Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 19:02, биография
Лев Николаевич Гумилев (1 қазан 1912, Царское Село, Ресей империясы — 15 маусым 1992 ж., Санкт-Петербург, Ресей) – XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы.
1978-1979 жылдар. Тапсырыстар мол болуына қарамастан Л.Н. Гумилевтің мақалалары еш жерде басылмайды. Сонымен бір мезгілде оның дәрістері аса танымал болып, көпшіліктің кең ықыласына бөленеді. Анда-санда кейбір мақалаларын «ғылыми емес» журналдарда жариялаудың сәті түсіп тұрады. Айталық, нақ осы жылдары Л.Н. Гумилевтің «Декоративное искусство» журналымен шығармашылық байланысы басталады (бас.ред. А.И. Куркчи). Әрі Л.Н. Гумилев «Этногенез и биосфера Земли» кітабына оң пікірлер айтылған рецензиялар алады. Кітап ВИНИТИ –ге сақтауға қабылданады. Алғашқысы оқырмандардың қолына тиеді.
1980 жыл. Тапсырыс бойынша Русьтің православие дінін қабылдауы жөнінде мақаласын жазады. Бірақ, ол да басылмай қалады. Дегенмен «Огонек» журналында Куликово шайқасы туралы мақаласы жарық көреді. Радио арқылы баяндау үшін этногенез хақында дәрістер циклын дайындайды. «Этногенез и биосфера Земли» кітабының ІІ, ІІІ-ші шығарылымы сақтауға беріледі. В. Чивилихиннің «Память» атты романы жарияланғаннан кейін Л.Н. Гумилевті қуғындау басталады және ол мынандай ұстаныммен жүзеге асырылады: «Мен Гумилевті оқыған емеспін, бірақ білемін...». Журнал редакциясына оқырмандар тарапынан Л.Н. Гумилевті қолдаған көптеген хаттар мен оң пікірлер келеді, бірақ оларды баспайды, тек теріс пікірлерге ғана орын беріледі. Мұның бәрі Л.Н. Гумилевтің денсаулығына кері әсерін тигізеді.
1981-1986 жылдар. Өте қиын да күрделі жылдар: еңбектерін жариялауды мүлде тоқтатады, «Декортивное искусство» сияқты журналдарда да оны басуға тиым салынады, тапсырыс берілген сұхбаттар да баспалар бетін көрмейді. Ғылым Академиясының Президиумы Л.Н. Гумилевтің еңбектерін басуға тиым салады, ал ҒА-ның Сібір бөлімі оның «Этногенез и биосфера Земли» кітабын басудан бас тартады. Сонымен бірге оны түрлі қалалардағы алдыңғы қатарлы ғылыми қауымдастықтар дәрістерін оқуға шақыруын тоқтатқан емес. Кеңесші ретінде киностудиялар, радио мен теледидарлар да оны назардан тыс қалдырмайды.
1987 жыл. Л.Н. Гумилев КОКП ОК жанындағы Ғылым және білім бөліміне хат жазып, еңбектерінің не себепті басылмайтындығын түсіндіруді сұрайды. А.И. Лукьянов Ресей ҒА-ның тарих институтына сауал жіберіп, нәтижесінде енді оның еңбектеріне тиым салу тоқтатылады.
1988 жыл. Шектеу алынып тасталған соң жағдай мүлдем өзгереді. Бір жыл ішінде 22 еңбегі жарық көреді. Олардың ішіндегі құныдларының бірі – «Биография научной теории или Автонекролог» («Ғылыми теория өмірбаяны немесе Автонекролог») «Знамя» журналында, ал «Неваның» екі санында «Апокрифический диалог» («Апокрификалық диалог») дәл осы кезеңде басылып шығады.
1989 жыл. ЛМУ баспасынан «Этногенез и биосфера Земли», ал Бакуде «Хазар» журналында «Черная легенда» тарихи – психологиялық этюді (А.И. Куркчимен бірге) жарық көреді. Күз. Л.Н. Гумилев ауыр науқасқа душар болады (инсульт).
