Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 19:02, биография
Лев Николаевич Гумилев (1 қазан 1912, Царское Село, Ресей империясы — 15 маусым 1992 ж., Санкт-Петербург, Ресей) – XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы.
Л.Н. Гумилевтің өмірі мен шығармашылық қызметінің негізгі кезеңдері
1912 жылдың 1 қазаны (ескіше 18 қыркүйек). Петербургте орыстың екі ақыны – Николай Степанович Гумилев пен Анна Андреевна Ахматованың (тұрмысқа шыққанша - Горенко) отбасында ұлдары – Лев Николаевич Гумилев дүниеге келді.
1912-1916 жж.Әжесі – АннаИвановна Гумилеваның қолында – Санкт-Петербург түбіндегі Царское Селода тәрбиеленді.
1916-1917 жж. Әжесімен Слепневодағы отбасылық имениеде және Бежецкіде тұрады.
1918 жыл.Шетелден оралған әкесімен аз уақыт Петербургтетұрады да мұнан соң қайтадан Бежецкіге мектептің бірінші сыныбына оқуға барады.
1921 жыл.Тамыз айында контрреволюциялық астыртын ұйымға қатысты деген желеумен әкесі Н.С. Гумилев тұтқындалып, соңынан бірден атылады.
1929 жыл.Бежецкіде тоғыз жылдық мектепті тамамдаған соң анасының қасына Ленинградқа көшеді.
1929-1930 оқу жылдарыЛенинградта № 67 бірегей еңбек мектебінде оқиды. Анасымен Фонтанды Үйде тұрады. Педагогикалық институтқа түсемін деген алғашқы үміті ақталмады: ол кезде дворян балаларын жоғары оқу орындарына қабылдамайтын. Қараша – желтоқсан айларында Жол мен тоқ қызметінде ұара жұмыскер болып жұмыс істейді.
1931 жылдың көктемі. Геологиялық комитетке (Геолкомға) коллектор болып жұмысқа қабылданады. Прибайкал геологиялық экспедициясында еңбек етеді (Слюдянка және Хамар – Дабан өңірлерінде).
1932 жыл.Орта Азиялық экспедицияда лаборант болып қызмет атқарады.Кейін «Дангара» совхозында маляриялық барлаушы болып еңбек етеді (тәжік тілін үйренеді). Ленинградқа қайтып оралған соң ЦНИГРИ – де коллектор болып жұмысқа орналасады.
1933 жыл.Ғылым Академиясы Геология институтының (ГИНАН) ғылыми – техникалық қызметкері. Қырымда төртіншілік комиссияның экспедициясында Г.А. Бонч – Осмоловскийдің жетекшілік еткен экспедиция комиссиясында еңбек етеді (Аджи – Коба қазба жұмысы) және Симферополь музейінің экспедициясында (Чекура үңгіріндегі қазба жұмыстары) қызмет жасайды. 10-19-шы желтоқсан. Алғашқы тұтқындалуы (кездейсоқ тұтқындалу), Жауапқа тартуға айып тағылмайды.
1934 жыл.Ленинград мемлекеттік университетінің қайтадан ашылған тарих факультетіне оқуға түседі.
1935 жыл,жаз.Манычтағы археологиялық экспедицияға қатысады (жетекшісі М.И. Артамонов). 23-ші қараша. Тағы да тұтқындалады (Н.Н. Пунин және басқа да үш студентпен бірге). А.А. Ахматованың Сталинге жазған хатынан кейін желтоқсан айының үшінде бәрі де босатылады.
1936 жыл.Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясының (ГАИМК) Саркель археологиялық экспедициясында еңбек етеді.
1938 жылдың 10 наурызы.Студенттер Т.А. Шумовский және Н.П. Ереховичтермен бірге тағы да тұтқындалады. 28 қыркүйек. Әскери трибунал соты Л.Н. Гумилевті 4 жылға барлық құқығынан айырып, мүліктерін тәркілеп, 10 жылға бас бостандығынан айырады.Жазасын өтеуге Л.Н. Гумилевті Медвежьегорск түбіне Беломорканал құрылысына жібереді.
1939 жыл. Істі қайта қарау нәтижесінде үкім өзгертіліп, жаза мерзімі 5 жылға қысқарады және оны лагерьлерде өтеуге тиіс болды (түрмеде отырған уақыты мен Беломорканалдағы жазасын өтеуі ескеріле отырып). Л.Н. Гумилев енді Норильскідегі еңбекпен түзеу лагеріне жіберілді. 1939 жылдың қазанынан – 1943 жылдың наурызына дейін Норильскіде, негізінен шахтада жұмыс істейді.
