тарихи зерттеулерді көрсететуге арналған.

 

 

 

 

 

 

  

 

 

    «Каспий бойындағы мыңжылдық» (1990 ж.) - Еуразиядағы Ойкумендердің 1500 жыл бойы - б.з.д. III ғ. мен б.з. ХII ғ. аралығындағы кезеңді қамтитын оқиғалардың тарихи-этнологиялық зерттеуі. 

 

 

 

 

 

 

     

 

 

   «Тарих арабескалары» (1995 ж.) бұл кітап - туған жерлерінен алыс кетіп, өзге біреудің өміріне енген көшпенді халықтардың асау тағдырлары жайында.

 

 

 

 

 

 

 

 

       "Қара аңыз" Ұлы даланың жора-жолдастары мен қастары. Аталмыш жинаққа Л.Н. Гумилевтiң жұмысы,бастапқы жабайы, мейiрiмсiз және мешеу деген пікір қалыптасқан Ұлы дала халықтарына деген қатынасы туралы өзекті мәселелер кірген.

 

 

 

 

 

 

 


       «Соңы мен қайта бастамасы» бұл оқу құралында Ежелгі әлемде және Антика заманы мен Орта ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері – Қытай, Византия, Түркия, т.б. сияқты жерлердің пассионарлық іс-әрекет механизмі көрсетілген. Алғаш рет «Тарихи кезеңдегі жағрафия этносы» атпен жарық көреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 

1.Лев Николаевич Гумилев

2. Л.Н. Гумилевтің өмірбаяны

3.Л.Н.Гумилев өмірі мен қызметiнiң негiзгi оқиғалары

4.Л.Н. Гумилев туралы мақалалар

5.Л.Н. Гумилевтің еңбектері

6.Л.Н.Гумилев мұражайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынған әдебиеттер:

1. http://www.enu.kz/kz/about/gumilev_univer/eurasiaved.php

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ДІНТАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Л.Н.Гумилев өмірі мен қызметiнiң негiзгi оқиғалары

 

 

 

 

 

                                                                                                   Орындаған: Касаинова К.

                                                                                               Тексерген: Тасилова Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы,2014ж


Информация о работе Лев Николаевич Гумилев