1990 жыл. Баспадан 3 монографиясы: «Этногенез и биосфера Земли», «Древняя Русь и Великая степь» (кейіннен ол А.В. Луначарский атындағы сыйлыққа ие болады) және «География этноса в исторический период» - елтану бойынша дәрістер курсы (түпнұсқаулық аты: «Конец и вновь начало») жарық көреді. «Аврора» журналында (№ 11) Л.Н. Гумилевтің өз өмірбаяны жөніндегі толыққанды мәліметтері бар тұңғыш әңгімесі шығады (Э.Я. Варустинмен әңгіме). Л.Н. Гумилев өмірінде алғаш рет Коломенск көшесінен дербес пәтер алады. Желтоқсан айының 29 күні ол Ресей Жаратылыстану Академиясының тұрақты мүшесі болып сайланады.
1991 жыл. Л.Н. Гумилевтің кітаптары мен мақалалары үздіксіз жарияланатын болды. Радио мен теледидар арналары дәрістерінің тұтас циклдарын беріп, оның төңірегінде үнемі журналистер жүретін болады. Гумилевтің еңбектері енді лайықты бағасын алады, ал ол болса жаңа кітап жазуды қолға ала бастаған еді. Алайда ол жоспарларды іске асырудың сәті түспейді, өйткені, ол ауыр дертке шалдыққан болатын.
1992 жылдың 15 маусымы. Ұзаққа созылған ауыр науқастан соң Лев Николаевич Гумилев дүниеден озды. 20-шы маусым. Л.Н. Гумилев САнкт-Петербургтегі Александр – Невский лаврасының Никольск зиратына жерленді. 1 қазан. Л.Н. Гумилев «Тысячелетие вокруг Каспия» («Каспий маңындағы мыңжылдық») еңбегі үшін Х.З. тагиев атындағы сыйлыққа Әзірбайжан (қайтыс болғаннан кейін) ие болды. Сыйлықты беру жөніндегі шешім Л.Н. Гумилевті еске алуға арналған кеште Филармонияның кіші залында жарияланды. Желтоқсан. Л.Н. Гумилевтің ауруханада жатып, өзі алғашқы нұсқасын көріп кеткен соңғы кітабы «От Руси до России» («Русьтен Ресейге дейін») баспадан шығады.
Л.Н. Гумилев – көрнекті тарихшы - еуразиятанушы
Е.Б. Сыдықов
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, т.ғ.д., профессор Е.Б. Сыдықовтың 2011 жылы 11 қазанда «Еуразия халықтарының тарихы және Л.Н. Гумилевтің ғылыми шығармашылығы: қазіргі әдістері мен перспективалары» атты VIII – Халықаралық Еуразиялық ғылыми форумда сөйлеген сөзінен
Аннотация: Ғалым әрі ойшыл Л. Гумилевтің ғылыми мұрасы саяси, халықаралық мазмұны жағынан да, практикалық тұрғыдан да өзекті болып табылады. Оның ғылыми тұжырымдары қазіргі әлемде орын алып отырған интеграциялық үдерістер мен жаһандану жағдайында өзара сенімге, түсіністікке негізделген қарым-қатынастар орнатуға ықпал ете алады. Бұл тұрғыда алғанда Л.Н. Гумилевтің ғылыми көзқарастары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық идеяларымен өзара сабақтас келеді.
Б.Ж. Әбдірайым
Аннотация: Лев Николаевич Гумилев – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы және ойшыл. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері зерттеу пәні Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л.Н.Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы-зерттеуші.
Л.Н. Гумилевтің өмір жолы
М.Ж. Жолдасбеков, С.В. Селиверстов
Аннотация: Л.Н.Гумилев өмірі – оның кезеңдері белгілі бола тұра, толық зерттелмеген тақырып. Бізге ойшылдың өмір жолына арналған үш кітап қана белгілі: С.Б. Лавров «Лев Гумилев. Судьба и идеи» (М., 2000), А.И. Чистобаев «Этнологи, опередившие время: к 90-летию Л.Н. Гумилева и 50-летию К.П. Иванова (СПб., 2002)» и Т. Фроловская «Евразийский Лев» (Семей, 2003). Сондықтан Л.Н.Гумилевтің өмірін толыққанды сипаттау, оның адами және ғылыми биографиясын беру қиындық туады.