1943 жылдың 10 наурызы.Жазасын өтеу мерзімінің бітуіне орай лагерден босатылып, ерікті қоныс тебу орнында қалдырылады. 1943 жылдың наурызы мен 1944 жылдың қазан аралығы Турухан түбіндегі және Хантай көліндегі геофизикалық экспедицияда геотехник ретінде еңбек етеді.
1944 жылдың қазан айы.Өз еркімен майданға аттанады. Шығыс Пруссиядағы шайқастарға және Берлинді алуға қатысады. «Берлинді алғаны үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталады.
1945 жылдың қазан айы.Демобилизацияға ілігеді. Қараша айында Ленинградқа оралып, университетке қайтадан қабылданады.
1946 жылдың қаңтары мен ақпан айының бірінші жартысы.Экстернмен университеттің 4-5 курстарындағы емтихандар мен мемлекеттік емтихандарды тапсырады. Диплом алып, Ғылым Академиясы шығыстану институтының аспирантурасына түседі. Сол жылдың жазында Оңтүстік – Подольск археологиялық экспедициясында еңбек етеді (М.И. Артамоновтың жетекшілігімен). Тамыз айы. А.А. Ждановтың «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы әйгілі қаулысы жарық көреді. Іле шала А.А. Ахматованы Жазушылар Одағынан шығарады.
1947 жыл.Жаз. Оңтүстік – Подольск экспедициясында жұмыс істейді. Желтоқсан. Диссертациясы жазылып, кандидаттық емтихандар тапсырылғанына қарамастан «таңдаған мамандығына филологиялық дайындығы сәйкес келмейді» деген сылтаумен аспирантурадан шығарылады.
1948 жылдың ақпан мен мамыр айлары. М.И. Балинский атындағы Психотерапевтік клиникада кітапханашы болып жұмыс атқарады. Мамыр-қараша айлары. Таулы Алтай экспедициясында ғылыми қызметкер болып еңбек етеді (жетекшісі – С.И. Руденко); Алтайдағы Пазырық тас қорғанындағы қазба жұмыстарына қатысады. Сол жылдың 28-ші желтоқсанында «Бірінші түркі қағанатының саяси тарихы. Біздің дәуіріміздің VI-VIII ғғ.» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды.
1949 жыл. Бұл жылы ол Мемлекеттік этнография музейінің (ГМЭ) аға ғылыми қызметкері болып еңбек етеді. Саркель археологиялық экспедициясының жұмысына қатысады. Маусым айының 30 күні Ленинградта КСРО Ғылым Академиясы Географиялық қоғамының тұрақты мүшесі болып сайланады. Қараша айының 6-сы. Төртінші мәрте тұтқындалып, 10 жылға еңбекпен түзеу лагеріне айдалды.
1949-1956 жж. Еңбекпен түзету лагерін ол Қарағанды маңындағы Шерубай – Нұра (Песчлаг, Степлаг), Ольжерас кентінде (Междуречье, 1955 жылдан – Кемерово облысының Междуреченск қаласы) және Омбы жанында (Камышлаг) өтейді. Жиі науқастанады, бірақ, қолы қалт еткен сәттерде шама шарқынша Орталық Азия тарихына арналған кітабын жазады.
1956 жыл. 11-ші мамыр. Қамаудан босап, Ленинградқа оралады. Желтоқсан айы. Мемлекеттік Эрмитаждағы Орталық кітапханаға жұмысқа қабылданады.
1957 жыл. Ангара археологиялық экспедициясында жұмыс істейді (жетекшісі – А.П. Окладников).
1957-1962 жж. Эрмитаждың Астрахандағы археологиялық экспедициясына басшылық жасайды.
1959 жыл. Бүкілодақтық географиялық қоғамның (БГҚ) Ленинград бөліміндегі этнография секциясына басшылық жасайды.
1960 жыл. «Хунну» («Ғұндар») атты алғашқы монографиясы жарық көрді.
1961 жылдың 16 қарашасы. «Көне түрктер» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғайды.
1962 жыл. ЛМУ-дың география факультетінің жанындағы Географиялық-экономикалық ғылыми-зерттеу институына ауысады.
1964 жыл. А.Г. Гаельмен бірте төменгі Дондағы (Арчеданың сағасы) экспедиция жұмысына қатысады. Осы жылы «Ландшафт және этнос» сериясы бойынша алғашқы мақаласы жарық көреді.
1965 жыл. «Игорь жасағы туралы аңыздың» («Слово о полку Игореве») жазылған уақыты турасында баяндама жасайды. Арчедағы кезекті экспедицияға қатысады.
1966 жылдың 5 наурызы. Анасы А.А. Ахматова дүниеден озды. Л.Н. Гумилев анасын шәркеу рәсімімен жерлеуге рұқсатқа қол жеткізеді. Мәскеуде болашақ жары – суретші Наталия Викторовна Симоновскаямен танысады. Дәл сол жылы баспадан «Открытие Хазарии» («Хазарияның ашылуы») еңбегі жарыққа шығады. А.А. Ахматлваның мұрасына қатысты сот процесі басталады.
1967 жыл. Хазарияны зерттеу экспедициясына қатысады. Сол жылы Будапешттегі конференцияға барудың да сәті түседі. «Поиски вымышленного царства» («Қиял патшалығын іздеу») еңбегін жазуға кіріседі.
1970 жыл. Тарих, тарихи география, көшпенділер мен этнография хақында көптеген мақалалары жарық көреді. Жалпы атауы «Ландшафт және этнос» циклынан көптеген мақалалар жазылады. Нақ осы жылы «Поиски вымышленного царства» («Қиял патшалығын іздеу») кітабы баспадан шығып, аталмыш еңбек оқырмандардың мейлінше қызығушылық тудыруымен қоса, сонымен бір мезгілде сыни көзқарастарға да тап болады.
1971 жыл. Л.Н. Гумилевтің еңбектері шетелге де танымал бола бастайды. «Soviet Geography» (Нью-Йорк) басылымы оның «Ландшафт и этнос» («Ландшафт және этнос») сериясындағы еңбектерін жариялайды. Чехословакияда чех тілінде «Открытие Хазарии» («Хазарияның ашылуы») еңбегі жарыққа шығады.
1972 жыл. Польшада (Варшава) «Древние тюрки» («Көне түрктер»), ал Италияда (Турин) «Хунну» («Ғұндар») еңбегі баспа бетін көреді.
1973 жыл. Польшада «Поиски вымышленного царства» («Қиял патшалығын іздеу») басылып шығады. Л.Н. Гумилев енді өзінің «Ландшафт и этнос» («Ландшафт және этнос») сериясы бойынша шыққан мақалаларын кеңейтіп, жеке кітапқа айналдыруды қолға алады. Алайда ешбір жерден қолдау таба алмаған ол мұнан соң екінші докторлық диссертациясын, енді географиядан қорғауға бел буады. Желтоқсан айында диссертацияның авторефераты басылып шығады.
1974 жыл. «Вопросы истории СССР» журналында Л.Н. Гумилевті қаралап, қатты сынға алған мақала басылады (авторы – тарих ғылымдарының докторы В.И. Козлов). Мұнан кейін Гумилевтің мақалалары мен кітаптары жарияланбайтын болды. Гумилевтің өзіне айтылған сындарға жазған жауаптарын басудан бас тартып жатты. Мамыр айы. ЛГУ-да «Этногенез и биосфера Земли» («Этногенез және Жер биосферасы») тақырыбында географиядан екінші докторлық диссертациясын сәтті қорғап шығады. Моңғол ғалымы Б. Ринченнің Ленинградқа келуіне орай қаланың орталығында Үлкен Москва көшесінде орналасқан неғұрлым кеңдеу коммуналды пәтерге қолы жетеді.
1975 жыл. «Этногенез и биосфера Земли» кітабы ЛМУ баспасының жоспарынан алынып тасталса да, оны жариялауға «Наука» баспасы келісімін береді. Оған қоса 1968-ші жылдан бері дайын жатқан «Старобурятская живопись» («Көне бурят сурет өнері») кітабы жарық көреді.
1976 жыл. Бүкілодақтық Аттестациялық Комиссия Л.Н. Гумилевке географиядан докторлық ғылыми атақ беру туралы шешімді бекітпейді. Оны мүлде санаттан шығарып тастаған «үнсіздік» кезеңі басталады. Л.Н. Гумилевтің мақалалары басылмайды, ал тапсырыс берілгендері редакциялардан кейін қайтарылады. Өз идеяларын насихаттап, этногенез теориясын ұштай түсудің бірден бір амалы енді оның дәрістері ғана болады. Оның дәрістері тек қана ленинградтықтардың ықыласына бөленумен шектелмейді, енді оны ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми қалашықтарға да жиілеп шақыра бастайды. Мәселен, Л.Н. Гумилев өзінің дәрістер циклын Жаңасібірдегі Академқалашықта да оқиды.
1977 жыл. «Этногенез и биосфера Земли» «Наука» баспасының жоспарынан алынып тасталды. «Вопросы истории» журналы болса тек 3 жылдан (!) кейін ғана Гумилевтің Козловқа қарсы қарымды уәж айтылған жауабын қабылдайды. Алайда ол сол күйі жарияланбай қалады. Ал оның дәрістерін ерікті түрде тыңдаушылардың кейбіреуі кейін шәкіртімен көмекшісіне айналады (мысалы, К.П. Иванов). ЛМУ «Ғылыми жазбаларында» «Этносфера как одна из оболочек Земли» мақаласы жарияланады.